kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методическая тема «?аза? тілі саба?тарында ойын ар?ылы с?йлеу тілін дамыту».

Нажмите, чтобы узнать подробности

                       

Ибраева Г?лмира

Тал?ат?ызы

Облысы: А?мола

Ауданы: Жа?сы

Мектеп: ?. ?скенбай атында?ы ?има мектеп-ба?шасы

Е?бек жолы: 5 жыл

Білімі: ?ділбек Майк?тов атында?ы Астана гуманитарлы? колледжі

Маманды?ы: ?аза? тілі п?ніні? м??алімі

?дістемелік та?ырыбы: «?аза? тілі саба?тарында ойын ар?ылы ауызекі с?йлеу тілін дамыту»

                      Мазм?ны

1. ?стаз жайлы жалпы ма?л?мат

2. Мені? іс-т?жірибем

3. Ашы? саба? та?ырыбы «Дене шыны?тыру саба?ында»

4. Ашы? саба? та?ырыбы «Тазалы? заттары»

5. Ашы? іс-шара та?ырыбы «Ба?ытты с?т»

  ?.?скенбай атында?ы ?има мектеп-ба?шасы

?аза? тілі п?ніні? м??алімі

Ибраева Г?лмира

Тал?ат?ызыны?

іс – т?жірибесінен

                                       2015 ж

«?аза? тілі саба?тарында ойын ар?ылы с?йлеу тілін дамыту».

Ойын - балаларды? шынайы ойлап тап?ан шынды?ына тез, еркін енуіне, ?зіндік «Мені?» ?алыптастыру?а ж?не шы?армашылы??а, белсенділікке, ?зін - ?зі дамыту?а м?мкіндік береді.
Ойын - ?р?ашан білім бола отырып, баланы білім алу?а, е?бекке дайындайды.

?азіргі ?ркениетке ?мтыл?ан ?о?ам талабына с?йкес, ?аза?стан Республикасыны? дамы?ан елдерімен иы? тіресіп т?ру ?шін, елімізді? болаша?ы мен ?азіргі кезе?і ?шін білімді, зерделі, ?з бетімен іс - ?рекет ете алатын, ?о?амнан ?з орнын таба алатын ш?кірттерді дайындау ?стазды? міндеті.
Мектептегі о?ушы ?міріні? к?п б?лігі 45 минутты? саба? кезінде ?теді. Міне, осы кезде о?ушы тек білім алып ?ана ?оймай шы?армашылы?пен зерттей білуге ?йренуі керек. Білімді алуда іс - ?рекетке ?йренген баланы? бойында ал?ан білімі ?за? уа?ыт са?талады ж?не ол ж?мыс істеуге, ізденуге, та?дау?а, т. б. ?йренеді. Сол ?шін ескі д?ст?рлі саба?тан ?ашып, е? озы?, т?жірибеден ?ткен технологияларды? біріні? тиімділігін с?йкес та?дау ?ажеттілігі туады. Біркелкі саба? о?ушыны зерігу мен жайбара?аттылы??а алып келеді. Ал зерігу бол?ан жерде шы?армашылы??а жол жо?. Мен сол себепті «Ойын технологиясын ?олдану ар?ылы бастауыш мектепті? ?аза? тілі саба?тарында ауызекі с?йлеу тілін дамыту» деп ?зімні? проблемалы? та?ырыбыма с?йенемін.

?рбір ?стазды? ма?саты - саба? сапасын к?теру, т?рлерін жетілдіру, саба??а о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру. Сондай - а? б?гінгі та?да елімізде о?ыту мазм?ны жа?артылып, саба?тарда озы? технологияларды ?олданудамыз. Сондай технологияны? бір т?рі - «Ойын ар?ылы о?ыту» технологиясы.  «Егеменді елімізді? тірегі – білімді ?рпа?» десек, білімні? негізі бастауышта ?аланатыны белгілі. Бастауыш сыныпта?ы ?рт?рлі п?ндер о?ушы білімін дамытып, танымды? ?абілетін сомдау?а ?лкен ?лес ?осады. Балаларды о?ытуда ж?не т?рбиелеуде ойынны? ролі педагогикада б?рын да, ?азір де ?арастырылып келеді.
Алды??ы ?атарлы педагогтарды? б?рі де ойынды на?ыз керекті ж?не ма?ызды іс - ?рекет деп т?сінеді.

Ойын балалар ?шін о?у да, е?бек те болып табылады. Ойын – айналада?ы д?ниені тану т?сілі. Ойын балалар?а ?мірде кездескен ?иыншылы?тарды же?уді? жолын ?йретіп ?ана ?оймайды, ?йымдастырушылы? ?абілетін ?алыптастырады. А.С. Макаренко: «Ойын - балалар ?мірінде ?те ма?ызы зор н?рсе, ?лкендерді? ?айраткерлігі, ж?мысы, ?ызметі ?андай ма?ызды болса, балаларды? ойыны да сондай ма?ызды.
Ойында бала ?андай болса, ?скен кезде ж?мыста да, к?бінесе, сондай болады. Сонды?тан болаша? ?айраткер, е? алдымен, т?рбиені ойын ар?ылы алады,»- деп балалар ойынын жо?ары ба?ала?ан.
Тиімді ?олданыл?ан ойын м??алімні? т?сіндіріп отыр?ан материалын о?ушыларды? зор ынтамен ты?дап, берік ме?геруіне к?мектеседі. ?йткені т?менгі сыныпта?ы о?ушыларды? а?сары саба?тан г?рі ойын?а ауы??ырап т?рады. ?ызы?ты ойын т?рінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ы?ыластана ?рі сапалы орындайтын болады.
Саба?та ж?не саба?тан тыс уа?ытта ?олданылатын ойындарды т?мендегідей топтастыру?а болады. ?рбір ойынны? бала ?шін білімділік ма?саты ?ана емес, т?рбиелік, танымды? ма?саты зор.
Ойын
дар ?лтты?, дидактикалы? ж?не логикалы? болып б?лінеді.
«А?с?йек»
«К?кпар»
«?анталапай»
«Ар?ан тартым»
«К?ксерек - м?ксерек»
, «Мы? бір ма?ал»
«?ажайып ала?»
«Сергіту с?ті»
«С?з ??рау»
«Ж?мба? есеп»
«?ріпті кубиктер»
Ойын?а ?ойылатын ?дістемелік талаптар:
- Ойынны? ма?саты на?ты ж?не керекті к?рнекіліктер мен материалдар к?н ілгері дайындалып, о?тайлы жерге ?ою.
- Ойын?а кірісер алдында оны? ж?ргізілу т?ртібін о?ушылар?а ?бден т?сіндіру.
- Ойын?а сыныпта?ы о?ушыларды? т?гел ?атысуын ?амтамасыз ету.
- Ойын ?стінде шешім ?абылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын т?рлерін ба?дарлама?а сай іріктеп алу.
- Ойынды баланы? жас ерекшелігіне ?арай т?рлендіріп пайдалану.
- ?арапайым ойыннан ?иын ойын?а к?шу.
- Міндетті т?рде ойынны? ?орытындысын жариялау ?ажет.
?лтты? ойын ойнау баланы? салт - д?ст?ріне, ?дет - ??рпына деген с?йіспеншілігін арттырады ж?не адамгершілік ??ндылы?тарын ?алыптастырады. М?селен, ?намды ?деттер - ?зара ?арым - ?атынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Е?бек ету барысында ?йымшылды?, жауапкершілік, парызды? сезімдер сия?ты ?асиеттер ?алыптасады.


О?ушыны? б?рі жа?сы о?ы?ысы келеді. Біра? оларды? а?ыл - ой ?абілеті ба?дарламада?ы берілген материалды ??у?а бірдей емес. О?ушыларды? кейбіреулері м??алімні? т?сіндірген саба?ын тез ??ады, кейбіреулері керісінше. Сонды?тан барлы? о?ушыны білімге бірдей жетелеу ?шін ?з м?мкіндігіне с?йкес саба?ты ме?герту, тілін, ой ?ш?ырлы?ын дамыту, ?зіндік пікір айту?а жа?дай жасау еркін шы?армашылы??а жетелейтін, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыратын ?дісті? бірі - грамматикалы? ойынны? т?рлері.

Грамматикалы? ойындар ар?ылы саба?тарда о?ушылар ?рт?рлі жа?дайды т?сінеді, оны шешу жолдарын ?арастырады. Жа?сы ойын?а бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, ме?геруге талпынып, алуан т?рлі да?ды, м?ліметтерді алып, шеберліктерін шы?дайды. Мен ?з саба?ымда грамматикалы? ойын т?рлерін жиі пайдаланамын. Саба?та о?ушыларды? ал?ан білімдерін одан ?рі дамыту, тере?дету, оларды? ізденімпазды?ын арттыру, ой - ?рісін ке?ейту, шы?армашылы? ?абілетін дамыту, о?у?а белсенділігін арттыру ма?сатын к?здеймін.
?аза? тілі п?ніні? фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын о?ыт?анда та?ырып?а орай ?рт?рлі ?діс - т?сілдермен, шеберлікпен грамматикалы? ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнату?а болады.
1. ? ?рпінен басталатын ?алаларды? атын жаз. Мысалы: ?ара?анды, ?ызылорда, ?останай.
2. Тек ?ана е, ы, і дауысты дыбысы бар с?здер ойлап жазы?дар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ысты?
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ерте?.
3. ?ай жа?ынан о?ыса да ма?ынасы ?згермейтін с?здер ойлап жаз. Мысалы: нан, ?аза?, ?ыры?
«Дыбыс та?дау» ойыны. Ойынны? шарты бойынша та?да?ан дыбыстан ?ана басталатын с?йлем жазу. Мысалы: ?ойдан ?алып ?ой?ан ?озыны ?анат ?ора?а ?амап ?ойды.
«Адас?ан ?ріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп с?з жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ?.- ша?а
Лексика бойынша
«Жал?асын тап» ойыны. Та?та?а белгілі ма?алдардан екіден с?з жазылады. Оларды ?ал?ан о?ушылар тауып, ?осып айтулары тиіс.
1. ?яда.
?ш?анда
2. К?п.
Тере?.
«Кім білгір»ойыны. Та?та?а заттарды?, жан - жануарларды? суреті ілінеді. Суретке байланысты ма?ал - м?телдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. О?ушылар?а ?зіл аралас с?ра?тар беріледі. С?ра??а толы? т?ра?ты с?з тіркестерімен ж?не ма?ал - м?телдермен д?рыс ?рі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.

Біріккен с?зді? бірінші т?бірі та?ам с?зімен синонимдес, екінші т?бірі – та?ам ыдысты? аты. Ол ?ай с?з? Ас?азан
2. Бір с?з сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір а?ны? атын білдіреді? А?б?кен
3. Республикамызда?ы ?андай ?ала, ?зен аттары біріккен с?з т?рінде айтылады? Жетісу, Талды?ор?ан
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. Адамны? туысты? атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. ?олмен ?стау?а, к?збен к?руге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, о?и алады?» ойыны.
Мына с?йлемдерде с?здерді? орын т?ртібі ауысып жазыл?ан. Оны тиісті т?ртібіне келтіріп, кім тез тауып о?и алады?
Абай жайында баяндама біз ?мірбаяны ты?дады?.
«?й?асын тап ойыны» ?зінше ноян, ?ор?а? кім?. ?оян."Бата алмас т?лкі, ?сті тікен. кірпі
«Жал?асын тап ойыны»
Ата?ны? баласы болма,
/адамны? баласы бол/

«С?з ?уаласпа? ойыны»
Ойынны? шарты: 1 - ?атарда?ы о?ушылар?а «Бастауыш», 2 - ?атар?а «Баяндауыш»деп ат ?ойылады. «Бастауыштар»с?йлемде бастауыш болатын с?здерді айтады, «Баяндауыштар» о?ан ?имылды білдіретін с?здерді ?осып, с?йлем ??райды.


?р ойынды ойнар кезде сол ойын?а с?йкес ?ле? о?у ар?ылы ?ызы?ушылы?ын арттыру?а болады. Саба??а ынтасын, ы?ыласын бірден аудару ма?сатында ?ле? есепте ?олдануды? ма?ызы зор. Мысалы:
Бізде ?ызы? ойын бар
Ал, ы?ылас ?ойы?дар.
?ане, т?ртіп са?тайы?,
Баспалда?тан аттайы?,
Есептеуден ?ашпайы?,
Ж?лделі болып ?айтайы?.

 
?р саба?та ойын т?рлерін орынды ?олданып,балалар зейіндерін аударып, та?та?а екі жа?ынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шы?арту. Балалар т?менгі сатыдан жо?ар?ы саты?а шы?ып м?редегі ойыншы?ты алады. Б?л ойынды «?оян?а к?мектесейік» немесе «Балапанды ??т?арайы?» деп атау?а болады.


?р саба?та ойын т?рлерін орынды ?олданып, оны ?ызы?ты етіп ?ткізу ар?ылы о?ушыларды? о?у?а деген ынта - ы?ыласын, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру?а болады. Ойын баласы саба?та зерігіп, шарша?ан кезде ?олданылатын ойынны? бір т?рі «Сергіту с?ті». Саба?та сергіту с?тін о?ушыны? шарша?анын басу ?шін ?ана емес, оны? т?рбиелік м?ніне де назар аудару ?ажет. Мысалы: « ?зын ??ла?, с?р ?оян». Немесе, дене ?имылдарына ?атысты сергіту ойындары: «?й, шымыжы?, шымыжы?»!.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методическая тема «?аза? тілі саба?тарында ойын ар?ылы с?йлеу тілін дамыту». »


Ибраева Гүлмира

Талғатқызы

Облысы: Ақмола


Ауданы: Жақсы


Мектеп: Қ. Өскенбай атындағы Қима мектеп-бақшасы


Еңбек жолы: 5 жыл


Білімі: Әділбек Майкүтов атындағы Астана гуманитарлық колледжі


Мамандығы: Қазақ тілі пәнінің мұғалімі


Әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту»








Мазмұны


1. Ұстаз жайлы жалпы мағлұмат


2. Менің іс-тәжірибем


3. Ашық сабақ тақырыбы «Дене шынықтыру сабағында»


4. Ашық сабақ тақырыбы «Тазалық заттары»


5. Ашық іс-шара тақырыбы «Бақытты сәт»
















Қ.Өскенбай атындағы Қима мектеп-бақшасы










Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ибраева Гүлмира

Талғатқызының

іс – тәжірибесінен
















2015 ж


«Қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту».

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу тілін дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Ойындар ұлттық, дидактикалық және логикалық болып бөлінеді.
«Ақсүйек»
«Көкпар»
«Қанталапай»
«Арқан тартым»
«Көксерек - мөксерек», «Мың бір мақал»
«Ғажайып алаң»
«Сергіту сәті»
«Сөз құрау»
«Жұмбақ есеп»
«Әріпті кубиктер»
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.


Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.


Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау» ойыны. Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.

Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. Қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«Жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/

«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «Бастауыш», 2 - қатарға «Баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.


Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. Мысалы:
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық.


Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып,балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «Қоянға көмектесейік» немесе «Балапанды құтқарайық» деп атауға болады.


Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «Сергіту сәті». Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық»!....


Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?!
Олай болса оқушыларды оқытуда
Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.












Қ.Өскенбай атындағы Қима мектеп-бақшасы











Ашық сабақ









Өткізген: ИбраеваГ.Т.




2015ж



Сабақтың тақырыбы: «Дене шынықтыру сабағы».

Сабақтың мақсаты: 1.Дене шынықтыру сабағында не істейтінін айта алуға үйрету және сабақта орындалатын әрекеттердің денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру.

2.Сабақ барысында орындалатын әрекеттерді орынды қолдануға жаттығу,берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу,тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.

3.Спортпен айналысудың пайдасын түсіну.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі,дене шынықтыру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,ойландыру,түсіндіру.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй жұмысын тексеру. III.Жаңа сабақ. IV. Қорытынды.Бағалау.Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.Кезекшілік. Психологиялық дайындық.

Үй жұмысын тексеру: -Балалар, бүгін біздің сабағымызға Айсұлу деген әдемі қыз келді.Айсұлу өзімен бірге тапсырмалар ала келді. Үйге берілген үй тапсырмасын сендерден сұрайды.

Жаңа сабақ: -Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дене шынықтыру сабағы».

Сөздікпен жұмыс: Дене шынықтыру сабағы – урок физкультуры, денсаулыққа пайдалы – полезен для здоровья, секіру-прыгать, жүгіру-бегать, ойнау – играть, жаттығу - упражнение.

Мәтінмен жұмыс: Дене шынықтыру сабағында біз алуан түрлі жаттығулар жасаймыз, дене шынықтырамыз. Спортзалында балалар баскетбол,футбол ойнайды, сонымен қатар жүгіреді, секіреді. Маған дене шынықтыру сабағы ұнайды,өйткені денеңді шынықтырсаң, көп ауырмайсың.

Сұрақ-жауап: 1.Дене шынықтыру сабағында оқушылар не істейді? 2.Спортзалында оқушылар немен футбол ойнайды? 3.Сендерге дене шынықтыру сабағы ұнай ма? Неге?

Сергіту сәті: Слайд арқылы сергіту сәтінді өткізу.

Сұраққа жауап бер:

Дене шынықтыру сабағында оқушылар не істейді?

Жүгіреді секіреді

Жаттығу жасайды ойнайды

Толықтырып оқы:

Жүгіру Секіру

... – денсаулыққа пайдалы. ... – денсаулыққа пайдалы.

(Есте сақта! Жүгіру,секірудің денсаулыққа пайдалы екенін айта алуға үйренеді).

Кітаппен жұмыс:125-беттегі 4-тапсырмаға назар аударайық. Сөйлесуді оқу, аудару. (Сөйлесуді аудиотаспадан тыңдау,оқу жұмыстарын жүргізу).

Тапсырма: «Пайда» деген тақпақ аудиотаспадан тыңдалады, мәнерлеп оқылады. (Бұл тақпақта шынығудың пайдасы түсіндіріледі).

Тапсырма: Қазақ тілінде берілген сөздердің орыс тіліндегі аудармасын тап. «Дұрыс па,бұрыс па?!»

Тақта Учитель

Сынып Мяч

Мұғалім Физкультура

Кітап Доска

Дене шынықтыру Класс

Доп Книга

Фонетикалық талдау (буынға бөлу). 1-топ – спортзал, 2-топ – пайда.

Сөздерді тәуелдеу,фонетикалық талдау жасау: 1топ-доп, 2топ-дене.

Сөздерге жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мектеп... (-та,-те) екі спортзалы бар. Мектеп... (-тың,-тің) дәліздері кең, жарық. Балалар сынып... (-қа,-ке) кірді. Балалар доп... (бен,пен) ойнайды. Мұғалім оқушы... (-ні,-ны) тақтаға шақырды.



Кластер құрастыру: Дене шынықтыру

Жүгіру Секіру

Ойнау Жаттығу жасау

Сөзжұмбақты шешу:«Дене шынықтыру» деген сөзі шығады.

Қорытынды: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі,балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. -Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Денсаулық. –Ал,денсаулық неден пайда болады? –Дене шынықтырудан.

Бағалау:Қатысуына қарай.

Үйге тапсырма:Тест тапсырмаларын орындау.










Қ.Өскенбай атындағы Қима мектеп-бақшасы






Ашық сабақ













Өткізген: Ибраева Г.Т.









2015 ж

2-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тазалық заттары».

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға жаңа тақырып бойынша жан-жақты білім беру, сөздік қорын меңгеру. 2.Қазақша сөйлуге, сөзді бұзбай айтуға жаттықтыру. 3.Салауатты өмір салтын сақтау.

Сабақтың көрнекілігі: 2-сынып оқулығы, интерактивті тақта, сәлемдеме.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, валеология.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй жұмысын тексеру. III. Жаңа сабақ. IV.Қорытынды.Бағалау.Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Кезекшілік. Ауызекі сөйлеу.

Үй жұмысын тексеру: Сұрақ-жауап арқылы өзіңді тексеру.

Жаңа сабақ: -Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тазалық заттары».

Сөздікпен жұмыс: Тазалық заттары – средства гигиены, сабын - мыло, тарақ - расческа, сүлгі - полотенце, тіс щеткасы – зубная щетка, тіс пастасы – зубная паста.

Мәтінмен жұмыс: Тазалық адамға қажет. Тазалық заттары: сабын, сүлгі, тіс щеткасы, тіс пастасы, тарақ. Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады.

Сұрақ-жауап: 1.Адамға не қажет? 2.Тазалық заттарға не жатады? 3.Дені сау адам қандай болады? 4.Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Суретпен жұмыс: Балаға не керек?

1.Балаға тарақ керек. 2.Балаға сабын керек. 3.Балаға сүлгі керек. 4.Балаға тіс щёткасы керек.

Бейнетаспа «Мойдодыр» мультфильмі.

-Неге заттар баладан қашты? –Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл баланы қалай атауға болады? –Таза болу үшін не істеу керек?

Осы тақырыпқа байланысты біз қандай тақпақ білеміз?

Сергіту сәті:Слайд арқылы сергітуді өткізу.

Кластер:Тазалық заттарға не жатады?

Тіл дамыту жұмысы: қазақ төл дыбыстарын қайталау.

Жақшадағы сөздерді аудару, сөйлемдер құру.

Сөздерді тәуелдеу: 1 топ –сабын, 2 топ - тарақ.

Сәлемдеме: (тазалық сақтау заттары).

Балалар!

Мен сендерге сәлемдеме жіберіп отырмын. Оның ішінде қызықты жұмбақтар және жауаптар бар. Жұмбақтарды шешуге тырысыңдар. Сәттілік тілеймін. Сау болыңдар.

Сендердің Мойдодырың.


Жұмбақтар:

1. Лёг в карман и караулю:

Рёву,плаксу и грязнулю.

Им утру потоки слёз,

Не забуду и про нос. (Носовой платок – Мұрын орамалы).

2. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың. Бұл не? (Сабын)

3. Хожу-брожу не по лесам,

А по усам и волосам

И зубы у меня длинней,

Чем у волков и медведей. (Тарақ)

4. Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында. Бұл не? (Сүлгі)

5. Кто считает зубы нам

По утрам и вечерам. (Тіс щёткасы).


6. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)

7. Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады. Бұл не? (Тіс пастасы)

-Бұлар тазалық сақтау заттары. –Балалар, бұл заттар сендерге таныс па? Олар не үшін қажет? (Балалардың жауаптары).

« Мойдодырдың кеңестері»

1.Таңертең және кешке жуыну.

2.Тісті күніне 2 рет тазалау.

3.Күнде шашты тарау.

4.Тырнақты алып отыру.

«Бір тамшы ой».

Ата-ананың тілегі –

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі –

Адал болып өскенің.

Қорытынды. Қайталау.

Бағалау: Қатысуына қарай.

Үйге тапсырма:Жаңа сөздерді жаттау.

































Интеллектуалдық ойын «Бақытты сәт»
3-4 сыныптар арасында
Мақсаты: 1. Оқушылардың өз бетімен білім алып, жан-жақты болуға үйрету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өздерін еркін ұстай білу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын көбейту.
3. Алғырлыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта,шарлар. Жазылған нақыл сөздер: «Білімді мыңды жығар».

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға қош келдіңіздер!
- Балалар, Президентіміз өз жолдауында «Өсер еліміздің болашағы - сапалы білімде » дегендей, бүгінгі сыныптан тыс «Бақытты сәт» ойынымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлініп, алған білімдерін сіздерге жан-жақты көрсетуге тырысады. (Әділқазылар алқасымен таныстыру).

Сайыстың жүру барысы:

1-кезең: «Топтардың өзін таныстыруы».
Екі топты ортаға шақыру.
1- топ: Команда: «Тұлпар»
Ұран: «Теқ алға!»
2- топ: Команда: «Жұлдыз»
Ұран: «Алға қарай самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз».

2- кезең: Капитандар сайысы «Блиц турнир».

1- топ
1.Біз қай Республикада тұрамыз?

2. Республикамыздың астанасы қай қала?

3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

4. Сен Астанаға бардың ба?

5. Сен қайда тұрасың?

2- топ

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын әнімен орындаңдар.

2. Қазақстан қандай мемлекет?

3. Астананың көрікті жерлерін ата.

4. Республикамыздың Президенті кім?

5. Сен қайда тұрасың?

3-кезең: «Бұл не?»

І топ
1. Тәуелдік жалғауларын ата.
2. Дауысты дыбыстарын ата.
3. Дауыссыз дыбыстарын ата.


ІІ топ
1. Фонетикалық талдау дегеніміз не?
2. Қатаң дауыссызға не жатады?
3. Ұяң дауыссызға не жатады?

4- кезең: «Артық сөзді табу».

І топ

1.Қалам, кітап, дәптер,сызғыш,тауық,өшіргіш.

2. Астана,Орал,Алматы,Сиыр,Қарағанды.

3.Гүл,ағаш, дәптер,шөп, жеміс,шие.

ІІ топ

1.Тақта,сынып,дәрігер, мұғалім,оқушы.

2.Әліпби,білім,журнал, кино,кітапхана.

3. Стас,Диана, ойыншық,Настя, Арина.

5 – кезең

Ұшқыр қиял ”

  • Жыл он екі ай ішінде 30-31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)

  • 2 жылда неше ай бар? (24)

  • Бір айда неше апта бар? (4)

  • Бір сағатта неше минут бар? (60)

  • Көктем айларын ата? (Наурыз,мамыр,сәуір)

  • Бір жылда неше ай баро? (12)

Ұ,ғ,м,а,і,л,м (мұғалім)

  • І,л,б,м,і (білім)

  • 2 + бастұз, ( Екібастұз)

  • к + 3 + ік, (күшік)

  • т + 10, (тон)

  • К + 3 + ті (күшті)

  • 1 + қазан (бірқазан)

6-кезең

«Ойлан, тап».

  • Тар шеңберді айналып,

  • Тұр қазықта байланып.

  • Қаға берер таңдайды,

  • Әдетінен таңбайды.

  • сағат

  • Үш көзі бар қаз-қатар,

  • Кезек-кезек ашады.

  • Үшеуінен байқасаң,

  • Үш түрлі нұр шашады.

  • бағдаршам

  • Ағайынды бәрі:

  • Шықса көк,

  • Түссе сары. Жапырақ

  • Қыста ғана болады.

  • Ұстасаң, қолың тоңады.

  • қар

  • Қар емес – қатты.

  • Мұз емес – тәтті.

  • қант

  • Алдыңа келесің,

  • Өзіңді көресің.

  • айна

  • Қалың киімді ұнатады,

  • Шешіндірсең, жылатады.

Пияз

Сыртта қапырық болып тұр,

  • Үйде ол селкілдеп тоңып тұр.

  • тоңазытқыш

  • Қыста үйге кірмейді,

  • Көктем шықса жүрмейді.

  • шана

  • Сылдыр сұйық, су емес,

  • Ішсең сусын қанады.

  • Ақ болса да, қар емес,

  • Шешуін кім табады.

  • сүт

  1. кезең

«Жалғасын тап»

Өнер алды – қызыл тіл

  • Денсаулық - зор байлық

  • Мектеп – кеме, білім - теңіз

  • Еңбектің наны - тәтті,жалқаудың жаны - тәтті.

  • Ас атасы – нан.

  • Адал достық – алтыннан да қымбат.


  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

  • Отан - оттан да -ыстық.

  • Көз қорқақ, қол батыр.

  • Көп сөз - көмір, аз сөз – алтын.

8 – кезең

«Кім жылдам?»

, , , ,,,, , ,


Әділ қазылар алқасына сөз                                                                                             Қорытындылау, марапаттау

Осымен, «Бақытты сәт» атты ойынымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Өмірде бақытты сәттеріңіз көп болсын!



Қ.Өскенбай атындағы Қима мектеп-бақшасы








Интеллектуалдық ойын









Өткізген: Ибраева Г.Т.










2015 ж.


21



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Методическая тема «?аза? тілі саба?тарында ойын ар?ылы с?йлеу тілін дамыту».

Автор: Ибраева Гульмира Талгатовна

Дата: 20.03.2015

Номер свидетельства: 189197


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства