kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл тірегіміз,со?ып т?р?ан ж?регіміз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                      ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Білім беру саласы: ?атынас.Таным. Денсаулы?.

Б?лімі: ?орша?ан ортамен таныстыру.

Та?ырыбы: Тіл тірегіміз,со?ып т?р?ан ж?регіміз!

 Ма?саты: Балаларды ана тіліні? ?асиетін сезінуге,м?ртебесін к?теруге баулып,танымдылы? ?абілетін арттыру.Тілді ??рметтей білуге т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар:  плакаттар, слайд

?діс-т?сілдер:аралас, т?сіндіру, с?ра?-жауап.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл тірегіміз,со?ып т?р?ан ж?регіміз!"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас.Таным. Денсаулық.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, слайд

Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасайық

Қуан шаттан алақай!

Қуантатын күн келді!

Қайырлы таң, қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

Далаға шыққында жоғарыдан не көреміз?

Төменнен не көреміз?

Ендеше біз де аспан, жер, күнмен амандасып бүгінгі күнді жақсы қарсы алайық.

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.



Балалар келген қонаққа қарап амандасады.







Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.


Алақай деп қуанамыз.


Төменнен жерді, суды, шөпті көреміз.


Ұйымдасты-

рушылық-ізденістік



































































Рефлексиялық-түзетушілік



-Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Сендер қандай қалада (ауылда) тұрасыңдар?

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Педагог жетелеуші сұрақтар қоя отырып Отан сөзінің мағынасын түсіндіреді.

- Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен. Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениеті,

салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен қазір сендермен қандай тілде сөлесіп тұрмын?

-Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік?

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Адель: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Жансая: Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалқыдым

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым.

Алуа: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Адель:: Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,

Таир: Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек-ана

Мен өзіңнен жаралдым.

«Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

1.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

2.Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

3.Отан елдің анасы

4.Өнер алды — қызыл тіл.

5.Жақсы сөз – жарым ырыс.

6. Отансыз адам-Ормансыз бұлбұл

Сергіту сәті:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жеріне гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Жұмбақ шешу

1.Тілден ұшып, құлаққа қонады.

2.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама

3.Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

4.Оттан да ыстық, ол не..?

5.Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады?

Олай болса қазір біз сендермен айтылып өткен Астанамыздың мақтаныштарының бірі Бәйтеректі құрастырайық

Құрастыру ойыны.

Қорытынды.Сұрақ-жауап

Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

-Қазақстан Республикасы.

Тұратын қаласын немесе ауылын айтады.

-Отан – менің үйім, елім, жерім.

-Отан – тауымыз, табиғатымыз.

-Отан – отбасымыз, мемлекетіміз.

-Қазақ тілінде сөйлейміз.







-Мемлекеттік тіл дейміз.


















Мұқият тыңдайды.


















Қимылдар

жасайды.







-Сөз.


-Кітап


-Тіл,тіс

-Отан

-Жаңбыр.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ана тілінің қасиетін сезіне ,тілді құрметтей біледі.

Игереді: Қазақстан Республикасының халқы, тілі, сәулетті әдемі көпқабатты үйлері мен мәдениет орындары туралы білімді.

Меңгереді: : Ойын арқылы сұрақтарға жауап беріп, суретке сәйкес құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады жұмбақтардың шешіп, берілген тапсырманы меңгереді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Тіл тірегіміз,со?ып т?р?ан ж?регіміз!"

Автор: Жантаева Гулшат Артыкбаевна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303901


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства