1-ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! «Бір ша?ыра? астында» атты тілдер мерекесіне арнал?ан кешімізді ашы? деп жариялаймыз!
2-ж?ргізуші: ?аза? тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып ?лкен м?ртебеге ие болды. Оны бізді? ?аза? хал?ы зор ?уанышпен ?арсы алды.
1-ж?ргізуші: Елбасы Н?рс?лтан Назарбаевты? 1998 жылды? 20-?а?тарында?ы Жарлы?ына с?йкес 22-?ырк?йек «?аза?стан халы?тарыны? тілдері» к?ні ретінде аталып келеді. Тіл халы?пен бірге ?мір с?ріп дамиды, себебі ?р ?лтты? тілі – оны? ба?ыты, тірегі. Б?кіл т?ркі елдеріне арда?ты а?артушы, ??лама ?алым Ахмет Байт?рсын?лыны? «С?зі жо?ал?ан ж?ртты? ?зі жо?алады» деген с?зінде ?лкен м?н жатыр.
2-ж?ргізуші: Б?гінгі тіл мерекесімен сіздерді ??тты?тай отырып, ??тты?тау с?зді мектеп директорыны? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасары – Умбетова Жайнаг?л Макен?ызына береміз!
2-ж?ргізуші: Біз ана тілімізді, я?ни хал?ымызды? м?дени д?режесін к?теруге п?рменді ??рал болып отыр?ан, мемлекеттік м?ртебеге ие бол?ан ?аза? тілін тере? де тияна?ты ме?геруіміз керек.
1-ж?ргізуші: Мен ?аза?пын – мы? ?ліп, мы? тірілген,
??ша? жая таныстым сан тілімен
«Жаман ?йді ?она?ы билейді» деп
?ала жаздап айырылып ?з тілімнен.
?зге тілге еліктеп ел болмайы?,
?аза?ымны? арты?ы жо? ?з тілінен.
2-ж?ргізуші: «Ана тілін ?мыт?ан адам ?з хал?ыны? ?ткенінен де, болаша?ынан да ?ол ?зеді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жаса?ан, жасап келе жат?ан халы?ты? м??гілігіні? м??гілік м?селесі. Ана тілін тек ?гей ?лдары ?ана менсінбейді, ?гей ?лдары ая??а басады» - деген екен тіл жанашыры ?абит М?сірепов.
1-ж?ргізуші: «Ана тілі – халы?ты? ?ткен ?рпа?ын, ажырамас туысты? жа?дайда м??гілік біріктіретін е? сенімді ??рал. Ана тіліміз ар?ылы ?ана біз хал?ымызды, Отанымызды танып білеміз. Халы? рухыны? сар?ылмас бастауы да сонда жатыр» депті Д.Ушинский.
2-ж?ргізуші: Тіл – басты байлы?ымыз, с?німіз, ата-бабамызды? ?лы м?расы. Ана тілімізді? м?ртебесі биіктей берсін! Ана тілін арда?тайы? а?айын!
1-ж?ргізуші: Б?гінгі тілдер мерекесіне арнал?ан «Бір ша?ыра? астында» атты кешімізді жабы? деп жариялаймыз! Келіп кешке ?атысып, тамашала?андары?ыз?а рахмет! Сау болы?ыздар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бір ша?ыра? астында»
№3 Смирнов орта мектебі
Жүргізген: Сматаева Ж.Т.
Фестиваль «Бір шаңырақ астында»
Ең бірінші бақытым – ана тілім
Мақсаты:Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға, машықтандырып жетілдіру. Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істемегенін ұғындыру. Оқушыларға ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру.
Көрнекіліктер: Мағжан, Жүсіпбек, Мұхтар, Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит, Ғабит және т.б ақын жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін, суреттерін іліп қою. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.
1-жүргізуші: Аяулы абыройлы ана тілім
Өстім мен саясында қанатыңның,
Кетіпті ғазиз ана сені ойлап
Жыр болып көкірегімде жанатұғын.
2-жүргізуші: Тілім менің – қазынам қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, ана тіл, қасіретім.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Бір шаңырақ астында» атты тілдер мерекесіне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алды.
1-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі тіл мерекесімен сіздерді құттықтай отырып, құттықтау сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Умбетова Жайнагүл Макенқызына береміз!
1-жүргізуші: Сүйемін өз тілімді – ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген тыныс үнін.
2-жүргізуші: Тілім менің – тірегім, дінім менің,
Күшім кетсе не болады күнім менің?!
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің!
Барлық ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз
1-жүргізуші: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз (қазақ халқымен таныстырады)
2 –жүргізуші: Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім – анам тілім, өз тілім,
Туған тілі – дала тілім, өз тілім,
Туған тілім – адам тілі, өз тілім.
1-жүргізуші: Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса, соншама тіл бар.
2-жүргізуші: Біз ана тілімізді, яғни халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.
1-жүргізуші: Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілімен
«Жаман үйді қонағы билейді» деп
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.
2-жүргізуші: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары аяққа басады» - деген екен тіл жанашыры Ғабит Мүсірепов.
1-жүргізуші: «Ана тілі –халықтың өткен ұрпағын, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр» депті Д.Ушинский.
2-жүргізуші: Тіл – басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық ағайын!
1-жүргізуші: Бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз! Келіп кешке қатысып, тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!