?ымыз сапалы тама? ?німі ?ана емес,сондай а? шипалы сусын деп те есептеледі. Халы? арасында ?ымызды к??іл к?й сергектігі ж?не ?за? жасау сусыны деп текке атама?ан.Халы? медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде ?ымызды ас?азан, ?кпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. ?ымызды ?аза? хал?ымен ?оса к?рші ?ыр?ыз елі, татарлар, баш??рт халы?тарында да емдік ма?сатта ?олдан?ан.?ымызды? ??рамына кіретін т?рлі заттарды? б?рі де адамны? бойына жа?сы сі?еді. Майы д?мді, белогы тез сі?імді. Аз шамада кездесетін с?т ж?не к?мір ?ыш?ылдары адамны? т?бетін ашып, ас?азанны? жа?сы ж?мыс істеуіне жа?дай ту?ызады. Бие с?тінде «С» витамині мол болады. Сонды?тан да туберкулез ауруынан емдеуде айры?ша жетістіктерге жетуге к?мегі баршылы?. ?ымызды? осы ?асиеттері белгілі бол?аннан т?рлі емдеу мекемелері оны д?румен ретінде пайдалу?а к?шкен. ?ымыз. Еш?андай сусын ?ымызбен те? келе алмайды. ??рамында д?румендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп ?ана ?оймайды, оларды? алдын да алады. ?ымыз ас ?орытуды жа?сартады, ?ауіпті ісікті болдырмайды.Бие с?тінен ашытылады. Оны? ал?аш?ы ашыт?ысын «?ымызды? ?оры» деп атайды. Кей жерлерде м?ны бие с?тіне с?р ?азыны? ?абыр?асын, жыл?ыны? ашы?ан с?р жамбасыны? ж?лынды с?йегін не малта салып немесе ашы?ан тары к?жені? суын ?осып, б?лек ашытады. Сосын сабада?ы ?орды сары?пай, биені? жылы с?тін саумалдап, жа??ыртып отырады. Жа?а с?т ??й?ан сайын 20-30 минуттан піседі, жа?а с?тпен ?орды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. ?ымызды к?п сапыр?анда о?ан таза ауа (оттегі, азон, т.б.) к?п сі?еді. ?ымыз – ?аза? хал?ыны? ?лтты? та?амдарыны? ішіндегі е? ??рметті дастар?ан д?міні? бірі. Ол тек ?ана бие с?тімен ашытылады. ?детте сауылатын биелер: са?а бие, ??лын бие, ?ыран бие деп ?шке б?леді. Са?а бие – бірнеше рет ??лында?ан, б?рыннан сауылып келген бие. ??лын бие – ??нажын немесе д?нен жасында ал?аш ??лында?ан бие. ?ысыра? бие – деп ?ткен жылы кейбір себептермен ?ысыр ?ал?ан, ??лын орнына тайы еміп ж?рген биелерді айтады. К?ктемде ж?не шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады.Биені бие к?некке немесе а?аштан істеп ыстал?ан шелекке сауады. ?ор дегеніміз – ескі ?ымыз, ол жа?сы ашы?ан ?ымызды? саба т?бінде ?алатын арнайы са?тал?ан сар?ыны. Биені ?олмен ж?не машинамен сауады. Машинамен саууды? ?ол мен сауу?а ?ара?анда ай?ын арты?шылы?ы бар: ол адамны? ж?мысын же?ілдетеді, е?бек ?німділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса ?олайлы физиологиялы? жа?дай жасайды. Биені машинамен сауу ж?ніндегі бірінші т?жірибені 1957 жылы Москва т?біндегі “Мцыри” санаторийінде И. Аникин ж?ргізді.Биелерді машинамен сауу ?шін ДА-ЗМ, АД-100 ж?не ДДА-2 сауу аппараттарын пайдалану?а болады. Торсы? пен саба сондай ыдыстар болып табылады.Торсы? дегеніміз жыл?ыны? терісінен шелін алып, ыстап жасал?ан,сиымдылы?ы 10-30 литр тері ?ап. Теріні? шел жа?ы ішіне ?аратып тігіледі. Саба - пирамида сия?ты, т?рт б?рышты т?бі ж?не ?зын мойыны бар сиымдылы?ы 100-150 литр тері ?ап. ?аза? хал?ыны? бір ?асырлы? тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев а?ын атамыз: .?йірілген сары алтындай сары ?ымыз, Ауру?а – ем, сау?а – ?уат, д?рі ?ымыз. Елімні? бая?ыдай с?йген асы, Шы?аршы та?ы не? бар к?рі ?ымыз, - деп жырла?ан екен. Б?ны? ?зі ?ымызды? ?асиеті мен бірге оны? т?рлеріні? к?п екенін а??артады. ?аза?тар жыл маусымына ?арай ?ымызды уыз ?ымыз, жаз?ы ?ымыз, к?згі, ?ыс?ы ?ымыз деп ата?ан. Соларды? негізгі т?рлері мыналар: Уыз ?ымыз – б?л бие с?тіні? уыз д?мі тарал?ан кезде ашытыл?ан ?ою ?ымыз; Сары ?ымыз – жаз ортасында?ы, ш?п ?бден пісіп, буыны ?ат?ан кездегі ?ымыз; Т?немел ?ымыз – мол ?орды? ?стіне с?т ?ыш?ылыарнаулы торсы?та са?талып, екі т?улік сапырыл?ан, пісуі жеткен ?ымыз; ??нан ?ымыз – ?ш т?улік бойы ашытылады; Бал ?ымыз – бал, ?ант секілдіт?тті ?осып жуасыт?ан ?ымыз; Д?нен ?ымыз – т?рт т?улік ашытылады; Бесті ?ымыз – бес т?улік ашыт?ан ?ымыз; Асау ?ымыз – бесті ?ымыздан да к?шті ?ымыз; Жуас ?ымыз – баяу ашы?ан немесе саумал ?ос?ан ?ымыз; ?орабалы ?ымыз – мол ?орды? ?стіне к?н сайын с?т ??я отырып, бірнеше к?н жина?ан ?ымыз; Сірге жияр ?ымыз – к?зді к?ні бие а?ытарда со??ы ?ымыз бірнеше к?н жиналады. Ке?естік кезе?ні? ?зінде ?аза?станмен ?оса Ресей ж?не бас?а да республикаларда ?ымызды нау?ас т?рлеріне шипа ретінде пайдаланатын бір?атар емдеу-сауы?тыру орындары бол?ан екен. ?аза?станда ?ымызбен емдейтін ал?аш?ы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы ?шін ?ымызды д?ст?рлі ?діс бойынша саба?а ашыт?ан. Сол 1910 жылы Тор?айда темір жол ?ызметкерлерін емдейтін Берс?гір емханасы ж?мыс істеген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ымыз - шипалы сусын»
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс - тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағыМемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.[3]
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен тәжірибелік әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Элконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі құрылымдары.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі - көрнекі әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
мәселені шешу жолын іздестіреді
жаңаны өздері табады
ақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалып-тастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
Сабақтың мазмұны
Оқу жағдайын ескеру
Әдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру
Оқушымен жанама қарым - қатынас
Жұмыс барысын бақылау жұмысы
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
Қойылған мақсатқа жету
Тақырып бойынша өзгерістер енгізу
Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;
- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс - әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс - әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік қалыптарын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Жо5арыда айтыл5ан технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілі пәнінен «Менің отбасым»«Дауысты дыбыстар» «Күзде» тақырыптарында ашық сабақтар өткіздім. Мақсатым: Өзге ұлт балаларына қазақ тілін меңгерту. Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.
Атап айтсам, «Әріптерді сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай - ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б.