Просмотр содержимого документа
«Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту»
Сарыағаш ауданы “№89 Л.Жолдасов жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі”, бастауыш сынып мұғалімі Исмайлова Айжан Қалдарқызы
Бастауыш сыныпта ойын арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері
“Жақсы сөз - жарым ырыс”
Дағдарыстан сүрінбестен өтейік,
Бұл өмірге бір із тастап кетейік.
Шәкіртіміз биіктерден көрініп,
Күзден-күзге аман-есен жетейік!
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, білім сапасын ойын элементтері арқылы дамытып, нәтижеге бағыттау
Ойын-балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе. Үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады.
А.С.Макаренко
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тіртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
Ойын түрлерін сабақ бағдарламасына сай іріктеп алу.
Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшіп отыру.
Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау керек.
1
Ойын қашан да баланы жаңа білімге, еңбекке дайындайды.
Ойын қашан да баланы жаңа білімге, еңбекке дайындайды.
2
Ойын балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
3
Ойын – баланың дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастырып, шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.
Ойын – баланың дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастырып, шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.
“Күн шуағы” ойын-әдісі
“Күн шуағы”ойын-әдісі – оқушылардың тақырып туралы білімін жинақтап, топтастырып, бағалау үшін өте қолайлы . Оқушы берілген тақырып туралы білімін күннің әрбір шуағының бойына жазу арқылы өзінің білімінің қай деңгейде екенін көрсете алады.
“Күн шуағы” ойын-әдісі
“Жоғалған әріптер” ойын-әдісі
“Жоғалған әріптер”ойын-әдісі – бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық сауаттылығын арттырып, сөздерді дұрыс жазып, дұрыс оқи алу дағдыларын дамытады. Оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылығының да артуына септігін тигізеді.
“Тапқырлық”ойын-әдісі – бастауыш сынып оқушыларының жылдам ойланып, жылдам ой қорытындысын жасай білу дағдыларын дамытады. Сонымен бірге оқушының кез келген жағдаяттан сүрінбей шыға білуіне де септігі зор. Бұл әдіс барысында оқушылар қойылған сұраққа өзіне берілген әріптен ғана басталатын жауап айтуы тиіс. Оқушының жауабына қарай оның тіл байлығы мен ой-өрісіне баға бере аламыз.
“Сұрағым қайда?”ойын-әдісі – бастауыш сынып оқушысының
дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамытып, заттар мен құбылыстар, олардың аттары, сипаттары, ерекшеліктері туралы білуге жетелейді. Сонымен бірге оқушының әрбір затты тани біліп, оған қандай сұрақ қойылатынын білуіне де негізделеді. Жалпы “Сұрағым қайда?” әдісі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана білуіне септігін тигізеді.
Яғни, оқушы өзіне берілген суретті мазмұны мен сипатына қарай тақтадағы сұрақтың бірінің астына қойып, жауап беруі тиіс.
“Өрмекші торы” ойын-әдісі
“Өрмекші торы”ойын-әдісі - оқушылардың білімін бақылауға және бағалауға арналған әдістердің бірі.
Мұнда оқушы әрбір айтқан жауабы үшін жіптің бір ұшын қолына орауы тиіс. Соңынан әр оқушының қолына жинап ораған жіптің санын анықтау арқылы оқушының қай деңгейде жауап бергенін де білуге болады. Сонымен бірге бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Білімменен тәнті етеді тектілер,Мұратына білім ғана жеткізер.Бар ізгілік тек біліммен алынар,Білімменен аспанға жол салынар.