kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ша?ыра?ым-шатты?ым"Т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:1.Ата-бабаларымыздан ?рпа?таy- ?рпа??а беріліп келе жат?ан ?лтты? т?рбие т?ралы  т?сінік беру.Ал?аш?ы адамгершілік т?рбиесіне  бай екендігін т?сіндіру.Ата-аналар мен балаларды ?атыстыра отырып,?зара сыйласты?ты арттыру.

2.?ле?, ма?ал ар?ылы тілдік ?орын дамыту.?з ?лтына деген с?йіспеншілігін арттыру.О?ушыларды? ата-ана алдында?ы борышы т?ралы жауапкершіліктерін арттыру.

3.Ата-анамен бала арасында?ы  байланыс,?кені? ?л?а,шешені? ?ыз?а т?рбиесі.Баланы? болаша? ?мірін ?алыптастыру,?ам?орлы??а ?дептілікке т?рбиелеу.

К?рнекілік на?ыл с?здер,ма?ал-м?телдер,шар,г?лдер,та?ырып.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ша?ыра?ым-шатты?ым"Т?рбие са?аты»

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы № 9 мектеп КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Биданова Алтын Сойуновна


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шаңырағым- шаттығым!»

Мақсаты:1.Ата-бабаларымыздан ұрпақтаy- ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие тұралы түсінік беру.Алғашқы адамгершілік тәрбиесіне бай екендігін түсіндіру.Ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып,өзара сыйластықты арттыру.

2.Өлең, мақал арқылы тілдік қорын дамыту.Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың ата-ана алдындаңы борышы тұралы жауапкершіліктерін арттыру.

3.Ата-анамен бала арасындағы байланыс,әкенің ұлға,шешенің қызға тәрбиесі.Баланың болашақ өмірін қалыптастыру,қамқорлыққа әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шар,гүлдер,тақырып.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш,нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Оқушылар бір-біріне қарап жақсы тілектерін айтады. (жүректер-жүрекке)

Құрметті ұстаздар ,оқушылар бүгінші «Шаңырағым-шаттығым» аттыашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Нақыл сөздер.

Адамның адамшылығы – ақыл,

Ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,

жақсы ұстаздан болады.

Абай

Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы.

Ата-ананың ақылы сарқылмайтын кен мен тең.Отбасы адам баласының алтын діңгегі.Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап ,осында ер жетіп отбасы тәрбиесін алады.

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әртүрлі болса да,олардың арасында бір –бірімен рухани жақындығы,мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы- шағын мемлекет.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып,сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға,өз шаңырағын көтеруге жауапты болып саналады.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, -бұлар жанұя мектебінің ұстаздары болып саналады. Әке мен шешенің ең бірінші басты талап-тілектері баланың әдепті бала болып өсуі.

Тәрбие сағатының кезеңдері:

1.Әр топ өз жанұя мүшелері,отбасы тұралы айтады.

2.Ата-әжелер,ата-аналар балалар туралы тақпақтар,өлеңдер.

3.Мақал- мәтелдер.

4.Мақал-мәтелмен жауап беруге шақыру.

5.Ата-аналарға Ситуациялық сұрақтар.

6. «Менің отбасым»суретін салу.

7.Әнші ,биші болғым келеді.

Мен,және менің отбасым тұралы айтып өтейік.

1-оқушы.Отбасы шағын -мемлекет. Ол тәліммен тәрбиенің үлгі өнегенің ,мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы .Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

2-оқушы Отбасы алтын ұя,киелі шаңырақ болса,сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады.Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.Олай болса баланың бас ұстазы --ата-ана.

3-оқушы .Әке мен ана шаңырақтың тірегі.Ата – бабаларымыз кезінде оқу оқып,білім алуға мүмкіндіктері болмай,көшіп-өонып жүргеннің өзінде, ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеген.

4-оқушы. Сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту қандай ғанибет.

5-оқушы Бүгінгі ұл- ертеңгі әке.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана.Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші -ата-ана.

Келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік.

Айдана:Атамның ән-күйі ғажайып,

Әжемнің әлдиі ғажайып.

Анамның мейірімі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып ,

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

Асия: Ана деген-өмірдің мөлдір кәусар бұлағы

Ана деге тіршіліктің шұғылалы шуағы,

Ана деген -теңгесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Лаура: Балам аман болсын деп көз ілмеген,

Қуат алдың анажан өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген.

Исабек:Ержетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы.

Иіскеп,маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны.

Нұржанат:Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Ана мейірі күн көзімен пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Жайна:Әке деген- биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Қарақат:Жүрегімде әжемнің әжімі бар,

Жүрегімде достардың әзілі бар.

Жүрегімде өмірдің қызығы бар.

Жүрегімде жанымның азығы бар.

Мақал-мәтел айтып жарысу.

1.Ата-ананың ақылы сарқылмайтын кен мен тең

2. Құс балапаны үшін тозаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

3. Адам сәні-өнер білім аөылы

Жердің сәні –жеміс өнім дақылы.

4. Сөздің сәні –өнегелі өткір нақылы.

5. Тәуекел тау жығады.

6. Атадан жаман ұл туса

Елінің малын жейді,

Атадан жақсы ұл туса елінің қамын жейді.

7. Әке көрген оқ жанар,

Шеше көрген тон пішер.

8. Әке –асқар тау,

Ана –бұлақ

Бала жағасындағы –құрақ.

9. Атаңа не істесең алдыңа сол келер.

10. Әдепті бала –арлы бала,

Әдепсіз бала –сорлы бала.

Мақал мәтелдер мен жауап беруге шақыру.

Кел,балалар ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай сұрақ болса да

Таппай оны қоймайық!

Алға қарай самғайық!

Ұяда не көрсең «ұшқанда соны ілерсің)

Ер бір өледі,ез «мың өледі)

Тентектің ақылы (түстен кейін кіреді)

Жақсы сөз сүйсіндіреді (жаман сөз күйіндіреді)

Мектеп білім (бұлағы)

Ұл өссе ....,Қыз өссе (өріс)

Жанұяға қарап -бала өседі (қарағайға қарап-тал өседі)

Әдептілік белгісі (иіліп сәлем бергені)

Күннің шуағы жылы (ананың құшағы жылы)

Үлкенгге- құрмет (кішіге –ізет)

Жақсыдан үйрен (жаманнан жирен)

Еңбектің наны –тәтті (жалқаудың жаны –тәтті)

Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да (қарызынан құтыла алмайсың)

Үйдегі алтын қазық кім? Ана

Ана деген --асыл жандар болаттай,

Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай,-деп ақын жырлағандай,әйел тек аяулы ана емес сонымен қатар белсенді қызметкер.

Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана-- перзент тәрбиелеуші .

Ана—қызметкер, Ана-ғалым,Ана-зейнеткер.

Ат биеден туады ,алып анадан туады дейді қалқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Алдымен ананы аялаңдар.

Ұлың өсіп келеді ,

Ата-ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз,

Ел қорғайтын жігітті.

Қызың өсіп келеді,

Шуақ шашып әр үйге,

Гүлдей жайнап өссінші,

Сыйлы болып бәріне-деп келесі кезекті аналарымызға арнайық.

Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналар өз ойларын ортаға салады)

1.Баланызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

2.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

3.Баланызға ашуланғанда ең алдымен ,аузыңызға қандай сөздер түседі?

4.Бала үшін мұғаліммен ата-ананың арасында қандай байланыс болу керек?

5.Балалардың теріс әрекетері үшін жазалау түрлері?

6. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

7.Балаңыз кеше қандай баға алды?

8.Балаңыз сабақтан қашып мектеппен ерте келді не істейсіз?

9.Балаңыздың сабағы ,тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы ,ашулы қабақпен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Балаңыз үнемі сабаққа кешігіп келеді.Қалай жөнге келтіреміз?

«Менің отбасым» суретін салу.

Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал.Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ,енді сол терезелерге отбасы мүшелерінің орналастыр.

«Әнші болғым келеді» Бос уақытымызда ән айтамыз ба? Қандай әндер білеміз?

Ән: «Әке-ана»

Орындайтын: Рахат Ақниет,Чуганова Жайна.

Би билейтін:: Муса Нұржанат, Жолдасбай Нұршынар

«Тілек шамы»

Қорытындылау.

Міне «Шаңырағым-шаттығым» атты тәбие сағаты аяқталар кез жетті.Отбасы мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы ,ошағымыздың түтіні түзу шығу үшін « Тілек шамын» тілек айта отырып, жүргізейік.

Ендеше, шаңырақтарыңыз шайқалмай,бауырларыңыз бүтін, отбасыңыз аман болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Ша?ыра?ым-шатты?ым"Т?рбие са?аты

Автор: Биданова Алтын Сойуновна

Дата: 18.04.2016

Номер свидетельства: 319910


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства