-Отыры?дар.Б?гін бізде ерекше бір ?ызы? саба?. Сонды?тан саба??а барлы?ымыз ?атысайы?. Б?гінгі саба?ты? та?ырыбы: "Т?рт т?лік "
-Балалар, б?гін біз сендермен саяхат?а шы?амыз. ?ане к?здері?ді ж?мы?даршы, енді ашайы?. Балалар , біз жайлау?а келдік. ?ане, ?алай демаламыз? Б?ріміз таза ауамен дем алайы?шы. ?ара?даршы жайлауда не жайылып ж?р екен? (Осы кезде ?рісте ж?рген малдарды? дауыстар ?ойылады.
-Д?рыс, айтасы?дар. Ал енді осы малдарды? ?р?айсына то?талайы?.
-Мынау нені? суреті?
-Д?рыс, сиыр. Сиырды? пайдасы ?андай?
Одан не аламыз?
Балаларды? жауаптары:
Сиырды? т?лін -б?зау дейміз. Сиырдан біз с?т, ет, тері аламыз. Ал с?ттен ?айма?, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырды? атасы -Зе?гі баба.
Сиырды аухау-аухау деп ша?ырамыз. Сиыр ш?п, су, жем жейді.
Келесі нені? суреті?
-Д?рыс, жыл?ы. Жыл?ыны? пайдасы ?андай? Одан не аламыз?
Балаларды? жауаптары:
Жыл?ыны? т?лі-??лын. Жыл?ыны к?лік ретінде пайдаланамыз.
К?бінесе, арба?а жегеміз.(отын, ш?п, су, ж?к тасы?анда) Жыл?ыдан біз с?т, ет, тері аламыз С?тінен ?ымыз жасайды .?ымыз-шипалы сусын. Оны ?кпе ауруына емдік ретінде ?олданады. Жыл?ы жем, су, ш?п жейді.Жыл?ыны? атасы-?амбар ата. Оны ??рау-??рау деп ша?ырады.
Ойын: «Т?лін тап»
Ойынны? ма?саты: Малдарды? т?лін тауып алу.Т?лдерін атау.
Келесі нені? суреті?
-Д?рыс, ?ой. ?ойды? пайдасы ?андай? Одан не аламыз?
Балаларды? жауаптары:
?ойды? т?лі-?оша?ан.?ойды Шопан ата ба?ады. ?ойды п?шайт-п?шайт деп ша?ырады. ?ойдан ет, ж?н, тері аламыз. Ж?ннен ?желер байпа?, , ?ол?а? т.б то?иды.
Сабақтың мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері слайд түрінде
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күлімсіреп шықты күн!
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Төрт түлік "
-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады.
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.
Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, түйе. Түйенің төлі-бота.
Түйе киелі жануар.
Ол ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре алады.
Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне қайсың алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
Балалар, ал енді "Не артық? " ойынын ойнайық.
Ойынның мақсаты:Балалардың мақсаты,артық суретті тауып алу.Неге артық екенін түсіндіру.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?
-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтар айтып берем дейді?
(Балалар білген тақпақтарын айтады.)
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Әминә бізге қазақтың биін билеп берем дейді.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.