kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жоба "Функционалды? сауаттылы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыпты? к?кейкестілігі: фунционалды? сауаттылы?ты ?алыптастыру-заман талабына сай ?скеле? ?рпа?ты? ?мірге бейімділігі, халы? аралы? стандарт де?гейінде сапалы білім мен т?рбие алуыны? негізгі ??ралы.Жобаны? ма?саты:   Бастауыш буын о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?тарын ?алыптастыру тетіктерін зерделеу ар?ылы о?ытуды? озы? технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, ?мірге бейім т?л?а ?алыптастыру. Жобаны? міндеттері:Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын дамыту бойынша шаралар ж?йесін іске асыруды? тетіктерін аны?тау;

Мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыруды? отанды? ж?не халы?аралы? практикасын зерттеу;

  • О?ушыларды? білім сапасын арттыру ?шін ?олданылатын жа?аша ?діс-т?сілдерді ме?геру, игеру;Зерттеуді? нысаны: Бастауыш буын о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру тетіктеріЗерттеу ?дістері: талдау, жина?тау.Гипотеза: егер функционалды? сауаттылы?ты бастауыш буыннан бастап ?алыптастырып, дамытатын болса?, онда сапалы білімді ж?не т?рбиелі, ?мірге бейімді, елімізді? отанс?йгіш азаматы ?сіп шы?атынына сеніміміз бар.КіріспеСауаттылы? т?л?аны? т?ра?ты ?асиеті болып табылатынды?тан, функционалды? сауаттылы? сол т?л?а ме?герген белгілі бір білім-біліктерден к?рініс табады. ?йткені функционалды? сауаттылы??а адам на?ты білім алу кезе?дерінен ?ткеннен кейін ?ол жеткізеді. Б?л орайда білім белгілі бір сауаттылы? де?гейін ?амтамасыз ететін ??рал ж?не на?ты іс-?рекеттерді? н?тижесі ретінде ?арастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді о?ытуда білімні? т?пкі н?тижесі деп саналатын ??зыреттіліктерді? бірт?тас бірлігі ретіндегі функционалды? сауаттылы?ты? м?нін, р?лін ай?ындауды?, оны мектеп т?жірибесіне ендіруді? уа?ыт талабымен толы? сай келуі де зерттеу та?ырыбыны? ?зектілігін д?лелдей т?седі. Функционалды? сауаттылы? дегеніміз не?  «Функционалды? сауаттылы?» ??ымы ал?аш рет ?ткен ?асырды? 60-жылдары ЮНЕСКО ??жаттарында пайда болды ж?не кейін зерттеушілерді? ?олдануына енді. Б?л ??ым ке?інен ал?анда, білім беруді? к?п жоспарлы адамзат ?ызметімен байланысын біріктіретін т?л?анын ?леуметтік ба?дарлау т?сілі ретінде т?сіндіріледі. ?азіргі тез ??былмалы ?лемде функционалды? сауаттылы?  адамдарды? ?леуметтік , м?дени, саяси ж?не экономикалы? ?ызметтерге белсене араласуы, я?ни б?гінгі жа?андану д?уіріндегі заман а?ымына, жасына ?арамай ілесіп отыруы, адамны? маманды?ына , жасына ?арамай ?немі білімін жетілдіріп отыруы. Онда?ы басты ма?сат жалпы білім беретін мектептерде ?аза?стан Республикасыны? зияткерлік, дене ж?не рухани т?р?ысынан дамы?ан азаматын ?алыптастыру, оны? ?лемде ?леуметтік бейімделуі болып табылады. 

      М?нда?ы басшылы??а алынатын е? басты функциялы? сапалар: 
-белсенділік 
-шы?армашылы? т?р?ыда ойлау 
-шешім ?абылдай алу 
-?з к?сібін д?рыс та?дай алу 
-?мір бойы білім алу?а дайын т?руы болып табылады.  Негізгі б?лім

  Функционалды? сауаттылы? мектеп ?абыр?асында ?алыптасады. Елбасы  айт?андай, «білім беру тек ?ана о?ытумен ?ана шектелмей, оны керiсiнше, ?леуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу ?ажет».    Ресми дерек бойынша, мектеп жасында?ы балаларды? 40 пайызы ?деби м?тінді т?сінуге ?иналатынды?ы д?лелденген. Б?лар мектептен білім алса да, ?ызмет жасау?а келгенде ?арапайым жазу ?лгісін білмейтіндігін к?рсеткен.  ?аза? маманы С.Раевты? ойынша, сауатсызды? дерті адам?а кішкентай кезінен бастап ж??ады екен. ?сіресе б?лдіршінді жазу мен о?у?а баули баста?ан 1-ден 3-сынып?а дейінгі аралы?та пайда болады. Я?ни, ?шінші сынып о?ушысы еш?ашан кітапхана?а бармаса, о?улы?тан бас?а еш?андай кітап о?ымаса та?ы бір ерте?гі сауатсызды? д?ниеге келгені.   Функционалды? сауаттылы?ты дамытуды? жалпы ба?дары 2011-2020 жылыны? мемлекеттік ба?дарламасында ай?ын к?рсетілген. Сонымен бірге ?Р ?кіметіні? 2012жылы 25маусымда №832 ?аулысымен  о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?тарын дамыту ж?ніндегі 2012-2016жылдар?а арнал?ан 5жылды? ?лтты? іс-?имыл жоспары бекітілген.?лтты? жоспарды? ма?саты - ?аза?станда білім сапасын жетілдірудегі, о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ж?ніндегі ат?арылатын іс-шараларды? ж?йелілігі мен т?тасты?ын ?амтамасыз ету болып табылады. ?лтты? жоспарды? міндеттері:Мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын дамытуды? отанды? ж?не халы?аралы? практикасын зерделеу;Мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?тарын дамыту бойынша шаралар ж?йесін іске асыруды? тетіктерін аны?тау;Білім мазм?нын жа??ыртуды ?амтамасыз ету, стандарттар, о?у жоспарлары мен ба?дарламалар;Білім беру процесін о?у-?дістемелік ?амтамасыз етуді ?зірлеу;

  1.  
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жоба "Функционалды? сауаттылы?" »

Жобаның тақырыбы: Бастауыш буын оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тетіктері

Тақырыптың көкейкестілігі: фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру-заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халық аралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы.

Жобаның мақсаты:

Бастауыш буын оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

  • Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

  • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың отандық және халықаралық практикасын зерттеу;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру;

Зерттеудің нысаны: Бастауыш буын оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тетіктері

Зерттеу әдістері: талдау, жинақтау.

Гипотеза: егер функционалдық сауаттылықты бастауыш буыннан бастап қалыптастырып, дамытатын болсақ, онда сапалы білімді және тәрбиелі, өмірге бейімді, еліміздің отансүйгіш азаматы өсіп шығатынына сеніміміз бар.

Кіріспе

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі. 

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейін зерттеушілердің қолдануына енді. Бұл ұғым кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғанын әлеуметтік бағдарлау тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 

Мұндағы басшылыққа алынатын ең басты функциялық сапалар: 
-белсенділік 
-шығармашылық тұрғыда ойлау 
-шешім қабылдай алу 
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу 
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.  

Негізгі бөлім

Функционалдық сауаттылық мектеп қабырғасында қалыптасады.

Елбасы айтқандай, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 


Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен.  
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Сонымен бірге ҚР Үкіметінің 2012жылы 25маусымда №832 Қаулысымен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жөніндегі 2012-2016жылдарға арналған 5жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілген.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Ұлттық жоспардың міндеттері:

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу;

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

  3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету, стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар;

  4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

  5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторингілеу жүйесін дамыту;

  6. Мектептің және қосымша білім беру ұйымдарының материалдық -техникалық базасын нығайту;

PISA зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:

  • Білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

  • Оқыту нысандары мен әдістері;

  • Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау және бағалау жүйесі;

  • Мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

  • Мектепті басқару моделі;

  • Барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

  • Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді ролі;

Осы факторлар есебінен Қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамыту тетіктері анықталды:

Бірінші тетігі– оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар: 



  • басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 


  • ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); 


  • коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); 


  • әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); 


  • тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); 


  • азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); 


  • технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). 


Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын.

Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің бастысы екендігі алаш арыстарының ой-пікірлерінен анық аңғарылады. Атап айтар болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптарын кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне сүйеніп жазылуы керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады. Кітап жазушылар ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей кітап шығуы қиын».

ЕлбасыН. Назарбаев «...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән сөздерін кеңседе шешкізіп, жасамайды. Кітап жазушы өзі табады. Бір ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана шығармаса, бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге жетік адамдар білім кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп еңбекпен тапса, кеңес сөзге көп ойланып отыра алмайды. Білім кеңестерінің жиналысында болғанымыз бар, онда сөздер жете тексерілмей, үстірт қаралатындығы, көп отырса жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатындығы байқалады», – деп оқулық жазудың үстірт қарайтын, жеңіл дүние еместігіне баса назар аударады»,- дейді. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы алаш ойшылдарының пікірімен үндесіп жатыр. 

Яғни, жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай, оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттіліктеріне сай жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмауға тиіс. Себебі кез келген оқулықты жазудың негізін қалаған - сол алғашқы авторлар. Олардың атын оқулықта сақтап қалу біздің азаматтық борышымыз болуымен қатар, болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбие болмақ. Себебі, қазақ халқының тәрбиесіндегі адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет т.б сапалық қасиеттер мен құндылықтар кез- келген оқулықтың ұстанымы болмақ. 

Жалпы білім беретін орта мектеп стандарты негізінде жазылатын мектептердегі оқулық жоғарыдағы айтылған құзыреттіліктерді басшылыққа ала отырып дайындалуы тиіс.

Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни аралық белсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау жүйесі ұлттық төл технологиямыз «Сатылай кешенді талдауда» қолданылып келеді. Бұл жоғарыдағы аталған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына дарытады. Оның дәлелі - «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен білім алып отырған оқушылар мен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің жыл сайынғы жетіп отырған жетістіктері, яғни мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары пайыздық көрсеткішке жетуі және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының республикалық ауызша командалық олимпиадасына республикамыздың әр өңірінен бастауыш сыныптан бастап, орта, жоғары буын сыныптарынан оқушылардың қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Бұл туралы әр өңірдегі баспасөз құралдарында жарияланып отырады.

Ал функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Шынтуайтына келгенде, бұл мәселе бізде толыққанды жүзеге асып отырмағандығы белгілі. Себебі, әлі күнге дейін стандарт пен оқулықтарға айтылған сын түзелмей отырған кезеңде мұндай қосымша біліммен функционалдық сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді айта алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: « Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенін өмір жүзінде пайдаланатын болады. 

Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,–деп бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функционалдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасау керек. Егер, біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігі өз дәрежесінде жүзеге асады.

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс. 

^ Алтыншы тетігі– барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.

Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді. 




Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері: 
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады: 
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді. 
2. Білім беру мазмұнын жаңартады. 
3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді. 
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі. 
5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады. 
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функционалдық сауаттылығының дамуына мүмкіндік береді.
Қорытынды

Қазіргі таңда білім, тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты-шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.

Осы орайда барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке де жүктелуге тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне мынандай ұсыныстарды енгізуге болады: 
1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу 
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; 
3.Мемлекеттік, орыс және ағылшын(шет) тілдерін меңгеру;
4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету; 
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ; 
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы; 
7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ; 
8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу; 









Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырма үлгілері

Математика 4-сынып

1тапсырма

Былтырғы жылы Саумалкөл мектебінде 225қыз бала, 207ер бала болған. Биылғы жылы мектепте 446оқушы, оның ішінде 231қыз бала. Былтырғы жылға қарағанда биылғы жылы ер баланың қаншасы артық?Шешуіңді жаз.

Жауабы:

2 тапсырма

Арман, Асқар,Әнел-достар. Олар мектепке бірге барады. Әнелдің үйінен мектепке жету үшін 20мин керек. Содан соң Асқардың үйінен 15мин, ал Арманның үйінен 5мин уақыт керек. Әнел жол бойы анасына соғып, 10минут болады. Достар жолға қанша уақыт жұмсайды?

Жауабы:

3 тапсырма

Кешкі сағат 8-де ауа температурасы -17 С көрсетіп тұрады. Әр сағат сайын 2 С-ге кеміді және сағат 12-де ауа температурасы -3 С жетті.Кешкі сағат 10-да ауа температурасы қандай болды?

А) 9 С С) 5 С

В) 7 С Д) 3 С

4 тапсырма

7бірл.+5онд.+1жүзд.+9мыңд. Қосындысына қандай сан тең?

А) 9175 в) 9157 с) 7919 д) 7915

5 тапсырма

Ардақ қояндар өсіреді. Ол ең үлкен қоянын алып, оның салмағы қанша екенін білгісі келді. Ол алдымен өзі өлшенді де таразының 59кг көрсеткішін көрді. Ардақ қоянын қолына алып таразыға қайта тұрды. Енді таразы 66кг көрсетті. Қоянның салмағы қанша?

Жауабы:







6 тапсырма

Мектеп учаскесінде ұзындығы 7м, ені 5м жерге қызанақ және ұзындығы 9м, ені 6м жерге орамжапырақ егілді. Қай көкөніс көп егіледі? Қанша жерге егіледі?

А) 17м В) 18м С) 19м Д) 20м

7 тапсырма

Дәптерге тапсырма орындау кезінде Сауле екі қате жіберді. Сол қателерді тауып жаз:

547 802

453 697

1010 115

8 тапсырма

Асханадағы бір үстелге 8адамнан отыра алады. 48адамды отырғызу үшін қанша үстел керек екенін қалай білуге болады?

А) 48-ді 8-ге көбейту; В) 48-ді 8-ге бөлу

С) 48-ден 8-ді азайту; Д) 48-ге 8-ді қосу;

9 тапсырма

Мұғалім балалардың қандай тағам түрін жақсы көретіні туралы сауалнама алады. Алынған мәліметтер бағандық диаграммада көрсетіледі. Егер шеңберлі диаграммада бейнелесек, қай диаграмма дұрыс деп ойлайсыз, көрсетіңіз:

А) В)

С) Д)



10 тапсырма

Мына торкөздің ішіне симметрия осіне қатысты симметриялы фигура құрастырып сал.













































































































































































































Дүниетану пәні бойынша тапсырмалар 4-сынып

1-сұрақ. Су-адам қолданатын табиғи ресурс.Суды не үшін қолданады? Екі түрлі мысал келтіріп жаз.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

2-сұрақ. Гүл-тірі, ал су-тірі емес. Гүлдерді неге тірі табиғатқа, ал суды өлі табиғатқа жатқызады? Екі түсініктеме келтір.

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3-сұрақ.

Жер бетінің ең көп бөлігі.... жабылған.

А) ормандармен В) таулармен С) сумен Д) құммен

4-сұрақ

Мына жануарлардың қайсысы тауда, орманда өмір сүруі, тіршілік етуі мүмкін?

А) арқар С) кесіртке

В)қоян Д) ақ аю

5-сұрақ

Адамның жүйке жүйесін сақтау қажеттілігінің екі себебін жаз:

1себебі:_______________________________________________________

______________________________________________________________

2себебі:_______________________________________________________

_______________________________________________________________

6-сұрақ.

Алкоголь ішімдіктері адам ағзасына көп зиян тигізеді. Ол мүшелердің қайсысына ең көп зиянын тигізеді?

А) бүйрекке С) бауырға

Б) асқазанға Д) өкпеге

7сұрақ:

Екі жыл мезгілінің атын жаз. Бұл жыл мезгілдерінің ауа-райы немен ерекшеленеді?

  1. жыл мезгілі:________________________________________________

___________________________________________________________

  1. жыл мезгілі:________________________________________________

___________________________________________________________

8сұрақ:

Марат аяғын жарақаттап алды. Оның жарасы жазылу үшін күш қайдан болады?

А) тамақтан С) жараны байлаған бинттен

Б) ішетін судан Д) жараға жаққан микробқа қарсы дәріден

9сұрақ:

Судың 3 түрлі күйде болатынын білеміз: қатты (мұз), сұйық(су) және газ (бу). Судың бу күйіне мысал келтіріп жаз:

__________________________________________________________________10сұрақ:

Балалар доп ойнағанды жақсы көреді. Допты лақтырады, секіртеді.Доп барлық жағдайда жеңіл болады.Неліктен? Өз пікіріңді келтір:

__________________________________________________________________

Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Сұхбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты таңдауымыздың себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескерілді. 

Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынады. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып, диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады.

Мысалы:

- Сен бүгін театрға барасың ба?

- Жоқ, бара алмаймын.

- Неге?

- Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз.

- Кіммен барасың?

- Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз.

- Анаң ше?

- Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды. 

-Жарайды, жақсы. 

Оқушыл арды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің осындай түрлері де ұсынылды. 
Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір-бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі. 



«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу. 
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Көрген экспонат, мұралардың ішінен қажеттісін екшеп бөліп алып, сол туралы ақпарат беру біліктерін қалыптастыру көзделді. Тапсырма: 1. Қазақстанның мұражайлары жайында ақпараттар іздеп табу. 2. Ақпаратты жазбаша түрде дайындау. 3. Сынып алдында ақпараттың мазмұнын баяндау. Нәтиже: өздеріне қажетті ақпаратты іздеп, табуға жаттығады. Әңгімелеу, жазу, жұмыста жұмыс істеу дағдылары дамиды. Жұмыс кезінде коммуникативтік, мәселелердің шешімін табу құзыреттіліктері тапсырмаларын орындау ұсынылды. 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда қатысымдық әдіс функционалдық сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қатысым әдісі бойынша оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, тілді үйретуді күнделікті өмрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескерілді.



Мұғалім үшін сауалнама

Құрметті әріптес, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде сіздің көмегіңізге сенеміз.Ұсынып отырған сауалдарға қатысты пікіріңізді білгіміз келеді.

1

Сіз қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектептің отбасымен өзара іс-әрекет етуі қажет пе?

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

А)

Ия


Ә)

Жоқ


Б)

Кейде (қажет кезде ғана)


В)

Басқа


2

Төменде келтірілген пункттері оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлеріне жатқызуға болады ма?

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)


А)

Ата-аналар жиналысы


Ә)

Педагогикалық-психологиялық кеңестер


Б)

«сенім телефоны» қызметі


В)

Басқа


3

Сіз келтірілген пікірлердің қайсысымен келісер едіңіз?

( екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)


А

Мектептің отбасымен қарым-қатынасы әр тараптың қызығушылықтарын ескеру негізінде құрылуы тиіс


Ә

Ешқандай арнайы қарым-қатынас орнатудың қажеті жоқ,себебі қажет деген адам мектепке өзі келеді, ал қалғандарын «күштеп әкелудің» қажеті жоқ


Б)

Барлық отбасылар мектеппен жүйелі түрде қатынас орнатуы қажет


В)

Басқа


4

Қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп жүргізіп отырған жұмысты барлық ата-аналар (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады) қолдайды ма?


А)

Көп жағдайда , ия


Ә)

Көп жағдайда жоқ


Б)

Жоқ


В)

Басқа


5

Сіздің ойыңызша, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің біртұтас жүйесі бар ма?


А)

Ия


Ә)

Жоқ, ол қажет емес


Б)

Жоқ


В)

Басқа






Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны-25

Ия - 19

Білмеймін – 4

Жоқ - 2











Проблема бойынша жұмыс жүйесін жетілдіруге арналған

жаңа жүйе моделі

Мұғалім

Оқушы

1.Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу;

2.Өмір бойы білім алуға дайын болу;

3.Тілдерді меңгеру;

4.Ата-анамен байланысты күшейту;

5. Мұғалім құзіреттілігін арттыру;

1.Жеке бас қабілеттерін дамыту;

2.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ету;

3.Оқушы денсаулығын нығайту;

4. Белсенділікке бағыттап, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

5.Оқушының өмірге бейімделуі;































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б.

2. Архангельская, С.А. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту [Текст] / С.А. Архангельская // Сынып жетекшісінің анықтамалығы.- 2013.

3. Басанова, А.С. Функционалдық сауаттылық-оқушы табысының

кепілі [Текст] / А.С. Басанова // Білім кілті.- 2014.- №2.- 3-6 б.

4. Жайлаубай, Б.М.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру [Мәтін]: / Б.М. Жайлаубай // Білім көкжиегі: ҚР МАМ.- Алматы, 2014.- №7 (49).- Б.32.

5.Қағазбаева Ә., Куспаева Р. Функционалдық сауаттылық - жаңа білім

сапасын қамтамасыз ету [Мәтін] / Куспаева Р. Қағазбаева Ә. // Білім

беру мекемесі басшыларының анықтамалығы.- Алматы, 2014.- 6 (90).-

Б.16.- ISSN 1996-2134.

1. педагогика

2. функционалдық сауаттылық. Сарсенбаева, А.Қ.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - өмір талабы [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал / А.Қ. Сарсенбаева // Қазақстанның білім және ғылым әлемі: ҚР МАМ.- Алматы, 2014.- №5 (87).- Б.10.- ISSN 1997-1443.

1. педагогика

2. функционалдық сауаттылық.

6.Смагулов Д.С., Ауезханова А.Ж., Шабанбаева Н.А.

Функционалдық сауаттылық: қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндет [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал / Ауезханова А.Ж., Шабанбаева Н.А. Смагулов Д.С. // Қазақстан мектебіндегі басқарушы: ҚР МАСМ.- Алматы, 2014.- №2 (34).

1. педагогика 2. функционалдық сауаттылық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жоба "Функционалды? сауаттылы?"

Автор: Бактыбаев Асет Болатканович

Дата: 24.10.2014

Номер свидетельства: 122256

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Дене жаттығулары"
    ["seo_title"] => string(20) "dienie_zhattyg_ulary"
    ["file_id"] => string(6) "361453"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479816197"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Баяндама:Оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдістерінің тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_ok_ushy_bielsiendilighi_mien_shyg_armashylyg_yn_arttyruda_ok_u_mien_zh"
    ["file_id"] => string(6) "411583"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493134780"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "Жоба та?ырыбы: «О?ушыны? функционалды? математикалы? сауаттылы?ы» ба?ытында?ы PISA зерттеулерін пайдалану ар?ылы "
    ["seo_title"] => string(122) "zhoba-tak-yryby-ok-ushynyn-funktsionaldyk-matiematikalyk-sauattylyg-y-bag-ytyndag-y-pisa-zierttieulierin-paidalanu-ark-yly"
    ["file_id"] => string(6) "175526"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424275734"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства