kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Ана тілі-тірегіміз ",со?ып т?р?ан-ж?регіміз атты ана тілі апталы?ыны? ашылуына арнал?ан сценарий.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бисембаева Актоты Амирхановна- А?т?бе облысы М??алжар ауданы ?андыа?аш ?алалы? №3 мектеп-гимназиясыны? бастауыш класс м??алімі

" Ана тілі-тірегіміз ",со?ып т?р?ан-ж?регіміз атты ана тілі апталы?ыны? ашылуына арнал?ан сценарий.

(Зал мерекедегідей безендірілген.Баяу к?й ?уені естіліп турады.)

Би: ?аза?  биі

1-ж: Кені? бай,келімі? мол ту?ан тілім!

         Дыбысты? теріп с?з ?ып бу?ан г?лін.

         ?айыр?ан ?айда?ыны ж?йрік е? сен,

         Мен ?осып,??тыла алмас ?усам білім.

Ассалаума?алейкум,??рметті тіл жанашырлары,б?гінгі 

атты ана тілі апталы?ыны? ашылу жиынына ?ош келді?іздер!

2-ж: ?онып тур орда? міне,жа?а журт?а

        Салып тур ?лын " ?аза?"  к?зін сырт?а

        Жау болса?,жа?ындама,аула? жур деп,

        Ел болса? есігім бос,ен деп ?лт?а.

        Армысыздар,??рметті ?стаздар,о?ушылар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Ана тілі-тірегіміз ",со?ып т?р?ан-ж?регіміз атты ана тілі апталы?ыны? ашылуына арнал?ан сценарий.»

Бейсембаева Актоты Амирхановна- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі

" Ана тілі-тірегіміз ",соғып тұрған-жүрегіміз атты ана тілі апталығының ашылуына арналған сценарий.

(Зал мерекедегідей безендірілген.Баяу күй әуені естіліп турады.)

Би: Қазақ биі

1-ж: Кенің бай,келімің мол туған тілім!

Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.

Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,

Мен қосып,құтыла алмас қусам білім.

Ассалаумағалейкум,құрметті тіл жанашырлары,бүгінгі

атты ана тілі апталығының ашылу жиынына Қош келдіңіздер!

2-ж: Қонып тур ордаң міне,жаңа журтқа

Салып тур ұлын " Қазақ" көзін сыртқа

Жау болсаң,жақындама,аулақ жур деп,

Ел болсаң есігім бос,ен деп ұлтқа.

Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар.

1-ж: Балалар,1989 жылы "Республикадағы қазақ тілінің жайы" туралы қаулы қабылданды .

2-ж: Осы 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні" Қ Республикасындағы тілдері " заңы қабылданып,қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды.

1-ж: Кейін 1993 жылы қантардың 28-і күні бұл статус ҚР-ның жаңа Конституциясында турақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11-і күні жаңа "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңы қабылданды.

2-ж: Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

1-ж: Несіне мен қазақпын,өз тілімді білмесем,

Өз елімде жарқылдап,еркін сөйлеп жүрмесем

Қут мекенім қасиетті ата-бабам жеріне,

Нағыз қорлық деп білем,басқа тілде тілдессем.

2-ж: Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,

Өз тіліңде сөйлейдіөмір көрген кісілер

Жойған күні тіліңді,жойылады қазақ та,

Жоя білген адамдар-қулдыққа да түсірер.

1-ж: Мансап үшіп өз тілін құрбан еткен адамдар,

Басқа тілді қастерлеп,ана тілін жамандар

Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дурыс

Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!

2- ж: Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,

Білген жанға өз тілің ө қуанышың, тірегің.

Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де,

Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.

Ән:

1-ж: Қазіргі таңда 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтуде.Қазір іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізетін мекемелер көбейді,жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілінде өтетін сабақтар саны бұрынғыға қарағанда көп өсті.Мекеме,ұйымдарда тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға,2011-2020 жылдарға арналғанжаңа бағдарламасы шықты.

2-ж: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады,атадан балаға жеткен ұлы құбылыс.Ол талай тарих сынынан өтті.Ғасырлар дан ғасырларға сүренбей өтті.Дүние жүзіндегі ең бай,бейнелі,таза,өткір,терең,күшті,кең тіл ретінде саналады.

1-ж: Қазіргі таңда ана тіліміз жан-жақты зерттеліп,уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйелінді.Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық игімгі болумен қатар,әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар,кемел тіл ретінде танылуда.

Экранға назар аударайық

Аудио-жазба: Қазақ тілі.

2-ж: Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси "Қазақ тілі түркі тілдері ішендегі ең бір таза тілдердің бірі" деп тамсанған.

1-ж: Ал,орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов "Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай,ондайды біз еуропада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз.Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді,тілі өткір әрі майда,шешен де тапқыр" деп әділ бағасын беріпті.

2-ж: Тәңірі ортақ жаратқан

Аузына көпті қаратқан.

Қара қылды қақ жарған

Алдынан топты таратқан,

Мөңке,Төле,Қазыбек,

Әйтеке,Алшын,би Кебек.

1-ж: Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздерінің барлығы жазылып сақталмағандықтан,тек бізге узын-ырғасы,жемжурнағы ғана жеткен.Ауыздан ауызға көше жүрип,сырланып,бүкіл халық қазынасына айналған.Олар халық даналығын,тіл байлығын көрсетеді.

Көрініс:4б кл. үш би

2-ж: Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп,тірілді елім,

Аралыммен,

Арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау-парызым бүгін менің.

1-ж: Әуезов,Абайды өткен дөрістілі

Тіл тартқан Тоқтар,Талғат ғарыш тілі

Қанша Заң қабылдаймыз,жетер енді,

Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

2-ж: Апталықтың жұмыс жоспарымен таныстыру үшін сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Мухамбедиярова Айман Тлеуқабылқызына береміз.

1-ж: Туған тіліңді қорғау-туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ.Отаныңды жау басып алса,оны ерте ме,кеш пе,әйтеуір,азат етеріңе сенесің.Ал тілің жауланса-бітті.Басқа тілге көшіп,туған тілің ұмыт болады.

2-ж: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолднылатын 6 тіл бар.Олар: ағылшын,француз,орыс,испан,қытай,араб тілдері.

Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тілбілеуміз қажет.Бірақ өзге тілді білсек те,өз ана тілімізді ұмытпай,қастерлеп,құрметтей білуіміз керек."Өзге тілдің бәрін біл,өз тілінді құрметте!" дегендей өз тілімізді құрметтеп өсу біздің паразымыз.

Ән:

1-ж: Ия,біз бүгін ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық.ана тілін ұлы мухитқа боласақ,біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап ішкендей ғана болдық деп ойлаймын.Оның тереңіне бойлап,түбіндегі інжу-маржанын ерінбей-жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

2-ж: Тіл-ұлттың жаны,халықтығының асыл белгісі,намысы,тыныс тіршілігінің көзі.Ата Заңымен қорғалатын еркіндігінің үні.

Оны құрметтеп,қорғау,келешек ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

1-2ж: Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

1-ж: Осымен "Ана тілі тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!" атты ана тілі апталығының ашылуына арналған салтанатты жиын аяқталды.

2-ж: Аспанымыз ашық,еліміз тыныш,тіліміздің мәртебесі биік болсын!

Апталық кезіндегі іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.Әрбір күндеріңе сәттілік тілейміз!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Бисембаева Актоты Амирхановна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301096


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства