kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл білгірі" интеллектуалдық сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл білгірі" интеллектуалдық сайыс»

 «Тіл білгірі» зияткерлік сайысы



Сайыстың мақсаты:  Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын  дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

І.Кіріспе                         

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Байқауға қатысушыларды тіркеу.

3.Қазылар алқасын сайлау:

ІІ.Негізгі бөлім

1. Таныстыру кезеңі

2. Зымыран сұрақтар

3. «Жеті жұрттың тілін біл»

4. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

5. «Ойлы болсаң, озып көр»

 

 

ІІІ.Қорытынды бөлім

Жеңімпаздарды марапаттау

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын  дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.



Құрметті ұстаздар, қадірменді тіл жанашырлары! Бүгінгі «Жас тілші» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Тіл білгірі» аттты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,

Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.

Бұл тілде желмаямен жортып келіп,

Кемеңгер кеңес берген Асан атам.

Мәңгі өлмес, мейлі зулап өтер заман,

Жирендей дария шешен бабам,

Қазбек, Төле, Әйтеке – ердің құнын

Екі ауыз сөзбен шешкен мына бабам!

Бүгінгі сайыс 4 кезеңнен тұрады:

 

Олай болса бүгінгі біздің сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.________________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________________

3.________________________________________________________________________

4.________________________________________________________________________

5.________________________________________________________________________

 

«Тіл білгірі»  зияткерлік сайысына қатысушы топтармен таныс болыңыздар:

1.________________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________________

 

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырып сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық,- деп кезекті сайыскерлерімізге береміз.

 Психологиялық ахуал

Топқа бөлу

І. Таныстыру кезеңі (әр топ өздеріне атау қойып ұрандарымен таныстырады)







ІІ.Зымыран сұрақтар.

Мықты болсаң -  алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғнама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп сайысымыздың екенші кезеңіне өтеміз.Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

 

 

І топ

1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
 

ІІ топ

1. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
3. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
4. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
5. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
6. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
7. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
8. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
9. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
10. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

 

ІІІ. «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

І топ
1. Қабат – қабат қаптама
    Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
     Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
    Үй бағады үрмейді.
    Аяғы жоқ жүрмейді.
    Рұқсатсыз ол иттен
     Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
    Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
 

ІІ топ

6. Қалқиып ұзын құлағы
    Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
    Тоны бар, киетін шапаны жок,
    Пайдасы үй ішінен табылған соң,
    Далаға кіріп шығар сапары жоқ.    (Мысық - кот - cat)
 9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

 

 

IV. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Бұл кезеңде әр топқа 10 тұрақты сөз тіркесі беріледі.Дұрыс жауап 5 ұпай.

 

І топ

1.Қас пен көздің арасында – жылдам .
2.Ай десе аузы,күн десе көзі бар –сұлу.
3. Жерден жеті қоян тапқандай –қуану
4. Бір ауыз сөз –көп емес,аз ғана сөз

5.Бір аттам жер –жақын жер
6.Екі аяғын бір етікке тығу –састыру
7.Екі оттың арасында қалу –қиындыққа ұшырау
8.Екі көзі  төрт болу –сағыну
9.Үш қайнаса сорпасы қосылмау –мүлде бөлек
10.Төрт құбыласы тең –болып-толу,еш нәрсеге мұқтаж емес

 

ІІ топ
1.Бес саусағындай білу –жатқа білу,жетік білу
2.Маңдайының бес елі бағы бар –бақытты, ырысы тасыған
3.Алты аласы,бес бересі жоқ –ешбір қатынасы жоқ
4.Жеті жұрт –көп ел
5.Сегіз қырлы,бір сырлы –өнерлі
6.Он саусағынан өнер тамған –өте шебер
7.Қол үшін беру, Қанатымен су себу,Атсалысу –көмектесу
8.Беті шыдамау,Жерге қарау –ұялу
9.Жаны тырнағының ұшына келу,Жаны көзіне көріну –қорқу
10.Бөркін аспанға лақтыру,әйелі ұл тапқандай –қуану

 

VI. «Ойлы болсаң, озып көр». Мақсаты: оқушылар есте сақтау қабілетін арттыру, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Бұл кезеңде тақтадан 25 сөз (30 секунд) көрсетіледі. Бұл сөздерден оқушы есінде қалғанын қағазға жазып, сол сөздерден мақал – мәтел құрастыруы тиіс.

Мысалы: жер, отан, тіл, жүрек, пәле, ой, басқа, қанат, бас, тілден, ыстық, жоқ, ана, бас, нұр, қызыл, кеспек, қазақстан, да, білім, болса, ынтымақ, достық, адал, дос.

 

1.Басқа пәле – тілден.

2.Бас кеспек болса да,

  Тіл кеспек жоқ.(т.б. мақалдар құрастырады)

Қорытынды

Марапаттау

















Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі







Интеллектуалдық ойын

Тақырыбы: «Тіл білгірлері»









Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиет

және мемлекеттік тіл пән мұғалімдері

Г.Хасанова және Н.Бисенова







2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Тіл білгірі" интеллектуалдық сайыс

Автор: Бисенова Нурлы Бокенбаевна

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390577

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "" Тіл білгірі" интеллектуалды сайыс"
    ["seo_title"] => string(32) "til_bilgiri_intellektualdy_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "493005"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1545888687"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Интеллектуалды?  сайыс"
    ["seo_title"] => string(23) "intielliektualdyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "247678"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446615782"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Интеллектуалды сайысы. Та?ырыбы: «ЖАС ИНФОРМАТИК - 2016»"
    ["seo_title"] => string(48) "intielliektualdysaiysytakyrybyzhasinformatik2016"
    ["file_id"] => string(6) "323392"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461905291"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Тілім  мені? – тірегім»   интеллектуалды?  сайыс "
    ["seo_title"] => string(46) "tilim-mienin-tirieghim-intielliektualdyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "171245"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423656913"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Зерде интеллектуалды? сайыс"
    ["seo_title"] => string(29) "zierdieintielliektualdyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "318849"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460664399"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства