kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі о?ушыларды? мазасызды?тарын т?мендету мен ?зін-?зі ба?алауды к?теруге ба?ыттал?ан жаты?улар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі  о?ушыларды? мазасызды?тарын т?мендету мен ?зін-?зі ба?алауды к?теруге ба?ыттал?ан жаты?улар.

Кейбір балаларда эмоциялы? ?стамдылы? (к?лмеу, мимикалы? ?атысуды? болмауы) бай?алды. Балалар ересек адамны? ?рекеттерін ба?ылады, я?ни, тапсырманы? д?рыс орындалуына сенімсіздік білдірді.  Біртіндеп барлы?ы да ж?мыс?а араласа бастады. ?ызы?ушылы?тар, ?уестену пайда болды. Дегенмен, оларды? арасында кейбір ойынды? тапсырмаларды орындауда б?се?ділік те бай?алды. Ересекті? ойын?а ?атысу ?шін ж?птар?а б?лінуін ?сынуда, балаларды? бір б?лігі ?здеріне бірден ж?п тауып, ?ал?андары ойында балалармен ?арым-?атынас жаса?ысы келмейтінін білдірді.  Белгісіз ойында балаларды? бір б?лігі мазасызды? танытып, ересек адамнан к?мек к?тті. Ойын кезінде толы?ымен ашылып кірісе алма?анадар да болды.

«Танысу» ойыны.

Ж?ргізуші допты балаларды? біреуіне ла?тырады да, д??геленіп т?р?ан балалардан: Мына баланы? аты кім?» - деп с?райды, барлы?ы ?осылып оны? атын атайды. Осылай бірнеше рет ?айталайды.

«Еркелеткен есімдер» ойыны

?р бала?а оны? есіміні? ал?аш?ы ?ріпінен басталатын жа?а еркелетіп айтыл?ан есімдер ойлап табылады. Мысалы, Айжан – айдай с?лу, алтындай, аппа?ым т.б.

«Доппен ойнау».

Ма?саты: ?зін-?зі ба?ылауды дамыту.

Балалар к??ілді музыка?а ?имылдайды. Оларды? ішіндегі ж?ргізушіні? ?олында доп болады. Ол допты ла?тырып «Ербол!» деп ай?айлайды. Топты? ішінде ж?рген Ербол ж?гіріп келіп, допты ?стайды. Ол ойланып ж?ріп, бас?а бір баланы? атын айтады да допты ла?тырады.

?з атын естімей ?ал?ан бала допты ?стай алмаса, ойын ала?ынан шы?ып «к?рерменге» айналады.

?сыныс: балалар бір атты ?айталамауын ?ада?ала?ыз. Ойын?а барлы? балалар ?атысуы керек.

«К?н мен б?лт» ойыны.

Ма?саты: дене б?лшы? еттерін ?атайту мен боса?сыту?а ба?ыттыл?ан.

К?н б?лтты? артына ты?ылды, ауа сал?ындады, жылыну ?шін б?рісіп ?алы?дар (тынысты то?тату керек). К?н б?лтты? артынан шы?ты. Ысты? - боса?су – к?нні? астында ?алжырау (демді шы?ару).

«??ла??а су тиді» ойыны

Ма?саты: мойын б?лшы? еттерін ?атайту мен боса?сыту?а ба?ыттыл?ан.

Ар?ада жату ?алпында біресе бір ??ла?тан суды сілкіп, біресе екінші ??ла?тан суды сілкіп басты белгілі ыр?а?пен шай?ау.

«Штанга» этюды (5-6 жаста?ы балалар?а арнал?ан).

Бала «ауыр штанганы» к?тереді. Содан кейін оны тастайды. Демалады.

«Б?рама» (5-6 жаста?ы балалар?а арнал?ан).

Бастап?ы ?алып: ая?ты? ?кшесі мен ?шы бірге. Денені о??а ж?не сол?а б?ру керек. Осы?ан ?оса, бір мезгілде ?олдар да дене ба?ытымен еркін б?рылады.

Этюд Н.Римский-Корсаковты? «А?ша?ар» операсында?ы «Пляска скоморохов» ?уенімен с?йемелденеді (?зінді).

«Сор?ы мен доп» (5-6 жаста?ы балалар?а арнал?ан).Екі адам ойнайды. Біреуі – ?лкен ?рленетін доп, екіншісі осы допты ?рлейтін сор?ы. Доп б?кіл денесімен былбырап, жартылай б?гілген ая?та т?рады; ?ол мен мойын боса?сып т?рады. Дене т?р?ы ал?а тартыл?ан, бас е?кейген (доп ауамен толма?ан). Бірінші ойыншы ?ол ?имылын «с» дыбысымен ?оса отырып допты ?рлей бастайды (олар ауаны шай?айды). Ауаны берген сайын доп к?бірек ?рлене бастайды. Бірінші «с» дыбысын ести салып, ол кезекті ауа м?лшерін тартып алады бір мезгілде ая?ты? тізесін т?зетеді, екінші «с»-тен кейін денесі т?зеледі, ?шіншісінен кейін басы к?теріледі, т?ртіншісінен кейін беттері ?рленеді ж?не ?олдары да жандарынан кетеді. Доп ?рленді. Сор?ы ?рлеуді то?татты. Бірінші ойыншы доптан сор?ыны? шлангын суырып алады. Доптан ?лкен к?шпен «ш» дыбысымен ауа шы?ады. Дене ?айтадан былбырап, бастап?ы ?алпына келді. Ойыншылар ролдерімен ауысады.

«?ткеншектер» (5-6 жаста?ы балалар?а арнал?ан).

Бала т?рып ?ткеншекте тербеледі.

М?нерлі ?оз?алыстар. 1. Ая?тар алша?тау ?ойыл?ан, ая?ты? табаны еденге тиеді, біра? дене салма?ы бір ая??а аударыл?ан. Дене салма?ын бір ая?тан екіншісіне аударып отыру керек. 2. Бір ая?ты ал?а шы?ару, о?ан дене салма?ын аудару, ал?а-арт?а тербелу. Экспрессияны к?бейту ?шін тізені б?гіп т?зетіп отыру керек.

Этюд Я. Степованы? «?ткеншекте» ?уенімен с?йемелденеді.

«?онжы?тар апанда» (кіріспе ойыны) (4-5 жаста?ы балалар ?шін).

К?з. Ерте ?ара??ы т?седі. ?онжы?тар то?ай ала??айында отырып аю-ананы? ?алы? орман?а кетіп бара жат?анын ?арап отыр. Ол апанны? ішінде олар?а т?сек салу ?шін кетті. ?онжы?тарды? ?й?ысы келіп т?р. Олар бір-бірден аю-анасыны? бас?ан ізімен тура ?йіне барады. ?онжы?тар ?здеріні? т?сектеріне барып, аю-анасы оларды ?й?ы алдында ?ашан ойнататынын к?теді. Аю-ана ?онжы?тарын санайды. Барлы?ы орнында, ойынды бастау?а болады.

«Шишкалармен ойын»

Ма?саты: ?ол б?лшы? еттерін ?атайту мен боса?сыту?а ба?ыттыл?ан.

Ана-аю ?онжы?тар?а шишкаларды ла?тырады. Олар шишкаларды ?а?ып алып, к?шпен ала?анында ?ысады. Шишкалар майда б?лшектерге сынады. ?онжы?тар оларды жан-жа??а ла?тырады да ?олдарын дене бойымен тастайды – ?олдары демалады. Аансы ?айтадан шишкаларды ?онжы?тар?а ла?тырады. Ойынды 2-3 рет ?айталау керек.

«Арамен ойын»

 Ма?саты: ая? б?лшы? еттерін ?атайту мен боса?сыту?а ба?ыттыл?ан.

Аю-ана алтын араны ?онжы?тармен ойнау?а ша?ырады. Балалар тізесін, ?шб?рыш секілді к?тереді. Ара тізелерді? астынан ?шып ?теді. Аю-ана былай дейді: «?шты!», ж?не ?онжы?тар ая?тарын т?зетеді, біра? епті ара ?ол?а т?скен жо?.

Ойынды 2-3 рет ?айталау керек.

«Ысты? - суы?» ойыны.

Ма?саты: дене б?лшы? еттерін ?атайту мен боса?сыту?а ба?ыттыл?ан.

Аю-ана кетіп ?алды. Суы? солт?стік жел ?рып, апан?а тесіктер ар?ылы кірді. ?онжы?тар жаурап ?алды. Олар кішкентай домала? болып б?ктеліп ?алды – жылынып жатыр. Ысты? болды. ?онжы?тар ашылды. ?айтадан солт?стік желі ?рды.

Ойынды 2-3 рет ?айталау керек.

«Мойын ора?ышпен ойын»

Ма?саты: мойын б?лшы? еттерін боса?сыту?а ба?ыттыл?ан.

Анасы келіп олар енді жаурамас ?шін мойын ора?ыштарды таратты. ?й?ылы ояу ?онжы?тар, к?здерін ашпастан, мойын ора?ыштарды мойындарына орады. ?онжы?тар мойындарын ары-бері айналдырды: жа?сы, мойындары жылынды.

«Айда?ар ?з ??йры?ын тістейді» ойыны.

К??ілді музыка ойнайды. Балалар бір-біріні? артына т?рып, иы?тарынан ?стайды. Бірінші бала – «Айда?арды? басы», ал со??ысы – «Айда?арды? ??йры?ы» болады. «Айда?арды? басы» «??йры?ын» ?стап ал?ысы келеді, ал ол ?ашып ??тылуы ?ажет.

Н?с?аулы?: осы ойында балаларды? ?здеріне ж?ргізуші болу м?мкіндігін беру ?ажет. Ойын кезінде балалар бір-бірін босатпауын ?ада?алау керек.

«Жел мен желба?ар» ойыны.

Ма?саты: ке?істікке бейімделу, есте са?тау, есту ар?ылы ?абылдау ж?не зейінді дамыту.

Жетекші балалардан солт?стікті?, о?т?стікті?, батысты? ж?не шы?ысты? не екенін білетіндері туралы с?райды. Жел ролін ат?аратын ж?ргізуші та?далып, бас?а балалар – желба?арлар болады. Ж?ргізуші: «Жел солт?стіктен со?ып т?р» - дегенде, желба?арлар беттерін о?т?стікке б?рулары ?ажет, егер жел батыстан со?са – желба?арлар шы?ыс?а ?арайды ж?не сол сия?ты. «Дауыл» дегенде, желба?арлар бір орында т?рып айналады, «Тымы? ауа» болса – барлы?ы т?ра ?алады. Ережелерді ме?геру ?шін дайынды? жаса?ан д?рыс. Ойын жылдам ж?ргізіледі.

Т?жірибелік ж?мысты? екінші кезе?інде балалар ?зіні? м?мкіндіктеріне, тапсырманы? д?рыс орындалуына сенімді бола бастады, балаларды? ?зін-?зі ба?алауы к?терілді. Балалар барлы? ойындар?а белсенді араласып, ойын?а ?ысылмай ?атысуы (балалар к?ліп, ?здері ?имылдар жасады ж?не бас?а ?атысушыларды? орындау д?рысты?ына ба?ытталды) бай?алды.  Балалар барлы? ойындар?а, бас?алармен ?атар араласты. Бас?а ?атысушыларды эмоциялы? т?р?ыда ?абылдауы сезілді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі о?ушыларды? мазасызды?тарын т?мендету мен ?зін-?зі ба?алауды к?теруге ба?ыттал?ан жаты?улар. »



Мектеп жасына дейінгі оқушылардың мазасыздықтарын төмендету мен өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған жатығулар.

Кейбір балаларда эмоциялық ұстамдылық (күлмеу, мимикалық қатысудың болмауы) байқалды. Балалар ересек адамның әрекеттерін бақылады, яғни, тапсырманың дұрыс орындалуына сенімсіздік білдірді. Біртіндеп барлығы да жұмысқа араласа бастады. Қызығушылықтар, әуестену пайда болды. Дегенмен, олардың арасында кейбір ойындық тапсырмаларды орындауда бәсеңділік те байқалды. Ересектің ойынға қатысу үшін жұптарға бөлінуін ұсынуда, балалардың бір бөлігі өздеріне бірден жұп тауып, қалғандары ойында балалармен қарым-қатынас жасағысы келмейтінін білдірді. Белгісіз ойында балалардың бір бөлігі мазасыздық танытып, ересек адамнан көмек күтті. Ойын кезінде толығымен ашылып кірісе алмағанадар да болды.

«Танысу» ойыны.

Жүргізуші допты балалардың біреуіне лақтырады да, дөңгеленіп тұрған балалардан: Мына баланың аты кім?» - деп сұрайды, барлығы қосылып оның атын атайды. Осылай бірнеше рет қайталайды.

«Еркелеткен есімдер» ойыны

Әр балаға оның есімінің алғашқы әріпінен басталатын жаңа еркелетіп айтылған есімдер ойлап табылады. Мысалы, Айжан – айдай сұлу, алтындай, аппағым т.б.

«Доппен ойнау».

Мақсаты: өзін-өзі бақылауды дамыту.

Балалар көңілді музыкаға қимылдайды. Олардың ішіндегі жүргізушінің қолында доп болады. Ол допты лақтырып «Ербол!» деп айқайлайды. Топтың ішінде жүрген Ербол жүгіріп келіп, допты ұстайды. Ол ойланып жүріп, басқа бір баланың атын айтады да допты лақтырады.

Өз атын естімей қалған бала допты ұстай алмаса, ойын алаңынан шығып «көрерменге» айналады.

Ұсыныс: балалар бір атты қайталамауын қадағалаңыз. Ойынға барлық балалар қатысуы керек.

«Күн мен бұлт» ойыны.

Мақсаты: дене бұлшық еттерін қатайту мен босаңсытуға бағыттылған.

Күн бұлттың артына тығылды, ауа салқындады, жылыну үшін бүрісіп қалыңдар (тынысты тоқтату керек). Күн бұлттың артынан шықты. Ыстық - босаңсу – күннің астында қалжырау (демді шығару).

«Құлаққа су тиді» ойыны

Мақсаты: мойын бұлшық еттерін қатайту мен босаңсытуға бағыттылған.

Арқада жату қалпында біресе бір құлақтан суды сілкіп, біресе екінші құлақтан суды сілкіп басты белгілі ырғақпен шайқау.

«Штанга» этюды (5-6 жастағы балаларға арналған).

Бала «ауыр штанганы» көтереді. Содан кейін оны тастайды. Демалады.

«Бұрама» (5-6 жастағы балаларға арналған).

Бастапқы қалып: аяқтың өкшесі мен ұшы бірге. Денені оңға және солға бұру керек. Осыған қоса, бір мезгілде қолдар да дене бағытымен еркін бұрылады.

Этюд Н.Римский-Корсаковтың «Ақшақар» операсындағы «Пляска скоморохов» әуенімен сүйемелденеді (үзінді).

«Сорғы мен доп» (5-6 жастағы балаларға арналған).Екі адам ойнайды. Біреуі – үлкен үрленетін доп, екіншісі осы допты үрлейтін сорғы. Доп бүкіл денесімен былбырап, жартылай бүгілген аяқта тұрады; қол мен мойын босаңсып тұрады. Дене тұрқы алға тартылған, бас еңкейген (доп ауамен толмаған). Бірінші ойыншы қол қимылын «с» дыбысымен қоса отырып допты үрлей бастайды (олар ауаны шайқайды). Ауаны берген сайын доп көбірек үрлене бастайды. Бірінші «с» дыбысын ести салып, ол кезекті ауа мөлшерін тартып алады бір мезгілде аяқтың тізесін түзетеді, екінші «с»-тен кейін денесі түзеледі, үшіншісінен кейін басы көтеріледі, төртіншісінен кейін беттері үрленеді және қолдары да жандарынан кетеді. Доп үрленді. Сорғы үрлеуді тоқтатты. Бірінші ойыншы доптан сорғының шлангын суырып алады... Доптан үлкен күшпен «ш» дыбысымен ауа шығады. Дене қайтадан былбырап, бастапқы қалпына келді. Ойыншылар ролдерімен ауысады.

«Әткеншектер» (5-6 жастағы балаларға арналған).

Бала тұрып әткеншекте тербеледі.

Мәнерлі қозғалыстар. 1. Аяқтар алшақтау қойылған, аяқтың табаны еденге тиеді, бірақ дене салмағы бір аяққа аударылған. Дене салмағын бір аяқтан екіншісіне аударып отыру керек. 2. Бір аяқты алға шығару, оған дене салмағын аудару, алға-артқа тербелу. Экспрессияны көбейту үшін тізені бүгіп түзетіп отыру керек.

Этюд Я. Степованың «Әткеншекте» әуенімен сүйемелденеді.

«Қонжықтар апанда» (кіріспе ойыны) (4-5 жастағы балалар үшін).

Күз. Ерте қараңғы түседі. Қонжықтар тоғай алаңқайында отырып аю-ананың қалың орманға кетіп бара жатқанын қарап отыр. Ол апанның ішінде оларға төсек салу үшін кетті. Қонжықтардың ұйқысы келіп тұр. Олар бір-бірден аю-анасының басқан ізімен тура үйіне барады. Қонжықтар өздерінің төсектеріне барып, аю-анасы оларды ұйқы алдында қашан ойнататынын күтеді. Аю-ана қонжықтарын санайды. Барлығы орнында, ойынды бастауға болады.

«Шишкалармен ойын»

Мақсаты: қол бұлшық еттерін қатайту мен босаңсытуға бағыттылған.

Ана-аю қонжықтарға шишкаларды лақтырады. Олар шишкаларды қағып алып, күшпен алақанында қысады. Шишкалар майда бөлшектерге сынады. Қонжықтар оларды жан-жаққа лақтырады да қолдарын дене бойымен тастайды – қолдары демалады. Аансы қайтадан шишкаларды қонжықтарға лақтырады. Ойынды 2-3 рет қайталау керек.

«Арамен ойын»

Мақсаты: аяқ бұлшық еттерін қатайту мен босаңсытуға бағыттылған.

Аю-ана алтын араны қонжықтармен ойнауға шақырады. Балалар тізесін, үшбұрыш секілді көтереді. Ара тізелердің астынан ұшып өтеді. Аю-ана былай дейді: «Ұшты!», және қонжықтар аяқтарын түзетеді, бірақ епті ара қолға түскен жоқ.

Ойынды 2-3 рет қайталау керек.

«Ыстық - суық» ойыны.

Мақсаты: дене бұлшық еттерін қатайту мен босаңсытуға бағыттылған.

Аю-ана кетіп қалды. Суық солтүстік жел ұрып, апанға тесіктер арқылы кірді. Қонжықтар жаурап қалды. Олар кішкентай домалақ болып бүктеліп қалды – жылынып жатыр. Ыстық болды. Қонжықтар ашылды. Қайтадан солтүстік желі ұрды.

Ойынды 2-3 рет қайталау керек.

«Мойын орағышпен ойын»

Мақсаты: мойын бұлшық еттерін босаңсытуға бағыттылған.

Анасы келіп олар енді жаурамас үшін мойын орағыштарды таратты. Ұйқылы ояу қонжықтар, көздерін ашпастан, мойын орағыштарды мойындарына орады. Қонжықтар мойындарын ары-бері айналдырды: жақсы, мойындары жылынды.

«Айдаһар өз құйрығын тістейді» ойыны.

Көңілді музыка ойнайды. Балалар бір-бірінің артына тұрып, иықтарынан ұстайды. Бірінші бала – «Айдаһардың басы», ал соңғысы – «Айдаһардың құйрығы» болады. «Айдаһардың басы» «құйрығын» ұстап алғысы келеді, ал ол қашып құтылуы қажет.

Нұсқаулық: осы ойында балалардың өздеріне жүргізуші болу мүмкіндігін беру қажет. Ойын кезінде балалар бір-бірін босатпауын қадағалау керек.

«Жел мен желбағар» ойыны.

Мақсаты: кеңістікке бейімделу, есте сақтау, есту арқылы қабылдау және зейінді дамыту.

Жетекші балалардан солтүстіктің, оңтүстіктің, батыстың және шығыстың не екенін білетіндері туралы сұрайды. Жел ролін атқаратын жүргізуші таңдалып, басқа балалар – желбағарлар болады. Жүргізуші: «Жел солтүстіктен соғып тұр» - дегенде, желбағарлар беттерін оңтүстікке бұрулары қажет, егер жел батыстан соқса – желбағарлар шығысқа қарайды және сол сияқты. «Дауыл» дегенде, желбағарлар бір орында тұрып айналады, «Тымық ауа» болса – барлығы тұра қалады. Ережелерді меңгеру үшін дайындық жасаған дұрыс. Ойын жылдам жүргізіледі.

Тәжірибелік жұмыстың екінші кезеңінде балалар өзінің мүмкіндіктеріне, тапсырманың дұрыс орындалуына сенімді бола бастады, балалардың өзін-өзі бағалауы көтерілді. Балалар барлық ойындарға белсенді араласып, ойынға қысылмай қатысуы (балалар күліп, өздері қимылдар жасады және басқа қатысушылардың орындау дұрыстығына бағытталды) байқалды. Балалар барлық ойындарға, басқалармен қатар араласты. Басқа қатысушыларды эмоциялық тұрғыда қабылдауы сезілді.

















Кәсіби өзіндік сана-сезім және оның құрылымын зерттеудегі теориялық бағыттар


Қазіргі уақытта кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау мәселелсі өзекті. Өзгермелі еңбек нарығы түрлі деңгейдегі мамандардың тұлғалық және кәсіби сапаларына жоғары талаптар қояды. Тұлғаның кәсіби қалыптасу мәселесіне бірқатар еңбектер арналған (В.А.Бодров, Е.А.Климов, А.К.Маркова, Н.С.Пряжников, Э.Ф.Зеер т.б.).

Біздің зерттеуімізде психолог мамандығы алынып отыр, себебі, ол индивидтерге, топтарға ықпал ету мүмкіндігіне ие, олардың практикалық мәселелерін шешуге міндетті. Адамдардың сенімін сақтап қалу үшін, түрлі қайшылықты жағдайларда бағдарлана білу үшін психолог бойында бірқатар кәсіби және тұлғалық қасиеттер болуы керек.

Студенттік кезең адамның «өмірлік әрекет субъектісі ретінде» қалыптасатын шағы

Жоғары курс студенттерінің көбінің кәсіби саладағы өмірлік мақсаттары қалыптасқан және оны жүзеге асыруды бастап жатады.

Психологтардың кәсіби іс-әрекеттегі табыстылығына өзіне деген қатынастың ықпалы жоғары.

Өзіне деген қатынастың теориялық мәселелері И.С.Конның, М.И.Лисинаның, В.В.Столиннің, И.И.Чеснокованың, С.Р.Пантелеевтың, А.А.Бодалевтың, К.Роджерстің, К.Хорнидің Р.Бернстің еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Психологиялық әдебиеттерде өзіне деген қатынас – өзіндік сана-сезімнің эмоциялық компоненті деп түсініледі. Ол бір жағынан өзін танумен байланысты болса, екіншіден, өзіндік реттеу мен өзін дамытуға алғышарттар қалыптастырады. Өзіне деген қатынас өзінің құндылығын сезінумен анықталады.

Өзіне деген қатынас компоненттері:

  1. Жабықтық екі тенденцияның бірінің басымдығын анықтайды: немесе комформдылық, әлеуметтік қолдау мотивациясының басымдығы. Немесе сыншылдық, өзін ұғыну өзімен ашық және шыншыл болу;

  2. Өзіне сенімділік өзін сыйлау, өзіне сенімді, ерікті, тәуелсіз тұлға ретіндегі қатынас;

  3. Өзіне өзі жетекшілік ету, өз белсенділігін өзі басқаруы, өзін дамытуға деген ұмтылыстары;

  4. Өзін басқаларға ұнамды, құрметтеуге лайық деген түсініктермен сипатталады;

  5. Өзінің өзі үшін құндылығын және басқалар үшін құндылығын сезіну;

  6. Өзін қабылдау өзін ұнату, өзін қандай болса сондаймын беп қабылдау;

  7. Ішкі конфликтілердің болуы, өзімен келіспеушілік, өзін қазбалауға деген тенденцияның болуы, рефлексия;

  8. Өзін кіналау өз «Меніне» қатысты жағымсыз эмоциялардың басым болуы.

Психологтың табысты кәсіби іс-әрекеті тек ішкі «Меннің» гармониясында ғана мүмкін болады.

В.Н. Мясищев тұлғаның қатынастарының жүйесі оның итермелеуші күші деген жаңалық ашқан. Тұлға дамуының негізгі мазмұны «өмір өзгермелі жағдайларды (қоғам талаптары мен мүмкіндіктері) қалыптастырады, бұл өзгерістер адам бойында қалыптасқан қажеттіліктер және ішкі мүмкіндіктермен соқтығысып, адамдарды жаңалықтарды меңгеріуге және өзін өзгертуге итермелейді, нәтижесінде жаға қажеттіліктер туындап және ішкі мүмкіндіктер қалыптасады» деген. Тұлға дамыған сайын оның қоршаған шындыққа деген қатынастары да өзгеріп отырады. «Даму шарттарына байланысты тұлға қалыптасуы да түрлі нәтижелерге әкеледі» .

А.Ф.Лазурскийдің тұлға концепциясында тұлғаның қатынастар жүйесі - тұлғаның негізі делінген болатын. Адамның психикалық болмысының құраушыларының барлығы қатынастармен байланысты болады, іс-әрекетті ұйымдастырудағы адамның функционалды мүмкіндіктері іс-әрекет міндеттеріне жағымды қатынастар орнаса ғана анықталады. Адамдармен жағымды не жағымсыз өзара қатынастар тәжірибесі соған сәйкес тұлғаның ішкі қатынастар жүйесін қалыптастырады.

Қатынас орнауы үшін субъект пен объект қажет, ал адамның «Мені» бір мезетте қатынас объектісі де субъектісі де болады деген Н.И.Сарджевалидзе. Н.И.Сарджевалидзе пікірінше, «Тұлға – әлеуметтік қатынастар жүйесінде өзіндік орны бар және қоршаған ортасына белгілі бір түрде қатынас жасаушы ғана емес, сонымен қатар ерекше түрдегі өзіне деген қатынасымен сипатталатын жүйе». Тұлғаның өзіне деген қатынастары оның жалпы қатынастар жүйесінің құрылымдық бірлігі .

Психологиялық әдебиеттерде өзіне деген қатынастардың қарама-қайшылықты екі қызметі бар деп саналады: «мен бейнесін» адекватты көрсету функциясы және өзін сыйлауды, «мен бейненің» тұрақтылығын сақтауға бағытталған эго-қорғаныс функциясы. Өзіне көңілі толмау өзін жетілдірудің қозғаушы күші болады, сонымен қатар, сыртқы әсерлерді қабылдауды тежейтін эмоциялық барьерлерді де қалыптастыруы мүмкін. Өзіне деген қатынастардың қорғаныс процестері өзін дамыту, тұлғалық өсу процестерімен тығыз байланыста жүреді. Екеуіне де бірдей тұлғалық күйлер тән: ішкі конфликтілер, өзіне көңілі толмау т.б.

ЖОО түскенде, жұмысқа тұрғанда жастар жаңа әлеуметтік қатынастар жүйесіне енеді, оның күтімдері өзгеріп, болашақтан үміттері пайда болады. Яғни әлеуметтену процесі тереңдей түскен сайын тұлғаның өзін қайта ұғынуы да жүреді. Жастық шақта әлеуметтену прцесі белсенді жүріп, жастар жаңа рольдерді белсенді меңгереді. Егер балалық шақта рольдерді ересек адамдар анықтайтын болса, енді жасөспірім алдында өзбетінше ролдік мінез-құлықты таңдау тұрады.

Өзіне деген қатынастардың қалыптасуы өзін-өзі танудың екі деңгейінде жүзеге асырылады. Бірінші деңгейде, өзіне деген эмоциялық-құндылықтық қатынас адамның өзін басқалармен салыстыруының нәтижесінде туындайды. Екінші деңгейінде адам өзін өзімен салыстыру негізінде өзіне деген қатынастарын қалыптастырады.

Адамдармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби дамуының фундаменталды шарты олардың өздерінің ішкі жан дүниесін жетілдіріп, кәсіби өзіндік сана-сезімінің деңгейін арттыруды ұғынуы.

Педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың іс-әрекеттерінің эмоциялық әрлілігі, жан-жақтылығы, байлығы осы мамандықтар иелерінің өздерінін үнемі маман ретінде зерттеулерін қажет етеді. Бұл кезде кәсіби маңызды қасиеттерді ұғыну ғана жүрмейді, сонымен қатар маман ретіндегі өзіне деген белгілі бір қатынастардың қалаптасуы жүреді. Сонымен бірге, кез-келген адам өз еңбегіне қанағаттану немесе көңілі толмау сезімдерін бастан кешеді, өзінің «мен бейнесінің» идеалды маман бейнесіне сәйкес келуін эмоциялық бастан өткереді. ЖОО кәсіби даярлық кезінде тұлғаның маман ретінде қалыптасуы жүреді, бұл кездегі өзіне деген қатынасқа жоғары оқу орнында оқу да, таңдаған мамандығы да ықпал етеді.

Қазіргі өзгермелі қоғамда мамандардың кәсіби даярлығының табыстылығы ерекше өзекті. Қоғамға білікті, адамгершілік тұрғысынан қарым-қатынас жасай алатын, өздеріне сенімді, өз ісіне жанымен берілген, өзін дамытуға, өздігінен білім алуға, өзін жүзеге асыруға деген қажеттіліктері жоғары мамандар керек. Бірақ кәсіби білім беру мекемелері студенттердің кәсіби дамудың ресурсты көзі ретіндегі өзінеқатынастарын дамытуға көңіл бөлмей отыр. Сондықтан да, оқыту-тәрбиелеу процесінің кәсіби бағыттылығын жетілдіру мақсатында болашақ мамандардың жағымды өздеріне деген қатынастарының дамуын зерттеп, оны анықтайтын психологиялық шарттарды анықтау қажет. Бұл студенттердің психологиялық, тұлғалық және кәсіби потенциалдарын ашуға мүмкіндік жасайды және әлеуметтік өзгермелі ортадағы әлеуметтену мен индивидуализация процестерінің табыстылығын арттырады.

Өзіне көңілі толы маман кәсіби іс-әрекетінің шеңберінде адамдармен қарым-қатынас кезінде ішкі шиеленісушілік және мазасыздық күйлерін бастан кешірмейді, өзіндік бағалауы адекватты, өзіне деген қатынастары жағымды маман ондай қасиеттері жоқ әріптесіне қарағанда адамдармен қатынас жасауда ашық, кәсіби міндеттерді шешуде белсендірек, алдына келген адамдарды шартсыз қабылдайтын болады. Мұндай психолог мамандар басқалардың өзіндік бағалауы мен өздеріне деген қатынастарына жағымды ықпал етіп, олардың сәттілікке ұмтылуларына, тұлғалық дамуларына әсер етеді .

Психологиялық әдебиеттерде «өзіндік сана-сезім», «Мен», «Мен-концепция», «өзі туралы түсінік», «өзіне деген қатынас», «өзіндік бағалау», «Мен-бейнесі» сияқты әртүрлі терминдер кездеседі. «Өзіндік сана-сезім» термині осылардың барлығын жалпылаушы, олардың процессуалды жағын да, құрылымдық сипаттарын да біріктіруші ретінде қолданылады. «Өзіндік таным», «өзі туралы түсінік» ұғымдары өзіндік сана-сезімнің когнитивті жағын — адамның өзі туралы білімдерін сипаттауда қолданылады. Өзіндік сана-сезімнің эмоциялық жағын сипаттауда «өзіне деген қатынас», «өзіндік бағалау», «өзін түсіну» терминдері қолданылады. «Мен бейне» - өзіндік сана-сезімнің когнитивті, эмоциялық және реттеуші жақтарының үздіксіз әрекетінің-соңғы нәтижесі болатын құрылым .

Өзіндік сана-сезім мәселесі отандық, ресейлік, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

К.Роджерс «Мен-концепция» дегенде адамның өз-өзін қабылдауын түсінеді, индивидтің мінез-құлқын қадағалаушы және интеграциялауы механизм деп қарайды .

Көптеген авторларды өзіндік сана-сезімнің пайда болуы, оның құрылымы мен деңгейлік ұйымдасу мәселелері қызықтырады.

И.И.Чеснокова өзіндік өзіне деген қатынастың 2 деңгейін бөлуді
ұсынады. Бірінші деңгейде, адам өзі туралы білімдерді «Мен»
және «басқа адамдарды» салыстыру арқылы алады. Бірінші
қандай да бір қасиеттің басқа адам бойында көрінуі кабылданып,
түсініледі, содан кейін ғана өзіне ауыстырылады. Бұл деңгейге
тән ішкі амалдар - өзін қабылдау мен өзін бақылау. Екінші
деңгейде, өзі туралы білімдер аутокоммуникация процесінде,
яғни «Мен және Мен» шеңберінде алыналы. Адам өзі туралы
дайын, өткен уақыттағы әр үрлі жағдайларда қалыптастырылған білімдірді қолданады. Мұндағы ішкі амал - өзін талдау және өзін мағыналау болады. Осы екінші деңгейде адам өзінің мінез-құлқын өзі жүзеге асыратын мотивацияларымен салыстырады. Осы екінші деңгейдей өзіндік сана-сезімнің жоғары дамуына өмірлік мақсаттар мен жоспаларды қалыптастырған кезде, өзінің қоғамдық құндылығын қалыптастырған кезде жетеді .

Р.Бернс «Мен-концепцияның» құрылымдық ілімін сәл өзгерек баяндады. «Мен бейнесі» нұсқаулық жүйе ретінде түсініледі; нұсқаулардың үш компоненті бар: когнитивті, аффективті және осы екеуінен туындайтын мінез-құлықтық компонент. «Осы үш әлементті «Мен-концепцияда» қолдануға болады. Сонда, «Мен-бейне» - индивидттің өзі туралы білімдері, «өзіндік бағалау» - осы білімдердің аффективті бағалануы және потенцияалдық мінез-құлықтық реакция - «өзіндік реттелу», яғни «Мен-бейне» мен өзіндік бағалау әсерінен туған нақты әрекеттер ретінде анықталады.

И.С.Кон да «Мен бейнесін» нұсқаулық жүйе деп түсінген, оның да танымтық, эмоциялық, реттеуші компоненттері бар. «Мен-бейненің» төменгі деңгейі саналанбаған нұсқауды бастан кешу арқылы жүреді, психологияда «өзіндік сезіммен» және өзіне деген эмоциялық қатынаспен ассоциацияланады; одан жоғары жеке қасиеттерді саналау мен өзіндік бағалау орналасады; одан кейін жеке өзіндік бағалаулар бүтін бейнеге бірігеді; және бұл «Мен бейнесі» тұлғаның өмірлік іс-әрекеттері, мақсаттарымен байланысты құндылықтар жүйесіне енеді»/10/.

В.В.Столин пікірі бойынша, өзіндік сана-сезім үш деңгейде жүзеге асады: субъектінің органикалық белсенділігі жүйесінде; оның ұжымдық заттық іс-әрекеті жүйесінде және оның көптеген іс-әрекеттермен байланысты тұлғаның даму жүйесінде бейнеленуі /6/.

Өзіндік сана-сезімнің органикалық деңгейі. Бұл деңгейде өзіндік сана-сезім «физикалық Менді» бейнелейді. Ол «өзіндік күй» деп анықталады. Басқаша айтсақ, физиологиялық және психологиялық комфортты сезіну деуге болады. Өзіндік күй адамның әрекеттерін анықтамағанымен, бұл «Мен-бейнесі» мінез-құлық формасына әсер етеді. Мысалы, өзін дені сау, физикалық әдемі сезіну басқа адамдармен өзара қатынасқа әсер етіп, өзіне сенімділік сезімін шақырады.

Өзіндік сана-сезімнің индивидтік деңгейі. Басқа адамдармен әр түрлі қатынастарға түсе отырып адам белгілі бір норма, ереже, дәстүрлерге бағынады. Бұл деңгейдегі «Мен-бейнесі» адамның қоғам талаптарына сай, сай емес екендігінің деңгейін бейнелейді. Өзін әлеуметтік индивид ретінде саналай отырып адам, өзін белгілі топқа тиістейді. Сол топтармен идентификациялана отырып, ол өзіне басқалардың көзімен «қарайды». Басқалармен әр түрлі қатынастарға ене отырып, адам әр түрлі бағалауларға ұшырайды. Басқалардың бағалары өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болады. Бағалар мен өзіндік бағалау арасында байланыстар бір мәнді емес. Адекватты емес бағалар, әрқашанда, сондай өзіндік бағалаудың қалыптасуына әкеле бермейді.

Өзін бағалау адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, қарым-қатынасын реттеуге қатысатын маңызды тұлғалық құрылым. Өзін бағалау әрқашанда субъективті. Адамның қабылдаған құндылықтары оның өзін бағалауының ядросы болады. Өзін бағалау құрылымында үш компонентті бөліп көрсетуге болады: танымдық (когнитивті); эмоциалық; регулятивті.

Танымдық компонент—адамның өзіне деген рационалды қатынасын бейнелейді, оның нәтижесінде сапалық сипаттамалар мен көріністер тіркеледі. Адам оларды негіздеуге тырысады. Эмоциялық компонент—өзіне деген бастан кешірілетін қатынасты білдіреді. Оның саналануы төмен, сондықтан ол рационалды өзіндік бағалаумен кейде қайшылыққа түседі. Рационалды және эмоционалды компоненттердің келіспеушілігі мінез-құлыққа әсер етеді, оның жағдайға адекваттылығын төмендетеді. Осылайша, өзінбағалау құрылымындағы рационалды мен эмоциялық, регулятивті компонентпен, яғни өзін бағалаудың мінез-құлықта жүзеге асуымен тығыз байланысты.

Адамның өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалауы адекватты және адекватты емес болуы мүмкін. Адекватты дегеніміз өзінбағалаудың адамның реалды сипаттамаларымен сәйкес келуі. Адекватты емес өзіндікбағалау жоғары не төмен болады. Төмен өзіндікбағалау өзіне деген сенімсіздік сезімін, шешім шығара алмау, инициативасыздыққа, кемдік комплексінің пайда болуына жағдай жасайды. Жоғары өзіндікбағалау, керісінше, шыдамсыздық, менмендік, агрессивтілік, күдікшілдік пен қызғаншақтық сияқты касиеттердің дамуына жағымды жағдай жасайды.

Осылайша, өзіндікбағалау, бір жағынан адамның мінез-
құлық стратегиясы мен өзарақатынастарына әсер етеді. Ал,
екінші жағынан тәрбиенің, қалыптасқан құндылықтық бағдарлардың, өткен тәжірибенің нәтижесі.

Өзіндік сана-сезімнің тұлғалық деңгейі. Өмірлік әрекет процесінде адам қоғамдық нормалар мен ережелерге бағынады. Бірақ талаптар жүйесі жағдайлардың барлық варианттарын ескере алмайды. Сондықтан адам таңдауы керек. Таңдаудағы еркіндік пен сол таңдауына жауапкершілік өзіндік сана-сезімнің тұлғалық деңгейінің критериі болып табылады. Көп мүмкіндіктер ішінен тандау жасаудың өзі құнды мен мәндінің жолында басқасынан бас тартуды талап етеді. Оны жүзеге асыру үшін әр түрлі тұлғалық көріністердің болуы қажет. Адам өзі үшін маңызды нәрседен одан да маңыздырақ нәрсе үшін бас тартуы керек. Онда бір әрекет тұлға үшін қарама-қайшылықты мәнге ие болады

А.И.Липкина пікірі бойынша, «Мен-бейнесі» аффективті когнитивті сипатта, ол адамның өзіне деген эмоциялық қатынасынан және өзі туралы когнитиві түсініктерден тұрады. Оның ойынша «Мен-бейне» күрделі архитектоникалы: оның орталық құрылымы бар - онда өзі туралы білімдер өңделген тұрақты түрде кездеседі, жалпы өзіндік бағалау да осы жерде туындап, қызмет етеді; сонымен қатар «периферия» бар, оған өзі туралы жаңа ақпараттар түсіп отырады, бұл білімдер өзі туралы түсініктердің өзгеруіне әсерін тигізеді .

«Мен-концепция» мәселелерінің алғашқы өңдеушілерінің бірі У.Джемс. Ол үлкен тұлғалық «Менді» екі жақты құрылым ретінде қарастырады: онда «сана-Мен» және «объект ретіндегі Мен» бірігеді. Бүтіндіктің осы екі жағы бір мезетте тіршілік етеді. Олардың бірі таза тәжірибе (саналаушы Мен), ал екіншісі — осы тәжірибенің мазмұны (Мен, объект ретінде). Джемс бойынша, «объект ретіндегі Менге» өзімдікі дей алатын нәрселерінің барлыгы енеді. Оның төрт құрылымдық бөлігі бар және оларды мәнділік реті бойынша орналастыруға болады: «рухани Мен», «материалды Мен», «әлеуметтік Мен» және «физикалық Мен» .

Э.Эриксон теориясында «Мен-концепциясы» мәселесі биологиялық негізде пайда болып, белгілі бір мәдениет өнімі ретінде түсінілетін Эго-бірдейлік призмасы арқылы қарастырылады. Меннің бірдейлігінің қалыптасуы - өзіндік сана-сезім мен өзіндік танымның үздіксіз кеңейуіне негіз болатын процесс. Әриксон тұлғаның, оның өзіндік сана-сезімінің дамуын өзіндік ерекшеліктері бар кезеңдердің біртіндеп ауысуы ретінде қарастырады .


Өзіндік сана-сезім мәселесі бірқатар Қазақстандық ғалымдардың да зерттеулеріне арқау болған. Отандық ғалымдар этникалық өзіндік сана-сезім мәселелерін көтерді.

Б.П.Мырзатаеваның зерттеуінде тұлғаның этностық өзіндік сана-сезімінің психологиялық негіздеріне, онтогенезде қалыптасып дамуына теориялық талдау жасалынған. Этностық өзіндік сана-сезімнің онтогенезде қалыптасуына қолайлы кезеңдермен, оған әсер ететін факторлар айқындалған (3-4 жаста - сырт пішін, 4-5 жаста - ана тілі, 6-7 жаста - ұлттық салт дәстүр) .

Л.К.Көмекбаева ғылыми зерттеуінде этникалық өзіндік сана-сезім ерекшеліктеріне зейін қояды. Зерттеудің бір болжамы ретінде жеткіншектердің өзіндік сана-сезімінің дамуына мұғалімдердің өзіндік сана-сезім ерекшеліктері әсер ететіндігі көрсетілген. Этникалық өзіндік сана-сезімнің құрамындағы этникалық бірдейліктің мазмұны ашылған .

И.Қ.Аманова өзіндік сана-сезімнің маңызды компоненті өзін-өзі тану проблемасын этнопсихологиялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді. Түрлі ұлт өкілдерінің өзін-өзі тану ерекшеліктерінің этномәдени сәйкестілік типіне тәуелділігін зерттеген .

Қазақстандық зерттеушілер еңбектерінде өзіндік сана-сезімнің онтогенездегі даму ерекшеліктеріне арналған жұмыстар да бар.

М.Н.Махаманованың зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік сана-сезімнің маңызды компоненттерінің бірі өзін-өзі тану мәселесі көтеріледі. Ғалымның зерттеуінде «Мен-бейненің» қалыптасуына қарым-қатынастың әсері көрсетілген. «Қарым-қатынас барысында балада күрделі аффективті когнитивті құрылым - басқа адамның және өзінің бейнесі қалыптастырылады, ол баланың өзін тануы және өзін бағалауының онтогенезін бейнелейді» .

Т.К.Күнсләмова зерттеуі өзіндік сана-сезім компоненттері өзіндік бағалау мен өзіндік реттелу механизмдерінің бұзылыстары жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлық танытуларының себебі болатындығын дәлелдеген .

Сонымен, өзіндік сана-сезім мәселесі көптеген психологиялық теорияладың орталық мәселелерінің бірі болып табылады. Көптеген зерттеушілер өзіндік сана-сезім — адамның өзін тануын және өзіне деген қатынастарын қамтитын процесс деп қарастырады. Өзіндік сана-сезім, өзін дамытумен және өмір мағынасын ізденумен байланысты реттеуші қызмет атқарады. Санасыз тұлға болмайтыны сияқты, ол өзіндік сана-сезімсіз де болмайды. Егер санада барлық обьективті шындық бейнеленсе, өзіндік сана-сезім обьектісі адамның өзі, оның «Мені» болады.

«Мен» - тұлғаның ішкі әлемі жағынан бүтіндігі мен бірлігін бейнелейтін, аданың өз-өзін қалай танитынын бейнелейтін ұғым. Адамның «Мені» - көпқырлы, үздіксіз өзгеріске ұшырап отыратын құрылым. Тұлғаның өзіндік сана-сезімінде көптеген «Мендер» болады. «Физикалық Мен» («Мен организм ретінде»), «Әлеуметтік Мен» («Мен әлеуметтік индивид ретінде»), «Рухани Мен», уақыт бойынша, «өткен шақтағы Мен», «Қазіргі Мен», «болашақ Мен» деп бөлуге болады. Модалдылығы бойынша «реалды-Мен», «идеалды-Мен», «идеалдандырылған Мен», «рефлексивті» және «басқалардың қабылдауындағы Менді» бөліп көрсетуге болады. Бұл «Мендер» - бір-біріне сәйкес келмей, өзара конфликтіге түсуі мүмкін, бұл тұлғалық қарама­қайшылыққа әкеледі. Сонымен қатар, адамның өзі туралы ойларына мәнді адамдардың пікірлеріде әсер етеді.

Өзіндік сана-сезімнің орталық құрылымы «Мен-концепция»— адамның өзі туралы сәйкестендірілген, қарама-қайшылықсыз, вербалды тіркелген ойларының жүйесі. Ол әр түрлі жағдайларға жеке «Мен-бейнелері» арқылы өзін бағалау мен танудын нәтижесі .

Өзіндік сана-сезім процесі әр түрлі «Мен бейнелердің» динамикасы арқылы жүзеге асады, оның нәтижесінде өзі туралы қалыптасқан тұрақты көз-қарас пайда болады, ал оның арқасында адамда өзіндік бірдейлік, тұрақты анық болу сезімі пайда болады. «Мен концепция» индивидтің қандай екенін емес, оның өзі туралы ойларын, өзінің болашақтағы дамуының мүмкіндіктеріне қалай қарайтынын анықтайды. Бір рет қалыптасқаннан кейін «Мен-концепция» өзіне өмірлік тәжірибе мәліметтерін таңдамалы түрде қабылдап отырады. Яғни өзі туралы жаңадан келіп отырған мәліметтерді талқылау үшін интерпретациялық матрица болады. «Мен-концепция» мазмұны мен құрылымына сай ақпарат тез қабылданады, ал сәйкес келемейтіні ығыстырылады немесе жоққа шығарылады.

«Мен бейнесі» мәселесі психологиядағы ауқымды «Мен» мәселесінің шеңберіне енеді. Шетелдік ғалымдар зерттеулерінде «Мен» белсенділігінің көзін анықтау және адамның психикалық өміріндегі «Мен» функциясын анықтау негізгі мәселелердің бірі болды.

Психоанализ негізін қалаушы З.Фрейд «Мен» мәселесін бейсана тұрғысынан қарастыруға тырысқан. Оның пікірінше, «Меннің» көп бөлігі санадан ығыстырылған ақпараттан тұрады. «Мен» «Олдағы» сыртқы орта көрінісі, ол үнемі «Идеалды Менмен» күресте болады. «Идеалды Мен» - кезінде бейсаналы болған ұжымдық ұмтылыстардың саналанған түрі және олар адамды әрекет етуге итермелейді .

«Мен-бейнесі» - персоналар жиынтығы, тұлғаның өзі туралы түсініктерінің комплексі, оны рефлексиялаушы индивидуалды сана қалыптастырады.

Кеңестік психолог И.С.Кон еңбектерінде «Мен бейнесі» мәселесінің зерттелуінің қиындықтарын айта келіп, «Мен бейнені» - когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық белгілердің жүйесі деп анықтаған. Қазіргі күні бұл түсінік «Мен концепция» немесе «өзіндік сана-сезім» ұғымдарымен алмастырылып, Мен бейнесі өзіндік сана-сезімнің компоненттерінің интеграциясында қалыптасқан өзі туралы ойларының когнитивті жағы ретінде қарастырылады.

Тәжірибе арқылы тұлғаның бойында «Мен бейнесіне» сай келмейтін бағыттылықты қалыптастыруға болмайды, сондықтан тұлғалық бағыттылықты дамыту үшін «Мен бейнесін» де дамыту маңызды болып табылады .

М.И.Лисина және оның оқушылары зерттеулеріндегі «Мен бейнесі» мәселесі қарым-қатынас категориясының негізінде қарастырылады. Сонымен қатар, олар «Мен бейнесінің» дамуын нәрестелік шақтан бастап қарастырады. Өзі туралы түсініктер қарым-қатынас нәтижесі болғандықтан, осы процесс шеңберінде дәлірек айтсақ, өзара әрекеттестік шеңберінде қалыптасады. «Баланың өзі туралы түсініктері дамуының әрбәр кезеңіндегі жетекші іс-әрекет мазмұнымен және қоршаған адамдармен қарым-қатынас формасымен себептеледі». Қарым-қатынас негізінде басқа адамды бағалауға және соның негізінде өзін бағалауға деген қажеттіліктер орналасады .

«Мен бейнесі» екі бөлікті құрылымнан түрады: когнитивті және аффективті, олар өзара байланысты. Бейненің когнитивті жағы өзі тураты түсініктер, ал олар әрқашанда тұлғаның өзіне деген қатынастарымен байланыста болады. Өзі туралы түсініктер құрамына өзінің қасиеттері мен сапалары туралы, сонымен бірге өзінің мүмкіндіктері туралы ақпараттар кіреді.

«Мен бейнесі» мен өзіндік сана-сезімнің арақатынасы төмендегідей: «Мен бейнеде» бейнеленетін тұлғалық қырлардың саналануының дәрежесі әр түрлі, сондықтан да өзіндік сана-сезім тұлғалық бейнелеудің жоғары сатысы, ал «Мен бейнес»і оның құрылымына енеді.

А.Н. Крылов зерттеуінде «Мен бейнесі» тұлға қалыптасуына әсер етеді деп қарастырып, оны анықтау үшін қарым-қатынастың тұлғаның ішкі жан дүниесіне әсерін анықтау керек дейді. Мен бейнесінің тұлға дамуының ішкі факторы екенін дәлелдей отырып, төмендегідей қорытындылар жасайды: «Мен бейне» тұлғаның өзіне деген дамушы, бүтін қатынасы ретінде тұлғаның әлеуметтік өзараәрекеттестіктерінің интериоризациялануы арқылы қалыптасады. «Мен бейненің» тұлға дамуындағы жетекші ролі мақсат қалыптастыру, себебі тұлға өзі туралы түсініктеріне сай мақсат-міндеттерді көздейді. «Мен бейненің» өзіндік бағалаулары реттеу функциясын атқарады; жеткіншек жастан бастап мен бейнесі өзін тәрбиелеудің маңызды факторына айналады; мамандық таңдауда жасөспірімдер идеал маманның техникалық немесе тұлғалық қасиеттеріне бағдарланады .

Сонымен, адамның өзіндік сана-сезімі күрделі, бір текті емес құрылымды. Оның құраушылары саналылығы, жалпылығы, рационалды мен эмоциялылық қатынасы бойынша бірдей емес, сондықтан өзіндік сана-сезімнің әр түрлі деңгейлерінде қызмет атқарады.

Өзіндік сана-сезімнің бір түрі - кәсіби өзіндік сана-сезім.

Кәсіби өзіндік сана-сезімді түсіндіретін бірнеше бағыт бар. Б.Д.Парыгин бойынша, кәсіби өзіндік сана-сезім - адамның өзін белгілі бір кәсіби топқа тиістілігін ұғынуы .

В.Д.Брагина кәсіби өзіндік сана-сезім құрылымындағы тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттерге мән береді. З.Иванова мен К. Косев кәсіби өзіндік сана-сезім, бұл кәсіби қасиеттер мен оларға деген қатынастарды тану мен өзіндік бағалау деп қарастырады. В.Н.Козиев бойынша кәсіби өзіндік сана-сезім -жеткен жетістіктер мен өзін дамыту бағыттарын жоспарлау, оны жүзеге асыру жүретін инстанция деп анықтады.

П.А.Шавир кәсіби өзіндік сана-сезімді өзіндік сана-сезімнің таңдамалы іс-әрекеті ретінде қарайды, ол кәсіби өзін анықтау міндетіне бағынады. Жалпы түрде ол өзін болашақ кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде саналауда көрінеді.

Іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасудағы мамандық таңдау өзіндік сана-сезімнің барлық деңгейлеріне әсер етеді. Кәсіби өзіндік сана-сезім тұлғалық өзіндік сана-сезімнің маңызды бөлігі. Кәсіби өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы тұлғаның әлеуметтік тәжірибесіне кәсіби Меннің қосылуы фонында қалыптасады.

А.К.Маркова пікірінше кәсіби өзіндік сана-сезім құраушылары:

1) Адамның өз мамандығының нормаларын, ережелерін, модельдерін өз бойындағы қасиеттер эталоны ретінде ұғынуы;

2) Осы сапаларды басқа адамдардың бойында байқау, өзін абстрактілі немесе шынайы әріптесімен салыстыру;

3) Әріптестерінің оны маман ретінде бағалауын ескеру;

4 ) Өзінің жеке жақтарын бағалау, өзінің кәсіби мінез-құлқын түсіну.

5) Өзін бүтіндей жағымды бағалау.


Өзіндік сана-сезімі жоғары маманның өзіне сенімділігі, мамандығына көңілі толуы, өзін жүзеге асыруға ұмтылысы артады. Мамандықты меңгерген сайын кәсіби өзіндік сана-сезім да өзгеріп отырады. Ол кеңейіп, кәсіби мүмкіндіктерді бағалау критерийлері өзгереді.

Бірқатар зерттеулерде өзіндік сана-сезім құрылымындағы компоненттердің төмендегідей байланыстары қарастырылады:

өзіндік сана-сезім алдыңғы жас кезеңінің жетекші іс-әрекетіне тәуелді;

өзіндік сана-сезім рефлексияға, өзінің индивидуалдылығын түсінуіне тәуелді;

өзіндік сана-сезім кәсіби өзін анықтауға тәуелді.

Кәсіби өзіндік сана-сезімнің адамның өзін мамандықтық іс-әрекетте саналауымен тікелей байланысты, яғни кәсіби өзіндік сана-сезім мазмұны кәсіби іс-әрекетке де және сол әрекет субъектісі ретіндегі өзіне де қатысты.

Егер өзіндік сана-сезім өмірлік әрекет пен қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасып, өзінің әрекеттерін, психологиялық қасиеттерін және т.б. тану нәтижесі болса, кәсіби өзіндік сана-сезім — өзіндік сана-сезімнің барлық құрылымдық компоненттерінің кәсіби іс-әрекетке проекциялануы.

Кәсіби өзіндік сана-сезімнің құрылымдық құрамы болады: кәсіби моральді саналауы; кәсіби адамгершілікті саналау; өзін іс-әрекет субъектісі ретінде саналау; қатынастарды саналау және бағалау; өзінің уақыттық байланыста дамуын саналауы.

Кішкене күнінен-ақ бала өзін «жақсы» ұстауға тырысады, маңызды ересектердің қолдауына ұмтылады. «Жақсы» мақұлданған, ережеге сәйкес әрекеттер дұрыс әрекет ретінде қабыладанады. Осы өзінің әрекеттерін сырттай бағалаудан өзіндік сана-сезімнің моральдық құраушысының негізі қалыптасады, яғни өзіндегі жақсы мен жаманды саналау жүреді. Моральдық фактор әлеуметтік шындықтың ғана жекеленген пәндік облысы емес. Ол адамның кез-келген іс-әрекетіне әсер етеді. Еңбекшілерге деген гуманистік қатынас еңбек өнімділігін жоғарлату туралы, қоғам және ұжым игілігі туралы қам жеу моральдық мазмұнның нақты көріністері болып табылады .

Өзіндік сана-сезімнің адамгершілік мазмұны іс-әрекеттегі моральдық принциптердің орын алуымен сипатталады. Кез-келген әлеуметтік топтағы адамгершіліктің мазмұны қалай істеуге болады және қалай болмайтынын ұғыну критериімен анықталады.

Келесі құраушы — адамның өзін өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде ұғынуы жатады. Өндірісте адам кәсіби іс-әрекет субъектісі болады. Онда ол міндеттер қалыптастырудағы, мақсаттар қоюдағы, іс-әрекет амалдарын таңдаудағы және нақты өнім алудағы өзінің жауапгершілігі мен рөлін ұғыну керек екенін білдіреді және іс-әрекетті орындауда өзінің индивидуалдылығын саналау да маңызды болып табылады.

Кәсіби өзіндік сана-сезім құрылымында, өзіндік сана-сезім құрылымындағыдай қатынастарды саналау мен бағалау компоненті орын алады. Адамның ұзақ мерзімде референтті дамуын шарттайды. Ол мынандай қатынастар: өзіне, мамандыққа деген қатынас; мамандығы бойынша әріптестеріне қатынас; өзінің кәсіби іс-әрекетіне деген қатынас және басқалардың өзіне деген қатынасы.

Адамның уақыттық байланыстағы өзінің дамуын саналауынсыз адамның өзіндік реттелуі мүмкін емес екені белгілі. Адам өз өмірінің әр кезеңінде, кәсіби іс-әрекет кезеңдерінде өткені, қазірі мен болашағы арасындағы байланысты ұғынуы тек өзіндік сана-сезім арқылы ғана мүмкін болады. Кәсіби өзіндік сана-сезімнің дамуы мынандай белгілермен анықталынады: кәсіби шеберліктің өсуі; қызметте жоғарлау; беделдің өсуі; әлеуметтік-статустың нығаюы.

А.А.Деркач және О.В.Москаленко өз еңбектерінде кәсіби өзіндік сана-сезімнің функционалды және құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетеді: когнитивті компонент - өзіндік танымда жүзеге асады; мотивациялық компонент - өзіндік актуализацияда жүзеге асады; эмоциялық - өзін түсінуде жүзеге асады; операционалды - өзін реттеуде жүзеге асады.

Осы компоненттерді жеке-жеке қарастырайық. Когнитивті компонент. Ғалымдардың пікірінше, өзін тану - өзіндік сана-сезімді қалыптастырушы орталық буын болып табылады. Өзін тануды жүзеге асыра отырып, яғни психикалық іс-әрекетті өзін зерттеуге бағыттай отырып, адам өзінің әрекеттеріне және өзіне бүтіндей саналы баға береді. Өзіндік сана-сезімнің ерекшеліктерін анықтауда адам өзі туралы білімдерді қалай алатыны, ол білімді қалай дамытатыны ашылуы керек, немесе осы өзі туралы білімдерді әлеуметтік талаптармен сәйкестендіру адамға әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортамен өзара әрекеттестік процесінде, адам белсенді әрекет етуші ретінде сол ортаны таниды, сондай-ақ өзін де танып отырады. Кез-келген нәрсені, құбылысты басқа нәрселер, құбылыстармен салыстыру арқылы, олардың арасындағы байланыстарды анықтау арқылы ғана тануға болатыны сияқты, адамның өзіндік сана-сезімі да сол адамды басқа адамдармен салыстыру арқылы, оның «Мені» мен басқа адамдардың «Мендерінің» арасындағы байланыс формаларын анықтау арқылы ғана танылады. Индивидтің өзі туралы ойлары оған сенімді көрінеді. «Мен» бейнесінің қалыптасуына әкелетін өзін қабылдаудың нақты формалары әр түрлі болуы мүмкін.

Бірақ, мынаны ескеру керек: өзін тану, кез-келген тану формасы сияқты соңғы, аяқталған білімге әкелмейді. Кез-келген таным обьектісі, әсіресе адам толықтай танылып бітпейді.

Эмоциялық компонент. Өзіндік сана-сезім үшін өзін тұлға ретінде қалыптастыру, қарама-қайшылықтарға қарамастан өзінділігін сақтау және қиын жағдайлар мен күйлерде өзіне қолдау көрсетіп, түсіну ең маңызды болады. Ғалымдардың ойы бойынша, өзін түсіну «Мен» табиғаты туралы түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік береді немесе ол өзіндік сана-сезімді саналау процесінің қажетті мезеті. Және де бұл ұғым өзін тануға да өзіне деген қатынасқа да жатпайды, олармен синонимдес емес. Осы айтылған ұғымдардың әрқайсысының өзіндік сана-сезім құрылымында өзіндік жүйелік орны бар.

Өзін түсінудің қалыптасып, дамуы тұлғаның дамуымен бірге жүреді және өмірлік әрекеттің ерекше әдісіне тәуелді. Сонымен қоса, өзін түсіну тұлғаның дамуын және оның құрылымының индивидуалды типологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын мәнді дәрежеде анықтайтын ішкі шарт болып табылады. Өз-өзіне тең болыу және өзін тану өте маңызды. Осы арадан, «Мен - бұл, Мен» деген өте маңызды түсіну туады. Сондықтан, адам «Мен» дегенде оның ішкі бастан кешулері өте мәнді. Өзін түсіну процесі мәселелер мен міндеттер қою арқылы өзі туралы ойлардың өзгеруін шарттайды. Ол мәселелерді шешу кезінде жаңа білімдерді құндылықтар жүйесімен сәйкестендіру жүреді. «Өмірлік» міндеттер және өз мүмкіндіктерін анықтауға арналған міндеттер пайда болады. «Өмірлік» міндетті шеше отырып, адам оны потенциялық түрде сипаттайтын және оның «шынайы» болмысымен ассоцацияланатын қасиеттерін анықтап, меңгереді. Сондықтан, міндеттерді шешу өзі туралы білімдердің қалыптасу мағынасының қалыптасуындағы маңызды аспект болып табылады. Өзін түсіну өзі туралы бір білімнен келесіне үздіксіз қозғалып отырады. Зерттеушілер пікірі бойынша, өзін түсіну «Мен бейнесін» құрастыру және коррекциялау процесі ретінде қызмет атқарады. Өзі туралы білімдерді адам өзі болған ситуацияларын анализдеу жолымен алады: келісім, кедергі, конфликт, дағдарыс жағдайындағы тұлғаның басқаларға және қоғамның адамға қатынастары.

Өзін түсіну тек өткен, болған шақты қамтымайды, сондай-ақ оған өзінің мүмкіндіктерін түсіну (Мен-реалды) және өзінің қандай болғысы келетінін түсіну (Мен-идеал) де енеді.

Реалды-Мен - индивидтің өзінің актуалды қабілеттерін, рольдерін, статусын қабылдаумен байланысты нұсқаулар, яғни өзінің шындығында қандай екені туралы түсініктері.

Идеалды-Мен - индивидтің қандай болғысы келетіні туралы ойларымен байланысты нұсқаулары.

Идеалды-Мендегі жағымды құндылықтық бағдарлар индивидтің өзін реттеуіндегі жақын және алыс мақсаттарды анықтайды; «Идеалды-Мен» мен «Реалды-Мен» арасындағы айырмашылық қалаулы нәрсеге жетуге деген мотивация болады.

«Идеалды-Мен» индивидтің ұмтылыстарын бейнелейтін бірқатар елестетулерден қалыптасады.

К.Хорни көрсеткендей, «реалды-Мен» және «идеалды-Мен» арасындағы үлкен айырмашылық, көп жағдайларда, мұратына жете алмаудан туындайтын депрссияға әкеледі.

Г.У.Олпорт бойынша, «идеалды-Мен» индивидтің өз болашағымен байланыстырылатын мақсаттарын анықтайды. «Идеалды-Меннің» тартымды жақтары индивидтің жақын және алыс мақсаттарын анықтаса, «реалды-Мен» мен «идеалды-Мен» арасындағы айырма сол мақсаттарға жетуге қажетті алғышарттарды анықтайды.

Өзін түсіну эмоциялық әрленген процесс, ол не қанағаттану не қайғы әкеледі. Өзін түсінудің эмоциялық жағы өзіне деген эмоциялық қатынас пен бағалаушы қатынастың қоспасы болып табылады.

Өзін түсінудің маңызды компоненті - өзін сыйлау. Бұл ұғым көп мәнді. Оған өз-өзіне көңілі толу да, өзін түсіну де, өзіне деген жағымды қатынас та, өзін мақтан түту сезімі де, «актуалды-Мені» мен «идеалды-Менінің» сәйкестілігі де жатады.

«Өзін сыйлау - қолдау (одобрение) және қолдамау нұсқауларын көрсетеді, яғни индивидтің өзін қаншалықты деңгейде қабілетті, маңызды, табысты және сыйлы деп санауын көрсетеді. Өзін сыйлау - бұл, индивидтің өзіне деген нұсқауларында көрініс табатын жеке тұлғалық құндылықтық пайымдау» (С.Куперсмит). Өзін сыйлауы жоғары адам өзін ешкімнен кем емеспін деп санайды, өзіне сенеді, сәттілікке сенеді. Өзін сыйлаудың төмен болуында керісінше, өзін кем санау, қоршаған орта адамдарының бағасын ауыр қабылдау орын алады. Ол тұлғаның эмоционалды өзін сезінуіне және әлеуметтік мінез-құлыққа кері әсер етеді, нәтижесінде өзін түсіну конфликті туады.

Ғалымдардың ойынша өзін түсінудің қалыптасуы бірнеше бағыт бойынша жүреді:

Өзінің ішкі әлемін ашу және түсіну, онда өз эмоцияларын сыртқы жағдайлардан туындайтын деп емес, өзінің «Менінің» күйі ретінде талдау жүреді және өзінің ерекше, басқаларға ұқсамайтындығы сезімі туады.

Уақыттың қайта оралмайтынын саналау қабілеті пайда
болады. Өзінің өмірінің өткінші екенін түсіну, өзінің
мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өзінің мәні мен мағынасын саналау жүреді.

Өзі туралы толық, құңдылықты білімдер қалыптасады. Адам тек сыртқы бет-бейнесін ғана емес сондай-ақ өзінің моральды-психологиялық, интеллектуалды қасиеттерін анализдейді

Мотивациялық-мақсаттық компонент. А.А. Деркач пен О.В. Москоленко бойынша, бұл компонент мазмұны өзін актуализациялау (өзін нақтылау) арқылы жүзеге асады. Актуалдану - яғни, реалды болу, потенциалды емес фактілі тіршілік ету. К.Роджерс бойынша, тұлғада туа берілетін өзін нақтылауға деген тенденция болады және оған ұмтылу өзін нақтылауға деген қажеттілікті қанағаттандыруда көрінеді. Өзін нақтылау, бұл тұлғалық потенциалды жүзеге асыру және адамды дамытып жетілдіру

А.Маслоудың анықтамасы бойынша, өзін нақтылаушы тұлғалар өзінің барлық қабілеттерін жүзеге асырады. Олар өздері ұмтылған мамандықтардың шыңдарына жетеді. Өзін нақтылаудың маңызды мезеті - өз әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алу .

Өзін нақтылау - бұл, шығармашылық есеюге жету
мақсатында өзінің потенциалды мүмкіндіктерін тұрақты дамытып отыру процесі.

В.Франкл анықтамасы бойынша, өзін актуалдау - адамның соңғы мақсаты емес. Ол өзінің өмірлік мағынасын жүзеге асырудың салдары мен нәтижесі. Өзін нақтылаудың бірнеше түсіндірмелерін бөлді:

1) тұлғаның мүмкіндіктерін актуалдандыру процесі;

2) шығармашылық және рухани бай тұлғаны толық қанды жүзеге асыру;

3) тұлғаның өзін дамыту процесі, оның тұлғалық «іштей өсуі»; адам өмірінің интенционалдылығының салдары және оның мағынасына жету;

4) шығармашылық есейген тұлға процесі.

Өзіннақтылау көпөлшемді тұлғалық категория ретінде көптеген тұлғалық - профессионалдық бағдарлардан тұрады. Маслоу, Перлз идеялары негізінде Э.Шостром өзіндік актуализацияны құрауша негізгі параметрлерді анықтады:

  1. Құндылықтық бағдар,

  2. Икемділік,

  3. Мінез-құлық спонтандылығы мен сензитивтілігі,

  4. Өзін сыйлау,

  5. Қоршаған ортаны гармониялы қабылдау қабілеті,

  6. Тұлғааралық сезімталдылық және эмпатия,

  7. Қоршаған орта туралы білуге ұмтылу,

  8. Шығармашылық бағыт, креативтілік .

Кәсіби өзін нақтылау. А.Маслоу, К.Роджерс, Ф.Перлз, Э.Шостром, Л.Я.Гозман пікірлері бойынша, кәсіби өзіндік актуализация тұлғалық есеюдің операционалды аналогиясы болып табылады. Өзіндік актуализацияның жоғарғы деңгейі тұлғаның шығармашылық кемелдікке жетуіне өз үлесін қосады. Өзіндік актуализацияға ұмтылушы адамдар жоғарғы құндылықгарды жүзеге асыруға тырысады. Бұл құндылықтар (мейірімділік, шыншылдық, тәрбиелілік, әсемдік, әділеттілік, кемелдік) ол адамдар үшін өмірлік маңызды қажеттілік болып табылады. Өзін актуалданушы адамға, тіршілік әрқашанда тандау процесі ретінде көрінеді. Өмірдің кез-келген жағдайында таңдау бар: алдыға ұмтылу, ұлы мақсат жолында кез-келген қиындықты жеңу немесе артқа қайту, күрестен бас тартып өз жолынан таю. Өзін актуалдаушы адам әрқашанда алдыға ұмтылуды, кедергілерді жеңу жолын таңдайды .

Өзіндік актуализация үшін адамның күші көп, өмірлік мәселелер бойынша өзіндік тұрақты, тәуелсіз ойлары болу керек. Бұл - үздіксіз даму, және өз мүмкіндіктерін шынайы түрде жүзеге асыру процесі.

Операционалды компонент. Өзіндік реттеу - бұл адамның резервтегі мүмкіндіктерін ашу, яғни адамның шығармашылық потенциалын дамыту. Психологиялық деңгейде өзіндік регуляция - қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасқа дайындық пен оған деген реакцияның туа берілетін және өмір барысында меңгерілетін стратегиялардың интегративті қоспасы (О.Микели). Көптеген авторлар (Б.А. Вяткин, Б.И. Додонов) айтуы бойынша, психикалық өзіндік реттеу жүйесі екі иерархиялық деңгейден тұрады: ырықты және ырықсыз. Ырықты өзіндік реттеу - бұл саналы өзіндік реттеу, ол әрқашанда индивидуалды. Осы ырықты өзіндік реттеу арқылы әртүрлі қиын жағдайларға бейімделу мүмкіндігі арта түседі. Бұл деңгейде ішкі іс-әрекеттерді тұлғалық реттеу жүреді. С.Л.Рубинштейн субъектінің психикалық белсенділігін зерттеуде реттеудің екі формасын көрсетті: итермелеуші және орындаушы. Итермелеуші реакцияны ол, ұмтылыстың қалыптасуымен, бағыт таңдаумен, белсенділікпен байланыстырады; атқарушыны - белсенділіктің объективті шарттармен сәйкес келуін қамтамасыз етумен байланыстырады .

К. А. Абульханова тұлғалық өзін реттеу құрылымында мотивтер, сезімдер, ерікті бөліп көрсетеді. Және оларды адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеудің детерминанттары ретінде қарастырады. Ол «тұлғалық реттеу, сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе отырып, іс-әрекеттің еріктік сызығы ретінде орын алады» дейді. Бұл деңгейде реттеу бір мотив әрекеті ретінде емес, күрделі тұлғалық шешім ретінде жүзеге асады. С.Л.Рубинштейн идеяларын дамыта отырып (адамның өз өмірлік іс-әрекетінің субъектісі болуы туралы) К.А. Абульханова өзіндік реттеудің дамуының үш деңгейі туралы айтады. Егер бірінші деңгейде тұлға өз ерекшеліктерін іс-әрекет нормаларына сәйкестендірсе, екіншісінде, өз мүмкіндіктерін оптимизациялау арқылы іс-әрекет сапасын арттырады, ал үшінші этапта, тұлға іс-әрекерт субъектісі ретінде өз белсенділігінің шығармашылық сипатын көрсетіп, оптималды стратегия мен тактика қалыптастырады. Бұл деңгейде тұлға қиындық деңгейін жоғарылату, инициатива, жауапкершілік сияқты тұлғалық реттеу формаларын жүзеге асыру арқылы іс-әрекет шегінен шығып, жоғарылайды. Абульханова пікірінше, бұл кәсіби және басқа да іс-әрекеттегі «тұлғаның авторлық позициясы» психологиялық механизмі .

Тұлғаның даму процесі өзіндік реттеудің жетілуінде ішкі факторлар рөлінің артуында көрінетіні дәлелденген. Ғалымдар өзіндік реттеуді индивидуалды құрылым мен стильге ие субъектінің ерекше іс-әрекеті деп қарастырады. Өзіндік реттеудің индивидулды стилі өзіндік реттеуді жүзеге асыратын әртүрлі механизмдердің өзара әрекеттестігімен анықталады, яғни өзіндік реттеу туралы тұлғаның кәсіби өзіндік сана-сезімін дамытуға бағытталған психотехнологиялар жүйесі деп айтуға болады. Өзіндік реттеудің дамуының жоғарғы деңгейі өзіндік сана-сезімнің кемелдігін көрсетеді деуге болады .

Кәсіби өзіндік сана-сезімнің функционалды компоненттері өзара тығыз байланысты және оларды бөлу тек шартты түрде болуы мүмкін. Бұл компоненттер екі жоспарда жүзеге асады. Объективті тұрғыда олардың көрсеткіші кәсіби шеберлік болса, субъективтіде — «Мен-концепция». Бүтін құрылым ретіндегі кәсіби шеберлікке сыртқы шарттар (кәсіби білім, қоғамдық орта, оның талаптары, мораль т.б.) және ішкі шарттар (өзіндік актуализация, өзіндік таным, өзіндік реттеу, өзінтүсіну) әсер етеді, оның нәтижесінде «Мен-концепция» өзгереді. Және керісінше, өзгерістегі «Мен-концепция» кәсіби шеберлікке әсер етеді .

Р.Ш.Сабированың зерттеуінде өзіндік сана сезімнің өзіндік идентификация, құндылықтық бағдарлар, өзін қадағалай алу, өзіндік бағалау сияқты компоненттерінің дамуы жоғарғы оқу орнында білім алу жылы мен мамандығына байланысты екенін анықтаған. Педагогикалық факультеттер студенттері өздерін әлсіз, пассивті бірақ бейімделгіш деп бағалаған, олар үшін отбасы бақыты және ұқыптылық, шат көңілділік, білімділік, тәуелсіздік сияқты қасиеттер маңызды. Ал экономикалық факультеттердің студенттері үшін материялдық жетістіктер, білімділік, ерік күші, жауапкершілік, шыншылдық маңызды болды






1.2 Тұлғаның кәсіби психологиясының мәселелері


Кәсіби іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу тұлға психологиясының мәселелерімен тығыз байланысты. Нақты айтсақ, бұл жерде өзара байланыс туралы айтқан жөн: бір жағынан, жұмысшының тұлғасының ерекшеліктері оның кәсіби іс-әрекетімен, оның нәтижесіне әсер етсе; екінші жағынан адамның тұлға ретінде қалыптасуының өзі, көп жағдайда кәсіби іс-әрекетте және оның әсерімен жүреді.

Көптеген авторлар осы іс-әрекет түрінің тұлға үшін өте маңызды екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта кәсіби іс-әрекетте адамның барлық негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылуы мүмкін (қауіпсіздік қажеттілігі, өзін сыйлау, әлеуметтік мойындау т.б.). Тұлғаның өзіндік актуализациясының өзі кәсіби іс-әрекетте өнімді жүзеге асады .

Осыған байланысты 1940 ж. бастап кәсіби психологияда зерттеулер психофизиологиялық қасиеттерді зерттеуден тұлғалық қасиеттерін зерттеуге ауыса бастады. Маманның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге деген қызығушылықтың себептері мынандай:

Тұлғалық қасиеттер, кәсіби маңызды қасиеттер бола отырып, кәсіби іс-әрекеттің сәттілігі, сенімділігі және т.б. обьективті көрсеткіштеріне мәнді әсер етеді.

Тұлғалық ерекшеліктер кәсіби оқытудың маңызды детерминанты болып табылады; олар кәсіби шеберлікті меңгеру мен кәсіби дайындықтың жылдамдығына әсер етеді.

Тұлғалық ерекшеліктердің кәсіби іс-әрекет сипаттарына әсері еңбекпен қанағаттану сияқты объективті көрсеткішпен жанамаланады. Іс-әрекеттің кейбір түрлерінде жақсы және жаман мамандарды тек тұлғалық қасиеттер негізінде ғана ажырата аламыз. Бұл, төменгі деңгейдегі психологиялық қасиеттер маңызды деп саналатын іс-әрекеттерге де қатысты.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен байланысты,
мамандықтар түрлері де көбейіп келеді, ал
психофизиологиялық таңдау осы іс-әрекет сенімділігін қамтамасыз ете алмайды; кәсіби тұлғалық ерекшеліктеріне назар қойып қана еңбек сенімділігін қамтамасыз ете аламыз.

Маман тұлғалығының коррекцияланып және жүйелі
қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылды. Бұл көрсеткіштер кәсіби
психологиядағы тұлға мәселесіне қызығушылықты жоғарылатады.

Маман тұлғасын зерттеу екі бағытта жүреді. Біріншіден, тұлғаның еңбектегі жеке индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Себебі тұлғаны толықтай зерттеуден гөрі, бір қасиетті терең зерттеу жеңілірек. Бұнда көбінесе кәсіби маңызды қасиеттер зерттелінеді.

Екінші бағыт, кәсіби іс-әрекеттегі тұлғаны толықтай зерттеу (Геллерштейн С.Г, Рыбаков Н.А, Ананьев Б.Г, Шадриков В.Д.). Тұлғалық бағыт—бұл, тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін ескеру ғана емес, сондай-ақ, оның кәсіби бүтін тұлғасын қалыптастыру жолдарын зерттеу /36/.

Кәсіби іс-әрекеттегі тұлғалық қасиеттердің зерттелуі. Кәсіби маңызды қасиеттердің кез-келген іс-әрекет түрінде де маңызды болатын түрлері бар. Олар жауапкершілік, өзін қадағалау, кәсіби өзін бағалау; кәсіби өзіндік сана-сезім және арнайы қасиеттері — эмоционалды тұрақтылық, мазасыздық төмендігі, тәуекелге деген қатынас. Темпераменттің кейбір қасиеттері де кәсіби іс-әрекеттің көп түрлерінде маңызды болады .

Кәсіби іс-әрекеттегі өзіндік бағалаудың рөлі ерекше екені бірқатар авторлар еңбектерінде дәлелденді (Цагарелли 1981; Корнеева 1984). Іс-әрекеттің жалпы сәттілігі адекватты емес өзіндік бағалаумен кері қатынаста. Бұл заңдылық жаңадан еңбек іс-әрекетімен айналысушылар мен кәсіби іс-әрекеттері төмен адамдар тобында да жүзеге асады. Және де жас мамандардың іс-әрекетінің сәттілігіне өзіндік бағалаудың эмоционалды-құндылықтық жағы көбірек әсер етеді, себебі оның когнитивті компоненті әлі жеткіліксіз қалыптасқан. Кәсіби шеберлік өскен сайын оның когнитивті компоненті алдыңғы орынға шығады, яғни маман өзінің өткен тәжірибесі негізінде өз мүмкіндіктерін бағалайды.

Кәсіби іс-әрекеттің сенімділігін қамтамасыз етуде де өзіндік бағалау мәнді орында болады. Адекватты емес өзіндік бағалау күнделікті емес, күрделі жағдайлардағы еңбек сенімділігін азайтады, стресске тұрақтылықты төмендетеді, авария санымен тура корреляциялайды. Өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы да осындай нәтижелерге әкелуі мүмкін .

Өзіндік бағалау көп жағдайларда басқа да кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасуын анықтайды. Мысалы, тәукелге бейімділік көбінесе адекватты емес жоғары өзіндік бағалаудан туындайды. Бұл тұлғалық қасиет ең алдымен қауіппен байланысты іс-әрекет түрлерінде маңызды болады. Сонымен қатар, жауапты шешім шығарумен байланысты іс-әрекеттер де осы қасиетпен реттелуі мүмкін. Бұл қасиеттің шектен тыс жоғары болуы жағдай талаптарын жеткіліксіз бағалау және өз мүмкіндіктерін шектен тыс жоғары бағалау сияқты жағымсыз салдарларға әкеледі.

Төмен бағалау шешім шығарудан қорқу, пассивтілік, сылбырттықпен байланысты. Бұл екі жағдайда да ықтималдылық болжау бұзылған. Нәтижесінде жалпы эффективтілік төмендейді. Эмоциогенді фактор әсерінде іс-әрекеттің оптималдылығын сақтап тұратын эмоционалды тұрақтылық та өзіндік бағалау ерекшеліктеріне тәуелді болады (адекватты емес өзіндік бағалау - эмоционалды тұрақтылықтың төмендеуіне әкеледі). Ол мазасызданумен тығыз байланысты және көбінесе, тұлғалық қасиеттер ретінде, кейде темперамент белгілері ретінде қарастырылады. Осы екі қасиет көптеген іс-әрекет түрлерінде кәсіби маңызды болып табылады.

Кәсіби іс-әрекетті өзіндік реттеу процесіндегі тұлғалық қасиеттердің ролі ерекше. Тұлғалық ерекшеліктер іс-әрекеттің өзіндік реттелу процесінің негізгі этаптарына әсер етеді - мақсат қалыптастыруға, әрекеттер бағдарламасын құру мен коррекциялауға, іс-әрекет шарттары мен маманның өзінің мүмкіндіктеріне әсер етеді.

И.С.Корнеева тұлғалық қасиеттердің белгілі бір комплексімен байланысты іс-әрекеттің өзіндік реттелуінің ерекшеліктерімен айырмаланатын бірнеше топты бөліп көрсетті:

1 топ. Психологиялық ерекшеліктері: адекватты және тұрақты өзіндік бағалау, мазасыздану орташа деңгейде, эмоциялық тұрақтылық, өзіне сенімділік, жүйке жүйесінің күші— орта және жоғары, талаптану дәрежесі адекватты және тұрақты.

Өзіндік реттелу ерекшеліктері: іс-әрекет мақсаттарын жүйелі қалыптастыра алуға, іс-әрекет талаптарын және мінез-құлық стратегиясын қалыптастыруға, іс-әрекет талаптарына және өз мүмкіндіктеріне сай қабілеттілік; сәттіліктер итермелеуші әсер береді, сәтсіздіктер күрт негативті реакциялар шақырмайды, керісінше, мақсатқа жетудегі табандылықты күшейтеді; сәтсіздіктердің шынайы себептерін іздестіру және адекватты коррекция жүргізу. Оқу және кәсіби іс-әрекет жоғарғы тұрақтылығымен және онда өз мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асырумен ерекшеленеді.

2 топ. Психологиялық ерекшеліктері: өзіндік бағалау төмен, қозғалыс механизмдері - «кепілденген сәттілік» типі бойынша белсендірілген, мазасыздану жоғары, эмоция тұрақсыз, жүйке жүйесі әлсіз немесе орташа, тежелу инертті, тәуекелден қорқу, өзіне сенімсіз, талаптану дәрежесі тұрақты төмен.

Өзіндік реттелу ерекшеліктері: мақсаттары өз мүмкіндіктерінен төмен қойылған, сәтсіздік дезорганизацияға әкеледі, сәттіліктен кейін мақсат деңгейін жоғарлату жоқ. Оқу және кәсіби іс-әрекетте—пассивті, өз күшіне сенімсіз, мақсатқа ұмтылуы әлсіз. Сәттілік деңгейі орташадан төмен, бірақ бұл деңгейде іс-әрекеті тұрақты. Бұл өзіндік реттелу өз мүмкіндіктерін реттеуге кедергі келтіреді.

3 топ. Психологиялық ерекшеліктері: өзін бағалау тұрақсыз, көбінесе төмен. Оның когнитивті компоненті бағалауды төмендетуге қарай адекватты емес. Іс-әрекет нәтижелері туралы ақпарат өскен сайын адекваттыға жақындайды. Қорғаныс механизмдері - «сәтсіздіктерді құнсыздандыру» типінде, мазасыздану жоғары, тәуекелге бейімділік, талаптану дәрежесі жоғары және тұрақсыз.

Өзіндік реттеу ерекшеліктері: өз мүмкіндіктерінен жоғары мақсат қояды, бірақ оған жетуге ұмтылмайды. Сәтсіздіктерден кейін сәйкес түзетулер жасалмайды, мақсаттары ретсіз. Оқу және кәсіби іс-әрекеттерде сәттілігі жоғары емес, тұрақсыз, сәтсіздіктерді сыртқы себептермен түсіндіреді, басшылардың нұсқауларына мән бермейді, басқалардың бағалауларын әділетсіз деп табады. Бағалау жағдайларында жоғары мазасыздық көрсетеді.

4 топ. Психологиялық ерекшеліктері: өзін бағалау жоғары, іс-әрекет нәтижелері туралы ақпарат жеткілікті болғанда адекваттыға жақындайды. Жүйке жүйесі күшті, мазасыздану жоғары, тәуекелден қорқады, талаптану дәрежесі төмендеуге бейім.

Өзіндік реттелу ерекшеліктері: іс-әрекеттегі сәтсіздіктерден қашу, сәэтсіздік жағдайларыңда өз мүмкіндігі жеткілікті болса да мақсаттан бас тартады, негізсіз сақ. Оқу және кәсіби іс-әрекетте тұрақты және сәтті, бірақ өз мүмкіндіктерінің нақты мүмкіндіктер талаптарынан төмен екенін саналаумен қатар өте жоғары өзіндік бағаны қажетсінеді. Осыны мойындағысы келмегендіктен, өзін бағалау мен мүмкіндіктері арасындағы айырманы байқататын жағдайлардан қашады. Осыған байланысты іс-әрекетінде тұрақты жағымсыз эмоциялық фон байқалады.

5 топ. Психологиялық ерекшеліктері: тұрақты, жоғары өзіндік бағалау. Оның когнитивті компоненті ақпарат жеткілікті болса да жоғары болып тұрады. Қорғаныс механизмдері белсендірілген, мазасыздануы төмен, өз-өзіне сенімділігі шектен тыс жоғары. Жүйке жүйесі «күш-әлсіздіктің» шеткі көрсеткіштерімен сипатталады. Талаптану деңгейі жоғары.

Өзіндік реттеу ерекшеліктері: жоғары мақсаттар қоюға бейім, адекватты коррекция жоқ, есептер деңгейін жоғарлату мен сақтауда негізсіз табандылық танытады. Оқу және кәсіби іс­-әрекетте бірден қиын тапсырмалар таңдайды, өз мүмкіндіктерін ескермейді. Күрделі жағдайларда мазасыздануы төмен, ол ақталмаған тәуекелге әкеледі. Алғашқы сәтсіздіктер кездейсоқтық деп түсіндіріледі, келесілері күрт эмоциялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ол кәсіби іс-әрекеттегі мотивацияның төмендеуіне, одан бас тартуға әкелуі мүмкін /39/.

Маман тұлғасына назардың жоғарылауы кәсіптік іс-әрекеттің объективті сипаттамаларының емес, маманның тұлғалық ерекшеліктері негізінде құрылады. Бұл - гуманистік бағыт болып табылады. Оның басқа жағымды жағы — орталық орынға адамның еңбекке қанағаттануы қойылады.

Кәсіби іс-әрекеттегі тұлға рөлін Л.Тойлер және Д.Сьюпер сияқты танымал зерттеушілер ерекше көрсетті. Олар бойынша, адамның кәсіптік жолының маңызды себептеушісі оның өзінің тұлғасы туралы ойлары болады. Мамандықты тандау және каръера типі «Мен-кіммін» деген сұрақтың шешімі болады немесе Мен-концепциясын жүзеге асыру болып табылады. Адам санадан тыс түрде өзінің өзі туралы көз-қарастарына сәйкес келетін рөлдік талаптары бар мамандықты таңдайды.

Жеке адамның кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен, олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеке адамның кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастык даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың, мағыналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін. Кәсіби дағдарыстың бірнеше факторларын бөліп қарастыруға болады. Бірінші фактор — кәсіби іс-әрекетті орындаудың әдіс-тәсілдерінің сапалық өзгеруі (жетілдірілуі). Жеке адам өзінің кәсіби қадамында біліктілікті арттыру немесе іс-әрекетті орындау тәсілдерінің жаңа деңгейіне көтерілуде қалыптан тыс белсенділік керсетуі қажет. Екінші фактор—адамның әлеуметтік-кәсіби белсенділігінің дамуы. Өзінің әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетінің деңгейіне қанағаттанбаудан адам әрекетті орындаудың тәсілін іздеп, жетілдіреді немесе жұмыс орнын, кейде мамандығын ауыстыруы мүмкін. Үшінші фактор ретінде адамның өмірлік іс-әрекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарастырады. Олар: бірлестіктің жойылуы, жұмыс орнының қысқаруы, төменгі жалақы, мекен-жай ауыстыру, т.б. Сонымен қатар, жастық психологиялық өзгерістері, денсаулық жайы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, психикалық процестердің әлсіздігі, кәсіби іс-әрекеттегі қажу т.б. маңызды рөл атқарады. Кәсіби дағдарыстар жаңа қызметке келу, вакантты орынға бәсекелестік, мамандарды аттестациялау кезінде анық байқалады. Төртінші фактор — жеке адамның өз мамандығына бар болмысымен берілуімен байланысты. Маман-фанатиктер өз іс-әрекетін қоғамдық беделмен шығармашылық жетілдірудің құралы ретінде бағалауынан, кәсіби этиканы бұзушылыққа, өзара әрекеттестікте қатыгездікке берілуі мүмкін. Дағдарыстық құбылыстар компетенттілік деңгейінің жетіспеушілігі кәсіби әлсіздікпен бірге жүріп отырады. Бұл дағдарыстардың нәтижесі кәсіби апатия мен енжарлыққа соқтырады .

Кәсіби бейімділіктің қалыптасуындағы дағдарыстардың психологиялық ерекшеліктерін жеке адамның қалыптасуындағы дағдарыстардың психологиялық ерекшеліктерін жеке адамның қалыптасуындағы кәсіби білім, даярлық, бейімделу, бастапқы және екінші кәсіби біліктілік пен шеберліктің жетінші кезеңімен байланыстыра қарастыруға болады. Мұндағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар қалыпты дағдарыстармен ұшырасып отырады.

Бірінші кезең, оптация немесе кәсіби ниеттің қалыптасу кезеңі (14-18 жас). Ерте балалық шақтың өзі кәсіби өзіндік анықталуымен тығыз байланысты. 14 жас шамасында жеткіншектерде мамандық түрлері туралы бірқатар білім қоры жинақталып, бір немесе бірнеше мамандықты өзіне тандау құбылысы байқалады. Бұл кезеңде оқу іс-әрекетін бағалау жүреді. Кәсіптік ниеттеріне байланысты оқу іс-әрекетінің мотавациясы өзгереді. Жоғары сыныптарда білім алу кәсіби бағдар процесімен ұштасады. Осы кезеңдң жетекші іс-әрекеттің алмасуы байқалады, оқу-танымдық әрекеті кәсіби бағдарлық іс-әрекетімен алмасады. Дамудың әлеуметтік жағдайының түбегейлі өзгерісі байқалады. Осы кезде қалаулы болашақ пен шынайы бүгінгі өмір арасында қайшылық пайда болады. Нәтижесінде білім алудағы кәсіптік бағдарлау дағдарысы пайда болады. Мектеп бітірушілерде бұл дағдарыс анық байқалады. Бұл дағдарыстың ядросы мамандық бойынша кәсіби білім немесе даярлық жолын таңдау мәселесі болып табылады.

Екінші кезең, кәсіби білім алу барысындағы студенттердің таңдаған мамандығында көңілі қалумен сипатталады (16-20жас). Жекеленген пәндерге қанағаттанбау, кәсіп таңдаудың дұрыстығына күман келтіру, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл кәсіби білім алудың алғашқы және соңғы жылдарында анық байқалады. Бұл мамандық тандау дағдарысы деп аталады. Кей жағдайда бұл дағдарыс оқу іс-әрекетінің мотивациясын әлеуметтік-кәсіби мотивацияға алмастырумен сипатталады. Бұл дағдарыстан шығудың жолы - кәсіби бағыттылықтың оқу пәндерін игеру болып табылады.

Үшінші кезең жеке адамның кәсіби білім алуы аяқталып, кәсіби іс-әрекетке бейімделу кезеңімен байланысты (18-23 жас). Жас мамандар өздерінің дербес кәсіби іс-әрекетіне кіріседі. Мұнда жеке адамның кәсіби даму жағдайы түбегейлі өзгерістерге ұшырайды: әр түрлі жастағы мүшелері бар жаңа орта, әлеуметтік-кәсіби құндылықтар, әлеуметтік рөл мен нормалар, өндірістік қатынастың иерархиялық жүйесі, кәсіби іс-әрекеттің жаңа түрі. Жеке адамда мамандықты таңдауы кезінде кәсіп туралы хабары болады. Кәсіби білім алу барысында бұл білім толығып, теориялық тұрғыдан бекітіледі. Ендігі кезекте кәсіптік функцияларды реалды өмірде пайдалану мүмкіндігі туады. Алғашқы апта, ай жас маманға өте ауыр тиеді. Алайда, бұл дағдарыстың негізгі себебі емес. Бұл жағдайдағы дағдарысың негізгі себебі -жеке адам бойындағы мамандық туралы қалыптасқан теориялық ұғымдар мен күткен нәтижелердің реалды практикалық іс-әрекетке сәйкес келмеуі болып табылады. Бұл жас маман бойында кәсіби экспектация дағдарысын тудырады. Бұл дағдарысты бастан кешіру еңбектің ұйымдастырылуына, оның мазмұны, қызмет дәрежесі мен міндеттеріне, өңдірістік қатынас, жұмыс жағдайы мен жалақының мөлшеріне қанағатанбаудан көрінеді.

Төртінші, жеке адамның кәсіби қалытасуының дағдарысы кәсіби біліктіліктің алғашқы кезеңінде және 4-5 жылғы кәсіби жұмыстан кейін байқалады (30-35 жас). Осы уақытқа дейін маман өз ісінің нормативтерін өнімді орындайды, өзінің әлеуметтік-кәсіби статусын және өндрістік қатынастың иерархиясындағы өз орнын анықтайды. Өткен тәжірибе динамикасы, кәсіби даму инерциясы, өзін бекіту қажеттілігі, кәсіби өмірлік іс-әрекетке қанағаттанбауға әкелуі мүмкін .

Кәсіби анықталу процесін зерттеуде үш бағыт бар. Кәсіби өзін анықтау тұлғаның индивидуалды кәсіби қалыптасуының маңызды және ажырағысыз компоненті ретінде қарастырылады. Яғни тұлғаның мамандық таңдауы кәсіби өзін анықтаудың дамуының жаңа сатысы ретінде қарастырылады.

Т.В.Кудрявцев тұлғаның кәсіби қалыптасуының сатыларын көрсетті:

1) кәсіби ұмтылыстардың қалыптасуы;

2) мамандыққа оқу;

3) кәсіби бейімделу;

4) тұлғаның кәсіпте толығымен не жартылай жүзеге асуы.


Тұлғаның кәсіби есеюін зерттеудегі екінші бағытты И.С.Кон дамытты, ол моральдық-психологиялық кемелдіктің негізгі
көрсеткіші ретінде болашақ үшін еңбек ете алу қабілетін алды.
Бұл бағыт бойынша, «Меннің» қалыптасуында тұлғаның өмірлік
жоспарларының құрылуы маңызды роль атқарады. Өмірлік
жоспар адамның өз алдына қойған мақсаттарын жалпылау
негізінде пайда болады. Жоспарды тұлға мотивтерінің өзіндік
интеграциясы, иерархиясы, тұлғаның құндылықтық бағдарларының негізінің қалыптасуы деуге болады. Өмірлік жоспарды қалыптастыру кезінде мақсаттар мен мотивтерді нақтылау, дифференциациялау жүреді, біртіндеп реалды, шындыққа жанасатын жоспар анықталады. Автордың пікірінше, мамандық таңдаудың бастапқы кезеңінде қабілеттер, бейімділіктер және қызығушылықтар болады. Ал таңдаған мамандығының әлеуметтік құндылығын ұғыну және өзі үшін маңызын ұғыну сияқты құндылықтық бағдарлар кешірек қалыптасады. Осылайша, И.С.Кон еңбектерінде тұлғаның жалпы кәсіби дамуы мен оның кәсіби өзін анықтауы арасындағы байланысқа ерекше мән беріледі.

Е.А.Климов мамандық таңдау процесінің этаптарын тұлғаның кәсіби бағытталған қатынастары және индивидуалды психологиялық ерекшеліктеріндегі өзгерістермен байланыстыра қарастырады. Мұны мамандық таңдау мәселесін зерттеудегі үшінші бағыт деп қарастыруға болады. Е.А.Климов пікірінше, «іс-әрекет субъектісінің маңызды көрінісі ретінде қарастырылатын кәсіби өзін анықтауды екі деңгейде қарастыруға болады: гностикалық (сананың қайта құрылуы формасында) және практикалық деңгейлерде (адамның әлеуметтік статусындағы, қатынастар жүйесіндегі шынайы өзгерістер)»

И.Ә.Әбеуова кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы мәселесін қарастыра отырып, кәсіби бағыттылықты кәсіби айқындалу үрдісімен, оның ішінде маңыздысы - мотивациямен байланыста жүргізу керек деп санайды. Кәсіби айқындалу мотивациясын зерттеу арқылы мамандық таңдаудың негізгі себептерін ашып, лицей бітірген соң кәсіби айқындалудың табыстылығын болжауға болады. Сондықтан кәсіби айқындалудың негізгі факторлары ретінде мамандықтың тартымдылығына және оны таңдау мотивтеріне назар аударады .

С.Н.Чистякова зерттеулерінде кәсіби өзін анықтау тұлғаның жан жақты дамуымен, әлеуметтік белсенділігінің артуымен байланыстырылады. Мамандық таңдау тұлға дамуының салдары ғана емес, сонымен қатар осы процесті белсендіруші. Мамандықты игеру барысында ақпараттану және жағымды өзіндік бағалаулар түрлене түседі, жағымсыз бағалар азаяды.

Е.Ю.Пряжникова кәсіби өзін анықтаудың негізгі міндеттерін бөлді:

1) өзін анықтауға жалпы даярлықты қалыптастыру;

2) нақты таңдау жасауға көмектесу.


Кәсіби өзін анықтаудың негізгі мақсаты жасөспірімге өзінің саналы, ерікті даму перспективасын қалыптастыруға, өзгертуге және жүзеге асыруға іштей даярлықты; өзін нақты кәсіби іс-әрекет иесі ретінде қарастыруға даярлықты қалыптастыру. Жасөспірім жасында өзіндік сана-сезім сапалық өзгерістерге ұшырайды. Өзіндік тұлғалық қасиеттерді кәсіп таңдауға байланысты өмірлік ұмтылыстарды ескере отырып бағалау қажеттігі орын алады .

Кәсіби өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуы маман қалыптасуының негізгі мезеттерінің бірі.

Кәсіби даму периодизациясын ұсынған авторлар еңбектерінде (Ливехуд Б., Маркова А.К., Шихи Г.) кәсіби дамудың әрбір келесі кезеңіне өту маңызды критерий - маман ретіндегі және қоғам мүшесі ретіндегі өзіне құндылықтық қатынастың өзгеруі алынады.

Мысалы, А.К.Маркова маман дамуының жоғарғы этабы ретінде шығармашылық өзін анықтауды қарастырады.

Сонымен, кәсіби өзіндік сана-сезім адамның өзінің тұлғалық кемелдігін, құндылығын нақты бір іс-әрекет субъектісі ретінде саналауы.

Кәсіби өзіндік сана-сезім мәселесіне қатысты Е.А.Климов еңбектің негізгі техникалық реттеушілерін бөледі:

  1. еңбек объектісінің бейнесі - сезімдік бейне (перцептивті, сенсорлық); репрезентативті оқшауланған бейне (ес, қиялдағы); репрезентативті оқшауланған бейне (ұғым, схема, әрекет алгоритмдері);

  2. еңбек субъектісінің бейнесі - актуалды «Мен бейне» (өзінің қазіргі мезеттегі күйі туралы, басқалар арасындағы өзінің орны туралы, өз мүмкіндіктері мен шектеулер туралы білімдері); жалпыланған «Мен бейне» (өзінің өткені, қазірі, болашағы түсініктерінен тұратын «Мен концепция», кәсіби қауым мүшесі ретіндегі Мен, Мен организм ретінде, Мен маман ретінде, Мен қоғам мүшесі ретінде);

  3. субъект объект және субъект субъект қатынастары бейнесі - өзінің қажеттіліктерін ұғынуы; өз эмоцияларын және эмоциялық қатынастарын ұғынуы; өз мінезін түсінуі; еңбек процесінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, өзінің тұлғалық бағыттылығын және дүниетанымын саналауы.

Маман даярлау мәселесіне қатысты отандық зерттеушілердің еңбектерін талдай келе, педагог мамандар даярлау мәселелері жан-жақты қарастырылғанын байқадық.

Қазіргі кезеңде еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика,  психология ғылымыдарының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан - жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау болып табылады. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие. Жоғары білімнің сапасы дегеніміз – жоғары оқу орнының қызмет бөліктерінің барлық қырларын қамти отырып оның негізгі сипаттамаларын анықтап беретін көпжақты ұғым. Осы ретте оқу процесінің сапасын қамтамасыз етуде оқыту әдістерінің атқарар қызметі зор, себебі ол оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін көрсететін фактор болып табылады.

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар, түрліше кәсіптік бағдарламаларға негізделген жаңа типтегі оқу орындарының пайда болуы болашақ мамандарды даярлау ісіне нақты талаптар қоюда. Ғалымдардың қоғам талабына сай жүргізіліп жатқан өзгерістерге тән жоғары оқу орындарында жаңа типтік құрылымдар мен әдістерді енгізуі әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау үшін күш жігерлерін ғылыми тұрғыда байланыстыра отырып, қызмет жасауда.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктері мен қабілеттері, тұлғалық қасиеттерін педагогикалық тұрғыдан дамыту мәселесін Н.Д.Хмель тұжырымдады .

Жоғары оқу орындарындағы оқу – тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелеріне отандық ғалымдардан К.С.Успанов, С.С.Құнанбаева, Д.М.Жүсіпәлиева, Г.Қ.Нұрғалиева, А.А.Калюжный, С.Т.Каргин, Ш.Т.Таубаева және тағы басқа ғалымдардың еңбектері арналған

 Бұл ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық іс – әрекеттің құрылымы, кәсіби даярлау жүйесінде және тәлімгерлік жұмысының барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби жағынан маңызды сапаларының қалыптасу жолдары айқындалып, педагогикалық жоғары оқу орындарының тәжірибесі сарапталған, кәсіби – педагогикалық бағдарлау жұмысы жүйеленген.

К.С.Успанов өз еңбегінде, педагогикалық процесте болашақ мұғалімдерді адамгершілікке, азаматтықа, ізгілікке тәрбиелеуді кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, теориялық және практикалық тұрғыдан жан – жақты негіздеп, сипаттама берген .

Ал А.А.Калюжный жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу жүйесінде мұғалімдердің кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптарға сипаттама беріп, ғылыми тұрғыда негіздесе, С.С.Құнанбаева, С.Т.Каргин зерттеулерінде  болашақ мұғалімдердің кәсіби мәндік қасиеті мен кәсіби құндылық құндылықтарын қалыптастыру, мәдениетін көтеру жолдарын жан - жақты тұжырымдады .

Қазіргі жаңа ақпараттық технологияларға байланысты мамандарды даярлап, кәсіби ақпараттық біліктілігін, танымын қалыптастыруда қашықтан оқытудағы іс – әрекеттің түрлері Д.М.Жүсіпәлиева еңбегінде жан – жақты талқыланған .

Г.Қ.Нұрғалиева, Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы студенттердің құндылық бағдарлы тұлғасын қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық шарттарын айқындап, оны әдістемелік, теориялық және практикалық тұрғыдан делелдеп, сипаттаған .

Қазіргі психологияның өзекті бөлімдерінің бірі – жастар психологиясы. Бұл тақырып өте күрделі және бірнеше аспектілерді қарастырылады, бұл: психологиялық жас ерекшеліктер, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және әлеуметтік мәселелері, жанұя, әртүрлі топтардың әсері және тағы да басқа көптеген аспектілер. Жастардың мәселесі және олардың қоғам өміріндегі орыны тәуелсіздікті енді ғана алған Қазақстан үшін ең ерекше ұшқыр мәселелердің бірі десек, болашақ мұғалімдерді психологиялық тұрғыдан кәсіби даярлау ерекшеліктерін отандық   ғалымдар  Қ.Б. Жарықбаев, С.М.Жакупов, З.Ә.Исаева,  Г.К.Ахметова, М.А.Құсайынова және т.б. ғылыми еңбектерде сарапталып  өзіндік тұжырымдама берген.

Студенттер таным мен іс - әрекеттің субъектісі ретінде сол қалпында өмірге келмейді, ол сондай дәрежеге, қалыптасу барысында жетеді. Жеке тұлға іс - әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып, қажетті білімдерді әлеуметтік тәжірибе жиынтығы ретінде меңгеріп сонымен бірге қозғалыс формасындағы адамзат әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуында жүзеге асады, яғни бұл іс - әрекеттің субъектісі болашақ мұғалімдердің тұлғалық қасиеттерінің дамуы деген сөз.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан педагогикалық – психологиялық даму ерекшеліктерін қарастырмас  бұрын жеке тұлға  ұғымына тоқталып өтейік.

А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, «Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі» - деп қарастырады  .

Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады.

Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде: «Адам–физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді»-деп қарастырады .

Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:

Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.

Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.

Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.

Жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше ХХІ ғасырда оқуға қабілеттілік, қайтақұрушылық ойлау, айырмашылыққа төзімділік, біліктілік пен сауаттылық, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік мәдениет адамның негізгі қасиеттері болады.

Қорытындылай келе, Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,  жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек.














































Кәсіби оқу процесіндегі болашақ психологтардың кәсіби және тұлғалық дамуының мәселелері


Қазақстанда психолог мамандарды даярлау жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылады. Қазіргі күні маман даярлау күндізгі және сырттай оқу түрлерінде жүзеге асырылғанмен, маман психологтың толыққанды қалыптасуын күндізгі оқу түрлері ғана қамтамасыз ете алады. Бұл, психологиялық білімдерді басқа жолмен меңгеру мүмкін емес деген сөз емес, дегенмен студент оқу барысында және оқуды аяқтағаннан кейін де жетіспейтін тәжірибені білікті маман жетекшілігімен игеруінің қажеттілігін ұғынғаны жөн. Студент қандай білімді болса да, қабілетті болса да маман психолог болу үшін ол жеткіліксіз. Сондықтан да, болашақ психологтардың кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен мән берілу керек.

Даму дегенде, жаңа қасиеттердің, жаңа сапалардың пайда болуымен ерекшеленетін өзгерістер түсініледі. Кей жағдайларда қандай да бір шартты идеалдарға жақындау туралы айтылады, бұл жағдайда жетіле түсу, қалыптасу туралы сөз болып отыр. Бірақ даму төменнен жоғарыға бағытталған сызықты процесс емес. Онда дағдарыстар, артқа қайту, тоқтап қалу жағдайлары да орын алуы мүмкін, дегенмен даму дегенде қандай да бір «траекторияны» бөлуге болады, сондықтан да оны даму дейміз. Осы тұрғыдан алғанда, маманның дамуы - оның кәсіби іс-әрекеттің жаңа мүмкіндіктерін иелену процесі деп айтуға болады, бұл жерде тек «техникалық» мүмкіндіктер (білімдер, іскерліктер) ғана емес, сонымен қатар, тұлғалық даму да назарға алынады .

Студенттердің ЖОО қабырғасында даярлануының педагогикалық-психологиялық мәселелерін зерттейтін көрнекті ғалым М.Қ. Бапаева «әрбір жоғарғы оқу орындары студенттерге тек қана біліммен ғана емес, сонымен қатар олардың жан-жақты дамуымен, кәсіби дайындығымен қамтамасыз етіп отырулары тиіс» екенін айтады. ЖОО оқу кезеңі – бұл студентке білімнің, іскерлік және дағды жүйелерінің қалыптасу уақыты. Дәл осы уақытта тұлғалық қасиеттердің белсенді дамуы, даралықтың, ақыл-ойдың және адамгершілік қасиеттері жүзеге асады, адамның маман ретінде қалыптасуы жүреді. Студенттердің кәсіби іс-әрекетті игеруі оқу процесінде жүзеге асады. Студенттердің оқу іс-әрекеті өзара байланысты әлеуметтік және тұлғалық факторлармен шартталған. Біріншісіне мемлекеттік және қоғамдық құндылықтар, соның ішінде кәсіби білім беру, ЖОО, факультеттің оқытушылар және студенттер құрамы, жүзеге асырылатын технологиялар, қарым-қатынас стильдері және т.б. жатады. Екіншісіне білімнің тұлғалық мағынасы, студенттің мен-концепциясы, оның оқытылуы, өмірлік тәжірибе, оқу еңбегіндегі іскерлік пен дағды, оқу жұмысына әсер ететін дамудың физикалық ерекшеліктері, құндылықтық бағдарлар, ойлау стилі, тұлғаның ішкі ұстанымы. Сонымен қоса жоғарғы оқу орындарында студенттерді оқытудың табыстылығына көптеген факторлар ықпал етеді: материалдық-экономикалық жағдайы, денсаулығының жағдайы, жасы, отбасылық жағдайы, жоғары оқу орнына дейінгі даярлық деңгейі, өз-өзін ұйымдастыру дағдыларын иелену, өз іс-әрекетін жоспарлау және бақылау, жоғары оқу орнындарын таңдау мотивті, онда оқу ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктердің сәйкестілігі, оқу түрі (іштей, сырттай, кешкі, дистанциондық), оқу процесінің әдістемелік ұйымдастырылуы, материалдық базасы, оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілік деңгейі .

Адам іс-әрекетте қалыптасып, өзін жүзеге асыратыны белгілі. Өмірі барысында ол көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысатыны белгілі. Әр іс-әрекет өмірдің белгілі бір кезеңінде жетекші, доминантты ролге ие болады. Мысалы, студенттер үшін жетекші іс-әрекет оқу іс-әрекеті. Ғалымдар оқу іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктерін бөледі:

  1. оқу іс-әрекеті оқушыны өзгертуге, оны дамытуға бағдарланады. Бұл оқу іс-әрекетінің негізгі қызметі;

  2. оқу міндеттерін шешудің жалпы амалдары қалыптастырылуы керек, оқу іс-әрекеті оқушының осы амалдарды меңгеруіне бағытталуы керек;

  3. оқушыларға білім дайын күйінде берілмеуі керек, жаңа білімдерді саналы түрде меңгеру үшін оқушылардың бойында мотивация қалыптастырылуы керек. Яғни студент немес оқушы жаңа білімді игеру не үшін қажет болатынын ұғынуы керек;

  4. оқу іс-әрекетінің қалыптасуы жалпылау принциптеріне негізделуі керек. Егер студент немесе оқушы жалпы заңдылықтарды білетін болса, жеке және нақты сипаттаға мәселелерді өздігінен шеше алады;

  5. оқу іс-әрекеті кез-келген басқа іс-әрекеттің негізінде жатады, яғни қандай-да бір іс-әрекетті атқармас бұрын оны үйрену қажет деген сөз.

Психологтар оқу іс-әрекетінің құрылымын анықтауға тырысты. Ол, оқу іс-әрекеті оқуға деген қажеттіліктен, оқу мотивациясынан, оқу мақсаттарынан, оқу әрекеттерінен, өзін қадағалаудан және өзін бағалаудан тұрады .

Қазіргі таңда оқу іс-әрекетінің ролі артып, ол өмір бойы жалғасуы тиіс деп саналады. Бірақ, іс-әрекетті меңгеру үшін оның құрылымын білу керек. Кез-келген іс-әрекет сияқты оқу іс-әрекетінің де пәні, нәтижесі, операциялары, бағдарлаушы негізі болады. Пәні – оқу іс-әрекеті барысында оқушының немесе студенттің меңгеретін оқу тәжірибелері. Өнімі немесе нәтижесі – білім алған оқушы, оның қалыптасқан қабілеттері мен дамуының нәтижесі. Оқу іс-әрекетінің мақсаты – оқушы өз бойында қандай да бір қасиеттерді, іскерліктер мен қабілеттерді қалыптастыруды мақсат етеді. Оқу міндеттерін шешуге бағытталған жоспарлау және орындау әрекеттері. Жоспарлаушы әрекеттер оқудың бағдарлаушы негіздері болады.

Оқу іс–әрекетінің табыстылығы үшін мотивацияның ролі ерекше. Психология ғылымында «мотив» екі түрлі мағынада қолданылады. Бір жағынан мотив, іс-әрекеттің түрткіс ретінде түсінілсе, екінші жағынан, мотив адам белсенділігінің негізі болып табылатын саналы қажеттілік. Мотивтер мақсаттармен байланысты. Психологиялық зерттеулерде мотив қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттің түрткісі ретінде түсініледі. Мұндай іс-әрекет түрткілерінің жиынтығы мотивация деп аталады. Мотив – кез-келген іс-әрекеттің міндетті компоненті.

Оқу іс-әрекетінің мотивтері – оқушының немесе студентті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды белсенді меңгеруге бағыттайтын қозғаушы күштер. Егер мотив көздері оқу іс-әрекетінің мақсаты не нәтижесіне енетін болса, оқу іс-әрекетіне деген жағымды қатынастар қалыптасады. Оқу іс-әрекеттерінің ішіндегі күштілерінің бірі – танымдық мотивтер, яғни тануға, білуге деген қызығушылықтар .

И.М.Кондаков анықтамасы бойынша, тұлға - қоғамға енумен
ерекшеленетін мінез-құлықтың тұрақты жүйесі. Тұлғаның
негіздік құрылымы өзіндік бағалау, ол басқалардың бағалауының және басқаларды өзінің бағалауының негізінде қалыптасады.

Қазіргі психологияда студенттердің, кәсіби іс-әрекеттің, тұлғаның, кәсіби біліктілігінің дамуының психологиялық аспектілеріне арналған зерттеулер жеткілікті. Б.Г.Ананьев, В.В.Белоус, Э.Ф.Зеер, И.А.Зимняя, Е.А.Климов маманның жоғарғы оқу орнында дамуын жан-жақты зерттеген. Және бірдейлікке ерекше мән беріледі. Студенттерге кәсіби білім берудегі тұлғалық бағыт адамның абсолюттік құндылығы туралы түсініктерді, білім беру процесі субъектілерінің толық дамуы мен өзін жүзеге асыруына қажетті жағдайларды қалыптастыруды білдіреді.

Психология ғылымында адамның өмірлік өзін анықтау процесінің барысы оның өзін-өзі тануымен, ересектік ішкі позицияның қалыптасуымен бірге жүреді. Кәсіби өзін анықтауда еңбек белсенділігі қалыптасады.

Студенттердің оқудағы табыстылық мотивациясы олардың
ішкі психикалық күйлеріне тәуелді: ішкі қозу күші жоғары болған
сайын, студент үшін оқу үлгерімі маңызды. Үлгерімі жоғары
бірінші курс студенті депрессияғя бейімділігімен,
сезімталдығымен, интерналдылығымен ерекшеленеді. Екінші
курстағы табыстылық қиындықтарға деген табандылыққа және
консерватизм деңгейіне байланысты. Бұл жаста өзін қадағалау
төмендеп, өмірлік жетістіктері үшін өзіндік жауапкершілік
деңгейі жоғарылайды. Оқу үлгерімі жоғары үшінші курс студенті
шығармашылық потенциялының жоғарылығымен, интерналдылығымен ерекшеленеді.

И.М.Кондаков пікірінше, кәсіби даму - адам онтогенезінде орын алатын еңбек саласының түрлі жақтарын, кәсіби рольдерді, кәсіби мотивация мен кәсіби іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған әлеуметтену процесі. Түрлі мәдени-тарихи және биографиялық жағдайларда бұл ұмтылыс түрлі кәсіби салаларға (горизонталды бағдар) және біліктілік деңгейіне (вертикалды бағдар) бағдарланумен сипатталады. Кәсіби психологияның дамуындағы психотехникалық сатысында адамның нақты бір іске кәсіби жарамдылық ұғымы негізгі болады. Олар психофизиологиялық көрсеткіштер - реакция жылдамдығы, шаршау, зейіннің тұрақтылығы және т.б.

Кәсіби дамуда сыртқы әсерлер - ұстаздардың беретін білімдері, тапсырмалары маңызды, дегенмен, студенттің өзінің белсенділігінсіз, ұмтылысынсыз ұстаз қанша күш салса да кәсіби өсу мүмкін емес. Тұлғаның шынайы дамуы - бұл, ең алдымен өзін дамыту, ол сыртқы әсерлермен емес, адамның ішкі позицияларымен анықталады.

Ш. Бюлер, Э. Гинцберг, Э. Шпрангер зерттеулері бойынша, бір іс-әрекетпен айналысу, адамдардың бойында ұқсас тұлға қырларын қалыптастырады, және осы негізде адамдарды мамандығы бойынша топтастырып, маман тұлғасына психологиялық сипаттама беруге болады.

Б.Г. Ананьев, В.А. Бодров, Е.А. Климов, И.М. Кондаков, Т.В. Кудрявцев, Ю.П. Поваренков, А.М. Эткинд тұлғаның кәсіби іс-әрекетте қалыптасуына ерекше мән беріп, кәсіби қабілеттердің жетілуі мен өзін дамыту мәселелерін қарастырады.

В.А.Бодров пікірінше, тұлғаның маман ретінде қалыптасуы мён дамуының мақсаты «индивидтің нақты өмірлік және кәсіби жағдайларда сенімді мінез-құлқын қамтамасыз ету, бұл болашақ мамандығына қажетті тұлғалық қырлардың қалыптасуын анықтайды». Яғни, іс-әрекет тұлғаға өзіндік талаптар қойып, оның сол іс-әрекетте қажетті тұлғалық қырларының қалыптасып дамуының шарты ретінде көрінеді.

Сонымен, студент психологтың маман ретінде қалыптасуы - оның тұлғалық дамуының бір формасы.

А.К.Маркова маман ретінде қалыптасу процесін профессионализация деп атап, «профессионализация әлеуметтенудің бір қыры» деп көрсеткен. Адамның кәсіби қалыптасуы бұл, ұзақ мерзімді динамикалық процесс, оның өзіндік сатылары бар. Олар:

мамандық таңдау сатысы;

кәсіби даярлық сатысы;

кәсіби іс-әрекет сатысы.

Мамандану процесінің табысты жүруі осы сатылардың сәтті өтуіне тәуелді. Дегенмен, кәсіби даярлық сатысының орны ерекше, бұл сатыда студенттің маман ретінде қалыптасуы бекиді, кәсіби маңызды қасиеттері қалыптасады, кәсіби оқу амалдары көмегімен тұлғалық даму жүреді.

А.Б.Каганов студенттің кәсіби қалыптасуын этаптарға бөледі: ауыспалы (I-III семестр); жинақтаушы кезең (ІҮ-ҮІІ семестр); анықтаушы кезең (ҮІІІ-ІХ семестр). Осы кезеңдерден өте отырып, студент маман ретінде қалыптасады .

Б.В.Блинов және В.П.Петров студенттердің кәсіби қалыптасуының әрбір сатысы өзіндік психологиялық жаңа құрылымдармен ерекшеленетінін анықтады. Кәсіби маңызды қасиеттердің әрбір тобының өзіндік қарқынды даму кезеңдері болады.

Н.М.Пейсахов бойынша, іс-әрекет табыстылығын жеке психикалық процестер мен тұлғалық сапалар емес, олардың құрылымы қамтамасыз етеді. Және іс-әрекет табыстылығында ерік-жігер қасиеттерінің ролі ерекше.

Отандық ғалымдар еңбектерінде де психолог мамандарды даярлау мәселелері көтерілген.

Қазақтың белгілі ғалымы Х.Т.Шерьязданованың докторлық диссертациясы Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының педагог, психолог мамандарын даярлауға арналған. Ғалым балаларды оқытудағы бала-ересек қарым-қатынасының ролін зерттей отырып, оқытушы мен баланың арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты ерекшелейді.

Қарым-қатынастың бұл түрі бір жағынан, оқыту тәрбиелеу процесінің табыстылығын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, бала тұлғасының танымдық қабілеттерінің даму механизмі қызметін атқарады. Ғылыми зерттеуге және ұзақ жылдар бойғы мектепке дейінгі білім беру саласының қызметін бақылау нәтижесінде осы сала мамандарының кәсіби даярлығын қайта құрылымдау қажет деген ойға келеді. Бұл орайдағы кәсіби білім беру саласының кемшілігі:

жас мамандардың теориялық білімі мен практикалық іс-әрекет дағдыларының арасындағы алшақтық;

жоғары оқу орнында алынатын білімдер тек пәндік мазмұндық сипатта, олардың бойында бала психологиясының ерекшеліктері туралы бүтін түсініктің қалыптастырылмауы;

кәсіби даярлықтың балаға бағдарлы білім беруі студенттердің ересектермен жұмыс жасай алмауы мәселелерін тудырып отыр, себебі бала отбасында дамитындықтан маманның семья мәселесін де түсіне алуы біліктіліктерін талап етеді.

Х.Т.Шерьязданова мектепке дейінгі білім беру саласы педагог, психолог мамандарын даярлаудағы осы және басқа да көптеген қиындықтарды шешу үшін, бүкіл педагогикалық жүйені құрылымдауда қарым-қатынас принципі орталық негізге алынуы керек деп санайды. Ғалым білім беру саласындағы психологиялық қызметтің ұйымдастырылуын негіздеп, мектепке дейінгі білім беру саласы психологының қызметінің мазмұнын, статусын, міндеттері мен құқықтарын, жауапкершіліктерін айқындайды .

Психология ғылымдарының докторы А.Р.Ерментаева зерттеуінде жоғары мектепте студенттердің психологиялық даярлау мәселелері қарастырылған. Психологиялық дайындық ретінде болашақ маманның оқу барысында игерген білімдері ғана емес, іс-әрекетті, қарым-қатынасты жүзеге асыруға, жетілдіруге психологиялық даярлығы түсініледі. «Психологиялық даярлықты күрделі, тұрақты тұлғалық құрылым ретінде қарастырады. Ол білім, білік, дағдылар және сан қилы тұлғалық қасиеттер жүйесінен құралады. Бұл құрылым үзақ уақыт тұрақтылық сипатта болады деп және ол уақытша әзірлік күйіне, сол сәттегі жағдайды, талаптарды есепке алуға, қажетті мінез-құлық формасын өзекті етуге сәйкес қарастырылады. Осыған орай психологиялық даярлық кез-келген жағдаят міндеттерін нәтижелі орындаудағы, күрделі мәселелерді шешудегі ерекше тұрақтылығымен анықталады.

Психологиялық даярлық іс-әрекетті, қарым-қатынасты психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ішкі ахуал және осы іс-әрекетті, қарым-қатынасты ұйымдастыру, жүзеге асыру құралдырының жүйесі болып табылады. Ал психологиялық әзірлікті сәтіндегі міндеттерді шешуге, сәтінде оңтайлы шешім қабылдауға бағдарлану, белсенді түрде кірісу арқылы түсіну дәлме-дәл келеді. Онда, психологиялық әзірлік психологиялық даярлықтың құрамына қамтылады», және психологиялық әзірлік тұлғаның қойылған кез-келген іс-әрекет, қарым-қатынас саласына қатысты талаптар мен міндеттерге сай болуының басты көрсеткіші ретінде қарастырылады. Ғалым психологиялық даярлық дәстүрлі жүйеде «субъект-объект» схемасы бойынша жүргізілгенін, онда студенттің мақсаттарына жетудегі белсенділігі, өзіндік ұмтылыстары ескерілмегендігін айтады. Яғни тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған субъект ретіндегі әзірлігі назардан тыс қалған. А.Р. Ерментаева тұлғаның кез-келген жағдайда өзін дамытуға, іс-әрекет пен қарым-қатынасты атқарудағы психологиялық даярлығын қалыптастыруда болашақ мамандарға психология пәндерінің оқытылуы маңызды деп санайды және маман дайындау субъет бағдарлы сипатта болуы керек деп көрсетеді .

Көрнекті ғалым М.Қ.Бапаеваның зерттеуінде жоғарғы оқу орнында маман қалыптастырудың психологиялық мәселелері қарастырылып, психолог мамандарды оқыту процесінде кәсіби іс-әрекетке психологиялық тұрғыдан дайындайтын психология пәндерінің мазмұны «субъект-субъект» әрекеттестікті қалыптастыратындай ұйымдастырылса студенттің психологияны меңгеруі және келешек кәсіби іс-әректте табысты болуы қамтамасыз етіледі деп санайды. Ғалым қазіргі қоғам талаптарына сай кәсіби біліктілігі жоғары психолог маман қалыптастыру үшін болашақ маманды даярлауға, маманның іс-әрекетін ұйымдастыруға және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуі қажетігін көрсетеді. Мұны болашақ психолог маманның үлгісінде ұсынады (кесте 1.).

Бірінші курс студенттері төмендегідей тұлғалық ерекшеліктермен сипатталады: зейін шоғырлануы жоғары, қиял жақсы жетілген, эмоциялық тұрақтылық, өзін қадағалау жоғары, қарым-қатынастағы батылдық, өзін нақтылауға, тәуелсіздікке деген ұмтылыстар, басқа адамдармен сенімді ашық қарым-қатынасқа ұмтылыс, өзіне сыншылдық қатынасы жоғары, отбасылық қатынастардағы экстерналдылық тән. Бірінші курс студенттеріне орташа, әлсіз жүйке типі тән. Бұл сипаттамалар бірінші курс студентінің типтік сипатын бейнелейді .

Психология мамандығының төменгі курстарында студенттерде тұлғааралық және өндірістік қатынастарда экстерналды тенденциялардың күшеюі, эмпатияның төмендеуі, консервативті тенденциялардың күшеюі байқалады. Өздерін идеалға қарай өзгерту тілектері әлсірейді. Бірінші, екінші, үшінші курстарда студенттердің маман психологтың кәсіби маңызды қасиеттері туралы түсініктерінде төмендегідей қасиеттер ерекшеленеді: кәсіби білімдер мен іскерліктер; біліктілік, басқа адамдарды тыңдай білу және түсіне алу, жоғары дамыған коммуникативті және интеллектуалды қабілеттер. Сонымен бірге, бірінші курс студенттері интеллектуалды қасиеттерді зерттеуші психологтың да, практик психологтың маңызды кәсіби қасиеттері ретінде бағалайды. Және студенттердің пікірінше, зерттеуші психолог үшін байқампаздық қасиеттер, практик үшін эмоционалды, сенсорлық қабілеттер маңызды деп саналады. Үшінші курста студенттердің маманның кәсіби маңызды қасиеттері туралы түсініктері эксперттер пікіріне сай келеді. ЖОО да әрбір студент-психолог тұлғалық даму мен кәсіби жетілудің өзіндік жолын таңдауы қажет болады.


Кесте 1. Болашақ психолог маманның үлгісі


Психолог маманның үлгісі




Маманның іс-әрекетінің моделі

Маманды даярлау моделі

Маманның жеке тұлғасының моделі






Маманға қажетті білім, іскерлік, дағды (БІД) қалыптастыру


БІД қалыптастыратын оқу процесін ұйымдастыру

Маманның кәби маңызды қассиеттерін қалыптастыратын іс-әрекет түрлері (сабақ түрлері, пратика, тренинг, СДЖ)

Жеке тұлғалық қасиеттерінің терең, тианақты білімі мен ке ой-өрісінің болуына тілектестілік, ақкөңілділік, рефлекся, жеке тұлғалық дамуы, кәсібилік













Мазмұны

Оқу процесінің ұйымдастырылуы – әдістемелік қамтылуы

Мақсаты

Кәсіби санасы

Психологиялық ойлау жүйесінің қалыптасуы











Кәсіби біліктілігі (педагогикалық жұмысқа даярлығы)

Кәсіби айқындалуы





Бірқатар авторлардің пікірінше, бұл жолдың үш варианты бар:

Формалды және формалды емес. Формалды қатынастар ЖОО-да қалыптасқан студенттермен жұмыс жасау ережелері мен дәстүрлеріне тәуелді. Формалды емес әдісте студенттер өз құрбылары мен жақын қатынастағы оқытушыларынан көмек сұрайды.

Жұмыспен байланысты немесе оқудан тыс басқа да әрекеттермен байланысты жолдар. Қазіргі жағдайда көптеген студенттер жұмыс істейтіндіктен кәсіби дамуда негізгі көмек әріптестері тарапынан да болуы мүмкін.

Студенттің терең мамандануымен және жан-жақты даярлықпен байланысты жолдар. Оқу барысында терең маманданудың өзіндік маңызыдылығы бар. Бірақ мұндай студенттің кәсіби дүниетанымы тарылады. Ол жан-жақты білім алудан, кәсіби мәдениетті кеңінен меңгеруден шектеледі.

Өз бетінше қалыптастырылатын және басқа біреудің ұйымдастыруымен қалыптастырылатын жолдар. Әрине басқа адам көмегінсіз мүмкін емес, дегенмен, ары қарайғы кәсіби және тұлгалық даму жолын өз бетінше қалыптастыру маңызды.

Қалауымен, құштарлықпен қалыптастырылатын жолдар және ниетсіз, «мәжбүрлікпен» қалыптастырылатын жолдар. Әрине студенттің толыққанды тұлғалық дамуы үшін өмірлік құштарлық маңызды. Ол үшін студенттің ұмтылатын мақсаты, маңызды идеясы мен мағынасы болуы керек. Сонда «қызық емес» сабақтар да басқалай қабылданып, мағыналы, қажетті болады.

Бірқатар зерттеулерде студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетіне даярлық мәселелері қарастырылады.

«Психолог» мамандығы «қоғамдық» мамандықтарға жатады. Яғни, ол қоғамдық мәселелерді, тұлғаның әлеуметтену мәселелерін қарастырады және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста жүзеге асады. Сондықтан да, психолог әр түрлі адамдарды түсіне алуға, олардың түрлі өмірлік әрекеттерінің амалдарының, мамандықтарының ерекшеліктерін білуге даяр болуы керек. Мұның маңыздылығының себебі адамдардың көп бөлігі еңбек іс-әрекетінде өзін жүзеге асырады, ал психологтың негізгі міндеттерінің бірі - тұлғаға негізгі іс-әрекет түрінде өзін жүзеге асыра алуға көмек беру. Білімді, білікті маман психолог болу оңай емес, ЖОО-да оқу барысында психолог нақты әдістемелерді меңгеріп, еңбек бағытын, мамандандырылу бағытын анықтауы керек. Тұлғалық даярлық психологтың табысты еңбек етуі үшін қажет. Тұлғалық тұрғыдан даяр маман өзі айналысқысы келетін практика саласындағы мәселелерін шеше алады. Жоғарғы оқу орны қабырғасындағы студенттің тұлғалық даярлығы болшақ кәсіби іс-әрекетіне қажетті білімдерді жинау болып табылады.

А.А.Вербицкий және Т.А.Платонова «оқу барысында игерілген білімдер, іскерліктер мен дағдылар енді оқу іс-әрекетінің пәні емес, кәсіби іс-әрекет құралына айналады» деп санайды.

И.М.Кондаковтың психологиялық сөздігінде әрекетке деген даярлық қандай да бір әрекетті орныдауға бағыттылықты сипаттайтын нұсқау формасы ретінде түсініледі.

О.М.Краснорядцева пікірінше, кәсіби іс-әрекетке деген психологиялық даярлық:

  1. Кез келген психологиялық құбылыстар мен көріністердің алдында жүретін нұсқауларда;

  2. өзінің әлем бейнесін «ретке келтіруге» мотивациялық даярлық;

  3. персонализация процесі арқылы өзін жүзеге асруға мотивациялық даярлық түрінде;

  4. персонализация процесі арқылы өзін жүзеге асыруға кәсіби тұлғалық даярлық түрінде көрініс табады .

Психологиялық даярлық мәселесін қарастырған зерттеулердің ортақ тұсы, «даярлық» алған білімдер мазмұнының, тұлғалық қасиеттер мен сапалардың және тұлғалық тәжірибенің интеграциялануы, ол кәсіби іс-әрекетке теориялық және методологиялық жалпы даярлықтың белгілеріне ие. Сонымен қоса, даярлықтың өзіндік ерекшеліктері де бар, ол кәсіби іскерліктер мен дағдылар, оларды жүзеге асырудағы индивидуалды стиль, практикаға бағдарланған іс-әрекет тәжірибесі, кәсіби іс-әрекеттерін рефлексиялау.

Сонымен, «кәсіби іс-әрекетке даярлық» көпаспектілі, көпмәнді ұғым. Ол бөлшектері бір-бірімен функционалды қатынастағы динамикалық құрылымды.

Кәсіби даярлық ұғымы іс-әрекет теориясының категориясы ретінде; тұлға теориясының категориясы ретінде; іс-әрекетке кәсіби даярлық теориясының категориясы ретінде қолданылады. Ол кәсіби өзін анықтаудың, білім алудың және өз бетінше білім алудың, мамандыққа тәрбиеленудің және өзін тәрбиелеудің нәтижесі болып табылады. Және тұлғалық даярлық іс-әрекеттің және оның табыстылығының реттеушісі.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жанболатова Гульназ Оразай?ызы

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204301


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства