kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ертегілер әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегілер үйірмесіне арналған сабақ жоспарлар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ертегілер әлемі"»

Тақырыбы: Туған өлкем!
Мақсаты: Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, рәміздерді білуге үйретуді жалғастыру, сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карта, елтаңба, ту, шаңырақ, далада өсіп жатқан қызғалдақтар,

Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой -
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге!
- Балалар біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Жарайсыңдар балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз, ол - біздің Отанымыз. Отан – Родина. Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Отан туралы тақпақтар:
Отан тарих, Отан – тіл
Жасаған елің, ер халқын
Отан - өлкең, Отан – жыр
Көтерген көкке ел даңқын
Байтақ дала - туған жердің,
Қымбат маған әр тасы
Өзен - көлі, сама желі
Асқар тауы, баршасы.
Аружан: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Балалар Отан туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенсіңдер тексеріп көрейік. Ойын: «Жалғасын тап». Мен бастаймын, ал сен қостайсың.
- Отан оттан да ыстық.
- Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
- Отан – елдің анасы.
- Отан үшін отқа түс, күймейсің.
- Отаным - алтын бесігім.
Картамен Жұмыс:
- Бұл біздің туып өсіп келе жатқан Отанымыздың, Тәуелсіз, Егеменді еліміздің, Қазақстан Республикасының картасы.
- Қазақстан жері кең, әсем, әдемі. Мұнда көптеген қалалар бар. Онда көптеген халық өкілдері бар, олар өте тату тұрады Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары да бар.

Бекіту : Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)
























Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен жолбарыс» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: . «Түлкі мен жолбарыс» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі
 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 


Түлкі мен жолбарыс

 
Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс дос болыпты. Екуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты: - Мен мына жардан құлап кетемін, сен түлкі менің астыңғы жағымда жат,- депті. 
Сөйтсе, түлкі астыңғы жағында жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып: - Ай, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! – депті. 
Сөйтсе, жолбарыс жылжи бере, жардан құлап, өліп қалыпты.

 
ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!





















Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қотыр торғай» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: . «Қотыр торғай» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі
 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 
Қотыр торғай

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:

– Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп:

– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? Ешкі:

– Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:     

– Қап бәлем қасқырға айтпасам!

– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр:

– Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам!

– Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:

– Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай:

– Қап бәлем, сені байға айтпасам!

– Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:

– Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені тышқанға айтпасам!

– Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:

– Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені балаларға айтпасам!

– Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

– Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:

– Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам!

– Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:

– Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені құйынға айтпасам!

– Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?

Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрды; балалар тышқанды ұрып жіберді; тышқан байдың қоспасын тесті, бай жылқышыны ұрды; жылқышы қасқырды ұрып алды; қасқыр ешкіні жеді; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алды.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!





Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Кім күшті?» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: . «Кім күшті?» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 
Кім күшті?

Ерте, ерте, ерте екен, 
Ешкі жүні бөрте екен. 
Қырғауылы қызыл екен. 
Құйрық жүні ұзын екен. 
Қырғауылы қырқылдап, 
Жалтыр мұзға сыртылдап, 
Алшая келіп қоныпты, 
Шаты айрылып қалыпты. 
Қисая жатып қырғауыл 
Сонда мұздан сұрапты: 
-  Мұз, мұз, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім. 
-  Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім. 
-  Жер, жер, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім. 
-  Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді. 
-  Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім. 
-  Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім. 
-  Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім. 
-  Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың? 
-  Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім. 
-  Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың? 
-  Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!









Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Арыстан мен түлкі» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Арыстан мен түлкі» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 
Арыстан мен түлкі

 Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.
    Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!









Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр мен лақ» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Қасқыр мен лақ» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 
Қасқыр мен лақ

 Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:-

Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан - жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман - есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!













Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қорқақ қоян» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Қорқақ қоян» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ  Қорқақ қоян
  Ертеде бір нулы орманда әртүрлі жан-жануарлар мекендепті. Оларды аң патшасы арыстан билеп тұрыпты. Бірде арыстан: "барлық аңдар алдыма жиналсын"- деп бұйырыпты. Ормандағы барлық аң атауы жиналыпты. Сонда арыстан:"Барлығың менің келе жатқан туған күніме дайындалыңдар. Әрқайсыңа жеке-жеке тапсырма беремін"-депті. Сол кезде барлық аңдарға не дайындау керегі айтылыпты, кезек қоянға да жетеді. "Қоян сен үстелге құмыраға салып қоятын гүл әкел"-депті арыстан. Қоян орманның ішін арлы-берлі кезіп бірде-бір гүл таппапты. Қайтсін байқұс, өйткені бұл қақаған суық қыс мезгілі еді. Барлық аңдар өз тапсырмаларын орындап, тек арыстанды күтіп тұрады. Арыстан өзінің туған күніне деген дайындықты көріп риза болып келе жатады. Бір кезде арыстанның көзі үстелде бос тұрған құмыраға түседі. "Мұнда неге гүл жоқ? Кімге тапсырылып еді?"-деп ашуланыпты. Алдына сүмірейіп қоян келеді. Арыстан "Қоян, гүл қайда?"-деп ақырып үстелді жұдырығымен бір қойыпты. Қоян алды-артына қарамай зыта жөнеліпті. Сол күйінде үйіне келіп, есігін ішінен бекітіп, терезелерінің перделерін түсіріп жауып, жан-жағына қарап, ешкімнің жоғына көзі жеткен кезде өзінің үстеліне келіп бар ашуын бойына жинап "Гүл жоқ"-деп үстелді жұдырығымен бір қойыпты ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен құмыра» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Түлкі мен құмыра» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ  Түлкі мен құмыра  Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.
     Түлкі:
    - Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді. 
  Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
   - Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырамын, – деп жүгіріп келіп, өзін өзенге лақтырып, құмырамен бірге өзі де суға батып кетңпті.
   Ертегіден алатын сабағымыз: Балалар! Ешқашан біреудің затына тиіспеуіміз керек. Қолдансақ та иесінің рұқсатын алып, қолдануымыз керек. Ұрлық жасау жақсылыққа апармайды. Көріп тұрғандарыңдай, ұрлық түбі - қорлық.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!









Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қу түлкі» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Қу түлкі» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ  Қу түлкі Жолбарыс  бір  түлкіні   ұстап   алады.  Түлкі   құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
   - Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
     Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
     - Мүмкін емес,— дейді.
   - Сенбесең,  менімен  бірге  орманға  жүр.   Ондағы   барлық аңдардың  менен  қалай қорқатынын  өз  көзіңмен  көр, - дейді түлкі.
   Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
     - Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады. 
     - Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!







Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр мен кісі» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Қасқыр мен кісі» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ  Қасқыр мен кісі Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені   қабыңа    салып,    арқалап   жүре    бер»,— дейді. 
   Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды: 
—  Қашып     бара    жатқан     қасқыр     көрмедің    бе?—деп.
     Кісі:
— Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар,— дейді.      Аңшылар асып кеткеннен кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:
— «Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің»,— дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге:
— «Мен сені жеймін, қарным ашты»,— деп тап-тап береді.
     Егінші байғұс сасқалақтап:
— Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете  ме  екен, олай  болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен,— дейді.
     Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады. Түлкі:
— Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік,— дейді.
     Қасқыр мен кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:
—  Қапқа   кірмей   сенбеймін,— дейді.  
Қасқыр   сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:
— «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын   кезің  келді,   қане   мен   көрейін,  күздігүні   егінді қалай соғып жүрсің?»-дейді.
    Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Түлкі:
— Енді қаптың аузын аш,— дейді.
    Қасекең алды-артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі:
— «Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді»,— деп сақ-сақ күліпті.
     Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!









Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Бала қарға» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Бала қарға» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ  Бала қарға

Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.

Ана қарға болса, жан-жағына жалтақтай қарап:

— Балам, біздің жауларымыз көп... Сондықтан тамақ жегенде, бір шоқып, төңірегіңе бір қарап ал, – деп ақыл айтыпты.

— «Сақтықта қорлық жоқ», апа. Өзің бір шоқып, жан-жағыңа екі қарай тұр, – деп, бала қарға жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, жан-жағына екі қарайтын болыпты.



ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!











Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: «Түлкі мен тырна» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 

Түлкі мен тырна

Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ. Бірі жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында қалады.

         Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері пұшпақ болып құлпырады. Аналары балаларын ауық-ауық жатақтың жанындағы жайдаққа серуенге алып шығып жүреді.

         Бір күні тырна саяхатқа кетіп, түлкі балаларды бағып үйде қалады. Бәрін серуенге алып шығады, Балапандар мен күшіктер апыр-топыр алысып, ойнап жүреді. Оны көріп отырған түлкіге ой түседі:

         — Осы, менің мұным не, мына тырнаның тұқымдарының мекені - аспан. Жайшылықта бұлар Құдайдан тілеп ала алмайтын тамақ қой. Бұл әрі-беріден соң, ұшады да кетеді. Санды соғып біз қаламыз. Достасатын, бұлар менің екі туып, бір қалғаным ба? Менің мына күшіктерім де құс ұстауға үйренуі керек. Қой, кісі баласы кісіге бала болмайды. Одан да, – деп, тырнаның бір балапанын тыритып алып ұрып, күшіктеріне қалай ұстап, қалай өлтіріп, қалай жеуді көрсетеді.

         Сөйте-сөйте күшіктер анасының баулуымен бар балапандардың басын құртады. Өлтірген балапандарын аулаққа апарып, тығып тастайды да қайтып жатаққа жайласады. Кешінде тырна қайтады. Түлкі тырнаның алдынан шығып, жыламсырайды.

         Тырна:

         — Ей, не болды? – дейді.

         Түлкі:

         — Әу, білмеймін. Балалардың саны аз көрінеді – дейді.

         Тырна апалақтай сасқалақтап:

         — Жоғы сенікі ме, менікі ме? – деп сұрайды.

         Тырнаны қыжырта кекетіп:

         — Әй, байғұс-ай, ойыңның арамы-ай, қанша бауырға тартсам да бөлектенген сөзіңнің ұшқыны шығады да тұрады. Балапандарды сенікі, менікі деуші ме едік, – депті қу түлкі.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!





Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Ақ тиін мен қасқыр» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты:
 
1.Білімділік: «Ақ тиін мен қасқыр» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 

Ақ тиін мен қасқыр

 Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып:

     - Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

      Сонда ақ тиін:

    - Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. 

     Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

   - Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!





Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Түлкіденде бір қу қаз» ертегілері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік:
«Түлкіденде бір қу қаз» ертегілерін оқытып,мазмұнын ұғындырып , жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, достыққа баулу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оның негізгі идеясын 
анықтай білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамытып байыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, , пікір алмасу,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ертегі мазмұнына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымадастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сәлеметсіз бе! 
- Балалар сендерге ертегілер ұнай ма? 
ІІ Жаңа сабақ 

Түлкіденде бір қу қаз

Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптайын деп, мұртынан күліп:

         — Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің? Қаз сәл ойланып тұрып:

         — Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеңе қойып, көзімді жұмып: «Ә, Құдай, бергеніңе мың шүкір!» дер едім де сені жеп қояр едім, – депті.

         Түлкі:

         — Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай қылып жейін, – депті де қазды тістеп, өзі шоңқиып отырып, алдыңғы екі аяғын кеудесіне қойып, көзін жұмып: «Ә, Құдай...» – дей бергенде, қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап ұшып кете беріпті,

         Түлкі:

         — Ә, Құдай... – деген күйінде аузын аңқита ашып, шоңқиып қала беріпті.

ІІІ. Қорытынды.

Ертегілер ұнады ма? Несімен ұнады? 
ІV. Бекіту. Ертегіні сахналау. 
V. Қоштасу: Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"ертегілер әлемі"

Автор: Дулатқызы Баянгүл

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406849

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ертегілер ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "173670"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424015726"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ертегілер ?лемі «?атынас» саба?ы"
    ["seo_title"] => string(31) "iertieghilierliemikatynassabagy"
    ["file_id"] => string(6) "296504"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456038261"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Ертегілер ?лемі "
    ["seo_title"] => string(19) "iertieghilier-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "174573"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424157119"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ертегілер ?леміндегі ?ызы?ты математика"
    ["seo_title"] => string(43) "iertieghilierliemindieghikyzyktymatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "322305"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461567088"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства