kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілім мені? - ?асырлардан аманат

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тілім мені? – ?асырлардан аманат»

    ( сыныптан тыс т?рбиелік са?аты)

Ма?саты: О?ушыларды ту?ан хал?ыны? тілін ?астерлейтін саналы да парасатты азамат етіп т?рбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру,?з ана тілін,ту?ан жерін аялау?а т?рбиелеу. Ана тілін с?юге,??рметтеуге баулу.

К?рнекілігі: Тіл туралы айтыл?ан на?ыл с?здер,буклет,альбомдар,сахналы? к?ріністерге ?ажет к?рнекіліктер,слайд

(т?рбие са?аты сахналы? к?рініс т?рінде ?теді)

Кіріспе с?з: ( О?ытушылар А.Жунисов пен Р.Арыстанова)

Алмат: Тіл-сені? Е? ?айратты арыстаны?!

?ор?аны? д?шпаны?мен  алыс?ан к?н.

Тіл сені?-Ж?ректегі ж?йрік  елші?,

К?к орман,к?к арайлы ба?ыстаны?.

Тілден биік ас?ар тау, тілден ас?ан байлы? жо?, тілден тере? те?із жо?.,-деген еді ата?ты жазушы ?абит М?сірепов.
Ана тілі – адамзатты? жан д?ниесіні? айнасы.?сіп-?ніп,т?рлене беретін,м??гі ??ламайтын б?йтерегі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілім мені? - ?асырлардан аманат »

«Тілім менің – ғасырлардан аманат»

( сыныптан тыс тәрбиелік сағаты)

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру,өз ана тілін,туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге,құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Тіл туралы айтылған нақыл сөздер,буклет,альбомдар,сахналық көріністерге қажет көрнекіліктер,слайд

(тәрбие сағаты сахналық көрініс түрінде өтеді)

Кіріспе сөз: ( Оқытушылар А.Жунисов пен Р.Арыстанова)

Алмат: Тіл-сенің Ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен  алысқан күн.

Тіл сенің-Жүректегі жүйрік  елшің,

Көк орман,көк арайлы бағыстаның.

Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.,-деген еді атақты жазушы Ғабит Мүсірепов.
Ана тілі – адамзаттың жан дүниесінің айнасы.Өсіп-өніп,түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі – халық тарихының барлық кезеңдерін,жанның барлық толқындарын,Ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын асыл қазына.

Рита: Тіл сенің-Өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің-Көмейдегі  күміс жырың!

Аспаның ,Айың,Күнің,Ауаң,Демің,

Шат күлкің, тәтті әзілің ,тапқыр сының.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды,-деп ашына айтқан еді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес,тұтас ұлттардың өткеніне үңіліп,болашағын бағдарлауға жол ашты.Ана тілін қамқорлықа алу,оны көз қарашығындай сақтау баршаның қоғам алдындағы борышы. Ата-баба аманатына адал болайық,азамат!

Алмат: Армысыздар құрметті әріптестер,ұлағатты ұстаздар!

Рита:-Саламатсыздар ма,қадірменді қонақтар!

Алмат:-Бүгінгі мектебімізде өтіп жатқан «Тіл – ұлттың жан дүниесі» атты қазақ тілі пәніне арналған семинар-тренингке қош келдіңіздер!

Рита:Семинар-тренинг бағдарламасына сәйкес өткізіліп отырған «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты ашық тәрбиелік сағатын тамашалаңыздар!Кезекті мектебіміздің дарынды оқушыларына береміз.

Жүргізуші: Тілім менің –жан жүректің айнасы

Тілім менің- бар болмыстың айласы

Тілім менің –бар қалпымның өзі боп

Асқар биік асуларды шарлатты

Осы тілде Абай айтқан талай сыр

Осы тілде қатты Мағжан талай үн

Осы тілде бар қазақтың ақыны

Шертті тарих беттерінен, қанша мұң!



- Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры, ол- ана тілі.Тіл -халықтың жаны.Тілі  құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы.

-Ортаға хан мен ханшайымды шақырайық!Бүгінгі мерекеге арнайы келіп отыр.Ана тіліміздің құдіреттілігін танығысы келеді. Қош келдіңіздер!

 Хан: - Өзімнің туған тілімнің қадір-қасиетін,құндылығын білуді көптен көңіліме түйіп жүр едім.Соның сәті бүгін түскен сияқты.Мен қазақ тілі туралы білсем деймін,-деп хан тағына отырады.

Ханша: -Әке,сонау 5-6 ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп,бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон-Енесей,Талас,Сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп,гүлденген дәуірін айғақтайды.

Хан: Туған тілім туралы жыр шумақтарын тыңдап,тілімнің құдіреттілігіне тамсансам деймін,-деп хан қызына тіл туралы өлең тыңдағысы келгенін айтады.

Ханша: Иа,әкетай,Қазақ тілі –Әйтеке,Төле,Қазыбек билер сынды шешендердің,Абай,Жамбыл,Ахмет,Мағжан,Сәкен,Мұхтар сияқты ақын-жазушылардың,Қажымұқан мен Бауыржан батырлардың тілі.Егер жыр тыңдағыңыз келсе кезекті балаларға берелік.

-Жүргізуші: Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.

 

- Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.Кезекті тілімізді қастерлеуге арналған жыр шумақтарын оқуға берейік!

1-оқушы:Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

2-оқушы:Ана тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

3-оқушы:Ана тілім –ар-намысым ардақтым,

Көкірегіме өзің алғаш шам жақтың

Өзіңменен ақыл-ойым өрістеп,

Қиялымды қияларға самғаттым.

4-оқушы:Ер елміз – туған батыр,халықтың мың,

Жырлаудан елін,жерін жалықты кім?

Сырты бүтін болғанмен,іші түтін,

Тіл жоғалтқан жоғалтар халықтығын.

5-оқушы:Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?


Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

6-оқушы:Тілмен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен елмен –елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілді алып жүрміз біз білім.

7-оқушы:Алтын бесік-ағайын жұрт,туғаным,

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жиналып,

Асырайық іс жүзіне Тіл заңын!

8-оқушы:Қалағандай қиюлап үй тастарын,

Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.

Тіліңнің білгің келсе құдіретін

Жұртыңның оқы өлеңін,жыр-дастанын

9-оқушы:Ана тіл – тағдыр-талайым,

Ана тіл – ырыс-құтпаным.

Ана тіл – ұлы Абайым,

Ана тіл – дана Мұхтарым.

10-оқушы:Ана тілім – туған тілім,бал тілім,

Сен арқылы дүние танып,талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім,

Өмірімде таусылмайтын алтыным.

Хан: -Бұл хатты маған кім жөнелтті екен.Қанекей қызым хатты ашып оқышы,не жазылған екен.Ханша ашып оқиды.

Ханша: -Дүниеде не ащы ? Дүниеде не тәтті?

Хан: -Мұның мәнісі неде екен?

Ханша: -Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жолдаған болатынбыз.Бүгін сол хатымыздың жауабы келді.Хатты ашып оқиық.

Уәзір: О,хан ием! Дұрыс сөйлей білу де өнер,жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп,жүйкені босатады.Сондықтан да тіл – тәтті.Жебе салған жара жазылар,балтамен оталған орман қайта өсер,бірақ тілдің жарасы жазылмас.Сондықтан да тіл – ащы.

Оқушылар барлығы:Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!


Хан: - Талай біртуар арыстарымыз ана тіліміз жөнінде өздерінің құнды пікірлерін қалыптастырды ғой.Мейілінше қиын құбылыстардың мәнін дәл білдіретін бейнелі сөздерден тыңдасам ба деймін!?

Жүргізуші:Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

 1-оқушы:Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді. Ғабит Мүсірепов


2-оқушы:Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені. Сәбит Мұқанов


3-оқушы:Тіл байлығы,тіл тазалығы – ұлт қасиетінің,салт-санасының негізгі өнеге белгісі. Бауыржан Момышұлы

4-оқушы:Түрлі-түрлі байлық бар.Солардың таңдауын берсе,мен тіл байлығын таңдар едім,өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық. Ғабиден Мұстафин

5-оқушы:Ана тілі қайнаған қанның,қиналған жанның,толғантқан көңілдің,лүпілдеген жүректің сығындысы,онда дәм де,мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров

6-оқушы:Тілінен айырылған ұлт-тарихынан,түп-тамырынан айырылған ұлт.Тілсізді ұлт деуге болмайды. Шерхан Мұртаза

7-оқушы:Тіл өнері-дертпен тең. Абай.

8-оқушы:Қазақ тілінің байлығы,әдемілігі Абай өлеңдері арқылы ашық көрінеді. Әбдірахман Сағди.

9-оқушы: Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады. Абай

10-оқушы:Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту Бауыржан Момышұлы

Хан: -Мақал-мәтелдер халық даналығының жемісі ғой.Онда тәлім де,тәрбие де бар.Маған көмек қажет болды,кім көмектесер екен.?Мына кітапта берілген мақал-мәтелдерді аяқтау керек.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, ...

Өнер алды-...

Жүйелі сөз - ...

Жіптің ұзыны жақсы, ...

Жүргізуші: Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде.Ендігі кезекте сөз мәйегі – мақал-мәтелдерді сөйлетейік!

1-оқушы:Атағыңда өсіретін де,өшіретін де – тіл.

2-оқушы:Аузы құлып сандықты тіс ашпаса,тіл ашар.

3-оқушы:Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

4-оқушы:Бас кеспек бар,тіл кеспек жоқ.

5-оқушы:Бал тамған тілден у да тамар.

6-оқушы:Басқа пәле тілден.

7-оқушы:Қылыш жарасы бітер,тіл жарасы бітпес.

8-оқушы:Қызыл тіл - жанның мияты,абырой – ердің қуаты.

9-оқушы:Өнер алды- қызыл тіл.

10-оқушы:Тәрбие тілден басталады.

1-оқушы:Тілін білмейтіндер емес,тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

2-оқушы:Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,тілімнен сүріндірмесін.

3-оқушы:Тіл-тас жарады,тас жармаса бас жарады.

4-оқушы:Тіл – тіршілік тірегі.

5-оқушы:Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,сыйынатын тәңірі.

6-оқушы:Тіл – асыл ойдың бұлағы.

7-оқушы:Тіл – білім мен тәрбие тұғыры.


8-оқушы:Тіл – мәдени мұраның үзілмес өзегі.

9-оқушы:Тіл – өлшеусіз қазына,өрісі кең әлем.

10-оқушы:Тіл – халықтың жаны,ділі,рухы,елдік қасиеті,ұлттық болмысы.

Хан:Ойпырым-ай!Тілдің құдіреті осыде.Балалар сендерге үлкен рахмет.Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.

Жүргізуші: Хан ұлдарын сынағанда 1-ші ұлына қонаққа барғанда тамақ асып,ет береді,Еттің жақсы жерінен кесіп бер десе ,ұлы санның етін береді.Ал,жаман жерінен бер десе,Сіңірді береді.2-ші ұлы сол әрекетті қайталайды.3-ші ұлы еттің жақсы жері деп те,жаман жері деп те тілді ұсынады.Себебін сұрағанда жақсы сөз де.жаман сөз де тілден шығады деп жауап қатады. «Басқа пәле тілден» деген осы дейді.

Алмат: Сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен беріледі.Тіл адамды жақсы да ,жағымсыз да көрсетеді.Тіл адамды өсіреді де өшіреді де.

Рита: Демек халқыңды басқа ұлттарға танытсаң,халқыңды өсіресің.Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді деген – осы.Сондықтан ақын С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді,анам тілін,Бесікте жатқанымда –ақ берген білім»-деген өлең жолдарын ұмытпағанымыз абзал.

Жүргізуші:Құрметті  ұстаздар,қонақтар және бір мәрте қош келдіңіздер дейміз.! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тілім мені? - ?асырлардан аманат

Автор: Жунисов Алмат

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213822

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Бір ша?ыра? астында"
    ["seo_title"] => string(18) "birshanyrakastynda"
    ["file_id"] => string(6) "285964"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454260775"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Конспект по казахскому языку "
    ["seo_title"] => string(31) "konspiekt-po-kazakhskomu-iazyku"
    ["file_id"] => string(6) "194418"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427777605"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Тіл т?тасты?ы "
    ["seo_title"] => string(15) "til-tu-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "245679"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446186645"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Разработка внеклассного мероприятия Тілім тірегім"
    ["seo_title"] => string(56) "razrabotka_vnieklassnogho_mieropriiatiia_tilim_tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "361194"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479746699"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Классный час "Тілім барда" 7 класс"
    ["seo_title"] => string(33) "klassnyi_chas_tilim_barda_7_klass"
    ["file_id"] => string(6) "361196"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479746949"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства