Мерекелері?із ??тты болсын!
Жас жандары?ыз ?сем ?н мен к?йге толсын.
Б?леніп ба?ытты? мол шуа?ына
?мірлері?із алтын арай н?р?а толсын??мырын баста?алы та?дыр далам,
Тылсымды сына?тар?а салды?, заман.
?ай ?асыр, ?ай заманда ?АЗА? ?ЫЗЫ,
?ят?а елін, жерін ?алдырма?ан
Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "Аяулы аналар!" »
Аяулы аналар мен ардақты әжелер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жас жандарыңыз әсем ән мен күйге толсын.
Бөленіп бақыттың мол шуағына
Өмірлеріңіз алтын арай нұрға толсын!
Жәннат Аналардың аяғының астында
(Хадис - Шариф)
Ғұмырын бастағалы тағдыр далам, Тылсымды сынақтарға салдың, заман. Қай ғасыр, қай заманда ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, Ұятқа елін, жерін қалдырмаған
« Қызды күте алмаған күң
етедi, жiбектi түте
алмаған жүн етедi. »
Қазақ қызы
Әні: Рамазан Таймановтікі,
Өлеңі: Исраил Сапарбаевтікі
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі » - деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен...
Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан».
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Сүймеген сені азамат, азамат па,
Көңілін тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айтта ылайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа.