kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су асты патшалығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың су асты әлемі және оның мекендеушілері туралы білімдерін арттыру, сөздік қорларын молайту; монотипия технологиясын пайдаланып сурет салуды үйрету; танымдық қызығушылықтарын арттыру; эстетикалық түсініктерін арттыру; қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу; ой – қиялдарын тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су асты патшалығы»

Сабақ тақырыбы: «Су асты патшалығы»

Мақсаты: Балалардың су асты әлемі және оның мекендеушілері туралы білімдерін арттыру, сөздік қорларын молайту; монотипия технологиясын пайдаланып сурет салуды үйрету; танымдық қызығушылықтарын арттыру; эстетикалық түсініктерін арттыру; қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу; ой – қиялдарын тәрбиелеу.

Сабаққа керекті құралдар: «Су асты мекендеушілері» слайд, «теңіз шуы»

Сабақ барысы

Балалармен бірге шеңберге тұру. Балаларға жұмбақ жасыру:

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды.

(Балық)

Балалар жұмбақтың шешуін айтады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар, дұрыс айтасыңдар!

Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге мынадай су асты мекендеушісі қонаққа келіпті.

Бұл не?

Балалар: Бұл балық.

Тәрбиеші: дұрыс! Ал енді қазір, біз сендермен осы балықты бір – бірімізге беру арқылы, ол туралы не білетінімізді айтамыз. Балық туралы айту, мысалы, балық суда мекендейді, ол әртүрлі болады, балыққа таза су керек, т.б.

Балалар келісіп, тәрбиеші айтқандай жасайды.

Тәрбиеші: балалар, сендер су асты әлеміне саяхат жасағыларың келе ме?

Балалар: иә.

Тәрбиеші: Балалар, саяхаттамас бұрын, келісіп алайық, онда барғанда шуламаймыз, басқа жаққа жүзіп кетпиміз деп, апайды тыңдаймыз деп. Олай есептесеңдер су патшасы қахарланып, ашулануы мүмкін, балалар.

Балалар: Жарайды, келісеміз.

Тәрбиеші: Балалар, ал сендер білесіңдер ме, бізге су астына саяхаттау үшін не керек?

Балалар өз білімдері бойынша жауап береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер біраз нәрсе біледі екенсіңдер! Олай болса су түбінде киетін киімдерді киейік.

Балалар киінеді.

Тәрбиеші: Балалар, бір – біріңнен алыс кетпеңдер, су астында кедергілер көп.

  • Теңіз бетінде кішкене толқындар болады, толқын үстімен жүрген қандай керемет. Қазір біз сендермен кішкентай толқындарға айналамыз, толқындар сияқты қимылдаймыз.

  • Ал, енді, толқындар сияқты шулайық. (ш – ш – ш)

  • Қараңдар, алдымызда тастар жатыр екен, солардан өтейік. («денсаулық» жолымен жүру).

  • Теңізде қатты жел соқты, толқындар күшейді. (жүргіземіз)

  • Қараңдаршы, алдымызда тастар жатыр екен, солардан өтейік. («денсаулық» жолымен жүру)

  • Теңізде қатты жел соқты, толқындар күшейді. (жүгіреміз)

  • Қараңдаршы, балалар, теңіз беті тынышталды, толқындар азайды, енді малтуға да болады. (қолмен малту жаттығуын жасау)

Міне ұшы қиыры жоқ теңіз,

Жағасын толқын соққан теңіз,

Жел тоқтаған кездерде

Тыныш қана жатқан теңіз.

Тәрбиеші: Міне, балалар, біз сендермен теңіз астындағы патшалыққа да келіп жеттік. Қараңдаршы, мұнда қандай әдемі, тұрғындары да қонақжай екен. Теңіз шуы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар, мына дыбыс қайдан шығып жатыр, біреу келе жатқан сияқты. Кенет, балалардың алдынан теңіз патшасы Нептун шығады.

  • Сендер кімсіңдер? Менің патшалығымда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Біз сіздің патшалығыңызбен танысқымыз келеді. Рұқсат етіңіз!

Нептун: Жарайды, рұқсат етемін, танысыңдар! Бірақ алдымен менің бір тапсырмамды орындаңдар.

Ойын «Мозайка»

Шарты: Бөліктерге бөлінген балықты балалар құрастырады.

Тәрбиеші: Рахмет сізге, қане, балалар, өздеріңе орын тауып жайғасыңдар.

Балаларды орындарына отырғызу (слайд арқылы балаларға көрсету)

Жұмбақ жасыру:

Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас.

(тасбақа)

1-слайд –балалар ,қарандаршы , мына суретте нені көріп тұрсындар? Бұл балық па, немесе теңіз жануары ма? (балалар жауабы)

Теніз тасбақалары өте үлкен болады: үлкендері әкелері. Олардың мамалары теңіз жағасына жұмыртқа салады,одан кішкентай тасбақалар пайда болады, олар менің алақанымдай ғана кішкентай болады. Тасбақалар теңіз астында өсетін балдырлар мен және кішкентай балықтармен қоректенеді. Қане бәріміз тасбақамен қоштасайық, әрі қарай жүзейік.

2-слайд –қарандар ,балалар ,бізге қарсы дельфиндар жүзіп келіпті. Қалай ойласйсындар ,дельфиндер балықтар ма, немесе ,теңіз жануарлары ма? ( балалар жауабы)

-Дельфиндер теңіз асты жануарлары. Олар балықтармен қоректенеді және олар ауамен демалады. Дельфиндер балаларын сүтпен қоректендіреді екен , балаларын су астында туады екен.

Тәрбиеші-балалар ,қане алдымыздан,тағы бір балық келмей тұрғанда ,бір ойын ойнап алайық.

Ойын : «Балықтар»

Шарты-« күн»-дегенде балықтар жүзеді, қауіп төнді –дегенде тоқтап қалады, түн-дегенде орындарына отырып ұйықтайды.

Тәрбиеші :Жарайсындар ! Міне демалдық ,енді саяхатты одан әрі жалғастырайық. Балалар , қараңдаршы, біздің алдымызда не жүзіп келеді.

3-слайд Балалар ,бұл балықтан абай болыңдар. Акула ең үлкен балықтың бірі, олар өте қауіпті болады. Олар тек балықтар үшін ғана емес , адамдар үшін де қауіпті . Қане ,балалар , бұл жерден тез кетуіміз керек. Әрі қарай теңіз түбіне қарай саяхаттайық.

4-слайд Балалар, мұнда маржандар бар екен. Олар да теңіз жануарлары ,бірақ олар қозғалмайды . Қоректенеді және өседі.Олар басқа балықтардан қалған қалдықтармен қоректенеді.

Сергіту сәті

Балық жүзді суда ,(қол қимылдары)

Бір іркіліп ,бір жиырылуда(отырып,тұру)

Жүзіп –жүзіп шаршағанда

Тығылады тасты құмға.(кілемге жату)

Тәрбиеші: Ой,балалар, аквалангтарды ауа таусылып барады, дереу су бетіне шығуымыз керек.

Теңіз патшасы Нептунмен қоштасайық.

Нептун. Сендерге менің патшалығым ұнады ма?

Балалар: Иә,ұнады.

Тәрбиеші: Бүгін балалар көп жаңалықтар білді.Біздің балабақшаға баратын уақытымыз болды, рахмет сізге ,Сау болыңыз!

Нептун : Сау болыңдар ,балалар! Менің патшалығыма келіп тұрындар.

Алдағы кедергілерден қайта өтіп ,балабақшаға ораламыз.

Балалар киімдерін шешіп қойып орындарына отырады.

Тәрбиеші: Балалар ,бүгін біз қайда саяхат жасадық?

  • Алдымыздан кімді кездестірдік ?

  • Қандай-қандай теңіз жануарларымен таныстық?

  • Сендерге саяхат ұнады ма?

  • Балалар:Иә,ұнады!

  • Тәрбиеші: Олай болса ,естелікке су асты патшалығының суретін салып алайық.

  • Үлгі суретті балаларға көрсету.Салу жолдарын көрсету.

  • Ол үшін бізге тақтайша, ақ қағаз, аварель бояуы,қыл қалам, гупка керек. Суретті ең алдымен тақтайшаға саламыз.Қоныр- сарғыш түспен теңіз астындағы құмды салып аласыз, жасыл түспен балдырларды саламыз,қоныр түспен тастарды саламыз ,өздеріне ұнаған түспен балықты және сегізаяқты саламыз, теңізді бояймыз көк түспен.Содан соң гупкамен ақ қағаз бетіне су жағамыз, оны тақтайшағасалынған сурет бетіне беттестіреміз, қайта аламыз, түсініксіз жерлерді дұрыстап салып аламыз.

  • Әдіс-тәсілдерді бекіту.

  • Ойын «Не артық?»

  • Балалар өз беттерімен жұмысқа кіріседі. Тәрбиешң жеке көмек жүргізеді.

  • Көрме ұйымдастыру.

  • Сабақты бекіту,Қорытындылау.

  • Сендерге сабақ ұнады ма?

  • Осы сабақта қызықты не білдіңдер ?

  • Біз нені суретін салдық?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Су асты патшалығы

Автор: Шарипова Санимай Батырбековна

Дата: 09.04.2017

Номер свидетельства: 407843

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Су   асты  патшалы?ына саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "suastypatshalygynasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "314625"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459744970"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті "Жер асты патшалы?ы""
    ["seo_title"] => string(57) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-zhier-asty-patshalyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "287051"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454427648"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Та?ырыбы:  «Су  асты патшалы?ына саяхат» "
    ["seo_title"] => string(40) "tak-yryby-su-asty-patshalyg-yna-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "179266"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424966195"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) ""Бөбек"бөбекжай"
    ["seo_title"] => string(17) "bobiek_bobiekzhai"
    ["file_id"] => string(6) "406071"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491210330"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Махаббат өмір нәрі"
    ["seo_title"] => string(19) "makhabbat_omir_n_ri"
    ["file_id"] => string(6) "389572"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486573026"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства