Тәрбие сағатының тақырыбы : « Сенің құқығың»
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.
Оқушыларға Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру.
Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру.
Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.
Оқушыларды Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тарихи танымын кеңейту.
Міндеті:
Баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үдеріске айналдыру, баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселерді сатылы түрде анықтап, өзіндік пікірін, көзқарасын қалыптастыру;
келеңсіз іс-әрекеттерден, жат қылықтан аулақ болуға үйрету;
сыртқы себептер мен психологиялық, психофизиологиялық қиыншылықтарды жеңуге көмек беру;
Күтілетін нәтиже:
Белгіленген мақсаттарға сәйкес оқушылар бойында келесі сапалар қалыптасады:
-рухани – адамгершілігі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға;
еңбекте, оқуда өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарайтын тұлға;
-өз Отанының мәдениетін, тарихын білетін,қоғамда белсенді азаматтық позицияда болатын, елжанды патриот тұлға;
-әлеуметтік ортада өмір сүруге бейім, білімді, мәдениетті тұлға.
Кезеңдері:
І. Тренинг «Ой қозғау»
ІІ.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына тоқталып, баптарын ашу.
ІІІ. «Заңды білу – міңдетің» сұрақ-жауап ойыны
ІV. Ант беру рәсімі
- «Сиқырлы жіп» ойыны
VІ. Қорытынды