kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала т?рбиесіндегі ата ананаы? ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасында?ы т?рбиені? ерекшеліктері

Хал?ымызды? сан ?асырдан бергі даналы?ына ??ла? асса?, «Адамны? ба?ыты — балада» деген екен. Кез келген адам ?зі ?мір бойы ?уып жете алмайтын ба?ыт деген ??діретті с?зді? ?лшемі ?міріні? жал?асы ?рпа?ымен келетініне м?н бермеуі де м?мкін. Біреу ба?ытын байлы?тан тап?ысы келсе, екінші біреуі да?? пен ата?тан, мансап пен ?ызметтен іздестіреді. М?ны? б?рі т?сінген адам?а ?олды? кірі сия?ты н?рсе. Адам?а на?ыз ба?ытты — т?рбиелі ?рпа?ы ?ана сыйлай алады. «Адам ?рпа?ымен мы? жасайды» деген с?з тегін айтылмаса керек. Олай болса адам ?міріні? м?ні — ?з ?рпа?ы. Шыр етіп с?би д?ниеге келген с?ттен бастап ата - ана алдында н?зік те ?иын, ?ыр - сыры мол ?лкен ?о?амды? міндет т?рады.
Ол — бала т?рбиесі. Бала т?рбиесінде ал?аш?ы ?стаз — ата - ана. Бала ?шін ?й ішінен, ата - анадан арты? т?рбиеші жо?. Адамгершілік, бауырмалды?, татулы?, ?айырымдылы?, ?дептілік, инабаттылы? сия?ты ?асиеттер — жан?яда т?рбие бала?а с?збен, теориямен дамымайды, ?лкендерді? ?лгісімен сі?еді. «?кеге ?арап ?л ?сер, шешеге ?арап ?ыз ?сер» дейді халы? даналы?ы. Бала кішкентай кезінен - а? ?р н?рсеге ?уестеніп ?лкендерге к?мектескісі келеді. Б??ан кейбір ?ке - шеше «ж?мысымды б?гейсі?, істеп жат?ан ісімді б?лдіресі?» деп ?рысып жіберуі м?мкін. Б?л ?ате т?сінік. Керісінше, ?зі? ж?мыс істеп ж?ргенде баланы? ?олынан келетін ісіне жа?дай ту?ызып, оны? ?йренуіне к?мектескен орынды. Тіпті бала?а берген тапсырма?ызды? ая?ына дейін орындалуына т?зімділікпен ба?ылау керектігін де ?мытпа?ан ж?н. ?стіп баланы? бірте - бірте е?бекке деген болаша?ына жол ашылады. ?рі істеген ісін ??ыпты да тындырымды орындауына ба?ыт бересіз. Баланы? жа?сы ісін мада?тап, терісін о? етіп т?сіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындау?а ?арсылы? білдірмейді. Орынсыз ?рысу, зеку, с?ра?тарына д?рекі, келте жауап беру немесе ?діл талап ?оя алмау ата - ананы? беделін т?сіреді.

Ата — ана — бала т?рбиесіндегі басты т?л?а. Сонды?тан ?ке де, шеше де балаларыны? жан д?ниесіне ??іліп, мінез - ??л?ында?ы ерекшеліктерді жете білгені ж?н. Балалармен ??гімелескенде оларды? пікірімен де санасып отыр?ан орынды. ?з баласымен ашы? с?йлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де ж?мыстамыз, кешкісін ?й шаруасынан ?ол тимейді, баламен с?йлесуге уа?ыт жо?» дегенді айтады. Б?л д?рыс емес. Баламен с?йлесуге тіпті арнайы уа?ыт б?луді? ?ажеті жо?. ?ке мен шеше ?л - ?ыздармен ?й шаруасында ж?ріп - а? ??гімелесіп, ой б?лісуге неге болмас?а. Жан?яда?ы жанжал, ?лкендерді? аузына келген с?здерді айтуы, баланы? к?зінше бас?а біреуді с?гуі, біреуді? сыртынан ?сек айтуы бала?а теріс ?сер етеді. Бала алдында ?ке - шеше ?й ішіні? ?лкендерді? ?дептілік таныт?аны ж?н. Мысалы, ара? пен темекіні? толып жат?ан зиянын біле т?ра, балаларды? к?зінше ара? ішіп, ?сті - ?стіне темекі тарт?андар бар. «К?рінген тауды? алысты?ы жо?» дейді, ерте? - а? ?л ?сіп ер жетеді, ?ыз ?сіп бой жетеді.

Сонда ара? пен темекіні? зиянын ?алай ??тырамыз. Негізінен жан?яны? шыр?ы б?зыл?ан, ата - анасы маск?немдікке салын?ан немесе жарамды? жа?ынан аз?ындан?ан ортада бала, жас?спірім ?ашан?ы жиренішті к?ріністі, онда?ы ай?ай - шу мен дау - жанжал?а, ?рыс - керіске шыдап ж?ре бермек. Бас?а ?мір а?сайды немесе теріс т?рбиеге тез бой алдырып ?лгереді, егер осы теріс жол?а м?лде бет б?рып кетсе, онда б?йтеректі? бір б?та?ы ?исы? ?сті дей бері?із. Ба?ытсыз ?ыз, б?за?ы ?л осыдан шы?ады. Сонда негізгі кін?ні кімнен іздейміз?! Б?за?ылы?ты? басы бос ж?руден басталады. Кейде саба?ты жиі ?алдыру?а ?р т?рлі сылтауларды ?лкендерді? ?зі ?йретіп отырады. Б?л жа?дайда бала?а ?тірік айтуды ?йретіп отыр?ан а??армай да ?алуы м?мкін. Жас шыбы?ты ?алай исе?, солай ?седі ?ой. И?, «?яда не к?рсе? ?ш?анда соны ілерсі?» демекші ата - ана т?рбиесі бала ?мірінде ?лкен із ?алдырады.

Баланы? бойына барлы? жа?сы ?асиеттерді дарыту, тіпті жанында ж?рген достарына дейін м?н беру, таби?ат сыйла?ан дарыны болса дамыту, д?рыс білім алуына жа?дай жасау — ата - ананы? басты парызы. Ендеше бала т?рбиесінде ?са?-т?йек дейтін ешн?рсе жо? ж?не сол н?рседен де ?ателесуге ?а?ымыз жо?. Бала — ?р жан?яны? ба?ыты. Олай болса, ?з ба?ытымызды ба?алай білейік. Ш?к?рім атамызды? « Адамны? жа?сы ?мір с?руіне ?ш сапа негіз бола алады, олар барлы?ынан ?стем болатын адал е?бек, мінсіз а?ыл, таза ж?рек. Б?л сапалар адамды д?ниеге келген к?нінен бастап т?рбиелейді» дегеніндей, ??нды ?асиеттерге не рухани адамды ?алыптастыру - шынында да оны? ту?ан кезінен басталса керек. Ал адамны? адам болып ?алыптасуында ата - анамен ?атар т?рбиеші мен м??алімні? де р?лі бар.

?арапайым мысал?а ж?гінсек, мектепке келген кезінде сондай с?йкімді, тілал?ыш, ж?регі таза, сезімі п?к жас б?лдіршін орта немесе жо?ары буын?а келгенде неге ?згеріп сала береді? Сонды?тан мына бала ?андай еді, ?алай ?згеріп кетті? Мынадай жаман ?деттерді ?айдан ?йреніп ала ?ойды? Неге озбырлы? жасу?а бейім болып алды?- деген сия?ты сауалдар алды?нан кесе - к?лдене?дейді. ?рине, оны? себептерін жан - жа?тан іздеуге болады. Ата - анасын ж?рген ортасын ?ос?анда оны? т?рбиесіне м??алімнен бас?а бірнеше адамны? ?атысы бар. Бала?а ж?рек жылуы ?ашан да ?ажет ж?не ол еш?ашан арты? болмайды. Ата - анасынан к?рмеген с?йіспеншілікті м??алімнен к?рген бала мені? ата - анам да осындай болса, деп армандауы м?мкін. М??алімін тек жа?сы ?ырынан таны?ан о?ушы ?шін оны? айт?аны аны?, дегені д?л болып к?рінеді. Баласын ?алай жа?сы к?ретінін д?рыс білдіру кез келген ата - ананы? ?олынан келе бермейді.

Біреу жа?сы киіндіріп ?ояды, біреу тама?ы то? болса болды деп, ?алтасына а?шасын салып бергеніне м?з. Біреулері ?те ?атал, айт?анын орындатады. Бала ?оры??аннан уа?ытша ты?дайды, біра? ата - анасыны? уысынан шы??ан со? ?зін - ?зі ?стай алмайтын жа?дай?а жетеді. М??алім о?ушы?а материалды? жа?дай жаса?анмен, оны? ?міріне азы? болар е? ?ымбат асыл ?асиеттер: адамзатты? ??ндылы?тармен, біліммен ?амтамасыз етіп, ?аруландырады. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ?я - мектеп. И?, оларды? алтын?а балануы неліктен? Екеуі де ?асиетті, ?рі ?астерлі. ?йткені, отбасы Адамды д?ниеге ?келіп, ?алыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ар?ылы мен білімі адамзатты? ??ндылы?тармен толыс?ан, жан - жа?ты жетілген, ?з бетімен ?мір с?руге бейім, ?орша?ан ортамен тікелей байланыс?а шы?а алатын, толы??анды Адам етіп т?рбиелеп шы?арады. Осы екі ортаны? да ма?саты - орта?, міндет - біреу.

Демек, м??алім мен т?рбиеші ?ауымны? ?иынды?тар?а жиі кездесіп, ?немі тол?аныста ж?ретіні де содан. Сонды?тан кез келген м??алім баламен байланыс?а шы?пас б?рын, о?у - т?рбие ж?мысында?ы ?ызметін ?зін - ?зі танудан баста?аны ж?н. ?зі?ні? бала бол?аны?ды, ?зі?ні? ата - ана екені?ді, ?зі?ні? ?стаз екені?ді ой елегінен жиі - жиі ?ткізіп отырса?, ?зге алдында?ы жауапкершілікті? сыры бірден ай?ындала бастайды. ??лама ?л - Фараби «Д?ниедегі е? о?ай н?рсе а?ыл айту, е? ?иыны ?зі?ді ?зі? т?сіну» десе, К. Маркс «?зі?ді ?зі? тану даналы?ты? бірінші белгісі» деп ескертеді. Е? бастысы, баланы? жан азы?ына з?ру екенін еш уа?ытта ?мыту?а болмайды. Абай атамызды? жетінші ?ара с?зінде «Жас бала анадан ту?анда екі т?рлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ?йы?тасам деп туады. Б?лар т?нні? ??мары, б?лар болмаса т?н жан?а ?она? ?й бола алмайды, h?м ?зі ?спейді, ?уат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ?мтылып, одан ержеті?кірегенде ит ?рсе де, мал шуласа да, біреу к?лсе де, біреу жыласа да т?ра ж?гіріп, «ол немене?» «б?л немене?» деп, «ол неге ?йтеді?» «б?л неге б?йтеді?» деп, к?зі к?рген, ??ла?ы естігенні? б?рін с?рап, тынышты? к?рмейді. М?ны? б?рі « жан ??мары, білсем екен, к?рсем екен, ?йренсем екен.»деген ?лкен п?лсапалы? ой жатыр. Я?ни, бала?а ту?аннан т?н азы?ы - тама? ?андай ?ажет болса, жан азы?ы - жылулы?, с?йіспеншілік те сондай ?ажет. Ал оны? ?ажетін ?ана?аттандырмай, т?пкі ма?сат еш?ашан орындалмайтыны белгілі ж?йт. М?ны м??алім де, ата - ана да ?сте естен шы?арма?андары ж?н.Кері ?айту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесіндегі ата ананаы? ?ызметі»






















Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері



Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке - шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте - бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата - ананың беделін түсіреді.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке - шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең - ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.

Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата - анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай - шу мен дау - жанжалға, ұрыс - керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата - ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата - анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.

Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды?- деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе - көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан - жақтан іздеуге болады. Ата - анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата - анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата - анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата - ананың қолынан келе бермейді.

Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата - анасының уысынан шыққан соң өзін - өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп арқылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан - жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу.

Демек, мұғалім мен тәрбиеші қауымның қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретіні де содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу - тәрбие жұмысындағы қызметін өзін - өзі танудан бастағаны жөн. Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата - ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі - жиі өткізіп отырсаң, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл - Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе, К. Маркс «Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы, баланың жан азығына зәру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен.»деген үлкен пәлсапалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата - ана да әсте естен шығармағандары жөн.Кері қайту




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бала т?рбиесіндегі ата ананаы? ?ызметі

Автор: Абишева Жанат Балтабаевна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289535


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства