kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План коучинга на тему "Рефлексия" и рефлексивный отчет коучинга

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цель    оказание содействия в понимания важности рефлексии  для выявления успешности учебного процесса       
Ожидаемый результат: Участники коучинга поймут важность проведения рефлексии для выявления успешности учебного процесса, и будут использовать в своей педагогической деятельности различные виды рефлексии: эссе, педагогическая поэма, "2 пожелания и 1 рекомендация" и т. д.. Рефлексия имеет важное место в обучении и для учителя, и для учащихся, так как является толчком для  самообразования, саморазвития, саморегуляции личности. В наше бысро меняющемся мире только конкурентноспособный найдет правльный путь.

  

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«План коучинга на тему "Рефлексия" и рефлексивный отчет коучинга »

А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп –гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шатырбекова Ақмарал Алькебаевнаның

«Рефлексия» тақырыбындағы коучинг сессиясының жоспары


Тақырыбы

Рефлексия

Мақсаты

Сыныптағы педагогикалық тәжірибені жақсартудың тиімді түрлерінің бірі- рефлексияның маңыздылығын түсіну, рефлексия түрлерімен, оны тиімді қолдану жолдарымен таныстыру

Күтілетін нәтиже

Коучингіге қатысушылар оқу үдерісінің нәтижелілігін анықтау үшін рефлексияның маңызды екендігін түсінеді , өз тәжірибелерінде тиімді қолданады

Негізгі идея

  • Рефлексия, сыни рефлексия

Дереккөздер

бейнеклип «I am Gammy Bear», «Рефлексия жасау– сыныптағы педагогикалық тәжірибені жетілдіру әдісі» тақырыбында презентация

Материалдар мен жабдықтар

компьютер, магнит, интерактивті тақта , флипчарт, маркер, стикер, ватман


Коучинг барысы

Коучингіні өткізу кезеңдері

Уақыт

Оқытушының және қатысушының әрекеттері

Сәлемдесу

1 мин

Коуч коучингіге қатысушыларды жарқын көңіл- күймен қарсы алады

«Стакан» жаттығуы

6 мин

Алдағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін, жағымды атмосфера құру үшін және коуч пен қатысушылар арасындағы кедергіні жою, ұшқыр ойды ояту мақсатында коуч қатысушыларды дөңгеленіп тұрып, стаканды бір – біріне қайталанбайтындай етіп беруді ұсынады

Топқа бөліну

3 мин

Конвертке салынған компьютер, кітап, қалам суретінің қиындыларын суретіне қарай жинап, сурет тақырыбына қарай бөлініп отыруды ұсыну

«Рефлексия» постерін құру

10 мин

Коуч қатысушыларға сабақ нәтижесін шығару үшін қолданылатын рефлексия түрлері туралы постер жасап, қорғауды ұсынады. Қатысушылар ұсынған рефлексия түрлерінің ең ерекшесін таңдауды ұсынады.

«Рефлексия» тақырыбында презентация

10 мин

Рефлексия туралы түсінік қалыптастыру үшін коуч қатысушыларды «Рефлексия» тақырыбындағы презентация арқылы «рефлексия» және «сыни рефлексия» туралы теориямен таныстырып, оның түрлері, мектеп тәжірибесіндегі мағыздылығы туралы әңгімелеп, соңында осы тақырып бойынша өз түсініктерін айтуды сұранады.

Сергіту сәті

5 мин

Коуч қатысушыларды орындарынан тұрып, «Кішкентай қонжықтар» бейнеролигінде көрсетілген жаттығуларды жасауын өтінеді, сөйтіп, қатысушылардың бой сергітуіне, ары қарай көңілді күйде коучингіні жалғастыруға әрекет етеді

«5:15» жаттығуы

5 мин


Әлдебір проблемены шешу барысында қатысушылар қаншалықты креативті болуы мүмкін екендігін тексеру үшін коуч «5:15» жаттығуын орындауды ұсынады, яғни қатысушылар дайындықсыз рефлексия жасаудың 5 минутта 15 идеясын жазып, қорғауы керек. Топ мүшелері берілген ұсыныстарды мұқият тыңдап, осы идеялардың ішінен ең тиімдісін анықтап, белгілеп қою керек.

«Егер…..» әдісі

10 мин

Коуч қатысушыларға рефлексияның бір түрін «Егер...» әдісін орындауды ұсынады: «Егер біз рефлексия жасай алмасақ не болар еді?» деген ой туралы сурет салып, қорғауды ұсынады.

«Мен нені үйрендім?» жаттығуы

5 мин

Өткізілген коучингінің тиімділігін және нәтижелілігін тексеру мақсатында коуч қатысушыларға коучингі барысында нені үйренгендері туралы ойланып, берілген сөйлемдерді аяқтауын өтінеді:


1

Мен үйрендім...

Я научился...

2

Мен білдім...

Я узнал, что ...

3

Мен ... – ға (-ге) дәлел таптым

Я нашел подтверждение тому, что...

4

Мен ... анықтадым

Я обнаружил, что....

5

Мен ... таңдандым

Я был удивлен тем, что...

6

Маған ... ұнады

Мне нравится, что ...

7

Менің ... көңілім қалды

Я был разочарован тем, что ...

8

Мен үшін ең маңыздысы...

Самым важным для меня было...






А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп –гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шатырбекова Ақмарал Алькебаевнаның

«Рефлексия» тақырыбындағы коучинг сессиясы бойынша рефлексивті есебі


Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы (Википедия). Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, сабақ барысындағы өзінің іс –әрекетіне объективті баға беруі. Рефлексия оқу үдерісінің динамикасын көрсету үшін оның әр кезеңінде оқушылар мен мұғалімдердің өзінің жұмысы, бақылауы мен бағалауын жазбаша түрде келтіруі, сондықтан оның қазіргі таңда мектеп тәжірибесінде алар орны ерекше. Сондықтан мен сыныптағы педагогикалық тәжірибені жақсартудың тиімді түрлерінің бірі- рефлексияның маңыздылығын түсіндіру, рефлексия түрлерімен, оны тиімді қолдану жолдарымен таныстыру мақсатында коучинг өткіздім.

Коучингіге қатысушыларды жарқын көңіл- күймен қарсы алып, алдағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін, жағымды атмосфера құру үшін және коуч пен қатысушылар арасындағы кедергіні жою, ұшқыр ойды ояту мақсатында мен қатысушыларды дөңгеленіп тұрып, стаканды бір – біріне қайталанбайтындай етіп беруді ұсындым. Бұл тапсырманы қатысушылар көтеріңкі көңілмен орындады, әрқайсысы бір- бірінің стаканды беруіне назар аударып, тапқырлық танытқандарды қошеметтеп отырды. Осы тапсырманың сын тұрғысынан ойлауды қалыптасуына ықпал ететіндігін айта келе, қатысушылар коучинг тақырыбын өз беттерінше анықтауға тырысты.

Мен қатысушылардың коучинг барысында тиімді жұмыс істеуі үшін үш топқа бөлуді жөн көріп, конвертке салынған қағаз қиықтарын суретіне қарай жинауды ұсындым. Бұл тапсырма ұзақ уақытты алмады. Қатысушылар қағаз қияқтарын жинап, онда салынған компьютер, кітап, қалам суретін анықтап, топқа бөлініп отырды. Осы суреттердің коучинг тақырыбына байланысын анықтауды ұсындым. Айтылған пікірлер алуан түрлі: АҚТ, мектеп, сабақ беру түрлері және т.б. Қатысушылар осы құралдардың барлығын сабақта пайланатындығын айтты.

Мен қатысушыларға сабақ нәтижесін шығару үшін қолданылатын рефлексия түрлері туралы постер жасап, қорғауды ұсындым. Постерлер қатысушылардың рефлексия туралы түсініктері бар болғанымен, оның түрлері, қолдану мақсаты туралы білімдерінің аз екендігіне көз жеткіздім. Сондықтан «Рефлексия жасау– сыныптағы педагогикалық тәжірибені жетілдіру әдісі» тақырыбындағы презентация арқылы оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп, білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйрететіндігі, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік беретіндігін, рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы (http://www.izden.kz/referattar/psihologiya/115) екендігін айта келіп , «рефлексия» және «сыни рефлексия» туралы ұғымдармен таныстырдым. Қатысушылардың сыни рефлексияның сипаты мен артықшылығы туралы түсініктері қалыптасты.

Коучингінің ары қарай нәтижелі өтуі үшін және бой сергіту мақсатында қатысушылардың орындарынан тұрып, «I am Gammy Bear» бейнеролигінде көрсетілген жаттығуларды жасауын өтіндім, сөйтіп, қатысушылардың көңілі көтеріліп, келесі тапсырманы орындауға атсалысты. Әлдебір проблемены шешу барысында қатысушылар қаншалықты креативті болуы мүмкін екендігін тексеру үшін мен «5:15» жаттығуын орындауды ұсындым, яғни қатысушылар ешбір құралсыз рефлексия жасаудың 5 минутта 15 идеясын жазып, қорғады. Топ мүшелері берілген ұсыныстарды мұқият тыңдап, осы идеялардың ішінен ең тиімдісін анықтап, белгілеп қойды. «Сабақ туралы эссе жазу, 4 қатар өлең құру, сабақта туындаған кедергілерді жою жолдарын ұсыну» сияқты ұсыныстарды ең тиімді деп тапты.

Мен қатысушыларға сабақта тиімді қолдануға мүмкіндік беру үшін, рефлексияның бір түрін «Егер...» әдісі бойынша тапсырманы орындауды ұсындым: «Егер біз рефлексия жасай алмасақ не болар еді?» деген ой туралы сурет салып, қорғауды ұсындым. Бұл тапсырма қатысушылардың ешбір сөзді қолданбай, ой ұшқырлығын танытуға мүмкіндік берді.Олар рефлексия жасай алмасақ, тастан қашалған ескерткішке ұқсап, бір орында тапжылмай тұрып қалатындығымызды, ал өмірдің бар қызығының айналып өтіп кететіндігі туралы ой қозғады. Ал екінші топ рефлексиясыз адамды гүл ашпай тұрған өсімдікке теңесе, үшіншілері жапырақсыз қу ағашпен салыстырды.

Келесі кезекте, өткізілген коучингінің тиімділігін және нәтижелілігін тексеру мақсатында мен қатысушыларға коучингі барысында нені үйренгендері туралы ойланып, қима қағазда берілген сөйлемдерді аяқтауын өтіндім:


  1. Мен үйрендім

  2. Мен білдім

  3. Мен __– ға (-ге) дәлел таптым.

  4. Мен _______________анықтадым.

  5. Мен __________________________таңдандым.

  6. Маған ______________________________ұнады.

  7. Менің _______________________________көңілім қалды.

  8. Мен үшін ең маңыздысы_______.

Коучинг барысында бірқатар кемшіліктер орын алды, олар: уақытты үнемдемеу, «5:15» жаттығуын орындау барысында даулы жағдайдың орын алуы, яғни өзін көшбасшымен деп есептеген қатысушы басқаларға басымдық көрсетті. Бұл проблеманы шешу үшін мен әр қатысушының ойының дұрыс жақтарына ерекше көңіл бөліп, альтернативті жауап іздеуге тырыстым. Жалпы коучингінің тақырыбын ашу үшін тағы да басқа практикалық жаттығулардың қажет екеніне көз жеткіздім. Қатысушылардың рефлексиясы коучингінің жағымды атмосферада өткендігін, өздеріне қажет ақпаратты алғандығын көрсетті.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
План коучинга на тему "Рефлексия" и рефлексивный отчет коучинга

Автор: Шатырбекова Акмарал Алькебаевна

Дата: 06.11.2014

Номер свидетельства: 127328

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(274) "Рефлексивный отчет коучинг занятия   «Использование элементов критического мышления, как средства развития познавательной  деятельности учащихся» "
    ["seo_title"] => string(168) "rieflieksivnyi-otchiet-kouchingh-zaniatiia-ispol-zovaniie-eliemientov-kritichieskogho-myshlieniia-kak-sriedstva-razvitiia-poznavatiel-noi-dieiatiel-nosti-uchashchikhsia"
    ["file_id"] => string(6) "174339"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424108580"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(209) "Рефлексивный отчет о проведении коучинг занятия  по теме «Новые приемы использования ИКТ в  обучения школьников» "
    ["seo_title"] => string(127) "rieflieksivnyi-otchiet-o-proviedienii-kouchingh-zaniatiia-po-tiemie-novyie-priiemy-ispol-zovaniia-ikt-v-obuchieniia-shkol-nikov"
    ["file_id"] => string(6) "101276"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402412410"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Рефлексивный отчет о коучинг занятии "Диалоговое обучение в начальной школе" "
    ["seo_title"] => string(89) "rieflieksivnyi-otchiet-o-kouchingh-zaniatii-dialoghovoie-obuchieniie-v-nachal-noi-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "173242"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423940783"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Работа с коллегами в школе "
    ["seo_title"] => string(30) "rabota-s-kollieghami-v-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "110433"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1406029623"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства