kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адам деген жұмбақ әлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу, адалдық; шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал шыншыл болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту,
  • өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып –білуге баулу;
  • сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, интерактивтік тақта.

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңберге шығып, бір-бірімен сәлемдеседі.

Ж. Молдағалиевтың сөзіне жазылған Ә. Бейсеуовтың «Адам бол, адам!» әнін айтады.

Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,

Жер-ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ-

Бәрі де саған құштар, дарқан адам.

Қайырмасы:

Адам бол, адам!

Адам бол, адам!

Сұлу бол, адам!

Жылу бол, адам!

Биікте бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Адам бол, адам!

Тірліктің тәттілігі, қаттылығы,

Сағыныш, махаббат, мұң, шаттық үні.

Өтеді бәрі менмен жүрегіңнен

Секілді шеру тартқан ат дүбірі.

Қайырмасы:

Артады асқақ міндет заман саған,

Тыныштық, еңбек, бақыт, ән аңсаған.

Әркімнен айналаға сәуле түссін,

Жаралсын жақсылыққа адамша адам!

Мәтінмен жұмыс.

Сабақ тақырыбын меңгерту үшін мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінмен жұмыста Д.Әбілевтің «Көкжиек» атты өлеңін оқып, шығып, ондағы негізгі ойға назар аударады. Мәтіннің мазұнын талдау жұмысы әңгімелесу әдісімен байланыстырылады.

Көз көрім шолғаныңда дүниені-

Жерменен қауышқандай көкжиегі,

Тұрасың «көк шеңбердің» ортасында,

Туғандай дүниені үйіргелі.

Сонда сен жіті шолып айналаны,

Арман қып онан арғы бай даланы,

Әлгінде «көкжиек» бар жерге жетсең,

Көкжиек жеткізбеске айналады.

Сонда да құмартқамын, асығамын,

Сол менің бала жастан ғашық әнім.

Балаймын алдымдағы арманыма,

Алыста көкжиектер ашылғанын.

Әңгімелесу

Әңгімелесу өткізудегі мақсат оқушылардың адам мен әлемнің үйлесімі туралы түсініктерін байқау болып табылады. Ол үшін оқушылар оқулақтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?

«Көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.

Ойын: «Өзімізге ерекше көңіл – күй сыйлайық»

Парақшаларға көңіл – күй сыйлайтын сөздер жазылып, топтарға таратылады. Сөздерден шағын көрініс көрсету керек.

1.       «Көптен көрмеген досын көргендегі қуаныш»

2.       «Өз досының жеңісіне деген қуаныш»

3.       «Ата – анасына өз қуанышын жеткізу»

4.       Досынан өз қателігіне кешірім сұрау

Ойын – жаттығу

  1. Көпшіліктен береке кетпес,

Берекеден.... кетпес. \мереке\

  1. Бірлік бар жерде.. бар. \тірлік
  2. Татулық-табылмас... \бақыт\
  3. Игілік басы..\ынтымақ\
  4. Бірлігі... ел тозады, \жоқ\

Бірлігі.. ел озады. \күшті\

Дәйексөз

Сабақ тақырыбын оқушыларға кеңірек түсіндіру үшін дәйексөз беріледі. Сабақтың дәйексөзі ретінде Ақжан әл-Машанидің:

«Адам-ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана»

Өзіңді өзің танысаң ісің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана»-деген өлең шумағы алынған.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндері сұралады.

Ойларын түйіндету.

Тапсырма

Жұмбақты шешіп, сұрақтарға жауап беру.

Алты арқар,жеті қаз, төрт бөдене,

Кейде толы,мкейде орта-бір тегене,

Тұнық пенен лайдың арасынан

Бір аққу шыға келді құсқа төре.

Шешуі: алты арқар дегені-үркер, жеті қаз дегені-жетіқарақшы, төрт бөденесі- қос-қостан көкжиекте тұратын босаға жұлдыздар. Кейде орта, кеде толы болып көрінетін ай. Тұнық пен лай дегені- күндіз бен түн. Ал құсқа төре аққуы- аспандағы ай-жұлдыздың төресі күн.

  • Аспан әлемінің құпиясын танып-білу өздеріңді қызықтырмай ма?
  • Аспан жұлдыздары туралы аңызды естідіңдер ме?
  • Өлеңде табиғат пен адамзат өмірінің байланысы қалай көрсетілген?

Сегіту сәті

Мынау менің жүрегім, /жүрегіне қолын қояды/

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің оң қолым, /оң қолын созады/

Мынау менің сол қолым. /сол қолын созады/

Мынау басым ақылды /басын ұстайды/

Барлық істі атқарған.

Жаңа ақпарат;

Жаңа ақпартпен танысу оқушылардың сабақта алған білімдерін бекітіп,ой түйіндеуге септігін тигізеді. Сабақта мынадай жаңа ақпарат берілген; «Адам баласы түйсік,сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып-біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасымен ойлау деңгейін кеңейтеді.»

Өзін-өзі жетілдіру зебрасы

Ақ тізім

Менің жағымды қасиетім

Қара тізім

Менің кемшіліктерім

Мысалы: ақ көңілмін, пысықпын т.б.

Тез ашуланамын, жалқаумын т.б.

Жүректен-жүрекке

Оқушыларды шеңберге шақырып, бір-біріне жүректі сыйлау арқылы жылы лебіз-тілектерін білдіреді.

Үйге тапсырма: Мен қандаймын? Сауалнаманы орындау \тапсырманы әр оқушыға таратып беру\

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адам деген жұмбақ әлем»

Тақырыбы:  Адам деген – жұмбақ әлем Сыныбы: 8 ә Сынып жетекшісі: Асқарова Салтанат

Тақырыбы: Адам деген – жұмбақ әлем

Сыныбы: 8 ә

Сынып жетекшісі: Асқарова Салтанат

Адам  деген-  жұмбақ  әлем.

Адам деген- жұмбақ әлем.

Ө мірден қымбат нәрсе жоқ

Ө мірден қымбат нәрсе жоқ

Бақыт деген сенің бала күндерің...

Бақыт деген сенің бала күндерің...

Салт-дәстүр- тәрбие бастауы

Салт-дәстүр- тәрбие бастауы

Өмірдегі қиыншылықтың бәрі- өтпелі...

Өмірдегі қиыншылықтың бәрі- өтпелі...

Адам жер бетіне дүниенің қыр-сырларын түсіну үшін жіберілген.

Адам жер бетіне дүниенің қыр-сырларын түсіну үшін жіберілген.

Адамгершілік,қамқорлық, ізеттілік, мейірімділік-нағыз адами қасиеттер.

Адамгершілік,қамқорлық, ізеттілік, мейірімділік-нағыз адами қасиеттер.

Білімсіз өмір жоқ.

Білімсіз өмір жоқ.

Өмірді мәнді өткізу-өз қолыңда .

Өмірді мәнді өткізу-өз қолыңда .

Еңбек ету өз өміріңді мәнді етудің бірден-бір жолы

Еңбек ету өз өміріңді мәнді етудің бірден-бір жолы

Еңбек етсең ерінбей...

Еңбек етсең ерінбей...

Махаббат...

Махаббат...

Армандарыңа қол жеткізу- өз қолыңда!

Армандарыңа қол жеткізу- өз қолыңда!

МЕНІҢ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН

МЕНІҢ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы, жаман болса, бала – солардан. Жүсіп Баласағұни

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала – солардан.

Жүсіп Баласағұни


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адам деген жұмбақ әлем

Автор: Асқарова Салтанат

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398612

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Химия әлемінде " сыныптан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(36) "khimiia_liemindie_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "414781"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494581754"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Кемпір?оса? ?леміне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(31) "kiempirk-osak-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "235796"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443846398"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) ""Ғарыш әлемі""
    ["seo_title"] => string(13) "g_arysh_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "386151"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1485879429"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Абай - дана,Абай - дара"
    ["seo_title"] => string(17) "abaidanaabaidara1"
    ["file_id"] => string(6) "294963"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455769041"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Физика - ?лем кілті 7-9 сыныптар?а арнал?ан сыныптан тыс іс-шара "
    ["seo_title"] => string(65) "fizika-liem-kilti-7-9-synyptarg-a-arnalg-an-synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "195819"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427968424"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства