Просмотр содержимого документа
«Қамқорлық - ұлы қасиет»
Қамқорлық - ұлы қасиет
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Д.Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектепте1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы өтіп жатыр. Қамқорлық акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты әлеуметтік тұрмыс-жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім, мүгедек балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына көмек және оларға қолдау көрсету болып табылады.
«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы аясында мектебіміздің6 «Б» сынып ата-аналары Ауакасова Алмагуль, Молдақынова Жұлдыз, Комут Фарида, Имангазиева Айнура, Мамбеталиева Гулсара және мектебіміздің ата-анасы Нұрғалиев Еркін көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларына мектеп формасын алуға қаржылай көмек көрсетті. Ата-аналарға балалардың мектепке дайындықпен келуіне қол ұшын беріп, көмек көрсеткені үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіріп, рахметімізді айтамыз!