Мақсаты: ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі - ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, ана тіліне деген құрметін арттыру, елжандылыққа, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тіл қадірі - өз қадірің»
Тақырыбы: «Тіл қадірі - өз қадірің»
Мақсаты: Ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі – ана тілінің қадір-қасиетін
түсіндіру, ана тіліне деген құрметін арттыру
Көрнекілігі: Тіл жайында айтқан зиялылардың сөздері, зергерлік бұйымдар,
ұлттық киімдер, газет т.б безендірулер
Барысы
1.Ұйымдастыру
2.Кіріспе сөз
Қазір ұлттық санамыз бен мәдениетімізді көтеру маңызды мәселе болған шақта ғұламалар айтқан тілдің мән-мағынасы артып отыр.
Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес.
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры.
Ұлтымыздың бүгіні, ертеңі, болашағы ана тіліміздің даму деңгейіне байланысты.
Сөз құдіреті ежелден жоғары бағаланған. Әдемі сөйлеу – тіл білудің бастамасы ғана, ұлттық асыл қазыналарымызды, салт-дәстүрімізді меңгергенде ғана ана тілін білмекпіз.
Тілім тірек дербес күн кешпек,
Аты құрып қалай артқа мінгеспек
Мемлекеттік мәртебе алған тілім бар,
Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.
«Анамның тілі » әні
«Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет». «Бір ауыз сөз» әні
3.Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
4.Кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
М.Мақатаев «Үш бақытым»
М.Мақатаев «Барлығы да сендердікі»
«Келіншек биі» қыздар тобы.
5. Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мәнерлеп оқу
«Өлең сөздің патшасы» «А.Құнанбаев)
«Құлақтан кіріп бойды алар» (А.Құнанбаев)
«Отырар» (М.Шаханов)
«Ақ қайыңдар арасында» (Қ.мырза-әлі)
«Қазақ мақал-мәтелдері» (А.Ташилов)
Ән: Саржайлауым
Викториналық сұрақтар.
. Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей ұғымда
айтылатын қай сан есім?
. Республикамыздағы бір өзеннің аты батыр сөзінің синонимі мен
бастағы бір мүше атынан құралған. Ол қай өзен?
. Қай етістік шақсыз, жақсыз қолданылады?
Мақал-мәтелдер айту
Музыкалық ән шашу
Сөз құдіретін, сөз сырын аз да болса да сезінген сияқтымыз. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел», - деп, тілді ұлттық өнеріміздің, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі деп сақтай білейік. Сөйлегенде тілімізді кірме сөздермен шұбарламай, тіл тазалығын сақтауымызға толық мүмкіндігіміз жетеді. Халқымыз тілін аттың жалында, түйенің қомында жүргенде де жоғалтпады.
Сүйемін туған тілім – анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін....
Мұғалімкешке пайдаланған көрнекі құралдарымен оқушыларды таныстырып өтеді. Соңғы сөз келген қонақтар мен қазылар алқасына беріледі.