kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ша?ыра?ым-шатты?ым! (ашы? т?рбие са?аты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

Білімділік: ?асырлар бойы жал?асын тауып келе жат?ан, топ бастайтын, отбасы т?рбиені? ?айнар к?зі екендігін санамызда жа??ырту. ?ш т?л?а: ата-ана, бала, ?стаз арасында?ы ашы? ??гіме ар?ылы ?лтты? ?аза?ы т?рбиемізді о?ушы санасына сі?іру.

Дамытушылы?: Баламен д?рыс тіл табысу?а, с?йлеу м?дениетін ?немі ?олдау?а ой салу. Бала т?рбиесінде ата-ананы? орыныны? ерекше екендігін т?сіндіру. Ойлау ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік: Жас жеткіншектерді ата-ананы?   ?адірін, ?асиетін, ?негелі ?мірін, ?лкенні? а?ыл ке?есін ты?дау?а, инабаттылы??а, мейірімділікке т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Пікірталас

Саба?ты? типі: Жа?а білім беру

Саба?ты? ?дісі: Баяндау, ауызша, плакат т.б

Саба?ты? к?рнекілігі: Отбасылы? суреттер, плакат, ?ла?атты с?здер, видео т.б

Саба?ты? барысы:

  1. ?йымдастыру кезе?і: О?ушыларды т?гелдеу,зейінді саба??а аудару
  2. ?й тапсырмасын с?рау

М??алім: Отбасы – ша?ын мемлекет. Ол – т?лім мен т?рбиені?, ?лгі мен ?негені?, мейрімділік пен адамгершілікті? ордасы. Адам баласыны? ?мірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында ?теді. Отбасы алтын ?я, киелі ша?ыра? болса, сол ша?ыра?ты? м?рагері, ?рпа? жал?асы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі т?рбиені ата-анадан алады. Олай болса баланы? бас ?стазы – ата-ана. ?лы Абай б?л туралы

« Ата-ана?а к?з  ?уаныш –

Алдына ал?ан еркесі.

К?кірегіне к?п ж?баныш,

Г?лденіп ой ?лкесі» деп жыр еткен. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ша?ыра?ым-шатты?ым! (ашы? т?рбие са?аты) »

6 орта мектебі















«Шаңырағым-шаттығым!»

(6ә сыныбы )











Өткізген: Қ.А. Әлжанова

















2014-2015 оқу жылы

Күні:08.09.2014 ж

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым !

Мақсаты:

Білімділік: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру.

Дамытушылық: Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіндіру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікірталас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Баяндау, ауызша, плакат т.б

Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, плакат, ұлағатты сөздер, видео т.б

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу,зейінді сабаққа аудару

  2. Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.














1-оқушы: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

2-оқушы: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.













2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.

13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

1-оқушы: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балалрды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

Ән: «Ана туралы жыр»



















1-оқушы: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

2-оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.

3-оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білімалуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

4-оқушы: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағ,аланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Бұлғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

5-оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

6-оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағындаөзінді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!

7-оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудыңбелгісі деп білді.Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.

Ән: «Әке туралы жыр»

8-оқушы: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

9-оқушы: Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек – отауға да крек» деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шыңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шанңырақ – Қазақ армаанының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.

10-оқушы:Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылмсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

11-оқушы: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

12-оқушы: Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата-ана өміріінң жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалры үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдарада ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

13-оқушы: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Ән: «Әкешім, анашым».

Мұғалім: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ша?ыра?ым-шатты?ым! (ашы? т?рбие са?аты)

Автор: ?лжанова ?алам?ас А?ылбек?ызы

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163542


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства