kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне арналған сайыс сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»



Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

(Тіл мерекесіне орай өткізілетін  сыныптан тыс сайыс сабақ ).


п.ғ.м.Абдираймова Г.С., Шотаева Р.А.

34 Гагарин ат.ЖОМ.Шымкент қ.



Тақырыбы: Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Мақсаты:
1)Білімділік: оқушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан тіл үйренушілерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру;
2)Дамытушылық: Оқушыларға қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету және ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;

3)Тәрбиелік: Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, үлестірме дидактиқалық материалдар,интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: орыс және шет тілдері, елтану, шешендік өнер.



1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ана тілің — арың бұл,
  Ұятың боп тұр бетте.
 Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!

-Сәлеметсіздер, бүгінгі «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сайысымыздың қадірлі қонақтары, топ жанкүйерлері. Сайысымызға қош келіпсіздер!

 2-жүргізуші: Мінеки, залда тыныштық,
 Естілмейді дыбыс түк.
 Мұны бізде қоштаймыз,
 Кешіккендерді тоспаймыз.
 Сайысты біз бастаймыз!

Ендеше ортаға сайыскерлерді шақырайық.

1-Топ: «Зерде»

2-Топ «Дарын»

1-жүргізуші

Ендеше, сайысымызды бастамас бұрын:

Білгірлерді, қарсы алайық!

Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,

Тағы басқа тілдермен достасайық!- деп сайысымыздың қадірлі қонақтары «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілін» ортаға шақырайық. (Ортаға кітап макетін киген «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» шығып, қонақ ретінде құттықтау айтады)


Домбыра, музыка үні.

Қазақ тілі: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараға қош келіпсіздер!Баршаңызды Қазақстан халықтары тілдері мерекесімен құттықтаймын.

Русский язык: Здравствуйте, уважаемые гости! Здравствуйте, вес, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана разрешите считать открытым.

Английский язык: Good afternoon dear guests. Good afternoon everybody who has come to our party. We are very glad to see you here. Today is the day of languages. Lets start.

/Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады/.


2-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Оларға құрметпенен қол соғылады.


Енді сайыскерлерімізді бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Директордың әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Жаппаркулова Урзада Кахаровна

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сатылғанова Жанна Бахытовна.

3. Шет тілі пәні мұғалімі Тасбауова Жумагул

1- жүргізуші: Енді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.«Сәлем – сөздің анасы» сәлемдесу.

2.Мақал – сөздің мәйегі.

3. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы .

4. Өнер алды – қызыл тіл.

5. Өнерлі өрге жүзер.



2- жүргізуші:

Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
                     Әр сыныптың білгірлері шығады.

Сайысымыздың 1-ші бөлімі бойынша «Сәлем – сөздің анасы» сәлемдесу.

(Әр топ басшы өз ұрандарын айтып, топты таныстырып сәлемдеседі).


«Зерде» тобы

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос- құрбылар.
Қарсыласым, сәлем бердік бәріңе,
Бас иеміз сәлем беріп иіле!

Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр баланы бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым, баршаңызға сәттілік
«Зерде» топтан

Жиналған білімділер көп тен озған.


«Дарын» тобы:

«Сөз анасы - сәлем» дер дана халқым,
Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын.
Сәлем бердік баршаңа, көрермендер,
Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!

Бүгінгі бұл сайыста көрсетейік,
Менгерген ұстаздардан үш тілді біз .
Бәріңізге
«Дарын» топтан сәттілік қарсыластар,
Сайысқа түссек те біз сіздерменен,

Болайық әрқашан да жақсы достар!



1- жүргізуші:

ІІ. Сайысымыз келесі бөлімі «Мақал – сөздің мәйегі». Ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып, үш тілде баламасын айтып, ұпай жинайды.



1.Құлақтан кірген ... Жүрекке барып мұз болар (сөз-слова) 10 ұпай

2.Таза мінсіз асыл ... Су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады. (Тас-камень) 15 ұпай



3.Бас кеспек болса да, ... ткеспек жоқ. (Тіл-язык) 10 ұпай

4.Сөз анасы –құлақ, ... анасы – бұлақ.(Су-вода) 5 ұпай

5.Ілім –бұлақ, ... – шырақ! (білім-знание) 10 ұпай

6.Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын. (сегіз-восемь) 5 ұпай

7.Тіл тас жарады, Тас жармаса ... жарады. (бас-голова) 5 ұпай

8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл. (ілім-знание) 20 ұпай

9. ... сөз жарым ырыс. (Жақсы -хорошее) 5 ұпай



2- жүргізуші:

ІІІ. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады,- дей келе келесі кезекте әр ұлт ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа айту.

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Соны тыңдап көрелік.

1- жүргізуші:

ІV.«Өнер алды – қызыл тіл» топ басшылар сайысы. Берілген сөздерден мақалдар құрау.



1.қамыс, өлтіреді,намыс, қоянды, өлтіреді, батырды. (Батырды намыс өлтіреді.Қоянды қамыс өлтіреді)

2. жердің, елдің, қыз, көркі ,гүл, көркі. (Қыз - елдің көркі, Гүл – жердің көркі)

3. азығы, оқу, білім, қызығы, ырыс, азығы . ( Оқу – білім азығы, Білім – ырыс қазығы)

4 туған, жердей, елдей, болмас, ел, туған, жер, болмас. (Туған жердей жер болмас.Туған елдей ел болмас)

2-жүргізуші:

V. «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі. Топ қатысушыларының өнерін тамашалау. (Ән, би)



1- жүргізуші:

V. Ойтолғау «Сен білесің бе?» бөлімі.Сұрақ-жауап:
    — Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.



Қ .  Қазақ тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

А. Қазақ  әдебиеті
1. А.Құнанбаев кім?
2. Тіл туралы мақал айтыңыз.
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)

З. Қазақстан тарихы
1. ҚР-ның Ата Заңы қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

А. Русская литература
1. Назовите произведение Пушкина в котором он не дал имени своим главным героям («Сказка о рыбаке и рыбке»: старик и старуха).
2. Назовите поэта, подарившего Пушкину свой портрет со знаменательной надписью: «Победителю-ученику от побежденного учителя»? (В.А.Жуковский.).

3. Как звали русского писателя, который написал пьесу «Чайка»? (Антон Павлович Чехов)

Қ. Қазақстан қалалары
1. Қазақстанның ең үлкен қаласы қай қала? (Алматы)
2. Қазақстандағы халық саны бір миллионнан асатын қалалар - ...? (Алматы, Шымкент)
3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан қала ... (Түркістан).

Т. Астана – бас қала.
1. Елімізде Астана қаласының күні қай күні тойланады? (6 шілде)
2. Астана қаласының бұрынғы атауы ... (Ақмола).
3. Астананың басты символы - ... ? (Бәйтерек)

І. Спорт

1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. «Қазақстан барысы» турнирі алғаш рет қай жылы Астанада «Дәулет» спорт кешенінде өтті? (2011жылы)
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлерін ата (Көкпар,Аламан бәйге, Тоғызқұмалақ,Аударыспақ, Асық, жамбы ату, Қазақ күресі т.б.)



Л. Русский язык

1. Какая часть речи самая немногочисленная и включает в себя всего несколько десятков слов? (Числительное.)

2. Какое слово состоит из трех слогов, а указывает на 33 буквы? ( аз- бу- ка).

3. Какие знаки препинания могут стоять в начале предложения? (Многоточие, тире, кавычки.).



І. Ағылшын тілі

1.Берілген сөздерден зат есімдерді тауып, қазақ,орыс тілінде баламасын айтыңыз (fish-рыба балық, cows-корова-сиыр, combine-комбайн-комбайн, hand-bag-сумка, dress-платье-көйлек, seven hundred-семьсот-жеті жүз, clear –ясный, светлый, прозрачный-ашық, мөлдір,жарық, children-дети-балалар, yellow-желтый-сары, play-играть-ойнау, excuse- извинять,прощать-кешіру).



2.Мына сұрақты қазақ,орыс тілдеріне аударып, ағылшын тілінде жауап беріңіз. What is your language? (Какай ваш родной язык? Сіздің ана тіліңіз қай тіл?)

Жауап: (My native language is (Russian, Kazakh) .Мой родной язык – русский, казахский.Менің ана тілім – орыс,қазақ тілі).



3. Диалог құрыңыз.Getting Acquainted. Meeting people.Знакомство.Встреча.Танысу.Кездесу.



 2-жүргізуші: Көп ұлтты Қазақстан
  Жүзден астам тілдер бар.
 Мәртебелі, маңызды
 Қазақ тілін танып ал!

 1-жүргізуші: Жас достарым,
 Мұны жақсы ұғайық-
 Қазақ, орыс, ағылщын тілдері
Құрметтеуге лайық!
-Ия, достар!  Дүниедегі сұлулықтың бәрін де қызыл тілсіз түсіну мүмкін емес. Бүгінде көп тіл білу- өте қажет-ақ!


2-жүргізуші:

Білім-теңіз,мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

Қош дейміз,әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


VІІІ Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдерде орындалды. Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Енді келесі сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша « ...» жеңімпаз болды.

( Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады).






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Автор: Абдираймова Гульжазира Сейлбековна

Дата: 18.09.2018

Номер свидетельства: 478140

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Тіл тірегіміз со?ып т?р?ан ж?регіміз» сайыс-саба?"
    ["seo_title"] => string(47) "tiltirieghimizsogypturganzhurieghimizsaiyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "260744"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448993544"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "" Ана тілі-тірегіміз ",со?ып т?р?ан-ж?регіміз атты ана тілі апталы?ыны? ашылуына арнал?ан сценарий."
    ["seo_title"] => string(107) "ana-tili-tirieghimiz-sog-yp-tu-rg-an-zhurieghimiz-atty-ana-tili-aptalyg-ynyn-ashyluyna-arnalg-an-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "301096"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456849019"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "" Ана тілі-тірегіміз ",со?ып т?р?ан-ж?регіміз атты ана тілі апталы?ыны? ашылуына арнал?ан сценарий."
    ["seo_title"] => string(109) "ana-tili-tirieghimiz-sog-yp-tu-rg-an-zhurieghimiz-atty-ana-tili-aptalyg-ynyn-ashyluyna-arnalg-an-stsienarii-1"
    ["file_id"] => string(6) "301097"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456849027"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!"
    ["seo_title"] => string(54) "tak_yryby_til_tirieghimiz_sog_yp_tu_rg_an_zhurieghimiz"
    ["file_id"] => string(6) "416119"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494993406"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Тіл тірегіміз,со?ып т?р?ан ж?регіміз!""
    ["seo_title"] => string(44) "til-tirieghimiz-sog-yp-tu-rg-an-zhurieghimiz"
    ["file_id"] => string(6) "303901"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457620664"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства