kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білімнен қымбат нәрсе жоқ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білімнен қымбат нәрсе жоқ»

Максаты: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау. Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, биология, география.
Тәрбие сағатының жүрісі: «Таныстыру», «БӘЙГЕ», «ДОДА», «ЖОРҒА»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – демекші біздін сыныбымызда өткелі отырған «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділқазы алқасын таныс болайық.

1.

2.

3.
Енді сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыз 4 турдан тұрады:

  1. Таныстыру

  2. БӘЙГЕ

  3. ДОДА

  4. ЖОРҒА


Тур: Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып отеді.

IІ – тур «БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей отырып ал жас қырандар бәйге кезеңін бастаймыз.
Шарты
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген топ айтады.
Сұрақтары:
1. Ең ұзын хорда
А) Диаметр В) радиус С) кесінді
2. Қазақстанда неше қорық бар?
А) 9 В) 8 С) 7
3. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала?
А) Алматы В) Қызылорда С) Шымкент
4. «Қар ханымы» ертегісінің авторы кім?
А) Герберт Уэльс В) Андерсон С) Жюль Верн
5. Хамелеон мекендейтін жалғыз арал?
А) Мадагаскар В) Гренландия С) Ява
6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?
А) Қызғалдақ В) Раушан С) Жусан
7. Сақтарды «Азиялық скиф» деп атаған кім?
А) Парсылар В) Гректер С) Ирандықтар
8. Қан тоқтататын элемент?
А) Магний В) Марганец С) Йод
9. Картоптың отаны?
А) Солт. Америка В) Еуразия С) Оңт. Америка
10. Шоқан Уәлихановтың шын есімі?
А) Қанапия В) Шоқан С) Мұхаммедханафия
11. Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаев қай жылы туған?
А) 1845 Ж В) 1945 Ж С) 1855 Ж
Жүргізуші: Міне Бәйге турымызда аяқталды. Келесі турымыз «ДОДА»
Шарты
1. Бұл сайыста 2 топқа мына экрандағы 6 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен 3 тақырыпты таңдайды.
1.ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Сөз таптарының неше түрі бар? – 9
2. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып есептеледі? – Тура толықтауыш
3. Орфография қай елдің сөзі? – Грек
4. «Үлкен» сөзі заттың қай сынын білдіреді? – Көлемін
5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? – Диалект
2. МАТЕМАТИКА
1. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін? – 1 және 2
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? – үшеу
3. 1 килограммда қанша грамм бар? – 1000 грамм
4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы ұзын? – Жанат ұзын
5. 2 қатынастың теңдігі? – Пропорция

3.ӘДЕБИЕТ
1. «Қазақ тілі» өлеңінің авторы кім? – Мағжан Жұмабаев
2. Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің авторы кім? – Абай
3. Бейімбет Майлин қай жылы қайда дүниеге келген? – 1894 ж қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген
4. «Анама хат» өлеңінің авторы кім? – Ахмет Байтұрсынұлы
5. Суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін, әсерлігін арттыратын көркемдік тәсілдің бір түрі? – Әсірелеу (гипербола)
5. 2 қатынастың теңдігі? – Пропорция
4. БИОЛОГИЯ
1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер? – Пластидтер
2. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым? – Биология
3. Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан сұйықтығын түзетін ұлпа? – Дәнекер
4. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы? – Герпетология
5. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? – 1978 ж
5.ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. «Сақ» мағынасы парсы жазбаларында қалай деп түсіндіреді? – құдіретті еркектер
2. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет қай аралдан қай жылы табылды? – Ява аралынан 1891 ж
3. Үйсіндерді кім басқарды? – Гуньмо
4. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады? – Массагеттер
5. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы? – Жошы хан






6. ГЕОГРАФИЯ
1. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ түн? – 22 желтоқсан
2. Жер шарындағы ең терең шұңғыма? – Мариан
3. Жер шарындағы ең үлкен ойпат? – Оңтүстік Америкадағы Амазонка ойпаты
4. Дүние жүзіндегі ең биік тау? – Гималай
5. 0 градус ендік, 0 градус бойлықта орналасқан обьект? – Атлант мұхиты


Жүргізуші: Міне біздің 3-і турымызда аяқталды. Келесі соңғы IV – тур «ЖОРҒА»

Шарты

1. Экранда көрсетілген 3 тақырып таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 20, 30, 40 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшықтағы тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

САЛТ-ДӘСТҮР

20. Жеті атаны ата? – Әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат

30. Өмілдірік деген не? – Ер тұрман әбзелі
40. Үш қуатты ата? – Ақыл, жүрек, тіл



ТҰЛҒАЛАР

20. Қазақстанның тұңғыш саяхатшысы? – Ш. Уәлиханов
30. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын? – Ж. Жабайев
40. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? – Ахмет Байтұрсынұлы

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

20. Робин Гуд мекендеген арал? – Шервуд
30. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? – Сара Назарбаева
40.Біздің ата заңымыз неше бөлім, неше баптан тұрады? – 9-бөлім, 98-бап

Жүргізуші: Міне біздің соңғы турымызда өз мәресіне жетті. Өте жақсы енді әділ қазылар сайыскерлеріміздің ұпай сандарын қортындыласын. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Білімнен қымбат нәрсе жоқ

Автор: Сарбаева Назгуль Миргалиевна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407578

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(59) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "398144"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488802221"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Бала т?рбиесіндегі ата ананаы? ?ызметі"
    ["seo_title"] => string(37) "balatrbiiesindieghiataananaynkyzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "289535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454835344"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Коучинг.Работа с одаренными детьми.(на казахском языке)"
    ["seo_title"] => string(60) "kouchingh-rabota-s-odariennymi-diet-mi-na-kazakhskom-iazykie"
    ["file_id"] => string(6) "288645"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454660739"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "М??а?али  Ма?атаев. "?ш  ба?ытым""
    ["seo_title"] => string(27) "mukagalimakataievushbakytym"
    ["file_id"] => string(6) "293794"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455547588"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ең бағалы нәрсе"
    ["seo_title"] => string(18) "ien_bag_aly_n_rsie"
    ["file_id"] => string(6) "445847"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513877981"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства