Просмотр содержимого документа
«"Шаңырағым шаттығым" ашық тәрбие сағаты.»
«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тәрбие сағаты
«Шаңырағым шаттығым»
Тәрбиеші: Нурбекова И.С.
Семей қаласы
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Шаңырағым - шаттығым»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін ұғындыру, әңгімелету, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу. 2) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
3) Жақсы, мейірімді адам өз махаббатын байқату сезімін дамыту, жақындарына қамқор және қайырымды қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар, ұстаздар! 3 «Б» сыныбының өткізгелі отырған «Шанырағым шаттығым» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
- Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
- Балалар, күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.
Аспанымыз ашық болсын!
Ата – анамыз аман болсын!
Бақытты болайық!
Балалар кеудемізге сыймай тұрған жылуымыздан қонақтарымызға сыйлайық (бұрылып қолдарын үрлейді)
- Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
Шаттық шеңбері: Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз,
«Қайырлы таң» деп айтамыз
Бір болып, кеште қайтамыз.
1 – оқушы Қайырлы таң достым.
2 – оқушы Қайырлы күн болсын.
3 – оқушы Күніміз жарық болсын.
4 – оқушы Аспанымыз ашық болсын.
5 – оқушы Қуанышпен 5 алайық.
6 – оқушы Мейріммен ән салайық.
ІІ. Негізгі бөлім. Бейнебаян
Тәрбиеші:Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін?
Бейнебаян
Тәрбиеші:
- Балалар біз жана қандай бейнебаян көрдік?
- Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. ол мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Балаға сіңірген ата-ана еңбегін, бала, өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын өшпес махаббат.
4)Тәрбиеші: Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерінде.Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана. «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.
Ойын: «Танып ата»
Ойын барысында қатарда тұрған ата – аналар арасынан оқушылар жеке - жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз ата – аналарын табады. 5) Енді осы тақырыптағы мақал- мәтелдерге кезек берейік. 1. Бала тәрбиесі бесіктен 2. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. 3. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер 4. Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі. 5. Ата бәйтерек, бала жапырақ 6. Ұяда не көрсең, Ұшқанда соны ілесін. 7. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.
Тәрбиеші: Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. 6) Сұрақ – жауап
– Ең мейрімді жан кім? - Ол ана!
- отабсындағы асқар тау деп кімді айтамыз? – ол әке
- отбасының ақылшысы ол кім? – ол ата
Тойдан немереме деп сарқыт әкелетін кім? – ол әже
8) Мейірімді жандардың суретін ілу. – Ең мейрімді жан кім? - Ол ана!
ІІІ. Қорытынды: «Тілек шамы». Міне, қошасатында сәт жетті. Отбасы – ұшқан ұя, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін мына бір «Тілек шамын» бір – бірімізге жақсы тілек айта отырып ұсынайық.
Тәрбиеші: Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын тыңдап ренжітпейік.Құрметті ата-аналар , ұстаздар бүгінгі «Шаңырағым -шаттығым » атты ашық тәрбие сағатымыз осымен тәмәм. Қош сау болыңыздар!