Просмотр содержимого документа
«Маманды? ?лемінде»
Шаттық шеңбер
«Ерекше амандасу»
«Бұл кім?»
Бәріміз де алдымен мынадай тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)
Бұл кім ?
Мұғалім
Кітапханашы
наубайшы
Заңгер
Шекарашылар
Әртістер
Футболшылар
Суретшілер
Құрылысшылар
Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді?
Жалпы түрде қалай айтуға болады?
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса сабағымыздың тақырыбы «Мамандық таңдау - маңызды іс» тақтаға назар аударайық.
«Ментальді карта»
Мамандық дегеніміз не?
(Кластер әдісі арқылы).
Әр топ өз ойын өрбітіп тақтаға шығып жауабын көрсетеді.
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Жұпқа бөлу.
Ойлан!
Бірік!
Жұптас!
Мына мамандықтардың қайсысы
1) қазіргі уақытта жоқ, жойылған
2) ХХ ғасырда пайда болды
3) соңғы 10 жылдықта пайда болды
4) ақшасы көп мамандық
5) қайсысы сұранысқа ие?
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, бағдарламашы, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог, маркетолог,заңгер,менеджер, экономист.
1.Суреттеңіз:түрі, түсі, сипаты,көлемі, дәмі, иісі т.б2. Салыстырыңыз:ұқсастығы, айырмашылығы3. Зерттеңіз:шығу тарихы4. Қолданыңыз:қолдан жасауға келе ме?, қолданып көріңіз.5.Дәлелде:қарсы шығыңыз, не жақтаңыз.6. Талдаңыз:қалай жасалған, неден тұрады?
ПОПС формуласы
П- Менің ойымша, бұл мамандық...
О - Себебі мен оны былай түсіндіремін...
П - Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын...
С - Осыған байланысты мынандай қорытынды шешімге келдім...
Рөлдік ойын
Мамандық бойынша
көрініс көрсету
Кеме білім теңізінде
«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?»
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта Онүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап .
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2 . О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3 . Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4 . Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5 .Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз-дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.