kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 саны және цыфры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы: 7 саны мен цифры.

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік.

                                       7 саны мен цифрын таныстыру. Тура және кері санауға                                     

                                        үйрету. Геометриялық  пішіндерден заттардың                                                                                                                                                                                                                                                                                       

                                        бейнесін құрастыруға үйрету. Қазақ халқының салт-  

                                        дәстүрлері жайлы түсінік беру. Мақал-мәтелдерге

                                        тоқталу.                                         

                                       Дамытушылық.

                                       Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, молайту.

                                       Тәрбиелік.

                                       Сөйлеу мәдениетіне,қазақ халқының салт-дәстүрлерін                        

                                       құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.                                        

Сабақтың  түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдер: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сұрақ-жауап.

Пәнаралық   байланыс: Тіл дамыту, Айналамен танысу, Сурет.

Көрнекілігі: Әртүрлі ойындар, шарлар, лақтар, гүлдер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер  ме, балалар!

Бүгін сабаққа кім келген жоқ?   Сабаққа дайынсыңдар  ма?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау                                                                                

    - Балалар, біз өткен сабақта 6 саны мен цифрын өткен болатынбыз.

Олай болса, ауызша есептер шығарып, алған білімдерінді тексерейік. Ой-өрісімізді дамыту мақсатында бірнеше логикалық есептер шығарайық.

"Кімге қай шар  ұнайды ?" ойынын ойнайық

ІІІ. Жаңа сабақ

     а) Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да балалар, 7 саны мен цифры. Мұндада, "Кім тез табады?"  ойынын пайдалана отырып 7-і киелі санына тірек сызба құрамыз.

-    7 санына байланысты кім не біледі?

-    Дұрыс, 7-атаны ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

-    Аптаның 7- күнін ата: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,  жексенбі.

Кемпірқосақтың   түрі 7 түрлі. Сендер кемпірқосақтың не екенің білесіңдер.

Оны тек жаңбырдан соң ғана көре аласыңдар. Біз кемпірқосақты "Сурет" сабағында салған болатыңбыз. Кемпірқосақ  доғал тәрізді болады.

     ә) Өз беттерінше ойлау. "Лақтардың" сыртында жазылған есептерді шығару.

-   Балалар, бәріміз "7 лақ" ертегісін білеміз бе?

-   Сол ертегіде қасқыр қалай бейнеленген?

-   Қасқырдың іс-әрекеті сіздерге ұнайма?

-   Ал қасқыр бізге мынандай шарт қойыпты. "Мына лақтардың сыртында бірнеше тапсырмалар бердім, соларды дұрыс орындасаңдар, лақтарыңды босатамын" депті.

-   Ал енді, жылдам келіп берілген тапсырмаларды орындайық. Әйтпесе, қасқыр 7 лақты жеп қойғысы келіп тұр.

-   Жақсы, балалар. Бізге лақтар қатты қуануда. Біз оларды қасқырдан құтқарып шықтық.

    б) Енді, бізге 7 саны  таныс болды. Барлығымыз дәптерімізді ашып, 7 санының элементін жазып үйрнейік. Ол былай жазылады- 7

-    Бірнеше есептер шығарып, салыстырайық.

6+1 =7                                       7-1=6

5+2= 7                                       7-2=5

4+3= 7                                       7-3 =4    

-   Жауаптары бірдей мысалдарды сызықпен қос.

-  Сергіту сәті.

   1, 2,3  қарлығаш боп ұш,

   4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы,

   7, 8, 9, 10 өз орнына қон.

-  Сандар  құрамын  қайтала.

-  Жақсы, енді болсақ дәптерімізді жабайықта, мені  мұқият  тыңдаңдар.

7 санына байланысты  ата-бабамыздан келе жатқан мақал-мәтелдеріміз де көп.    

 Мысалы:  Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

                    Жеті атасын білмеген,жетімдіктің  белгісі.

                    Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі  ілім біл.

Яғни, мұнда жеті рет өлшеп,бір рет кес- дегеніміз  балалар, не нәрсені орындар кезде, әбден ойланып, оның қорытындысы қалай болатынын ойланып, пайдалы ма, әлде  пайдасыз ба соны да ойлап барып, жұмыс жасау керек. Яғни, не нәрсені ойланып шеш.

-   Ал  енді, осы "Наурыз көжені" ішкендерін бар ма?

-   Жақсы.

-   Онда қандай тағам түрлерін байқадыңдар

-    Бала жауабы.

-   Мұғалімнің көмегімен толықтырылады.

-    Наурыз көже аса қасиетті  ас  тағам  саналғандықтан, онда 7  түрлі  дәмнен дайындалған.

Олар: Тұз

            Су        

 Ақ ( құрт, қатық, айран)

Ет   ( соғымнан қалған)

Кеспе

Бидай ( келіге түйілген)

Күріш  немесе  тары   

- Мінекей  балалар,  наурыз көженің  жеті  түрлі тағамын  білдіңдер.

-  Яғни, 7 саны қасиетті  сан.

 б) -Жұмбақ шешу арқылы  сабағымызды қорытындылайық.                                           

Жұмбақ  шешу.

Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма

Қосқанда болады,

Барлығы неше алма?

-     Жақсы.

Бүгінгі  тақырып ұнады ма?     Түсінікті болды ма?

-    Жақсы, балалар!

-    Балаларды мадақтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 саны және цыфры»



Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

Үшбиік ауылы

«Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ-сі

Бастауыш сынып мұғалімі: Есперова Мейрамгүл Тохтархановна

Стажы:13 жыл

Санаты: ІІ

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры

































Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: Білімділік.

7 саны мен цифрын таныстыру. Тура және кері санауға

үйрету. Геометриялық пішіндерден заттардың

бейнесін құрастыруға үйрету. Қазақ халқының салт-

дәстүрлері жайлы түсінік беру. Мақал-мәтелдерге

тоқталу.

Дамытушылық.

Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, молайту.

Тәрбиелік.

Сөйлеу мәдениетіне,қазақ халқының салт-дәстүрлерін

құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдер: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Айналамен танысу, Сурет.

Көрнекілігі: Әртүрлі ойындар, шарлар, лақтар, гүлдер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін сабаққа кім келген жоқ? Сабаққа дайынсыңдар ма?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

- Балалар, біз өткен сабақта 6 саны мен цифрын өткен болатынбыз.

Олай болса, ауызша есептер шығарып, алған білімдерінді тексерейік. Ой-өрісімізді дамыту мақсатында бірнеше логикалық есептер шығарайық.

"Кімге қай шар ұнайды ?" ойынын ойнайық

- Мына әр түрлі шарлар нешеу ?- 6-ау

- Тез келіп, кімге қай шар ұнайды, сол шарды алайық.

- Жақсы, енді шарларыңдағы тапсырмаларды орындайық.

- Олар : 5+1; 3+3; 5+1; 4+2; 6-1; 6-4; 3-3.

- Жақсы, балалар!

- Енді мен де бір шар бар. Сол шарды сендердің шарларыңа қоссақ, барлығы неше шар болады?

6+1=7

- Дұрыс айтасыңдар, яғни, 7 шар болады екен.

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да балалар, 7 саны мен цифры. Мұндада, "Кім тез табады?" ойынын пайдалана отырып 7-і киелі санына тірек сызба құрамыз.

- 7 санына байланысты кім не біледі?

- Дұрыс, 7-атаны ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

- Аптаның 7- күнін ата: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Кемпірқосақтың түрі 7 түрлі. Сендер кемпірқосақтың не екенің білесіңдер.

Оны тек жаңбырдан соң ғана көре аласыңдар. Біз кемпірқосақты "Сурет" сабағында салған болатыңбыз. Кемпірқосақ доғал тәрізді болады.

ә) Өз беттерінше ойлау. "Лақтардың" сыртында жазылған есептерді шығару.

- Балалар, бәріміз "7 лақ" ертегісін білеміз бе?

- Сол ертегіде қасқыр қалай бейнеленген?

- Қасқырдың іс-әрекеті сіздерге ұнайма?

- Дұрыс, айтасыңдар. Яғни, қасқыр жыртқыш аң.

- Қасқырдың мақсаты неде?

- Өте дұрыс, оның мақсаты-лақтарды жеу.

- Енді былай, қасқыр 7 лақты ұрлап кетті.

- Ал қасқыр бізге мынандай шарт қойыпты. "Мына лақтардың сыртында бірнеше тапсырмалар бердім, соларды дұрыс орындасаңдар, лақтарыңды босатамын" депті.

- Ал енді, жылдам келіп берілген тапсырмаларды орындайық. Әйтпесе, қасқыр 7 лақты жеп қойғысы келіп тұр.

- Жақсы, балалар. Бізге лақтар қатты қуануда. Біз оларды қасқырдан құтқарып шықтық.

б) Енді, бізге 7 саны таныс болды. Барлығымыз дәптерімізді ашып, 7 санының элементін жазып үйрнейік. Ол былай жазылады- 7

- Бірнеше есептер шығарып, салыстырайық.

6+1 =7 7-1=6

5+2= 7 7-2=5

4+3= 7 7-3 =4

- Жауаптары бірдей мысалдарды сызықпен қос.

4-2 3-2 6-3 3+3



6-5 5-2 5+1 3+3

- Сергіту сәті.

1, 2,3 қарлығаш боп ұш,

4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы,

7, 8, 9, 10 өз орнына қон.

- Сандар құрамын қайтала.

- Жақсы, енді болсақ дәптерімізді жабайықта, мені мұқият тыңдаңдар.

7 санына байланысты ата-бабамыздан келе жатқан мақал-мәтелдеріміз де көп.

Мысалы: Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Жеті атасын білмеген,жетімдіктің белгісі.

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.

Яғни, мұнда жеті рет өлшеп,бір рет кес- дегеніміз балалар, не нәрсені орындар кезде, әбден ойланып, оның қорытындысы қалай болатынын ойланып, пайдалы ма, әлде пайдасыз ба соны да ойлап барып, жұмыс жасау керек. Яғни, не нәрсені ойланып шеш.

Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі дегеніміз- қайдан шыққаныңды, кім екеніңді, өзіңнің тегіңді білу керек.Қазақта жеті атаға көп мән береді.

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл дегеніміз- жан- жақты білімді болу, білімді болсаңдар, қор болмайсыңдар.

- Жақсы.

- Ал енді, көктем айларында қандай мейрамдар тойланады?

- Иә, аналардың мейрамы 8 наурыз.

- Тағы да

- Дұрыс,22 наурыз мейрамы тойланады.

Осы мейрам , Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Ел оған сағынып жетеді. Наурыз мерекесінде" Наурыз көже" даярланады, дастархан жайылады.

- Ал енді, осы "Наурыз көжені" ішкендерін бар ма?

- Жақсы.

- Онда қандай тағам түрлерін байқадыңдар

- Бала жауабы.

- Мұғалімнің көмегімен толықтырылады.

- Наурыз көже аса қасиетті ас тағам саналғандықтан, онда 7 түрлі дәмнен дайындалған.

Олар: Тұз

Су

Ақ ( құрт, қатық, айран)

Ет ( соғымнан қалған)

Кеспе

Бидай ( келіге түйілген)

Күріш немесе тары

- Мінекей балалар, наурыз көженің жеті түрлі тағамын білдіңдер.

- Яғни, 7 саны қасиетті сан.

б) -Жұмбақ шешу арқылы сабағымызды қорытындылайық.

Жұмбақ шешу.

Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма

Қосқанда болады,

Барлығы неше алма?

- Жақсы.

Бүгінгі тақырып ұнады ма? Түсінікті болды ма?

- Жақсы, балалар!

- Балаларды мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7 саны және цыфры

Автор: Есперова Мейрамгүл Тохтархановна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392104


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства