kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шаңырағым - шаттығым" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екендігін ұғындыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі екенін ұғынады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шаңырағым - шаттығым" тәрбие сағаты»

Тақырыбы: «Шаңырағым - шаттығым»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін ұғындыру, әңгімелету, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

1) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
2) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

3) Жақсы, мейірімді адам өз махаббатын байқату сезімін дамыту, жақындарына қамқор және қайырымды қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер                           

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Шаттық шеңбері: Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз, «Қайырлы таң» деп айтамыз Бір болып, кеште қайтамыз.

1 – оқушы Қайырлы таң достым

2 – оқушы Қайырлы күн болсын

3 – оқушы Күніміз жарық болсын

4 – оқушы Аспанымыз ашық болсын

5 – оқушы Қуанышпен 5 алайық

6 – оқушы Мейріммен ән салайық

ІІ. Негізгі бөлім.

1)Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріндерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

2)Әдеби монтаж.

1-оқушы

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін, бала, өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын өшпес махаббат. Енді біздің оқушыларға сөз кезегін берейік.

2-оқушы

О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда.

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!

3)Ән - «Анашым»

4)Мұғалім: Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерінде.

Мұғалім: Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана.

Мұғалім: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.
5) Енді осы тақырыптағы мақал- мәтелдерге кезек берейік. 
1. Бала тәрбиесі бесіктен
2. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
3. Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
4. Құс балапаны үшін тозаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.
5. Ата бәйтерек, бала жапырақ

6. Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілесін.

7. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.

Мұғалім: Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

6) Сұрақ – жауап

- Отбасы мүшелері қайда тұрады?

- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде

- Олар қалай тұрады?

-Үйге туған –тумаластарымыз келсе қандай көңіл –күйде боласындар? - Жақсы сөз естісең қандай көңіл – күйде боласындар?

7) «Дұрыс –бұрыс» ойыны

1. Мәдени орындарда үстелге жазуға бола ма?

2. Үйге келген қонақты сыйлау керек пе?

3. Үлкендерге автобуста орын беру керек пе?

4. Өзіңнен кішкентайларды ұруға болама?

8) Мейірімді жандарды суретін ілу. – Ең мейрімді жан кім? - Ол ана!

Отбасыларының суретін салдыру. Үйде бояуларын аяқтау.

Хормен - Мейірбандық жүректен - Қайырымдылық білектен.

ІІІ. Қорытынды:

«Жылы сөз» ойыны «Ертеде өткен заманда адамдардың арасында мейрімді сиқыршылар өмір сүріпті. Адамдар дүниеге нәресте келген кезде осы сиқыршыларды екен. Әрбір сиқыршы нәрестеге өзінің жылы сөзі мен жақсы тілегін айтады. Ол міндетті түрде оындалатын болған. Келіңдер біз сиқыршылар болып ойнайық. Біреуіміз кішкентай бала боламыз, қалғандарымыз сиқыршы болып, оған жылы сөздер мен жақсы тілектер айтамыз»

Мұғалім:

Ата-бабамыз балаға қамқорлықты анасының құрсағында жатқанда, ол дүниеге келмей-ақ жасаған. Жас нәрестені тек әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі де тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттер сіңдіре білген. Олар әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерімен бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен енбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. «Бала – біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы азамат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық. «Бала нені білсе ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын тыңдап ренжітпейік.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Шаңырағым - шаттығым" тәрбие сағаты

Автор: Зиядина Бибигүл Ожарбекқызы

Дата: 25.10.2016

Номер свидетельства: 352191

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Ша?ыра?ым-шатты?ым"Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(31) "shanyragymshattygymtrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "319910"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460977775"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(44) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "301481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929977"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty1"
    ["file_id"] => string(6) "301482"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929985"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ша?ыра?ым-шатты?ым! (ашы? т?рбие са?аты) "
    ["seo_title"] => string(45) "shan-yrag-ym-shattyg-ym-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "163542"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422510187"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Шаңырағым шаттығым" ашық тәрбие сағаты."
    ["seo_title"] => string(45) "shan_yrag_ym_shattyg_ym_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "435902"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509517188"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства