kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

АТАЛАР М?РАСЫ – ХАЛЫ? ?АЗЫНАСЫ

Ашы? т?рбие са?аты
Та?ырыбы: Аталар м?расы – халы? ?азынасы.
• Ма?саты:
а. Білімділік: Аталардан ?ал?ан ?ла?атты ?ибрат аларлы? с?здерді балалар?а ??ындыру;
?. Т?рбиелілігі: Сол с?здерден ?неге алу?а баулу.
б. Дамытушылы?ы: Ойын на?ты д?рыс жеткізуге, тап?ыр с?йлеуге, а?ылды, салма?ты ой айту?а ?йрету.
• Жоспар:
1.Аталар с?зі – а?ылды? к?зі.
2. Ата ?сиеті.
3. Баталы ??л – арымас.
4. Жарасып т?рд?ст?рім.
1 – ж?ргізуші: «С?лем с?зді? анасы» демекші, армысыздар а?айын!
2 – ж?ргізуші: ?адірменді к?пшілік. Б?гінгі «Аталар м?расы – халы? ?азынасы» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келіпсіздер!
1 – ж?ргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен к?птеген ?ла?атты ?ибрат аларлы?, тамаша т?лім – т?рбие берерлік ?сиет с?здер ?те к?п.
2 – ж?ргізуші: Ендеше, к?нделікті ?мірде ата - ?желерімізді?, ата – аналарымызды? айтып отыратын, «Аталар с?зі – а?ылды? к?зі» б?ліміне с?з кезегін берейік.
Жігіт:
Ата! ?ол бастау ?иын ба,
Жол бастау ?иын ба,
С?з бастау ?иын ба?
?арт: Е, балам!
?ол бастау ?иын емес,
К?к найзалы ері? болса,
Жол бастау ?иын емес,
Соны?нан ерген елі? болса,
Б?рінен де с?з бастау ?иын.
Тауып айтса?, мереке ?ылады.
Таппай айтса?, келеке ?ылады.

Жігіт: Д?рыс айтасыз, д?рыс айтасыз.
?арт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл с?з,
Ой т?бінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су т?бінде жатады.
Су т?бінде жат?ан тас,
Жел тол?ытса шы?ады.
Ой т?бінде жат?ан с?з,
Шер тол?ытса шы?ады.

?арт: С?з туралы ?ла?атты с?здер ?те к?п
?діл т?ре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
А?а жігіт ?ол бастар,
Шешен адам с?з бастар.
??сты жиса?,б?ркіт жи.
?ыс тоны?ды т?лкі етер.
Бір жа?сымен дос болса?,
Азбас – тозбас м?лк етер.
Бір жаманмен дос болса?,
Б?кіл ала??а к?лкі етер.
?арт: И?, балаларым, с?з кезегін т?йіндейтін болса?
А?ыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамны? басшысы - а?ыл.
Жетекшісі – талап.
Шол?ыншысы – ой.
Жолдасы – к?сіп.
?ор?аны – сабыр.
?ор?аушысы – мінез болуы керек.
1 – ж?ргізуші: Аталар м?расы – халы? ?азынасыны? бірі домбыра.
2 – ж?ргізуші: Халы? ?ні. «Еркем - ай»
1 – ж?ргізуші:
?й, т?капар, д?ние!
Ма?ан да бір ?арашы!
Танимысы? сен мені,
Мен ?аза?ты? баласы.
2 – ж?ргізуші:
Ізеті?ді ине етіп
Иманы?ды т?йме етіп
Инабатты к?йме етіп,
Ж?рші балам жаманды?ты к?йретіп, - дегендей біз, я?ни елімізді? ерте?і, бабаларымызды? м?расын, хал?ымызды? жа?сы д?ст?рлерін бойымыз?а сі?іріп, жал?астырып, жаманды?тан аула?, жаны таза елжанды ?рпа? болып ?сейік.
1 – ж?ргізуші: К?рініс «Ата ?сиеті» ертегісі.

Жігіт: Ассалаума?алеукум, ата!

?арт: Уа алейкум ассалам! Аманбысы?, балам!
Балам, ба?ытты болу о?ай ма?

Жігіт: Ата, жары жа?сы болса, ба?ыты жанында

?арт: Жо?, балам! А?ыл басы?да болса, ба?ыт жаны?да болады.
А?ыл адамды азаттанда маза?тан да ??т?арады. ?мірде шын ба?ытты болам десе? а?ылды?ты ?йрен, не а?ылды ?ызы?а ?йлен.
?арт: Д?рыс айтасыз, д?рыс айтасыз!
Балам, ?йде кім, елде кім ?адірлі?

Жігіт: Ата, ?йде ана, елде басты? ?адірлі.

?арт: Жо?, балам ?йде ?она?, ?арт, бала ?адірлі. Елде хан, ?кім, ?стаз ?адірлі. ?она?ты ?адірлеуді б?рі біледі. Бала – ?йді? патшасы, балалы ?й базар, баласыз ?й мазар деген хал?ым.
?арт: Балам, ?йдегі алтын ?азы? кім?

Жігіт: Ата, ?йдегі алтын ?азы? бала.

?арт: Жо?, ?йдегі алтын ?азы? – ана. Ана а?ылды болса, бала дана болады. Ана т?рбиесі ?ыз?а, ?ке т?рбиесі ?л?а ?лгі. Ана – а?ылшы?, ?ке – ?ам?оршы?, а?а? – ?ор?аушы?, іні? – с?йеніші?, ?арындасы? – ?анаты? екенін ?мытпа. Ананы сыйлама?нны? а?ылы кем, ?кені сыйлама?анны? жа?ыны кем. Ананы? мейрімі к?зінде, ы?ыласы к??ілінде, а?ылы с?зінде болады балам.

?арт: Ой, ?андай керемет с?здер!
Балам, досты?ты ны?айтатын не?

Жігіт: Ата, досты? пен жолдасты?ты ынтыма?, бірлік, те?дік, туысты?, бауырмалды? ны?айтады.

?арт: Д?рыс, балам сені? айт?аны? досты? пен жолдасты?ты дамытады. Есі?де болсын, шын досты? а?ылды?а т?н. ?мірде дос болуды ойласа? «С?леметсіз бе?», «Кешірі?із», «Рахмет», «Сау болы?ыз», «С?лем айты?ыз», «Р??сат па» - деген с?здерді шын к??ілмен айту?а ?йрен.
С?лемдесуді білген кешіре де біледі. Ж?н с?з – к??ілді ?сіреді, ж?нсіз с?з – ?міті?ді ?шіреді.

Жігіт: Рахмет, ата, сізді? ?ибрат аларлы? с?здері?ізді есте са?таймын!
 И? барлы?ымыз са?таймыз.-
-
2 – ж?ргізуші: Домбыра. Халы? ?ні «Еркем - ай»
1 – ж?ргізуші: Салт – д?ст?р халы? педагогикасыны? бастауы. Елдігімізді?, егемендігімізді? ар?асында ?айтып орал?ан салт –д?ст?рімізді т?рмысты? негізде ?олданып ж?рміз. Соны? ішінде, бата туралы т?сінік бермекшіміз.
Баталы ??л – арымас,
Батасыз ??л – жарымас.
Батаменен ел к?гереді
Жауынменен жер к?гереді – дейді дана хал?ымыз.
2 – ж?ргізуші: Бата халы?ты? рухани к?ш алатын ??діретті сенім к?ші ж?не жа?сылы?ты? бастауы. Ол ел сенімін а?тайтын абзал азаматтар?а, таланты жастар?а, к?пті? ж?гін к?терген, адамдар?а, жас с?биге, немесе ?лкендер жа?сы ісіне риза бол?ан жа?дайларда берілетін ?лы адамдар мен а?са?алдарды? а? тілегі, ?рі ?мірлік жолдамасы.
Батаны? т?рлері к?п.
Жас?лан?а бата беру.

Жігіт: ?умин!

?арт:
Ата с?зі дарып мол,
А? уыз?а арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шо?ан сынды жары? бол,
Абай?а ??сап милы бол,
??рман?азыдай к?йші бол,
А?андайын сері бол,
?ажым??андай ері бол,
С?кен сынды с???ар бол,
Ба?ы? жанып ?рдайым,
Жа?сылар?а жа?ын бол,
Осы айт?аным періште, ??ла?ы?а шалынсын.
Б?рінен де ??лыным,
Аман бол, ?ал?ам, аман бол!
?умин!

1 – ж?ргізуші:
Ке? даланы? ежелгі,
?аза? деген хал?ымыз.
?зге ?лттай бізді? де,
Бар д?ст?р мен салтымыз.

2 – ж?ргізуші:
Ата салты арда?ты,
?рбір с?зі салма?ты.
Сол с?здерді ??паса?
Тістерсі? бір к?н барма?ты.

1 –ж?ргізуші:
Тілім бар да, ?аза?ым бар, хал?ым бар,
Д?ст?рім бар, ата жолы салтым бар.
Ке? даладай жиналма?ан шал?айы,
А??ау ашы? мінезім бар а??ылда? – деп ендеше «Жарасып т?р д?ст?рім» к?рінісін тамашала?ыздар.
Жарасып т?р д?ст?рім!
А: С?йінші, с?йінші! Ауылдан ?жем келді.
Е: С?йінші с?рау шын ?уан?анды?ты? белгісі, ?атты ?уанып т?р екенсі?, м?, сыйлы?ы?ды ала ?ой.
А: Айбота, арты?а жасырып т?р?аны? не н?рсе?
А: Бай?азы берсе?, к?рсетем.
А: Бай?азы балаларды? жа?а киімі ?шін берілетін сыйы.
Бай?азы с?ра?анны? арты?шылы?ы жо?. М?, ала ?ой, са?ан монша?ымды берейін, к?рсетші.
А: (Басына бас киімін киіп) Міне, ?жем тігіп берген бас киім. Ал, атам ма?ан жа?а ?оша?ан сыйлады. ?озымды к?ргілері? келсе, к?рімдігін даярла?дар.
А: Бай?азы жансыз д?ниеге, ал к?рімдік жанды?а беріледі.
М: ?йгерім, білесі? бе? Мені? а?ам Т?ркия?а ?ыдырып кетті.
А: Онда сені? ?же? то?ым?а?ар жасайды екен ?ой.
М: Ол не?
А: Жас жігіт ал?аш рет жол?а шы??анда жасалатын бас ?осу. Мал сойылып, ойын – сауы?, ?ле? – жыр айтылады.
М: Егер, а?ам ма?ан сыйлы? ?келсе, е? жа?сысын са?ан беремін. ?йткені сен мені? на?ыз досымсы? ?ой.
А: Алыс сапар?а шы??ан адамдар туыстарына, балалар?а, ірілі – ?са?ты сыйлы?тар ?келеді. Оны «Базарлы?» деп атайды. Б?л жа?сы к?руді?, сыйласты?ты? белгісі.
М: Ж?лдызай, ба?анадан ?ндемей т?р?ан мына досы? кім?
Ж: Б?л – Арайлым. Жа?ын да к?шіп келген к?ршіміз.
М: Бас?а жа?тан к?шіп келген к?ршілерге т?р?ындар «Ерулік» береді деген ?жем. Ендеше, Арайлымды б?ріміз ?она??а ша?ырады екенбіз ?ой. Ж?рі?дер бізді? ?йге Арайлым мен бірге. (Б?рі шы?ып кетеді.)

?орытындылау: Балалар б?гінгі т?рбие са?атынан ?андай ?сер алды?дар, ой т?йді?дер, ?андай ?неге алды?дар. ?з ойларымызбен б?лісіп б?гінгі т?рбие са?атын ?орытындылайы?.

М??алім: Кешеге к?нсіз келешек жо?. Б?гінгі жас ?рпа?ты сонау замандардан жина?тал?ан ата – бабаларымызды? мол м?расы мен сусындату бізді? міндетіміз. ?лды? батыр, ?ызды? ?депті болып ?алыптасуы, бабалар м?расына байланысты. Демек, бабаларымызды? ?неге ?сиетін пайдалана отырып т?рбиелеу ?лтты? т?л?аны ?алыптастырады.

1 – ж?рг: Аталар с?зімен ?сіп-?нген,
2 – ж?рг: Бабалар б?ла?ынан н?р ал?ан,
1 – ж?рг: Даналар ?сиетінен т?рбие ал?ан,
2 – ж?рг: ?лылар т?рбиесіне та?зым еткен
1 – ж?рг: ?рпа?ымыз халы?ты? ?ибрат еткен.
2 – ж?рг: Кешімізді? ?адірменді ?она?тарын орта?а с?з кезегіне ша?ырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты»

АТАЛАР МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
• Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
• Жоспар:
1.Аталар сөзі – ақылдың көзі.
2. Ата өсиеті.
3. Баталы құл – арымас.
4. Жарасып тұрдәстүрім.
1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
1 – жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.
Жігіт:
Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?
Қарт: Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас – тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Қарт: Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
1 – жүргізуші: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.
2 – жүргізуші: Халық әні. «Еркем - ай»
1 – жүргізуші:
Әй, тәкапар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
2 – жүргізуші:
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
1 – жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті» ертегісі.

Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!

Қарт: Уа алейкум ассалам! Аманбысың, балам!
Балам, бақытты болу оңай ма?

Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында

Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.
Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлен.
Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.

Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.

Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
Иә барлығымыз сақтаймыз.

2 – жүргізуші: Домбыра. Халық әні «Еркем - ай»
1 – жүргізуші: Салт – дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.
2 – жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Жасұланға бата беру.

Жігіт: Әумин!

Қарт:
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!

1 – жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

2 – жүргізуші:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

1 –жүргізуші:
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.
Жарасып тұр дәстүрім!
А: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.
Е: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.
А: Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?
А: Байғазы берсең, көрсетем.
А: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.
Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.
А: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.
А: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.
М: Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.
А: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
М: Ол не?
А: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын – сауық, өлең – жыр айтылады.
М: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.
А: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
М: Жұлдызай, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?
Ж: Бұл – Арайлым. Жақын да көшіп келген көршіміз.
М: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Арайлымды бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Арайлым мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)

Қорытындылау: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.

Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

1 – жүрг: Аталар сөзімен өсіп-өнген,
2 – жүрг: Бабалар бұлағынан нәр алған,
1 – жүрг: Даналар өсиетінен тәрбие алған,
2 – жүрг: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
1 – жүрг: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
2 – жүрг: Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты

Автор: Ж?мабекова Баян Рамазан?ызы

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 256002


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства