Просмотр содержимого документа
«Ма?ала "Ойын ар?ылы о?ушыларды? ой-?рісін дамыту" »
Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Ойынды өткізудегі негізгі мақсатым: оқушыларды еркін сөйлей білуге , айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі түрде жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, тіл байлығын арттыра түсуге бейімдеу.
Ойын -оқушының алған білімінің күнделікті өмірімен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Ойын- балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары,көптеген ерекшеліктері болады. Ойын арқылы балалар өмірден көтеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Ақылын дүниетанымын кеңейтеді. Мінез-құлық , ерік жігерін қалыптастыру. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де, сондай болады дейді. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздылық , тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде бала ұуаныш пен реніш үстінде болады. Балаға таңдалған ойын оның ақылына лайықтап шабыттандыратындай, ойын оятарлықтай, іскергілігін дамытарлықтай, бастаған ісінің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.
Бірінші сыныпта мұғалім ең алдымен қимылдары өте баяу оқушылармен біраз жұмыс жүргізіп, олардың қаламсапты дұрыс ұстауына көңіл бөлу керек. Баланың саусақтары емін-еркін қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып, бірнеше ойын ойнату керек. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді, осындай жағдайда бала жолдастарының көзінше ол әріптерді дауыстап айтуға жасқаншақтай беретіні сөзсіз. Тілі кейбір дыбыстарға еркін келе балалар үшін, алдымен сол дыбысты жеке-жеке айтқызып, артынан хормен айтады. Тілі еркін келмейтін балаларда көпке елігіп, дұрыс айтып кетеді.
Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады.Бастауыш мектептің бірінші сыныбына келген баланың «Р», «Л», «Ш», «С», т.б дыбыстарға тілдері келе бермейді. Сондықтан оқушылар үшін жаңылтпаштарды пайдалану орынды.
Ойын элементтерін бірінші сыныпта «Буын» тақырыбын өткенде пайдаланған орынды. Ана тілі пәннің едәуір бөлігін меңгереді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды,олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін біледі, сондай-ақ дауысты дыбыс бар сөздерге көңіл бөліп, олардың сөздегі орны мен маңызын ұғып алады.
Сөздің бір буынды болып та, екі, үш көп буынды болып келетініне көз жеткізу үшін түрлі жарыс ойындарын, жаттығуларды («Өз атыңды буынға бөле білесің бе?Сыныптағы заттардың атын ата», т.б. ойын түрлерін ) өткізуге болады.
Ойын- баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына ойынды айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңейуіне, тілінің дамуына құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
А.С Макаренконың айтуынша ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға ,көңіл қойғызуға сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойынның түрлері өте көп:
Ойын –сабақ
Ойын- жаттығулар
Сергіту ойындары, дидактикалық ойындар оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, үстел үстінде ойнайтын ойындар. «Жұп картиналар», «лото», «домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарында зейінін ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор.Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады. Ойын барысында балалар бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп мүлкін қадірлеуді үйренеді, және шыншылдық пен кішіпейілділікке тәрбиелейді.
Қорыта келгенде, ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушылары әлі ойын баласы. Сондықтан, оқушылар сабақ үстінде, ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.
Ойын – балаларға, өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.