kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»

  Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Еліміздің  Тәуелсіздігінің  25- жылдығына  орай  өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар  кіріп  келеді. Дөңгеле отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар,  қонақтар және әріптестер!  Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік  туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған  «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»  атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

        Мұз жастанып азаттықтың жолында,

        Тәуелсіздік туы тұрды қолында

        Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып,

        Сойыл таяқ ойнаса да жолында.

        Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе

        Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

        Егемендік тиді міне еншіме,

        Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып,  кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті әнұранмен ашады.  Әнұран айтылады.

Жүргізуші:  Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар:  Қазақстан

Жүргізуші:  Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар:  Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік күні мерекесі. Еліміздің президенті кім?

Балалар:  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші:  Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар:  Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.

Жүргізуші:  Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше келесі кезекте тақпақтарымызды айтайық.

  1. Отан – жерім, Отан – суым,

     Отан қуат, нәр береді.

     Отан – ұран, Отан – туым

     Отан мәңгі гүлденер.             Мерей

  1. Елдігімнің  реңі,

     Теңдігімнің тірегі,

           Мүддесінен халықтың.

          Ажырамас бір елі,

          Алтын заңым – арай таңым          Сымбат.

  1. Маған қымбат ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі

     Аялайды бәрімізді,

     Азаттықтың таң нұры.             Ақтанай

  1. Сарыарқаның  даласындай,

     Күн шуағын  төккен күн.

     Елім менің, жерім менің.

     Баққа қолы жеткен күн.             Ерназ

  1. Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.            Талғат

Ән: «Желтоқсан желі»

1.Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ,

Көрінді шын-ақ айбарлы.

                              Қайырмасы:

                    Тоңдырды мені,

                    Тоңдырлы сені,

                    Желтоқсан желі ызғарлы.

                    Солдырды гүлді,

                    Оңдырды нұрды,

                    Көңілде мұңды із қалды.

2.Жоғалтыр нуын,

Жоғалтып қуын,

Арал да суын тауысты.

Қаңырап мекен,

Аңырап бөкен,

Өріске бөтен ауысты.

Жүргізуші:  Біз бүгін  Тәуелсіздігіміздің  25-жылдығын мерекелеудеміз. Біздің  еліміз Тәуелсіз болғандықтан  өз  Әнұраны,  Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінді мәңгі сақталады. 16 - желтоқсан қазақ жастары  Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

-Балалар,  біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды, оған үлкен айып тағылды.

     Ерлігіңе қуанам да, сүйсінем,

     Қайрат рухыңа мен иілем,

     Бәйшешектің солғанына ах ұрсам.

     Әділ жанның қазасына күйінем.

Қәзір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасынада әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністі тамашалаңыздар.

Көрініс:

Сахнада  Қайрат пен женгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді.

Милиция:  Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жеңгесі: Қайрат бері кел.

Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не?  Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?  Әке-шешесіне не бетімді айтамыз.

Милиция:  Женеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді)

Жүргізуші:  Осыдан  25 жыл бұрын,  яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Сол күні қыршын жанын қиып, біздің Тәуелсіздік алуымызға себепкер болған  Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова,  С.Мухамеджанова сынды аға-апаларымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық. Осы бүлдіршіндерімізде аға-апалары сияқты ел қорғайтын азаматтар болады деген сеніммен «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындайды.

Ән: «Ел қорғауға  әзірміз»

1.Аязда да тоңбаймыз,

Аптапқа да төземіз.

Түнде де жол барлаймыз,

Суда еркін жүземіз.

                                          Қайырмасы:

                             Бұл шақта, бұл шақта,

                             Кішкентаймыз кәзір біз.

                             Кішкентай болсақта,                      2 рет

                             Ел қорғауға әзірміз.

2. Біз Отанды сүйеміз,

Біз Отаңға адалмыз,

Көгілдір ту – иеміз,

Қалай жасық боламыз?!

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:  -Енді  балалардың тәуелсіздік мейрамына арнап жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

1.Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап  төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи.

Қуанышқа бөлен де.              Қайыржан.

2. Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт.

Бәрін кешті басынан,             Қанат.

3.Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.             Хадиша.

4.Көк аспанда тулардың,

Желбіреген күні - бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжіреген күні – бұл.           Алихан.

Жүргізуші: Балалар енді кезекте бір ойын ойнап  жіберейік.

Ойын: «Күш сынасу»

Шарты:  Ортаға орындығымен  стол қойылады. Екі ер бала шығып  қолдарын ұстасып күш сынасады.

Ән: «Отан»

1.Қайда жүрсем сені,

Ұмытпаймын елім,

Бар бақытым менің,

Ұлы – Отаным.

Кеудемдегі күнді,

Кеудемдегі гүлді.

2.Сендік барлық әнім,

Аяулы Отаным,

Асыл Ана – АсылАна,

Өмірім менің,

Кеудемдегі күні,

Кеудемдегі гүлді.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресәне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен тағы да барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге отбасыңызға амандық,  дендеріңізге саулық,  осы балапандарымыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуына тілектеспіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»»

Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»


Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар кіріп келеді. Дөңгеле отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар және әріптестер! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып,

Сойыл таяқ ойнаса да жолында .


Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді міне еншіме,

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті әнұранмен ашады. Әнұран айтылады.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік күні мерекесі. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше келесі кезекте тақпақтарымызды айтайық.

  1. Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым

Отан мәңгі гүлденер. Мерей

  1. Елдігімнің реңі,

Теңдігімнің тірегі,

Мүддесінен халықтың.

Ажырамас бір елі,

Алтын заңым – арай таңым Сымбат.

  1. Маған қымбат ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры. Ақтанай

  1. Сарыарқаның даласындай ,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің.

Баққа қолы жеткен күн. Ерназ

  1. Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады. Талғат

Ән: «Желтоқсан желі»

1.Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ,

Көрінді шын-ақ айбарлы.

Қайырмасы:

Тоңдырды мені,

Тоңдырлы сені,

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

2.Жоғалтыр нуын,

Жоғалтып қуын,

Арал да суын тауысты.

Қаңырап мекен,

Аңырап бөкен,

Өріске бөтен ауысты.

Жүргізуші: Біз бүгін Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын мерекелеудеміз. Біздің еліміз Тәуелсіз болғандықтан өз Әнұраны , Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінді мәңгі сақталады. 16 - желтоқсан қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

-Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды, оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйсінем,

Қайрат рухыңа мен иілем,

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам.

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қәзір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасынада әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністі тамашалаңыздар.

Көрініс:

Сахнада Қайрат пен женгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді.

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жеңгесі: Қайрат бері кел.

Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімді айтамыз.

Милиция: Женеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді)

Жүргізуші: Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Сол күні қыршын жанын қиып, біздің Тәуелсіздік алуымызға себепкер болған Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мухамеджанова сынды аға-апаларымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық. Осы бүлдіршіндерімізде аға-апалары сияқты ел қорғайтын азаматтар болады деген сеніммен «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындайды.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

1.Аязда да тоңбаймыз,

Аптапқа да төземіз.

Түнде де жол барлаймыз,

Суда еркін жүземіз.

Қайырмасы:

Бұл шақта, бұл шақта,

Кішкентаймыз кәзір біз.

Кішкентай болсақта, 2 рет

Ел қорғауға әзірміз.

2. Біз Отанды сүйеміз,

Біз Отаңға адалмыз,

Көгілдір ту – иеміз,

Қалай жасық боламыз?!

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: -Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына арнап жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

1.Тәуелсіздік ұлы күнім ,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи.

Қуанышқа бөлен де. Қайыржан.

2. Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт.

Бәрін кешті басынан, Қанат.

3.Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады. Хадиша.

4.Көк аспанда тулардың,

Желбіреген күні - бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжіреген күні – бұл. Алихан.

Жүргізуші: Балалар енді кезекте бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Күш сынасу»

Шарты: Ортаға орындығымен стол қойылады. Екі ер бала шығып қолдарын ұстасып күш сынасады.

Ән: «Отан»

1.Қайда жүрсем сені,

Ұмытпаймын елім,

Бар бақытым менің,

Ұлы – Отаным.

Кеудемдегі күнді,

Кеудемдегі гүлді.


2.Сендік барлық әнім,

Аяулы Отаным,

Асыл Ана – АсылАна,

Өмірім менің,

Кеудемдегі күні,

Кеудемдегі гүлді.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресәне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен тағы да барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге отбасыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарымыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуына тілектеспіз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»

Автор: Базарбаева Курбанкуль Дузбаевна

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 416870

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Елімні? еркіндігі – Т?уелсіздік." "
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "178849"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424885611"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(49) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420704936"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Елімізді? еркіндігі- Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(37) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "287205"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454436418"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Елімні? еркіндігі-Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(31) "ielimninierkindighituielsizdik1"
    ["file_id"] => string(6) "286996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454423804"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Елімні? еркіндігі- Т?уелсіздік! "
    ["seo_title"] => string(33) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "153526"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421039604"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства