kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіз елімнің ерлік жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіз елімнің ерлік жолы. Тәрбие сағаты 7-сыныптарға арналған. Астана қаласы № 67 гимназиясында өткізілді. Мұғалімдерге тәрбие сағаттарына пайдалануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз елімнің ерлік жолы»



Күні: 06.12.17

Мұғалімнің аты-жөні: Нарбаева М.Ж.

Сынып: 7 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіз елімнің ерлік жолы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларымызға еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жылдың ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, ұлтқа, елге деген патриоттық сезімдерін ұялату

Көрнекіліктер

Мемлекеттік рәміздер, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы, нақыл сөздер, бейнематериалдар, кеспе қағаздар, тулар, майшам, макеттер

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі


Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсаттар

Тіл тазалығына назар аудару.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтарды дарыту

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу.



Кіріспе сөз

- Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды.

Біз өз рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.





1-топ –

«Бәйтерек»

2-топ –

«Тәуелсіз ел»

3-топ –

«Мәңгілік ел»




Сабақтың ортасы

Талдау

1-топ – «Бәйтерек» (бейнефильм)

-1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі –

ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.

Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

Сол желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық.

Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

- Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.

Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

- Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

- Осы Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, т.б. Олар қыршын жасын қиды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

- Осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол аға-апаларымыздың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық! (майшамдар жағылады)

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан –

Тәуелсіздік туған күн!

- Бұл күн Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

2-топ – «Тәуелсіз ел» бейнематериал

Жанел:

-Елбасымыздың тәуелсіз демократиялық мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы ерен еңбек көрсеткен елбасымыздың тарихи жолына үңілсек.

Президент күніне орай Президент мұражайында түсірген бейнематериалы бойынша Қуандық Жанел сөйлейді.

- Ел мерейін асырды,

Егемен ел нұрландырды ғасырды.

Олай болса жылдарға кезек беріп сөйлетейік:

1991 жыл 1-желтоқсан ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.

1991 жылы 10 желтоқсан – Қазақ КСР–нің Қазақстан Республикасы болып аталды.

1991 жылы 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік туралы Заңы қабылданды.

1992 жылы 2 наурыз – ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1992 жылы 7 мамыр – ҚР Қорғаныс министрі құрылды.

1992 жылы 4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1992 жылы 2 қазан – тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993 жылы 15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге айналысқа енгізілді.

1993 жыл– Рухани келісім жылы

1994 жыл - Халықаралық отбасы жылы

1995 жыл – Абай жылы (150 жылдығы)

1995 жыл 28 қаңтар – ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды.

1996 жыл – Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент Тұрақты жұмыс істейді.

1997 жыл – Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жылы.

  • «Қазақстан - 2030» бағдарламасы бекітілді

  • ҚР-ның астанасы Алматы қаласынан Астанаға көшірілді.

1998 жыл 10 маусым – наның халықаралық тұсаукесері.

1998 жыл – Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы.

2001 жыл – Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

2002 жыл – Денсаулықты сақтау жылы.

2003-2005 жылдар – ыауылды дамыту жылдары.

2006 жыл – Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы.

2007 жыл – Қазақстандағы Германия жылы.

2008 жыл – Украинадағы Қазақстан жылы.

2009 жыл – Астанаға ЮНЕСКО көлемінде «Әлем қаласы» атағы берілді.

2010 жыл – Қазақстан ЕҚҮҰ-ға төрағалық етті.

2012 жылы – 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін тойладық.

3-топ – «Мәңгілік ел» бейнематериал

-Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басындағы жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады.

-Осылайша біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Әр топ бір проблемалық сұрақтан қояды.


Бейнефильм, суреттер
























































































Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар
































Бейнематериал, слайд






















































Бейнематериал, макеттер



Сабақтың соңы

1-топ – «Бәйтерек» - Өлең шығарады.

2-топ – «Тәуелсіз ел» - Президентке хат жазады.

3-топ – «Мәңгілік ел» - «Менің болашаққа бағдарым...» эссе жазады.

Мұғалім:

Сіздердің назарларыңызға мектебіміздің оқушысы Жасұланның орындауындағы «Туған ел» әнін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Мектебіміздің жұлдыздары бірнеше мәрте қалалық байқаулардың лауреаттары «Еркеназ» би ансамблінің орындауындағы «Гүлдер» биі сіздердің құрметтеріңізге, қарсы алыңыздар!

-«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең-байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз.

1-оқушы: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

2-оқушы: Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

3-оқушы:Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

4-оқушы:Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

5-оқушы:Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,

6-оқушы:Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

7-оқушы:Ақ түйенің қарны бүгін жарылды.

Хормен: Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

Мұғалім:

«Тәуелсіз елімнің ерлік жолы» атты кешімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет!


Ән, би, конверт, тулар








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Тәуелсіз елімнің ерлік жолы

Автор: Нарбаева Мендыкуль Жетаевна

Дата: 13.12.2017

Номер свидетельства: 444075

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "380348"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484638846"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы»"
    ["seo_title"] => string(31) "tuielsizdikielimninierlikzholy1"
    ["file_id"] => string(6) "310998"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459144732"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»"
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin_ierkindighi_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "416870"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495176268"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Елімнің жүрегі Астана"
    ["seo_title"] => string(25) "ielimnin_zhurieghi_astana"
    ["file_id"] => string(6) "393696"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487561690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства