kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбиелік  О?ушыларды салауатты ?мір салтын ?алыптастыру?а т?рбиелеу, жеке бас гигиенасын са?тау?а, д?рыс тама?тану?а, дене шыны?тыру мен спортпен ш??ылдану?а, жаман ?деттерден са?тандыру, ішімділік пен темекіні? жас организмге зиянды екенін насихаттау.      

Дамытушылы?  Жас б?лдіршіндерді мектеп партасынан-а? жаман ?деттерден аула? болып, ?имыл ?рекетке жатты?тыру, тазалы?, жеке бас гигиенасын, м?дени да?дыларын дамыту.                                                                       

Коррекциялы? К?зге арнал?ан жатты?у жасату ар?ылы к?ру ?абілетін са?тау?а баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл »

Тәрбиелік шара. Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл». Шараның мақсаты: Тәрбиелік Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Дамытушылық Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, қимыл әрекетке жаттықтыру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын дамыту. Коррекциялық Көзге арналған жаттығу жасату арқылы көру қабілетін сақтауға баулу.

Тәрбиелік шараның жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не? ІІІ. Салауатты әдеттер.

  • Жеке бас гигиенасы.

  • Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану.

  • Зиянды әдеттер.

IV. Көзге арналған жаттығу.

V. Мамандар кеңесі.

Дұрыс тамақтану жайлы.

Коланың пайдасы мен зияны.

Тыныс алу жаттығулары.

IV. Қорытынды.

Викториналық сұрақтар.

Құрметті оқушылар, мұғалімдер, бүгінгі «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген екен. Бүгінгі тәрбие сағатымызға жас мамандар, интерн - дәрігерлер Айдана Қабыкенқызы және Әсем Құралбекқызы қоңаққа келіп отыр.

Балалар, қараңыздар таза ауа, күн нұры, мөлдір су, көректі заттары жетпей, мына гүл желектері түсіп қалыпты. Гүл желектерін бір – бірден жинап алайық.

Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер?

Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану. Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану. Зиянды әдеттер.

Жеке бас гигиенасы.

Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.
Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

Тері тазалығы.

Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану.

Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы.

- Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;

- Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;

- Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;

- Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;

- Ауыр заттарды көтеру зиян;

- Орындықта дұрыс отыру керек;

- Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.

Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері.

- Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;

- Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;

- Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;

- Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;

- Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;

- Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;

- Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;

- Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);

- Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.

Зиянды әдеттер.

Шылымқорлық.

Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.

Ішімдік.

Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.

Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.

Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ.

Табиғи дәрумендер

Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

А дәрумені.

Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәрумені.

Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені.

Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

Д дәрумені.

Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

Е дәрумені.

Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені.

Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

Темір.

Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

Кальции

Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.

Көзге арналған жаттығу.

Мамандар кеңесі.

  • Баланың тұрақты тамақтану режимі қандай болу керек?

Дұрыс тамақтану режимі жайлы Әсем Құралбекқыз айтып береді:

Жасы өскен сайын баланың энергетикалық қажеттілігі көбейеді, ағзаның қалыптасу кезеңдері басталады. Ересек  баланың тұрақты асы – ботқа болуы керек. Дәл осы кеңесті біздің педиатрлармен қатар, Ресей және Еуропаның дәрігерлері айтуда. Бүгінде таңертеңгі асты көптеген балалар ішпейді. Тәбеті жоқ деп ата-аналар да көңіл бөлмейді. Бұл да дұрыс емес. Бұл организмнің тепе-теңдігін сақтамайды. Сонымен қатар физикалық күшті әлсіретіп, ойлау қабілетіне кері әсер етеді. Ата-аналардың өздері таңертеңгісін ештеңе ішпей шықса, онда бала да тамақ ішу керектігіне сенбейді. Сондықтан жеке үлгінің өзі балалар үшін аса маңызды. Жанұямен бірге толық түрде ластанудың өзі бір өнеге. Ал күнделікті жеңіл-желпі тамақтану, бутербродтар, тәттілер мен лимонад сусыны соншалықты тойымды, пайдалы емес, керісінше, тәбетті құртады.

Күріш, бидай, тары, т.б. даярланатын ботқалар әрдайым құнарлы әрі өсу мен жетілуде аса үлкен орын алады. Онымен қоса, жұмыртқа, сүт өнімдерін де беруге болады. Таңертеңгі ас сүтпен, шай немесе какаомен ішіледі. Кейде таңертең тамақ немесе шай ішпесек,басымыз ауырып, әлсізденеміз. Сондықтан таңертеңгі астың да өз орны бар. Ол күнімізді сенімді, көңілді бастауымызға әмір етеді.

Ал түскі аста бірнеше тағам болғаны абзал: көже, сорпа, ет, балық секілді. Балық пен еттің гарниріне көкөністер, макарон салуға болады. Ал біздің түскі астарымыз көбінесе макарон өнімдері болып жүр. Одан да бас тарту керек. Себебі үнемі ұн тағамдарын пайдалану ағзадағы калорияны әрі холестерин мөлшерін көбейтеді. Түскі ас барлық тамақтанудың ішінде ең маңыздысы. Түскі ас тойымдылығымен және пайдалылығымен ерекшеленеді.

Түстікке (16:00 шамасында) печенье, құймақ, тоқаштар, зефир, мармелад ұсынуға болады. Кисель, айран, сусын ретінде беруге болады. Түстік түскі ас пен кешкі ас арасында жалғау болып табылады.

Кешкі ас – ең соңғы тамақтану кезі саналады. Одан кейін ештеңе жеуге болмайды. Өйткені одан кейін тамақ ішілсе, асқазан жүйесі бұзылады. Кешкі ас ыстық тағам болуы тиіс. Назар аударылуы керек тағы бір мәселе – тоя жемеу. Дәрігерлердің айтуынша, егер  тамаққа 60-70%-ға  тойдым дегенде, ауқаттануды аяқтау керек. Еуропада бұл шектеу аса кең таралған. Кешкі астан соң азын-аулақ бір нәрсе жей салу да жаман әдет. Ол асты асқазан қорыта алмауы мүмкін. Сөйтіп, қорытылмаған ас қалдықтары тасқа айналып, бауыр, өт, бүйректің жұмысын нашарлатады. Қарапайым рацион, тамақтану жүйесі осындай болу керек.

Есте сақтайтын нәрсе, бала күніне 5 уақыт тамақтануы керек! Оның үшеуі – ыстық тамақ. Үлкендерге қарағанда, балалардың энергетикалық қажеттіліктері басқа. Организмнің құрылыс материалы болып табылатын ақуыз етте, жұмыртқада, балықта және ірімшікте көп. Және де мұның бәрінің майлылығы төмен болуы тиіс. Ал тұздалған, қуырылған, жартылай пісірілген, қақталған тағамдарды, чипси, фастфуд, кириешки жемеген абзал. Себебі олар асқазан мен ішектің қызметін бұзады. Сондай-ақ көп жағдайда аса пайдалы емес.

Сонымен қатар газды сусындар ішпеген жөн. Әсіресе кока-кола туралы айтып өтсем деймін. Салқындатылған алкогольсыз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш зияны жоқ» деп айтылғанымен, бәрі бір бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Практикада түрлі қоспалармен байланыстыра отырып, теориялық мәліметтерге тұжырымдамалар жасалды.

Кока –коланың денсаулыққа әсері.

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеліп соғады.

Дейл Сендлер бірнеше зерттеу жүргізген екен:

Адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тастың пайда болуына әсерін тигізеді.

Кока – коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар екенін білесіз бе? Асқазаның, басың, тісің ауырып тұрса, бір құты кока – кола ішсең ауырып тұрған жерің аз уақытта жазылады. Оның құрамында дәрілік қоспа бар.

Жазда шыбын – шіркей, ара шағып алған жерің ашып не ауырып тұрса, сол жерге кока – коланы құйып қойсаң жеңілдеп қаласың.

АҚШ – ның ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтты. Атап айтқанда, бұл заттар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген.

Слайд

Етке кока-коланың әсері.

Бір тілім етті кока-кола құйылған ыдысқа салдым. Екінші күні-ақ кока-кола өз түсін өзгертті. Ал үшінші күні кока-кола түгелдей ақшыл сұйықтыққа айналды. Артынша қоңыр хлопьяларға бөлініп,еттің үстін жауып кетті.


Тұжырымдама: «кока-коланы» ішкенде дәл осындай өзгерістер біздің ішімізде де болады.







Тыныс алу жаттығулары.

Тыныс алу жаттығуларының пайдасы жайлы Айдана Қабыкенқызы айтады және жаттығу жасап көрсетеді.
Тыныс алу дегеніміз – мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.

Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді, немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.

Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген көз бұлшық еттерін кан айналымын,көз нашарлаудың алдын алады, ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. (Глаукома мен қан қысымы жоғары науқастарға жаттығу жасауға болмайды) Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты – онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.

Құрсақпен дем алу.

Қиындығы: төмен.

Қашан орындау керек: кез келген стресті сәтте.

Техника: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңізді түзулетіңіз. Минутына 6-10 терең дем алыңыз, жаттығуды 10 минут жалғастырыңыз.

Мұрынмен кезек дем алу

Қиындығы: орташа.

Қашан орындау керек: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері.

Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз.

Әркелкі дем .

Қорытынды.

Тәрбие сағатымызды қортындылап сұрақтарға жауап берейік.

1.Ағзаға не күш-қуат береді?
Дәрумендерге бай тағамдар.

2.Зиянды әдеттер.

Ішімдік, темекі,есірткіге құмарлық.

3.Бұлшық етті дамыту үшін не істеу керек?

Спортпен шұғылдау қажет.


4.Дәрі сататын мекеме.

Дәріхана.

5. Денсаулық кепілі не?

Тазалық .

6. Ауырғанда кімге және қайда барамыз?

Дәрігерге және емханаға барамыз.

7. Авитаминоз болдырмау үшін не істеу қажет ?

Көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек пайдалану керек.

Балалар,бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріннің денсаулықтарыңа қажетті ақпараттар алдыңдар ма, ұнады ма? Өз ойларыңды, тілектерінді айтып,тәрбие сағатымыздың басында жинап алған гүл желектерін жабыстырыңдар.

Менің айтайын дегенім: Адам- табиғаттың бір бөлігі. Біз дәрумендерге бай тағамдармен тамақтанбасақ, зиянды әдеттерден аулақ болмасақ, дене шынықтырумен айналыспасақ, жеке басымыздың тазалығын сақтамасақ мына гүл секілді солып қаламыз. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл

Автор: Жармухамбетова Асем Кабыкенова

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205614

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "конспект уроков на тему "О?УШЫЛАРДЫ? САЛАУАТТЫ ?МІР САЛТЫН ?АЛЫПТАСТЫРУДА?Ы ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ? ТИІМДІЛІГІ" "
    ["seo_title"] => string(133) "konspiekt-urokov-na-tiemu-ok-ushylardyn-salauatty-omir-saltyn-k-alyptastyrudag-y-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "192056"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427394227"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "«САЛАУАТТЫ ?МІР САЛТЫН  ?АЛЫПТАСТЫРЫРЫП ДЕНСАУЛЫ?ТЫ НЫ?АЙТУДА?Ы ДЕНЕ Т?РБИЕСІНІ? МА?ЫЗЫ» "
    ["seo_title"] => string(94) "salauatty-omir-saltyn-k-alyptastyryryp-diensaulyk-ty-nyg-aitudag-y-dienie-t-rbiiesinin-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "164660"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422683795"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Баяндама Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптасуындағы отбасының рөлі»"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_takyryby_mektep_zhasyna_deiingi_balalardyn_salauatty_omir_saltyn_kalyp"
    ["file_id"] => string(6) "483096"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1541065478"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы, о?ушыларды? денсаулы?ын са?тау аспектілері "
    ["seo_title"] => string(90) "salauatty-omir-saltyn-k-alyptastyrudag-y-ok-ushylardyn-diensaulyg-yn-sak-tau-aspiektilieri"
    ["file_id"] => string(6) "183631"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425905830"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Та?ырыбы:  «Салауатты ?мір салтын жан?яда ?алыптастыруды? жолдары. Компьютерді? зияны» "
    ["seo_title"] => string(90) "tak-yryby-salauatty-omir-saltyn-zhanu-iada-k-alyptastyrudyn-zholdary-komp-iutierdin-ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "177458"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424662694"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства