здоровый образ жизни - это образ жизни человека, направленный на профилактику болезней и укрепление здоровья. представители философско - социологического направления рассматривает здоровый образ жизни как глобальную социальную проблему, составную часть жизни общества в целом 6 хотя само понятие здорового образ жизниодозначно пока еще не определено..
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Салауаттылы? ?мір салты"»
“Өскелең ұрпақтың денсаулық басымдылықтарын құру”
Баетова Назгүл Махамбетовна
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Қазақстан Республикасы,Орал қаласы,
№1 жалпы орта білім беретін мектебі
Түйін
Іс-тәжірибеде адамның денсаулығы-ол өзінің мақсатына жету алдындағы басты қағида екендігін көрсетеді
Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.
Салауатты өмірді сақтау мақсатында жылдың басынан өз сыныптарымызға жоспар құрып, сол құрылған жоспар бойынша іс- шаралар өткіземіз. Әр сабақтарда денсаулық сақтау элементерін қолданамыз. «Алтын күз» және «Толағай» сайыстары салтымызға енді, бұл іс-шаралар таза ауада көктемде және күз айларында өтеді..
«Салауатты өмір – салтымыз» , «Денім сау болсын десең...» , «Шынықсан, шымыр боласын», «Бақытың да, байлығың - денсаулық» ашық тәрбие сағаттарын, әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөлеміз. . Сондай-ақ оқушылардың денсаулық туралы білімдерін жетілдіретін «Дені саудың - жаны сау» денсаулық күндерін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Сонымен қатар, ата-аналармен де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жарыстар болып тұрады..
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек.
Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
Дұрыс тамақтану.
Дұрыс тынығу.
Дене еңбегімен шұғылдануы.
Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.
Табиғат аясында болуы.
Зиянды әдеттерден сақтану.
Дұрыс қозғалыста болуы.
Денсаулықтың он құпиясы (Адам Дж.Джексон).
Денсаулықтың бірінші құпиясы –денсаулықпен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.
Денсаулықтың екінші құпиясы –біздің тыныс алуымызда болып табылады.
Денсаулықтың үшінші құпиясы –шынығу әрекеттері күш әкеледі. Денсаулықтың төртінші құпиясы –дұрыс тамақтану күші. Денсаулықтың бесінші құпиясы –күлкі. Күлкі –бұл мәңгілік емші. Денсаулықтың алтыншы құпиясы –демалу күші.
Денсаулықтың жетінші құпиясы –тұлғаны түзу ұстай білу күші.
Денсаулықтың сегізінші құпиясы –таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.
Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы –сенім күші.
Денсаулықтың оныншы құпиясы –сүйіспеншілік күші.
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
Спортпен айналысу -денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі- жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Өскелең ұрпаққа спортпен айналысу өте пайдалы..
Адамдардың өз денсаулығын дұрыс кутпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқастар саны жылдан –жылға өсіп отырғаны да рас.Біз бұл қоршаған ортаның ластауынына жол бермеуіміз керек.