kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана өмірдің гүлі" сыныптан тыс іс - шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурызға арналған сценарии 

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана өмірдің гүлі" сыныптан тыс іс - шара»

«Ана өмірдің гүлі » сценарии



1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2 – жүргізуші.

Құрметті, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың «Ана өмірдің гүлі» атты 8 наурызға арналған кешіне қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2 – жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.сіздерге арналған шағын концертімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Құттықтау сөзі Көктал ауылының әкімі Қаратаев Сартай Жетпіспайұлына береміз.

2-жүргізуші: 

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, 

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың 

Өміріме нәрін берді ақ сүтің, 

Кең құшағың аясындай гүл бақтың. 

Ер жеткізіп елге берген баласын, 

Ақылдысың, ардақтысың, данасың! 

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым

1-жүргізуші: 

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: 

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. 

Сонда пайғамбар: 

-Анаң бар ма? -деп сұрайды. 

-Бар,-дейді әлгі адам. 

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. 


2 -жүргізуші: 

Әркімнің де өмірден аласы бар, 

Аласы бар адамның анасы бар. 

Мерекесін құттықтап аналардың, 

Ән жолдайтын апалардың баласы бар. 


1 - жүргізуші: 

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде, 

Бишілер билеп кетті тербетіле. 

Аққудай қалықтаған теңіздегі, 

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. 



2 – жүргізуші : 

Әлемнің жарығын, 

Сыйладың сен маған. 

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған. 

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің әже туралы әсем әнін тыңдаңыздар. 





1-жүргізуші: 

Дүниедегі ең кемеңгер дананы 

Ана табады, аялайды, бағады. 

Сол үшін де құдіретіне бас иіп, 

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті .

2 – жүргізуші:

Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі Сіздер!Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз.
Ақ сүтінен жаралған,
             Ақ сүтінен нәр алған.
             Анаға бас иеміз!
             Туған жердің тілі деп,
            Туған жердің үні деп
            Анаға бас иеміз!

1- Жүргізуші:

Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. 
Ана десем шешек ашып жанары,
                   Өмірімнің бастау алар ажары.
                  Ана деген тіршілікке пана боп,
                  Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

  1. Жүргізуші:

Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. 




1-жүргізуші: 

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. 

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би, 

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға 

2 -жүргізуші: 



Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын.


Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 

Қош болып тұрыңыздар көріскенше 

Осымен концертіміз аяқталды. 







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ана өмірдің гүлі" сыныптан тыс іс - шара

Автор: Амиржанова Любовь Жансултановна

Дата: 20.03.2017

Номер свидетельства: 401911

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?здік абайтанушы сыныптан тыс шара "
    ["seo_title"] => string(36) "uzdik-abaitanushy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "175789"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424325629"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Сыныптан тыс шара  «?ыз саны 2014!» "
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan-tys-shara-k-yz-sany-2014"
    ["file_id"] => string(6) "172999"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912818"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Сыныптан тыс шара: «Жігітті? жампозы кім,сарала?ыз?» "
    ["seo_title"] => string(53) "synyptan-tys-shara-zhighittin-zhampozy-kim-saralan-yz"
    ["file_id"] => string(6) "175389"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424266674"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Сыныптан тыс шара:   Ізгілікті? белгісі -  ?лкенге ??рмет к?рсету. "
    ["seo_title"] => string(70) "synyptan-tys-shara-izghiliktin-bielghisi-ulkienghie-k-u-rmiet-korsietu"
    ["file_id"] => string(6) "185623"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426224852"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства