Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Әлемді өзгерткің келсе-өзіңнен баста!
Әр адамның өмірдегі өз орны бар.Адамның сол өмірде қалай өмір сүруі, қандай адам болуы, қандай жолдарға түсуі ол тек өзіне байланысты.Өмір ақ пен қарадан,жаман мен жақсыдан тұратыны бізге мәлім, ал сол екі жақтың қайсысына аяқ басуы тек өзіне байланысты. Адам бастысы адамгершілікті, еңбекқор, мейірімді, қамқор,кешірімді,көпшіл, ізетті, иманды болуы қажет.
Әлемді өзгерткің келсе-өзіңнен баста,өзіңді дұрыс жолға сал және өзгелерге үлгі болып, оларды түзе. Адам адамгершілікті, еңбекқор болып, ақ ниет, адал істерге бағыттап, рухани-адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана өмірі мәнге толы болмақ. Адам өзін-өзі танып,өзін дұрыс жолға салғанда ғана оның маңайындағылар үлгі алады.Сондықтан әлемді өзгерткіміз келсе, алдымен өзімізді, содан барып маңайымыздағыларды дұрыс жолға салып, қоғамға пайдамызды келтіре аламыз.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт