Тақырыбы: Аяулы анам
Мерекелік кештің басты мақсаты: Аналарға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің көрнекілігі: интеарбелсенді тақта, сыйлықтар
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
1-жүргізуші: 8-наурыз 2016 жылдың көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын анашым,
Күндей болып жарқырашы көктегі.
1-жүргізуші: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізгелі отырған
«Аяулы ана» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Құрметті аналар сіздердің балаларыңыздың құттықтау сөзін тыңдайық. Ортаға сіздердің балаларыңызды шақырайық.
2-жүргізуші: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған,
Шуақтарың бар әлемге таралған.
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман.
1-жүргізуші: «Ақ мамам» әні. Хор
2-жүргізуші:Құтты болсын аналардың мейрамы.
Жарқыраңдар,жаз күніндей жайдары,
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.
Корей биі
Тақпақ: Асел, Ару,Бекасыл, Сабина
1-жүргізуші:Анасыздар ,әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті болса ұрпағың- мерей тасып,
Қыз күлкісіне сусындап қанасыздар.
2-жүргізуші:Перзентке жұмсаған бала күнін
Ана ырыс,бақ дәулет,жұбанышың
Көк бөрінің тегінен,тарағандар
Құтты болсын бүгінгі қуанышың. Дей отыра тамаша биді қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Құрметті аналар, қыздар біздің сыныптың ұлдарының қыздарға дайындаған сыйлықтары бар екен. Ортаға ұлдарды шақырайық. Сөз сендерде.
Фокус, би, тақпақ
1-жүргізуші:Әйел дейміз,ана дейміз, қыз дейміз
Біз оларсыз шаттанбаймыз,күлмейміз.
Олар біздің бақытымыз,барымыз.
Оларменен бақтағы әсем гүлдейміз.
2-жүргізуші: Сіздер өмірді нұрландырып,шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер.Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып,шуақ сыйлайды. Осы айырықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып,елге ырыс-құт дарысын.Сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.Бүгінгі кешімізге келіп өздеріңіздің ой-пікірлеріңізбен бөлісіп, бізге қуныш сыйлағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Бүгінгі кешімізді «Ана туралы жыр» әнімен аяқтаймыз. Бәріміз бірге шырқайық.