1.Саламатсыздарма сайысқа қатысушылар мен ұстаздар;
2.Армысыздар көрермендер;
1.Жаратылыс туралы іргелі ұғымдар химияның нақты материалдары арқылы көрнекті сипат алып, ақыл - ой мензердені дамытуға жол ашады.
2.Химиялық білім адамды экологиялық сауатты, өзіне де, өзгеге де қауіпсіз іс әрекетке дағдылануды көздейді. Оқушылар шикізат, энергетика, азық – түлік, медицина мәселелерін шешудегі химиялық рөлі туралы айқын түсінік алуы тиіс.
1. Химия тек қана білім, оқу пәні емес, қазіргі өркениетте ерекше орын алатын, өндірістің өте маңызды саласы екенін ескеру керек. Бір қарағанда химиялық емес болып көрінетін металлургия, тағам және фармоцевтика өнеркәсібі,құрылыс материалдары, тіпті ядролық энергетиканың да негізін химиялық технология құрайды.
2. Ұлы химиик М.В.Ломоносов айтқандай «Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары». Сондықтанда оқушылардың химияға деген көзқарасын, қызығушылығын арттыру, дарынды да ойшыл, батыл да тез шешім қабылдағыш талантты жастар дайындау мақсатында өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер.
1.Сайысқа 8 кластан 6 оқушы қатысады. Сайыс 6 бөлімнен тұрады:
Бәйге ( Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
Ғажайып ұяшықтар ( Ұяшықтарға сәйкес ұпайлар беріледі)
Полиглот ( Жасырылған сөзді тауып үш тілде атаса 30 ұпай )
Просмотр содержимого документа
««ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны»
Жаратылыстану пәндері
әдістемелік бірлестігі
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
( 8 класс )
Ұйымдастырушы:
химия пәні мұғалімі
М.С.Альмухамедова
Астана қаласы
2015 жыл
Химия пәнінен 8 класс оқушылары аралығында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы
1.Саламатсыздарма сайысқа қатысушылар мен ұстаздар;
2.Армысыздар көрермендер;
1.Жаратылыс туралы іргелі ұғымдар химияның нақты материалдары арқылы көрнекті сипат алып, ақыл - ой мензердені дамытуға жол ашады.
2.Химиялық білім адамды экологиялық сауатты, өзіне де, өзгеге де қауіпсіз іс әрекетке дағдылануды көздейді. Оқушылар шикізат, энергетика, азық – түлік, медицина мәселелерін шешудегі химиялық рөлі туралы айқын түсінік алуы тиіс.
1. Химия тек қана білім, оқу пәні емес, қазіргі өркениетте ерекше орын алатын, өндірістің өте маңызды саласы екенін ескеру керек. Бір қарағанда химиялық емес болып көрінетін металлургия, тағам және фармоцевтика өнеркәсібі,құрылыс материалдары, тіпті ядролық энергетиканың да негізін химиялық технология құрайды.
2. Ұлы химиик М.В.Ломоносов айтқандай «Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары». Сондықтанда оқушылардың химияға деген көзқарасын, қызығушылығын арттыру, дарынды да ойшыл, батыл да тез шешім қабылдағыш талантты жастар дайындау мақсатында өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер.
1.Сайысқа 8 кластан 6 оқушы қатысады. Сайыс 6 бөлімнен тұрады:
Бәйге ( Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
Ғажайып ұяшықтар ( Ұяшықтарға сәйкес ұпайлар беріледі)
Полиглот ( Жасырылған сөзді тауып үш тілде атаса 30 ұпай )
Ғажайып сынауықтар ( Химиялық айналымдарды жүзеге асыр)
Шешендік өнер
2. Болсын дейміз жарысымыз жемісті, Озып шықсын, кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек, Берер дейміз әділдікпен жеңісті.
1.Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық:
1.
2.
3.
2. Сырлары көп білімнің, шешілмеген әліде.
Терңдігі білімнің, керек екен бәріңе.
1. Ал, келіңдер, келіңдер, бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп, саудаласып көріңдер.
Бүгінгі сайысымызға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақыралық:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
2.Ең қиын жарыстың бәйге келді, Мықтылары ортада, шықсын енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма, Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
1.І бөлім. Бәйге (Сұрақтарға кім бірінші қол көтерсе сол жауап береді, қате болған жағдайда келесі оқушы жауап бере алады.Орнынан айтып қойған жауап ескерілмейді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
Жарық және жылу бөле жүретін реакция (Жану)
Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек (Молекула)
Химиялық элемент таңбасының төменгі жағына жазылып, атом саныны білдіретін сан (индикс)
Бастапқы заттың түрленіп жаңа затқа айналуы (Химиялық құбылыс)
Заттарды қоспалардан бөлу әдістері (Тұндыру, сүзу, кристалдау, айдау)
Бастапқы заттардың құрамы мен қасиеті өзгермей сақталады (Физикалық құбылыс)
Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (Атом)
Өнеркәсіпте оттегін неден алады (Ауадан)
Ауаның салыстырмалы молекулалық массасы (29)
Периодтық жүйеде неше бейметалл бар (22)
Химиялық элемент ұғымын алғаш енгізген (Р.Бойль)
Заттардың оттегімен әрекеттесуі (Тотығу)
Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі (Озон)
І топтың негізгі топша металдары қалай аталады (Сілтілік металдар)
Периодтық жүйеде «түз түзушілер» деген мағына білдіретін элементтер қалай аталады (Галогендер)
Сутегі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді (Су тудырушы)
Халькогендер қай топтың элементтері (ҮІ топтың негізгі топшасы)
Периодтық жүйеде неше период бар (7)
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі қандай (моль)
Көлем мен зат мөлшерінің көбейтіндісі неге тең (массаға)
Авогадро тұрақтысы нешеге тең (6,02*1023)
Химиялық реакция типтерін ата (Қосылыу, айырылу, орынбасу, алмасу)
Жай заттардың тотығу дәрежелері нешеге тең (0)
Химиялық байланыстың түрлерін ата (Коваленттік, иондық, сутектік, металдық)
Мен білсем сіңлі, бауырым, Химия сенің қолайың.
Жақсылап оқып жүріңдер, Келтіріп әркез орайын.
Білген сайын келеді біле бергің, біле беру емеспетілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет, білімді әрі білікті жас жеткіншек.
ІІ бөлім. Ғажайып ұяшықтар ( қалауың бойынша бір ұйшықты таңдап, сәкесінше ұпай иелене аласың)
Теория 10: І топтағы металдарды қалай атайды?( Сілтілі металдар)
Теория 20: Оксидтер дегеніміз не? (Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған күрделі заттар)
Теория 30: Ковалетті полюссіз байланыстің анықтамасы? (Электртерістіктері бірдей атомдар арасында жүретін химиялық байланыс)
Теория 40: Қышқылдар дегеніміз не? (сутек және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар)
Ғалымдар 10: Химиялық элементтердің периодтық жүйесін кім жасады? (Д.И.Менделеев)
Ғалымдар 20: Зат массасының сақталу заңын кім тұжырымдады? ( М.В.Ломоносов)
Ғалымдар 30: Химиялық элементтердің таңбасын кім енгізді? ( Берцелиус)
Ғалымдар 40: Атом құрылысының планетарлық моделін кім ұсынды? (Э.Резерфорд)
Жылдар 10: Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық кестесін қай жылы жасап шығарды (1869ж)
Жылдар 20: Пристли мен Шееле оттегін қай жылдары анықтады? (1772 және 1774жж)
Жылдар 30: Г.Кавендиш сутегін қай жылы анықтады? (1766ж)
Жылдар 40: Италян галымы А.Авогадро өз атымен аталатын заңын қай жылы тұжырымдады? (1811ж)
Элемент 10: Магнийдің периодтық жүйедегі орны (ІІІ период, ІІтоптың негізгі топшасы)
Элемент 20: Күн жүйесінде сутегі қанша пайыз кездеседі ( 92)
Элемент 30: Оттегінің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар? (2)
Элемент 40: Алюминийдің периодтық жүйедегі орны (ІІІ период, ІІІ топтың негізгі топшасы)
Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз:
Химия ғылымдардың ең төресі, Атом, элемент басты ұғымдарбелгісі,
Аударайық ұғымдарды үш тілде, Полиглот кезеңі алда келесі
ІІІ бөлім: Полиглот (жасырылған элементті тауып үш –екі тілде атау, толық жауап 30 ұпай)
Ең жеңіл газ болып саналады, Периодтық жүйе осыдан басталады: (Сутегі-водород-гидрагениум)
Термометр құрылысына кіретін элемент. (Сынап-Гидраргирум)
Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды. (Күкірт-Сера-Сульфур)
Иісі, түсі, өңі жоқ, Табиғатта онсыз өмір жоқ. Өсімдіктен аламын, Өміріме нәр қыламын. (Оттегі-Кислород-Оксигениум)
Адамдар мені салмақты деп мақтайды, Сонда да мен химиктерге жақпаймын. Өндірісім жөнінде Азия мен ТМД-да, Өз елімді бірінші қылмай тынбадым (Күміс-Серебро-Агентиум)
Арпа – бидай ас екен, .....- күміс тас екен. (Алтын-золото-аурум)
Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны ( Темір-железо-феррум)
1.Химия ғылымдардың бұл төресі, оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезең келді, Басталмақшы кезеңіміз келесі.
2.ІҮ бөлім. Сиқырлы құтылар. Қауіпсіздік техникасы ережелерін табу (толық жауап 30 ұпай)
Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе , оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
Химиялық тәжірибе жасаған жерде тамақ жеуге болмайды
Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құйюға болмайды
Қыздырып жатқан ыдыс аузына үңілуге болмайды
Ұпай аз бір оқушымен қоштасамыз.
2. Химия - жыр әніміз, шаттанамыз, Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы Қазақстан, Қойнауы алтын – күміс, жатқан аңыз.
1. Ү бөлім. Ғажайып сынауықтар ( Химиялық айналымдарды жүзеге асыр) әр теңдеуге 10 ұпай толық жауап 40 ұпай
Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCl2
S→SO2→ H2SO3→Na2SO3
Na→Na2O→NaOH→Na3PO4
C→ CO2→H2CO3→K2CO3
Са→СаO→Са (OH)2→Са3(PO4)2
АL→Al2O3→Al (OH)3→Al2 (SO4)3
Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз
2.ҮІ бөлім. Шешендік өнер. (10 балдан 50 балға дейін)