kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы»

М??алім:  Армысыздар, ?она?тар ж?не о?ушылар!

1991 жылы ?аза? елі Т?уелсіздікке ?олы жетіп, шатты??а б?ленді. Б?гінгі к?н 4 сынып о?ушылары сіздерге ?здері дайында?ан «Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы» атты ерте?гіліктерін к?рсетпекші.

Зе?гір к?к т?с –  б?л ?аза?стан байра?ы,

Желбірейді к?гімде азатты?ты? ай?а?ы.

Аспанмен жатыр астасып алтын к?ні айбарлы,

Бейбіт к?нні? болаша?ы, ?ланбыз біз жайдарлы.

Алтын к?нні? астында ?алы?тайды ?ыраным,

Шет – шетінен к?мкерген ою – ?рнек, жыр – ?нім.

Санамызда салт – д?ст?рім жа??ырып,

Орындалып жалында?ан ас?а? биік арманым.

К?к байра?ты к?терер болаша?пен таудаймын,

Елім ?шін жаным пида, лапылдаймын, лаулаймын.

Ана тілін, ?з тілімді жаттап ?скем жасынан,

?асиетті ?ара ?ле?ді бір ?зі?е арнаймын.

?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?раны.

М??алім: Азатты? ?шін туыл?ан а?ты? б?л?ынысы Желто?сан жа??ыры?ына  айналып ?лемді д?р сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау ал?ан азатты? к?ресі 1991  жылы Т?уелсіздік болып салтанат ??рды. Б?л ?р ?аза? баласы ?шін ?лкен о?и?а, зор ?уаныш болып енді. Т?уелсіз елді? тілегі – бейбітшілік, тынышты?, келешегі – білімді ?рпа?. Т?уелсіздік   бізге о?ай келген жо?. Т?уелсіздік   –  кеше ?ан?а б?ккен бозда?тарды? рухы. ?ріссі к?ллі бабаларымызды?  а?сар арманы,  ма?саты  – м?раты еді. Т?уелсіздік та?ы тілімізді, дінімізді, салт  – д?ст?рімізді жа??ыртты. ?асиетті Ата За?ым ?абылданды, егемендігімні? ай?а?ы аспан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы»»

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

Мұғалім: Армысыздар, қонақтар және оқушылар!

1991 жылы Қазақ елі Тәуелсіздікке қолы жетіп, шаттыққа бөленді. Бүгінгі күн 4 сынып оқушылары сіздерге өздері дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты ертеңгіліктерін көрсетпекші.

Зеңгір көк түс – бұл Қазақстан байрағы,

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы.

Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы, ұланбыз біз жайдарлы.

Алтын күннің астында қалықтайды қыраным,

Шет – шетінен көмкерген ою – өрнек, жыр – әнім.

Санамызда салт – дәстүрім жаңғырып,

Орындалып жалындаған асқақ биік арманым.

Көк байрақты көтерер болашақпен таудаймын,

Елім үшін жаным пида, лапылдаймын, лаулаймын.

Ана тілін, өз тілімді жаттап өскем жасынан,

Қасиетті қара өлеңді бір өзіңе арнаймын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.



Мұғалім: Азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы Желтоқсан жаңғырығына айналып әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл әр қазақ баласы үшін үлкен оқиға, зор қуаныш болып енді. Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік – кеше қанға бөккен боздақтардың рухы. Әріссі күллі бабаларымыздың аңсар арманы , мақсаты – мұраты еді. Тәуелсіздік таңы тілімізді, дінімізді, салт – дәстүрімізді жаңғыртты . Қасиетті Ата Заңым қабылданды, егемендігімнің айғағы аспан түстес азат байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді.

Есенғали: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастаған.

Ерасыл: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген,

Халқым менің не қасірет көрмеген

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.

Дина: Елім менің сонда қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған, жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың,

Еліміздің іргетасын нықтаған.

Бексұлтан: Әйтек би, Төле, Қазыбек бастаған,

Қабанбай мен Бөгенбайлар қостаған.

Ордабасы тауында үлкен жиын боп,

Жоңғарларға қарсы ұрыс тастаған.

Ақбота: Жқңғар жаулап , қырып – жойып қорлаған,

Қазағымды қайғы бұлты торлаған.

Райымбектей батырлары ерлікпен,

Елін, жерін жауға бермей қорғаған.

Аида: Жоңғарлардан босаған соң жеріміз,

Есін жиып бас көтерді еліміз.

Азаттыққа жеттік пе деп қуанып,

Жиылғандай болды етек – жеңіміз.

Эльмира: Көрші алды шұрайлы енді жерлерді,

Қазақ халқы қоныс таппай сенделді.

Махамбет пен Исатайлар сол кезде,

Қазақ елін хан ұлына теңгерді.

Жұлдыз: Алашқа арнап мақсаты мен арманын,

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.

Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан,

Теңдік үшін қиып қасық қандарын.

Жұлдыз – ай: Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды,

Ақындарға жалған жала тағылды.

Ең ақыры арыстардың аттарын,

Атауға да қатаң тыйым салынды.

Мұғалім: Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіңе тағзым етем қашан да,

Тәуелсіздік алып берген алыптар! Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағаларымыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық (метраном жүріп тұрады, бір минут үнсіздік жариялау).

Білесің бе, бауырым, білесің бе?

Санаңменен бұл уақыт күресуде.

Туған жердің сен басқан топырағы,

Құндақ болған қаншама ұлы есімге.

Эльмира: Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Ақбота: Қайрат сынды қазағымның ұлдары –

Ляззат сынды нәзік жанды қыздары.

Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай,

Басын қорғап, бұқпантайлап тұрмады.

Дина: Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз , балаң да.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.

Есенғали: Қазақтың арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтары.

Көрініс: «Өткен өмір» (Баяу күй «көңіл толқыны» жүріп тұрады, баяу жүріп ортаға карт – ана шығады, орындыққа отырады, еркелеп немересі әжесінің мойнынаасылады).

Немересі – Аида : Әже, өткен өмір деген не?

Әжесі – Эльмира: Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата – бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ал, ол қандай болған?

Әжесі: Ендеше, тыңда балам, әжең бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам, теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық.

Диктор сөзі – Есенғали: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рұсқылбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жауапқа тартылды.

Әжесі: Бұған да тәубә, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: Әже, Егемендік деген не?

Әжесі: Егемендік «иесі мен» деген сөз, көптен бері естімеген сөз. «Егеменді» деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен белгісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемен еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым!

Көрініс:«Түрме жыры»

Ерасыл – Қайрат: Темір тор, жамбасыма тақылдайсы

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміртіп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың.

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр тарттырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұзатары үш тілім нан,

Өлмейтін саған тиер осы несіп.

Көрініс: «Сол бір күнде»

Қауіпсіздік қызметкері - Бексултан: ұстаңдар бұзақыны. Әкетіңдер, жауып тастаңдар. Кезекші! Қылмыскер Қайрат Рысқұлбековті алып келіңдер!

Тергеуші – Есенғали: Халық жасақшысы Савицкийді өлтірген сен бе?

Ерасыл – Қайрат: Жоқ, мен емес.

Тергеуші – Есенғали: Сен өлтірген. Мойныңа ал.

Ерасыл – Қайрат: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

Тергеуші – Есенғали: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы. (алып кетеді).

Прокурор – Жұлдыз: Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Сот – Жұлдыз – ай: Қылмыскер Қайрат Рысқұлбековті сот залына алып келіңіздер.

Прокурор – Жұлдыз:Алаңға не мақсатпен бардың?

Ерасыл – Қайрат: Ол жерге барған себебім: біріншіден, ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. Екіншіден, уыздай қазақтың жас қыздарын ұрып соғып жатыр деген соң, оларды арашалап, қорғау үшін барғаным рас. Қолымнан келгенше қарындастарыма көмектескенім де рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше мақтаныш тұтамын.

Сот – Жұлдыз – ай: Сен 9 автомашинаны өртепсің, соны мойындайсың ба?

Ерасыл – Қайрат: Ондай жалғандықты мойындамаймын.

Секретарь Ақбота: Сот кеңесуге кетеді. Сот келе жатыр, Тұрыңдар!

Сот – Жұлдыз – ай: Қаз ССР Жоғарғы соты үкім етеді: Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Халық жасақшасы Савицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртегені үшін ату жазасына кесілді.

Ерасыл – Қайрат: Бұл әділдік емес. Мені қылмыс жасады деп жала жауып көзімді жойғанмен ертең ақ пен қараны ажыратар күн туар! Елім деп еңіреген ерлер аз емес халықта. Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең, атыңдар! (Қайратты сүйретіп алып кетеді.)

Ана – Дина: Балам, Балапаным! Оның не жазығы бар еді? Сенбеймін... Ұлым! Қайратым! (Ана зары естіледі, «Желтоқсан желі» әні жүріп тұрады.)



Эльмира: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан – алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.

Дина: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын!

Ақбота: Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Аида: Бақтың құсы әр адамға қонып бір, –

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!

Ән: «Атамекен». Сөзі: Роза Әлқожаныкі.

1.Түт түгел төрт құбылаңды түсті кетіп,

Туған жер мен сен салған құс түлегі

Дүние – ай қандай жақсы еді табаныңа

Тұрған өз топрағынан ыстық өтіп

Қайырмасы:

Бұл менің атамекен нық тұрағым

Қалайша махабатымды ұқтырамын

Мен сенің ақ түсіңе шаңқай түсте

Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын

2.Мен сенің азаматтық сүтіңменен

Дауысына дауыс қосам шертілмеген.

Мен сенің серпілмеген күнің де

Қараймын кереметтей серпіл менен.

Қайырмасы:

3.Бәрін де мендегінің анам шұғыл,

Тұрсың ба болашаққа алаң жүріп.

Мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын,

Кететін сенен шығып, саған сіңіп.

Есенғали: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Білімділер алға шығып елімде,

Жақсы атақпен нұр шапағын жинады.

Жұлдыз – ай: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бей уақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Жұлдыз: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.

Бойтұмар ғып ар – ождан қазынасын,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

Жұлдыз – ай: Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,

Аман бол, айналайын, дана халқым!

Күн туса атқа қонам бір сен үшін,

Міне, жаным, міне қаным, міне антым!

Бексултан: Мерекең құтты болсын, туған өлкем,

Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп өркен!

Бүгінгі күнің бізді қуантады,

Болашағың бұдан да болсын көркем!

Мұғалім: Біздің елде әр халықтың ұлы бар,

Кеудемізде бауырластық нұры бар.

Бейбіт күннің тату – тәтті достарымыз,

Көк байрақты мәңгі бірге ұстармыз!

Ән: «Көк тудың желбірегені» хор. Сахналық көрініс

Көк тудың желбірегені

1. Көк тудың желбірегені

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

Шымырлатқан денені.

Көк тудың желбірегені –

Жанымы қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі.

Көк тудың желбірегені.

2.Көк тудың желбірегені –

Елдіктің асқақ өлеңі,

Әр жаққа тартпай қазағым

Бір сөзге жинал дегені.

Қайырмасы:

3. Көк тудың желбірегені,

Бақыттың елжірегені.

Қиырда қалған қазақтың

Көзінің мөлдірегені.

Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Ықылас қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы»

Автор: Кабылтаева Галия Абаевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310998


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства