kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан ....» /ашы? т?рбие са?аты/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шы?ыс ?аза?стан облысы   Бес?ара?ай ауданы    «?оянбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып м??алімі  Еликбаева Гульмира  Сафиуллиновна

«?лемні?  жары?ын  сыйлады?  сен  ма?ан.»

/ашы? т?рбие са?аты/


Ма?саты: ана  жайлы  ?ле?дер, ?ндер  ар?ылы аналарды  мерекесімен ??тты?тау; Ата-аналарды? мектеппен, м?галіммен, бас?а ата-аналармен т?ра?ты ?арым-?атынасын ?алыптастыру; О?ушыларды  ана?а деген с?йіспеншілікке баулу, ана е?бегін арда?тап, мейірімділікке, сый ??рметке т?рбиелеу.
Ресурстар: Интерактивті та?та, г?лдер, шарлар, на?ыл с?здер,  «Мені?  анам осындай..» атты сурет  к?рмесі, ашы?  хаттар.

М??алім: ??рметті ?стаздар, аналар ж?не  о?ушылар! Сіздерді алда келе жат?ан 8 - наурыз Халы?аралы? ?йелдер к?ні мерекесімен шын ж?ректен ??тты?таймыз! Сіздерді? отбастары?ыз?а аманды?, дендері?ізге саулы?, бастары?ыз?а ба?ыт тілейміз.
М??алім:

О, Ана, абзал  Ана, асылдарым!

Жайнасын  к??ілімні?  жасыл ба?ы

Сіздер  ?шін  ?н мен к?й, ?ле? мен би,

Сіздер ?шін мереке  шашулары.

М??алім:  -Балалар ана деген кім?

1-о?ушы: Ана-жары?  ?мір сыйлаушы.

2-о?ушы: Ана- ?мірді?  бастауы.

3-о?ушы: Ана-а?ылшы.

4-о?ушы: Ана-?ам?оршы.

5-о?ушы: Ана-пана

6-о?ушы: Ана-дос

7-о?ушы: Ана-?стаз

8-о?ушы: Ана-?лемдегі  е? с?лу адам.

9-о?ушы: Ана-аяулы жан.

-Д?рыс   айтасы?дар, балалар   ?лы  а?ынды да, ойшыл  данышпанды да, ел  бас?ар?ан  ел а?асын да, ?алымды да ?мірге  ?келіп, ?лпештеп  ?сірген, а? с?тімен н?р  берген  ол -ана. Ананы?  к?зінен н?р  т?гіліп, жан жа?ына шуа?  т?геді. Осы  шуа?пен  жылынып, асыл ананы?  ??ша?ында мейір  алып  ж?рген  біздер  ананы  м??гі  ?астерлеп, ба?алап  ?тейікші. Ана  ??діретіні?  алдында  б?ріміз  бас иейік!

М??алім:

?келетін  отбасына  береке,

?з аналар арамызда  к?п екен.

Жыл  ??сындай  к?ктем  сайын оралар, 

??тты  болсын, н?р?а  толсын  мереке?!

О?ушыларды?  аналарына  арнал?ан  ?ле?дері:

1-о?ушы:

?лпештеген, аяла?ан,

А? с?т берген апатайым.

С?лем  жазып  б?гін са?ан,

Мейрамы?мен  ??тты?таймын.

2-о?ушы:

Б?рімізге анасы?,

Біз  ?шін к?н боп жанасы?.

??тты  болсын мейрамы?,

Аяулы мені? анашым.

3-о?ушы:

Аяла?ан, саяла?ан,

Бар ба?ытым, берекем.

Апатайым, ??тты?таймын.

Б?гін сені? мереке?.

4-о?ушы:

?ле? айтып  беремін,

Нан да алып келемін,

?йткені мен анамды,

?те  жа?сы  к?ремін.

5-о?ушы:

А? с?тінен жарал?ан,

А? с?тінен н?р ал?ан,

Ана?а  бас  иеміз.

Ту?ан  елді? тілі деп,

Ту?ан жерді?  ?ні деп,

Ана?а  бас  иеміз.

М??алім:

Той  пердесін  ашайы?,

Той?а  шашу  шашайы?.

Аналарды  ??рметтеп,

?н  маржанын  шашайы?.

«??тты?таймын мама!»?ні  орындалады.

М??алім:

Біз  доспыз  г?лдермен,

Текке  оны  ж?лмаймыз.

Той  к?ні  бір-бірден,

Аналар?а  сыйлаймыз-деп, о?ушылар   ?здеріні?  аналарына  арнап  жаса?ан  ашы?  хаттарын сыйлайды.

М??алім: Б?гін мерекемізді  ары ?арай   балалар мен оларды? аналарына арнал?ан «?нерлі  бала, ?негелі  ана» атты сайыспен  жал?астырамыз. Б?л сайыста  аналар мен балалар  ?з ?нері, білімі, тап?ырлы?ы ж?не шеберліктерін к?рсетіп сын?а т?скелі отыр. Ендеше сайысымыз?а ?атысушы сайыскерлерді орта?а ша?ырайы?.
1-ші  Ма?жан  анасы  К?міспен
2-ші  Арыстан   анасы Маржанмен
3-ші  Дамира  анасы  Г?лмирамен

4-ші Алишер  анасы  ??ралаймен

5-ші Сабина  анасы Эльмирамен
6-шы Ахат  анасы  ?алиямен

7-ші Н?рсултан  ?жесі  Ж?пармен

8-ші А?ылжан  анасы  Динарамен

9-шы  Рахат анасы  ?селмен

Барлы?ы  шатты?  ше?беріне  т?рып, бір-біріне  тілек айтады.
М??алім: Сайысты? шарттарымен таныстырып ?тейін. Сайыс 5 б?лімнен т?рады.
1. «С?лем – с?зді? атасы» 
2. «Ас-адамны?  ар?ауы»

3. «Б?йге» /Ма?ал-м?телдерді?  жал?асын табу/

4. «Жас  с?нгер» /Киім ?лгісін жасау/
5. «Мені?  анам осындай..» /сурет к?рмесі/

 

М??алім:

?діл?азы  ал?алары,
?стаздар ?ой біздерді?.
?ділдікпен ба?алайды,
?нер білім сайысын.
(?діл?азыларды таныстыру)

?рбір кезе? сайын ?діл?азылар ба?алап отырады. Жо?ар?ы  ?пай 5 ?пай.

М??алім:

1.«С?лем – с?зді? атасы» - деп  бірінші кезе?імізді бастаймыз. /Анасы мен баласы кезекпен шы?ып ?здерін  таныстырады./

2.. «Ас-адамны?  ар?ауы» кезе?і. Б?л  кезе?де аналар ?йде дайындап ?келген ?лтты?  та?амдарын ?сынады, ал балалары сол та?ам туралы айтып  береді.

Енді мына  тіл ?йіретін тама?тар?а бізді? ?діл - ?азыларымыз ?з ба?аларын бергенше ?лдарды?  орындауында «Осы  ауылды?  ?ыздарын-ай» ?нін  тамашала?ыздар.
 

3. «Б?йге»кезе?інде ма?ал-м?телдерді?  жал?асын табасыздар.
1. Ана  тілегі  балада,
...Бала  тілегі  далада.
2. Ана?ды Меккеге 3 рет ар?алап барса? да,
..?арызы?нан ??тыла алмайсын.

3. Ана с?тін а?тама?анды,
..Ешкім ма?тамайды.
4. Атасыз ?й батасыз,
...Анасыз ?й панасыз.

5. Ананы? ??ны,
...Ананы? с?ті.
6. Анасын с?йгенні?
...Баласын с?й.

7. Ата-ананы? ?адірін,
...Балалы бол?анда білерсі?.
8. А?айын алтау,
....Ана біреу.

9.Ананы?  с?т бал,

 .. Баланы? тілі бал.

10. Ананы?  ізін  ?ыз басар,

 . ?кені?  ізін ?л басар.
 

4. «Жас  с?нгер» кезе?інде сіздерге А3 форматына  салын?ан  манекендегі  ?ыз бала?а  т?рлі- т?сті ?а?аздан  киім киіндіресіздер. ?андай киім, ?ай уа?ытта киюге болатынын айтып ?ор?айды.

5. Сайысымызды? со??ы  б?ліміне келіп жеттік. «Мені?  анам осындай..» атты  балаларды?  аналарын  бейнелеген сурет к?рмесін  тамашала?ыздар. Осы  к?рмеден  ?р ана  ?здері?ізді?  балалары?ыз  сал?ан  суретті тауып алы?ыздар.Осы  кезе?ні?  жал?асы «Мені?  балам осындай.» деп аталады, м?нда  аналар  ?здеріні?  балаларыны? бейнесін  к?здерін  ж?мып саласыздар.
М??алім: ?діл ?азыларымыз ?пай сандарын шы?ар?анша орта?а бишілерді ша?ырамыз. «?ара?шылар» биін тамашала?ыздар.

М??алім:

?лтымызды? ?р с?зі,

Асып  жатыр  к?деге.

Аналарды? сайысы

Келіп жетті м?реге.

Же?імпаздарымызды аны?тау ?шін с?з ?азылар ал?асына беріледі.
Марапаттау атаулары:
1. «?негелі  отбасы»
2. «Т?рбиелі отбасы»

3. «?лгілі  отбасы»

4. «Ж?лдызды  отбасы»
5. «?нерлі отбасы»

6. «Білімді  отбасы»

7. «Шебер  отбасы»

8. «Белсенді  отбасы»

9. «Шы?армашыл  отбасы»
М??алім: Атадан ?ал?ан асыл с?зге, а?ыл кеніне ??ла? т?рсек. Ертеде бір жігіттен ?йді? алтын ?азы?ы кім деп с?рапты ?арт.
Жігіт: Ата, ?йдегі алтын ?азы? бала, — депті жігіт.
Ата: Жо? балам, ?йдегі алтын ?азы? — ана. Ана а?ылды болса, бала дана болады. Ана т?рбиесі ?ыз?а ?лгі, ?ке т?рбиесі ?л?а ?лгі, — депті ?арт. Осы ?арттарымызды? ?алдырып кеткен ?негелі де ?лгілі с?здерімен осы ерте?гілігімізді ая?таймыз.
- Міне, ??рметті абзал жанды ?желер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелері?із ??тты болсын! Осыменен сіздерге арнал?ан ерте?гілігіміз ая?талды.
?н жырдан к??ілдерді ?уанты?дар,
Барымен шат-шадыман болы?ыздар.

?оштасайы?, келесі кездескенше,
?рдайым сау - саламат болы?ыздар!


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан ....» /ашы? т?рбие са?аты/ »

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Қоянбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Еликбаева Гульмира Сафиуллиновна


«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған ....»

/ашық тәрбие сағаты/


Мақсаты: ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау;
Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру; Оқушыларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Ресурстар: Интерактивті тақта, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, «Менің анам осындай.....» атты сурет көрмесі, ашық хаттар.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, аналар және оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
Мұғалім:

О, Ана, абзал Ана, асылдарым!

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.


Мұғалім: -Балалар ана деген кім?

1-оқушы: Ана-жарық өмір сыйлаушы.

2-оқушы: Ана- өмірдің бастауы.

3-оқушы: Ана-ақылшы.

4-оқушы: Ана-қамқоршы.

5-оқушы: Ана-пана

6-оқушы: Ана-дос

7-оқушы: Ана-ұстаз

8-оқушы: Ана-әлемдегі ең сұлу адам.

9-оқушы: Ана-аяулы жан.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған ел ағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсірген, ақ сүтімен нәр берген ол -ана. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан жағына шуақ төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біздер ананы мәңгі қастерлеп, бағалап өтейікші. Ана құдіретінің алдында бәріміз бас иейік!

Мұғалім:

Әкелетін отбасына береке,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын, нұрға толсын мерекең!


Оқушылардың аналарына арналған өлеңдері:

1-оқушы:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

2-оқушы:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Аяулы менің анашым.

3-оқушы:

Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.

4-оқушы:

Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін,

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін.

5-оқушы:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз.

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

Мұғалім:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

«Құттықтаймын мама!»әні орындалады.


Мұғалім:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз-деп, оқушылар өздерінің аналарына арнап жасаған ашық хаттарын сыйлайды.


Мұғалім: Бүгін мерекемізді ары қарай балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі бала, өнегелі ана» атты сайыспен жалғастырамыз. Бұл сайыста аналар мен балалар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр. Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1-ші Мағжан анасы Күміспен
2-ші Арыстан анасы Маржанмен
3-ші Дамира анасы Гүлмирамен

4-ші Алишер анасы Құралаймен

5-ші Сабина анасы Эльмирамен
6-шы Ахат анасы Ғалиямен

7-ші Нұрсултан әжесі Жұпармен

8-ші Ақылжан анасы Динарамен

9-шы Рахат анасы Әселмен

Барлығы шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек айтады.
Мұғалім: Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы»
2. «Ас-адамның арқауы»

3. «Бәйге» /Мақал-мәтелдердің жалғасын табу/

4. «Жас сәнгер» /Киім үлгісін жасау/
5. «Менің анам осындай.....» /сурет көрмесі/

Мұғалім:

Әділқазы алқалары,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалайды,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)

Әрбір кезең сайын әділқазылар бағалап отырады. Жоғарғы ұпай 5 ұпай.


Мұғалім:

1.«Сәлем – сөздің атасы» - деп бірінші кезеңімізді бастаймыз. /Анасы мен баласы кезекпен шығып өздерін таныстырады./

2. . «Ас-адамның арқауы» кезеңі. Бұл кезеңде аналар үйде дайындап әкелген ұлттық тағамдарын ұсынады, ал балалары сол тағам туралы айтып береді.

Енді мына тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ - қазыларымыз өз бағаларын бергенше ұлдардың орындауында «Осы ауылдың қыздарын-ай» әнін тамашалаңыздар.

3. «Бәйге»кезеңінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар.
1. Ана тілегі балада,
.............Бала тілегі далада.
2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,
............Қарызыңнан құтыла алмайсын.

3. Ана сүтін ақтамағанды,
............Ешкім мақтамайды.
4. Атасыз үй батасыз,
.............Анасыз үй панасыз.

5. Ананың құны,
.............Ананың сүті.
6. Анасын сүйгеннің
..............Баласын сүй.

7. Ата-ананың қадірін,
................Балалы болғанда білерсің.
8. Ағайын алтау,
.................Ана біреу.

9.Ананың сүт бал,

.......... Баланың тілі бал.

10. Ананың ізін қыз басар,

...... Әкенің ізін ұл басар.


4. «Жас сәнгер» кезеңінде сіздерге А3 форматына салынған манекендегі қыз балаға түрлі- түсті қағаздан киім киіндіресіздер. Қандай киім, қай уақытта киюге болатынын айтып қорғайды.


5. Сайысымыздың соңғы бөліміне келіп жеттік. «Менің анам осындай.....» атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесін тамашалаңыздар. Осы көрмеден әр ана өздеріңіздің балаларыңыз салған суретті тауып алыңыздар.Осы кезеңнің жалғасы «Менің балам осындай....» деп аталады, мұнда аналар өздерінің балаларының бейнесін көздерін жұмып саласыздар.
Мұғалім: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға бишілерді шақырамыз. «Қарақшылар» биін тамашалаңыздар.

Мұғалім:

Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

Аналардың сайысы

Келіп жетті мәреге.

Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау атаулары:
1. «Өнегелі отбасы»
2. «Тәрбиелі отбасы»

3. «Үлгілі отбасы»

4. «Жұлдызды отбасы»
5. «Өнерлі отбасы»

6. «Білімді отбасы»

7. «Шебер отбасы»

8. «Белсенді отбасы»

9. «Шығармашыл отбасы»
Мұғалім: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан ....» /ашы? т?рбие са?аты/

Автор: Еликбаева Гульмира Сафиуллиновна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195497


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства