kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желілі-рөлді ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Желілі-рөлді ойын балалардың ойынға деген,ертегіге деген қызығушылығын арттыру болып саналады,Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөліне кіре отырып ертегіге деген қызыгушылыгы арта туседі,Бул сабақ санаторий балалрымен өткізілді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желілі-рөлді ойын»

Әдістемелік куәлік




Желілі- рөлді ойынның атауы: «Шаштараз»


Мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Қажетті атрибуттар: ойыншық шаш алатын машинка, иіс су шашатын пульверизатор, айна, тарақ т.б.


Қай жасқа арналған: Ересек топ


Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Балаларды рөлдерге дұрыстап бөлу, ойынды өз мәнінде өрбіту.

Тәрбиеші әрі басқарушы, әрі кассир рөлін өзі алады. 2-3 баланы «шаштараз», 1-баланы еден сыпырушы етіп тағайындайды. Қалған балалар шаш алдырушылар. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре отырып, балаларға шашты қию дағдыларын көрсетеді. Әуелі шашты тарап, соосын қиған тәрізді қимылдар жасап, иіс су сепкен тәрізді «пш-пш-пш»- деп сеуіп сосын шашты оңға, не солға жатқызып тарайды.

Балалар кезекпен «Шаштаразға» кіріп, тәрбиеші жазып берген чекті

(ақ қағазға 1-10 аралығындағы санның біреуін жазады), ұсынып, шаштарын алғызып, рахметін айтып ризашылық сезімдерін білдіреді. Әсіресе қыз балалардың шашын тарқатып, қайта өріп әсемдеуге болады.

Осылайша арнайы ұйымдастырылып ойнағаннан кейін, балалар ойынды өздігінен әрі қарай өрбітіп ойнай береді.

















Әдістемелік куәлік




Желілі- рөлді ойынның атауы: «Дүкен»


Мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.


Қажетті атрибуттар: Ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, халат, халпақ, есеп шот т.б.

Қай жасқа арналған: Ересек топ


Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Бұл ойында әуелі жеке-жеке ойнайтын, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.

Балаларды рөлдерге бөлу: 2-бала сатушы, 1- бала кассир, қалғандары тұтынушылар.

Ереже бойынша сатушы да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алғаннан соң , рахмет айтуды ұмытпау керек.Сатушыда өз кезегінде «Тағы келіп тұрыңыз» ,- деп ілтипат білдіреді.

Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есеп шот ,ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш.ойыншық алғысы келген балалар ең алдымен кассирге ақшасын (тақтайшны) төлейді.Не алғысы келгенің айтады.кассир чек жазып береді. Чекті алып сатушыға береді.Маған жасыл машинаны,немесе қызыл көйлекті қуыршақты берініз-дейді

«сСатушы алыныз»,-деп әпереді.Сатып алушы «рахмет»,-деп жауап береді.міне осылайша ойынды әр жолы түрлендіріп,өрбітіп ойната беруге болады.тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.Егер ойынды өз мәнінде ойнай алмай жатса,көмектеседі.













Әдістемелік куәлік




Желілі- рөлді ойынның атауы: «Почташы»


Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ізгілік, инабаттылық, әдептілікке тәрбиелей отырып, ой-өрісін, танымын кеңейту.


Қажетті атрибуттар: Почташының қалпағы, сөмкесі, құстардың эмблемасы, пошта жәшігі, журналдар, сыртында құстардың бейнесі салынған хаттыстар (коверт)


Қай жасқа арналған: Ересек топ



Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «почташы» ойынын ойнаймыз дейді. Балаларға өздеріне таныс құстардың бейнесі салынған эмблемалар беріледі. Эмблеманы моншақ сияқты жіпке өткізіп мойындарына салады, сонда ол баланың кеуде тұсына дәл келеді.

Тәрбеші балаларға: «Қазір бір-біріңе хат жазасыңдар», - деп хабарлайды. Ол үшін хат тысының сыртына өздерің қалаған «құсқа» (достарыңа) жазғыларың келсе, сол «құстың» бейнесі салынған хаттысты аласыңдар. Сол алған хаттысының ішіне өздерің қалаған суреттеріңді салып, почта жәшігіне тастайсыңдар.

Почташы хаттарды жәшіктен сөмкесіне салып, өз иесіне табыстайды. Ойынды әрі қарай өрбітуге болады.

- Сәуле, саған кім хат жазды? – деп ойлайсың? – Не болмаса ненің суреті, атын ата, т.б. сұрақтар қоя отырып, балалардың танымын кеңейтуге болады.















Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Дәрігер»


Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардын игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдылығы, кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.


Қажетті атрибуттар: Дәрігердің ақ халаты, қалпағы, градусник, рецепті жазатын қағаз, қалам, фонендоскоп


Қай жасқа арналған: Ересек топ



Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Балаларды рөльдерге дұрыс бөлу ойынды өз мәнінде өрбіте білу.

Ойын бастамас бұрын тағайындалады; мысалы, дәрігер Темірлан, медбике Айман,ауру бала- қуыршақ, ауру баланың шешесі-Камила, әжесі-Қорлан т.б

Ойын басталды: шешесі ауру баласын дәрігерге әкелді.Темірлан үндемей,градусникті қойды да,балаңыз баспамен ауырып қалыпты деп, дәрінің аты жазылған рецептіні ұсынды. Шешесі баласын ертіп кетуге ыңғайланды.

Тәрбиеші: Балаңыздың қай жері ауырады денесі ыстықпа?

Камила: Денесі ыстық,жөтеледі

Тәрбиеші: қашан ауырды?

Камила: Кеше түннен бері

Тәрбиеші: Тамағы ауыра ма?

Камила: Білмеймін.

Тәрбиеші: Қане, аузынды ашып көрсете ғой,шпадельмен тамағын қарайды. Тамағы қызармаған, жақсы екен.

Тәрбиеші дәрігер Темірланға ары қарай қалай ойнау керектігін көрсетеді.













Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Балабақша»



Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтей білуге баулу. «Сәлеметсіз бе, сау болыңыз, кешіріңіз», т.б сыпайы сөздерді дер кезінде айтқыза отырып, сыпайгершілікке баулу.


Қай жасқа арналған: Ересек топ



Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

1-бала тәрбиеші, 2-сі күтуші, 3-сі мейірбике, 4-сі аспазшы рөлін атқарады. Тәрбиеші: «Бүгін «Балабақша» ойныны ойнаймыз. Күнделікті балабақшада не істейсіңдер, соны ойын арқылы бейнелейсіңдер», -дейді. Тәрбиеші ойынға басшылық жасап, ойынды өрбітеді. Таңертең балабақшаға келген балаларды «мейірбке» қабылдайды . Тазалығын қарайды. Тәрбиеші ойыншықтарды ұсынып, оларды ойнатады. Аспазшы рөліндегі бала ойыншық ыдыс-аяқтарды үстелге қойып, балаларды тамақтануға шақырады. Балалар қолдарын жуған боп, тамаққа отырады. Тәрбиеші:

-Тағамдар дәмді ме?-деп сұрайды.

-Дәмді-деп жауап береді балалар.

Аспазшы:

«Сәуле рахмет айтайық»,-дейді.

Әрі қарай күнделікті режим сәттеріне орай, ойынды өрбітеді.


















Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Ұшқыш»



Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.


Қажетті атрибуттар: Ұшқыштың бас киімі, дүрбі.


Қай жасқа арналған: Ересек топ



Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Балаларды рөлдерге бөл. 4-бала – ұшқыш рөлінде, қалған балалар жолаушылар, 1-бала – хабарлаушы (диктор), 1-бала- тексеруші (кондуктор), 1-бала- кассир.

Тәрбиеші ұшақтың 2-3 түрін атайды. «ТУ», «АН», т.с.с.

Топтағы баллады үш не төрт командаға бөліп, ұшқыш рөліндегі балалардың соңынан қатарға бөлініп тұрады. Хабарлаушы микрофоннан хабарлайды. «Алматы-Семей рейсі бойынша ұшаққа отырғызу басталады». Билеттерін тексерушіге көрсетіп, ұшаққа мінеді. Ұшқыш бала қолын пропеллер сияқты айналдырып ұшады да, жерге қонады. Ойынды әрі қарай өрбітіп, күрделендіріп өткізуге болады.

«Ұшқыш болам»

Көкке ұшамын-

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ғарышкердей ағаның.

(Т.Молдағалиев)















Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Жайлауда»



Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа, ізгілікке т.б. қасиеттерге тәрбиелеу.


Қажетті атрибуттар: киіз үй, домбыра.


Қай жасқа арналған: Ересек топ



Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Бұл ойын жазда далада, қыс мезгілінде топта өткізуге болады. (Киіз үй орналасқан бұрышқа)

Тәрбиеші 2-3 баланы «Жайлауда» қонақ қабылдаушы рөліне тағайындайды. Қалған балаларға, бүгін біз жайлауға қонаққа барамыз. Көңіл көтереміз, ән айтамыз, би билейміз деп хабарлайды. Келген қонақтарды күтушілер қарсы алып амандасып, ән –тақпақ айтамыз, би билейміз деп балаларды көңіл көтеруге шақырады. Ең әуле ауылдың алты ауызын осы жайлауда тұратындар айтып береді. Білетін өлеңдерін, тақпақтарын айтып көңіл көтереді «Орамал тастамақ» ойынын ойнайды.

Тәрбеші қорытып, «Жайлау» жайында мағлұмат береді.

Ескерту: балалар домбыра тартуды білмесе де домбыра тартқызу домбыра үнімен би билету.


















Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Кеме»



Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа, ізгілікке т.б. қасиеттерге тәрбиелеу.


Қажетті атрибуттар: Ағаштан жасалынған кеменің макеті, рульші, капитанның қалпағы, қатты қағаздан жасалынған балықтар.


Қай жасқа арналған: Ересек топ



Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Тәрбиеші балаларды ауладағы ойыншық кеменің қасына әкеледі.

- балалар бүгін күн ашық, қазір біз теңізге саяхатқа шығамыз. Ең алдымен біз арамыздан кемені жүргізуші және капитан сайлап алуымыз керек, - дейді.

Балалар өз қалаулары бойынша капитанмен кеме жүргізушіні тағайындайды, содан кейін әр қайсысы өз орындарына отырады капитан өзінің жүргізушісіне оңға бұр, солға бұр, тур жүр деп басқарып отырады.

Тәрбиеші: « балалар саяхатымыз көңілді болу үшін бәріміз қосылып ән айтайық», - дейді. Сонан соң балалар ән айтады. Бірнеше ән айтқаннан кейін , «Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, бұл кеме ауылға балабақшаға бұрылады» - деп хабарлайды капитан.

Кемемен серуенге шыққанда теңізшілердің еңбегі, балықтардың түрлері жайында мағлұмат беріледі. Тәрбеші: балаларды ұйымдасқан түрде ойнай білуге баулиды.
















Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Балықшылар»


Мақсаты: Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып, еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдалатынын білгізу.


Қажетті атрибуттар: Ау, қатты картон қағаздан жасалынған әр түрлі балықтар.


Қай жасқа арналған: Ересек топ


Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Балықшылар өмірі мен таныстыру.

-Балықшылар не істеді?

-Балық аулайды.

-Балықты немен аулайды?

-балықты аумен аулайды.

-балықшылардың жұмысын көргендеріғң бар ма?

-Жағалауға барып балықшылардың жұмысын көрдік.

-Дұрыс. Аумен балық аулайды екен. Балықшылардың тағы қандай құралдары бар?

- Моторлы қайықтары бар ма?

-Моторлы қайықтары бар.

-Ауды немен тастайды?

-Ауды моторлы қайықпен жүріп құрады. Кішкене жай қайықтары болады.

-Балықшылар аусымен жұмыс жасайды. Балықтарды қайда тапсырады. Қабылдау орынына тапсырады.

Енді, балалар, біз қазір балықшылыр ойынын ойнаймыз. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады. Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алма кезек тарта бастайды. Екінші шетінде бір екі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың қимыл әрекеттерін қадағалау. Балықтың түрлерін сұрау. Олар: бекіре шортан, алабұға , табан т.б.Ау салынып болғаннан кейін реттеп жинап қояды. Келесі балалар ойынға осы әдіспен қатыстырылады. Балалар екі үш топқа бөлініп ойнайды.

Ойынға «Балықшы» тақпағын пайдалануға болады.

Дауылға да қарамай,

Жауынға да қарамай

Балықшылар айдында,

Ау тартады жағалай.

(Ф. Оңғарсынова)


Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Ғарышкерлер»



Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ізгілік, инабаттылық, әдептілікке тәрбиелей отырып, ой-өрісін, танымын кеңейту.


Қажетті атрибуттар: көкшіл матадан тігілген ғарышкердің костюмі. Костюм-киімнің сыртынан кие салуға ыңғайлы, жас нәрестенің көйлегі сияқты, екі жағынан бйлайтын бау тағылады.Бас киімін де көгілдір түсті матадан тігіп, маңдайына жұлдызшаның суретін саламыз. Жалаушалар да қажет.


Қай жасқа арналған: Ересек топ


Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Ойын серуенде, ракета ойыншығының жанында өткізіледі. Балаларды рөлдерге бөлу: командир, механик, дәрігер, ғарышкерлер т.б. Командир ғарышкерлермен жаттығу жүргізеді. Дәрігер денсаулықтарын тексереді. Ракетаға әр жолы 4-5 баладан отырып ұшады. Жерде жалаушамен белгі беріп, ұшатын, қонатын бағытын сілтеп көрсетеді.
























Әдістемелік куәлік



Желілі- рөлді ойынның атауы: «Сән ательесі»



Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа, ізгілікке т.б. қасиеттерге тәрбиелеу.


Қажетті атрибуттар: Іс тігетін ойыншық машина, үлгілер, матаның қиықтары, қуыршақ, сән журналдары.



Қай жасқа арналған: Ересек топ


Желілі- рөлді ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Балаларды рөлдерге бөлу: 3-4-бала тігінші, 2-3-уі киім пішуші (модельер). Ательеге 2-3-бала қуыршақтарын көтеріп, көйлек, т.б. затарды тіккізуге тапсырыс береді. Киім пішуші арнайы өлшеуішпен қуыршақтың көйлегінің ұзындығын, кеудесін, жеңін өлшеп алады да, дайын үлгімен қияды.

Бұл жұмысты ұжымды түрде барлық балалар бірігіп істеуіне әбден болады.
























Желілі- рөлді ойындар тізімі:





  1. Шаштараз

  2. Дүкен

  3. Пошташы

  4. Дәрігер

  5. Балабақша

  6. Ұшқыш

  7. Жайлауда

  8. Кеме

  9. Балықшылар

  10. Ғарышкерлер

  11. Сән ательсі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Желілі-рөлді ойын

Автор: Ажмагамбетова Алма Болатовна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372162

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Баланы? тіліні? дамуына   ойынны? ма?ыздылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(45) "balanyn-tilinin-damuyna-oiynnyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "133953"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416633758"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Желілі –р?лді ойын «К?к?ністер д?кені»"
    ["seo_title"] => string(39) "zhielili-roldi-oiyn-kokonistier-dukieni"
    ["file_id"] => string(6) "320888"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461165650"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Разработка на тему "Ас атасы - нан""
    ["seo_title"] => string(32) "razrabotka_na_tiemu_as_atasy_nan"
    ["file_id"] => string(6) "397477"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488538955"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(14) "?дебиет "
    ["seo_title"] => string(8) "diebiiet"
    ["file_id"] => string(6) "206385"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430157640"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(206) "Мектеп жасына дейінгі  о?ушыларды? мазасызды?тарын т?мендету мен ?зін-?зі ба?алауды к?теруге ба?ыттал?ан жаты?улар. "
    ["seo_title"] => string(132) "miektiep-zhasyna-dieiinghi-ok-ushylardyn-mazasyzdyk-taryn-tomiendietu-mien-ozin-ozi-bag-alaudy-kotierughie-bag-yttalg-an-zhatyg-ular"
    ["file_id"] => string(6) "204301"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429630873"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства