Просмотр содержимого документа
«"Білім берудегі инновациялық технологиялар"»
Білім берудегі инновациялық технологиялар
Педагогикалық кеңестің эпиграфы:
Педагог бен білім алушы бірге жетіледі
білім беру – жартылай оқумен тең
«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді,білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін не істеуіміз керек?»
Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Инновация (лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді.
«Нақты мақсатқа қандай әдіс – тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып,педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымының қалыптастыру, сол арқылы білім алушының рухани жан дүниесінің бойына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.
XXI ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын басқаның пікірімен санасатын, кез-келген мәселені істеп шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.
Қазіргі заман талабына сай,әр педагог өз білімін жетілдіріп,ескі бірсарынды сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,сабақ тартымды да мәнді,қонымды,тиімді болары сөзсіз.Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты міндет –білім алушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң,келешегі – тұман» дегендей, еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз,құрғақ,таса,көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты,сапасыз білім берсең ол білім алушы ешқашан алға ұмтыла алмайды.Сондықтан педагог жаңашыл, жан – жақты болу керек.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық.Дарынды педагог К.Д.Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте – бірте білім алушының білімге деген құмарлығын жояды,ал тек қызығушылыққа негізделген оқу білім алушының еркін,күш – жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.Олай болса педагог өз сабағының жоғары мәнінде білім алушының қызығушылығын оятатын,әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.Бүгінгі күні білім сапасын арттыру үшін сабақта не қолдану керек? – деген сұрақ туады.Оған жауап:
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Яғни,тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін,танымдық процестерін (есту,көру),өзін – өзі өзектендіру,бекіту,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіру,әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді.
Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:
Саралап оқыту;
Дамыта оқыту;
Деңгейлеп оқыту;
Шоғырландырып, қарқынды оқыту;
Модульдік оқыту;
Блок-модульдік оқыту;
Жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын:
Компьютерлік технология;
Мультимедиа технологиясы;
Қашықтықтан оқыту технологиясы;
Желілік технология;
Интернет технология;
Интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.
Мен өз тәжірибемде
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДАМЫН.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт: 1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау; 6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт: — жоспарлауға дайын болуы; — бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы); — қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); — жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау); — ымыралы келісімді іздеуі; Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: — сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру; — оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; — әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; — оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау; — әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; — оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау. Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады: — қызығушылықты ояту; — мағынаны ашу; — ой толғаныс. Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту» Кезеңнің мақсаттары: — оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру; — оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту; — оқушының белсенділігін ояту; Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша — әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі. Екінші кезең «Мағынаны ашу» Кезеңнің мақсаты: — жаңа ақпаратпен танысу; — жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу. Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер — мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды; — жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады; — қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді. Белсенді оқу әдістерін қолдану: — инсерт; — екі жақты күнделік; — қосымша журнал; — сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б. Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі. Үшінші кезең «Ой толғау» Кезеңнің мақсаты: — қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу. — оқылған материалды талдау және қорытындылау. — тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау. — Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады. — Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады. — өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды. — Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру — әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады. — түйін сөздерге қайта оралу. — дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу. — рефлексивті сұрақтар — пікір алмасу. — шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б. Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі. Технологияның стратегиялары (тәсілдері) Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн. Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады. Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады. Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді. Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Синквейн тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн жазу ережесі: 1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). 2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде). 3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше). 4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі. 5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады. Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатар Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді. Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту. Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек. Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады. Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Мысалы 2 сыныпта дүниетану пәні бойынша жүргізген « Бұлар қайдан шығады?» тақырыбында өткізген сабағымда «мал шаруашылығы» ұғымына осы стратегияны қолдандым: Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді. «Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат — әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интереактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім. «Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз. «Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді. «Әңгіме» стратегиясы. Өзіне — өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау. Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада: — мотивацияның артуы; — дербес іс — әрекеттің артуы; — ойлаудың белсенді болуы; — оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы; — логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесін -әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, Сонымен қатар бұл технология сынып ішінде дарынды балаларды анықтауға көмектеседі.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Мен өзім көбіне І-ІІ-ІІІ деңгейдегі тапсырмаларды алып отырамын.
І деңгейде жаттап алуға лайықты ережелер, пысықту сұрақтары болады.
І деңгей
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімге зат есім тіркеп жаз.
ІІ деңгей
Өтіп кеткен материалды реттеуге алған білімін түрлендіруге, логикалық тапсырмалар.
Жұмбақ шешуін тап. Сырты жасыл, қап-қатты Іші қызыл, тәп-тәтті.
Бірнеше сын есім жаз.
ІІІ деңгей
Ребус,Cөзжұмбақтар шешу
Жаңа технологияларды пайдалана оқыту арқылы келесі нәтижелерге қол жеткіземіз:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына.
Олай болса,жаңа әдістерді пайдалану – бүгінгі күннің талабы.
«Шеңберлі шапалақ» ойыны
Мақсаты: зейін мен шаршауды басу, барлық қатысушыларға алғыс айту.
Барлық қатысушылар шеңберде отырады. Жүргізуші қол шапалақтайды және бір қатысушыға қарайды,сосын екеуі бірге шапалақтайды. Жүргізуші қараған қатысушы басқаға қарайды, ол да бірге шапалақтайды. Осылайша барлық қатысушлар қол шапалақтайды.
Қорытынды:
«Әлем өзгереді,әлеммен бірге бізде өзгереміз сондықтан барша әріптестеріме білімді, тәрбиелі білім алушыларды даярлап шығару жеткіліксіз, өзбетінше өмір сүре алатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген, бүгінгі күннің талабына сай азамат тәрбиелеу міндетіміз. Қазіргі заман педагогының мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол-көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе. Егер педагог білімді де білікті болса, ол мәртебелі де болады. Педагог сыншысы-алдындағы шәкірті. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарау керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.2014 жылдың17 қаңтар күні жария етілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 3.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008. 4.М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», Алматы,2002.
5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. Алматы: Жазушы, 2004. 208 б.
6.Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М. Высшая школа. 1995. -336с.
МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы»
Білім берудегі инновациялық технологиялар
(ҚББП арналған әдістемелік ұсыныс)
Құрастырған: «БЖШО» әдіскері А.С.Ибраева
Ақтөбе – 2017 жыл
наурыз
Құрастырған: А.С.Ибраева
«БЖШО» әдіскері
Тақырыбы: «Білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы ҚББП арналған әдістемелік ұсыныс
(Қосымша білім беру педагогтарына арналған)
БЖШО, 2017ж.,
«Білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы әдістемелік ұсыныс ҚББП арналған көмекші құрал. Бұл әдістемелік құрал қазіргі заман талабына сай,әр педагог өз білімін жетілдіріп,ескі бірсарынды сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,сабақ тартымды да мәнді,қонымды,тиімді боларын дәлелдейді.Бұл жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы,білім алушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету қалыптастыру мақсатында құрылған.