kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?асиетті сан

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?ты? ?асиетті саны 7 санына катысты біраз м?ліметтер бар. ашы? тарбие са?аты ретінде таптырмайтын материал.
 7 санына ?атысты ?азына, ж?т, керемет, нота, жетім т.б туралы айтылады. Материалды? т?рбиелілік м?ніні? зор екеніне сенімдімін. 7 санымен тіркес ??ымдар жайында т?сінік ?алыптастыру,  Адамзат м?дениетіні? ?ажайып ескерткіштерімен, я?ни с?улет ж?не м?сін ?неріні? керемет тамаша ?лгілерімен таныстыру. ?лемні? кереметтері халы?тарды? м?расы екендігін ??ындырады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?асиетті сан»

тәрбие сағаты.

Сабақтың тақырыбы: « Қасиетті сан » 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қасиетті 7 саны туралы, 7 санымен тіркес ұғымдар жайында түсінік қалыптастыру, Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет және мүсін өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныстыру. Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы екендігін ұғындыру. 
Дамытушылық: топта жұмыс жасай отырып, топ мүшесінің ойын тыңдауға, өз ойын ортаға салуға, жинақы, шапшаң ойлауға, білімге құштарлықтарын арттыру, өз бетінше ізденуге уйрету.
Тәрбиелілік: жеті атасын білуге, қазынасын құрметтеуге, Дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін және ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз отаны – Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген азаматтарды қалыптастыру, тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен амандасу. - Психологиялық дайындық жүргізу.
Шаттық шеңбері 
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, ән шырқайды.

Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай, 
Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған 
Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай 
Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам. 
Қайырмасы: ей, ақылды, досым – ай, 
Болайықшы осындай. 
Ой шақыру 
7 санына қатысты суреттер бар видеожазба көрсетіледі. Оқушыларға видеожазбадан нені байқағандығы туралы сұрақ қойылады.
Әңгімелесу 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Қасиетті сан». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.

«Тірек сөздер бойынша әңгіме» (сурет бойынша)

Күтілетін нәтиже: Оқушы орындай алады: * талдайды, болжайды, қиялдайды; * әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді; * жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады; * өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды.


- 4 топқа жеке - жеке бір конверттен беріледі. - 1-ші конвертте – жылқының, 2- ші конвертте - оттың, 3- ші конвертте – карияның, 4 – ші конвертте – макет, орнына пирамиданың макеті беріледі. - Оқушыларға топта суретті «7» санымен байланыстырып, әңгіме құрастырып, қалған берілмеген суреттерге болжам жасау ұсынылады.

Тірек сөздер 1- топта 7 қазына, 2- топта 7 жұт, 3- топта 7 ата, 4- топта 7 керемет бойынша берілген. Топтардан жауап алынған соң, толықтыру ретінде жеке – жеке тапсырмаға қосымша «7 керемет» атты бейнефильм және 7 жұт, 7 қазына, 7 ата туралы суреттер презентация көмегімен көрсетіледі. Және 7 шелпекті сыныпқа әкеліп, қадір- қасиеті туралы мұғалім өзі әңгімелейді.

Сергіту сәті 
1. Денеге арналған жаттығу 
2. Көзге арналған жаттығу 
Шығармашылық жұмыс. 

  • 1 – тапсырма: ассоциация

  • жұт казына

  • қарақшы

керемет ата

күн шелпек

өнер су

Жеті күн - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті қарақшы - аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқ жұлдыз. Жеті қарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық - осы шөміштің сабындағы соңғы және ең жарық жұлдыз. Жеті қарақшының ең жақсы көретін мезгілдері - наурыз, сәуір айлары.

Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар (Қазақ Совет энциклопедиясы, 4 т. 430 – бет). Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек.

Жеті ру - Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан, Табын, Тама және Керейіт рулары.

Жеті ғашық - Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни – Күлшәт.

Жеті амал: Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы.

Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған тон жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім.

Жеті ырыс - адамның ақыл-ой мен сана-сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит.

Жеті жарғы - XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсындағы жазылған қазақтың әдет-құқықтық жинағы. Онда жер дауы, күң дауы, жан дауы, жесір дауы, мүлік дауы және хандық пен билік мәселелері қамтылған.

Жетіген - қазақтың байырғы шертпелі музыка аспабы. Ертедегі нүсқасы тұтас ағаштан астау тәрізді ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған.

Имандағы жеті парыз - Алланың барлығына, бірлігіне сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.

Шығыстағы жеті жұлдыздар - Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Фзули.

Жеті ғалам - 7 саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар - дүниенің төрт бұрышы: күн-шығыс, күн - батыс, түстік, терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі ғалам.

Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі тайқазан жеті түрлі металдан құйылған.

7 санына байланысты жер бетінде жеті нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ,көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ.

Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады.

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...

Тыныштық сәті 
Дәптермен жұмыс 
Берілген суреттерді пайдаланып, 5 минуттық эссе жазыңдар.
Қорытындылау 
- Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз қазақтың қасиетті 7 санының өзіндік мән- мағынасын ашып, осынау бір санмен байланысқан ұғымдардың тәрбиелік қасиеттеріне қысқаша тоқталып, «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз.

















Ақтөбе қаласы № 38 орта мектеп.



















Тақырыбы: " Қасиетті сан"









Өткізген: Наренова. М. А.

Тексерген: Қасен Н. Қ.

2013 - 2014 оқу жылы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?асиетті сан

Автор: Наренова Молдир Амиргалиевна

Дата: 29.11.2015

Номер свидетельства: 259436

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "2-сынып ?аза? тілі Та?ырыбы: "Сан есім""
    ["seo_title"] => string(31) "2synypkazaktilitakyrybysaniesim"
    ["file_id"] => string(6) "288932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454692867"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?асиетті  жеті  саны  (?ылыми жобо) "
    ["seo_title"] => string(32) "asiietti-zhieti-sany-ylymi-zhobo"
    ["file_id"] => string(6) "104893"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402767605"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "7 саны және цыфры"
    ["seo_title"] => string(20) "7_sany_zh_nie_tsyfry"
    ["file_id"] => string(6) "392104"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487161093"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) ""Сан есім ""
    ["seo_title"] => string(9) "saniesim3"
    ["file_id"] => string(6) "320670"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461131731"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "7 саны ж?не оны? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(20) "7sanyzhnieonynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "305473"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457952186"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства