Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Алған білімін өмірде қолдана алатын, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыруда мұғалімнің орны ерекше. Қазіргі білім парадигмасының мұғалімнің балаға дайын білім беруінен алшақтап, баланы өз бетімен білім алуға үйретуді талап етеді. Өз бетімен білім алу, ол баланың фнукционалды сауаттылығын дамытып, академиялық білімін өмірде қолдануына ықпал береді. Оқушы өз бетімен білім алып қана қоймай, оны өмірде іске асыра білуі қажет. «Оқыту- бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушының оқуға қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені» деп айқындалған ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында.
Оқушының түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуы мен дамуы көп жағдайда мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, тұлғалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тұлғаның қажеттілігіне қарай білім беру, тапсырманы оқушының деңгейіне қарай әзірлеу мұның бәрі тұлғаның сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушының қызығушылығы бар жерде фнукционалдық сауаттылық та арта түседі.
Сабағында оқушы– ұлттық салт-дәстүрімізбен сусындап, үнемі еркін пікір алмасып, ана тіліндегі сөз маржандарын пайдаланып бір-бірімен немесе көркем шығармадағы кейіпкермен қарым-қатынаста болады. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез - келген іс - әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Сабақтың өзіне тән ерекшелігі - сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: талдау сабақтары, жоба қорғау, пікірталас, сайыс сабақтары, кездесу, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары, топ серуен сабақтары. Ұлттық құндылықтарымызға негізделген сабақтан тыс жұмыстардың өзі қазақ тілі мен әдебиеттегі сабақта меңгерген білімдерін іс - жүзінде қолдануына мүмкіндік береді. Біз оны оқушылардың кез-келген ортада жағымды қатынас орната алатынынан, өз ойын нақты жеткізуінен байқаймыз. Сондай-ақ шығармашылық жұмыста оқушылар өз оқыған мәтіні бойынша үнсіз мәтін құрау, немесе суретті кадрлар жасау, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабытын оятып, өз ісіне сын көзбен қарауға баулыймыз. Мәтінді түсініп оқи отырып сол мәтін негізінде бірнеше мәтін түрлерін түрлендіріп құрастыра алады. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығын дұрыс қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді. Оқушы білім алу барысында мәтінді түсініп оқып, одан бірнеше тапсырма түрлерін түрлендіріп орындай алса, онда оның алған білімінің өмірде қолдануына, келешекте оқушының белгілі қоғамдық ортада тез араласып, өз орнын табуына оңды ықпал етеді.
Функционалдық сауаттылық–адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті мен сол ортаға тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт