Тарихи танымды? ашы? т?рбие са?аты. Та?ырыбы:" ?р ерлікті? бастауы бар." ?лы же?істі? 70 жылды?ына орай 8 сыныпта ?ткізілді.
Ма?саты: ?лы отан со?ысында неміс бас?ыншыларын тал?андауда ?аза?стан хал?ыны? майданда к?рсеткен ерлігін паш ету.
Т?рбиелік м?ні: жергілікті со?ыс ардагерлері туралы м?лімет беру; же?істі д?ріптей отырып, жас ?рпа??а патриотты? т?рбие беру; жеке т?л?аны рухани жан-жа?ты болу?а т?рбиелеу;о?ушыларды шы?армашылы??а, ізденімпаздылы??а баулу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?р ерлікті? бастауы бар... »
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
А. ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «ӘР ЕРЛІКТІҢ БАСТАУЫ БАР... »
(мерзімі 10.04.2015 жылы 8 «Г» класс)
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, 8 «Г» сынып жетекшісі М.И. МАМЫРОВА
БАЙҚОҢЫР
2015ж
«Бекітемін» Мерзімі 10.04.15 мектеп директорының тәрбие ісі Уақыты 11.00 ________жөніндегі орынбасары Өткізілетін орны 302 каб А. Емешова 8 «Г»сынып жетекшісі
«_____» _______2015 ж. М.И.Мамырова.
ТАҚЫРЫБЫ: «Әр ерліктің бастауы бар ...»
МАҚСАТЫ: 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда көрсеткен ерен ерлігін паш ету .
Тәрбиелік: жергілікті соғыс ардагерлері туралы түсінік беру және жас ұрпаққа Жеңісті дәріптей отырып Отан сүйгіштікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: тарихи танымдық тәрбие сағаты
ӘДІСТЕРІ: әңгіме, ойқозғау, топтастыру.
КӨРНЕКІЛІГІ: слайдтар, тақырыптық суреттер.
ПАЙДАЛАНҒАН МАТЕРИАЛДАР: «Қазақстан» энциклопедиясы, ғаламтордеректері;
Барысы:
І. Бастапқы таныстық –Ұлы Отан соғысы.
ІІ.Тарих сыр шертеді – Москва, Ленинград, Сталинград шайқасы.
ІІІ.Майдан хаттары...
IV.Әскери құпия – сұрақ – жауап.
V.Жүйелі таныстық .
VІ.Құпия сөз.
VІІ.Қорытынды.
«Бекітемін» Мерзімі 10.04.15 мектеп директорының тәрбие ісі Уақыты 11.00 ________жөніндегі орынбасары Өткізілетін орны 302 каб А. Емешова 8 «Г» сынып жетекшісі
«_____» _______2015 ж. М.И.Мамырова.
«Әр ерліктің бастауы бар ...»
Мақсаты.1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда көрсеткен ерен ерлігін паш ету . Тәрбиелік мәні: Жергілікті соғыс ардагерлері туралы түсінік беру және жас ұрпаққа Жеңісті дәріптей отырып Отан сүйгіштікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу.Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу,оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: тарихи танымдық тәрбие сағаты Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру. Көрнекілігі: слайдтар, тақырыптық суреттер. Барысы: І. Ой қозғау. Киелі құстар сыр шертеді. ІІ.Бастапқы таныстық – Ұлы Отан соғысы. ІІІ.Тарих сыр шертеді – Москва, Ленинград, Сталинград шайқасы. IV. Майдан хаттары... V.Әскери құпия – сұрақ – жауап. VІ.Жүйелі таныстық . VІІ.Құпия сөз. VІІІ. Қорытынды.
І. Ой қозғау.Класс оқушылары 3 топқа алдын-ала бөлінген болатын. Енді сол топтармен таныс болайық. 1-топ: «Аққу». 2-топ: «Қарлығаш». 3-топ: «Көгершін».
Киелі құстар сыр шертеді.Өз тобыздың киелі құстары туралы сыр бөлісейік.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі.
«Қарлығаш»тобы: Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлығаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы: Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын боламыз. 1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Талайларды боздатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездікдер Конгресстің өтуіне себепші болды.
Кіріспе:Мұғалім сөзі."Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні - құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған.
Осындай құстардың бірі әрі біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы.Ұлы Отан соғысындағы жеңіс – бүкілхалықтық мереке. Адамзат тарихының дамуында үш азапты кезең бар: оба ауруы, аштық, соғыс (У.Гладстон) Соғыс... Қандай жымысқы, қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ еді.Бұл оқиға адам баласы үшінауыр, азапты күндерге айналды.
Соғыс... қаралы да қайғылы күнді болдырмай, бейбіт өмір үшін күрес.Тарихқа үңілсек адамзат даумында талай соғыстар болды.Солардың аса ауыры фашистік Германия бастаған 1941-1945 ж созылған ХХ ғасырдың ең қанды оқиғасы саналатын - Ұлы Отан соғысы.Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейрімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді.Соғыс салған жараның орны әлі жазылған жоқ.Сондықтан қанмен,термен,жаспен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс.Әкелеріміз бен ағаларымыз осынау қан майданда өздерінің жанкештілік қаһармандығымен басқа ұлттар алдында батырлығымен, қайсарлығымен танылды. Олардың жасаған ерлігі мен есімдері мәңгі ұмытылмайды.Сол ерліктердің жемісі-Жеңіс. Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс» сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды.
Жеңіс келді,Алтын күн елжіреді, Қуаныштан жарылды ел жүрегі. Әр батырдың есімі биіктерде, Жеңіс туы секілді желбіреді...-деген өлең жолдарымен жеңістің құндылығын білдіргіміз келеді. Бейбітшілік сүйетін әлем үшін аса қадірлі мереке. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Сонымен бүгінгі «Әр ерліктің өз бастауы бар...» атты 8 «Г» сыныбының тарихи танымдық тәрбие сағатымызды осы ұлы күнге арнаймыз. ІІ. Бастапқы таныстық – Ұлы Отан соғысы.
1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзіліксоғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары «Барбаросса »деген атпен белгілі. «Барбаросса» жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді.Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. «Солтүстік» тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті «Орталық тобы» Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған «Онтүстік тобы» Украинаны басып алуға тиіс болды.
Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғышілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады.1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды.
ІІІ. Тарих сыр шертеді – Москва, Ленинград, Сталинград шайқасы.
Көгершін тобы.1.Москва үшін шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан). Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
2.Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Москваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, Мәлік Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
3.Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 4. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.
5.Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы.Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.
Мұхтар Шаханов тілімен айтсақ:
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған, Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған? Бір ғажабы: қан майданда көзсіз батыр атанып, Куәлігін жарты ғасыр кеш алған.
6.Москва шайқасының тарихи маңызы: - Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, - Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, - Кенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. Қарлығаш тобы.7.Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді. 8.Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты. 9.Балтық флотындағы «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
10. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
11.1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп ұлттық еліміздің бүкіл еңбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді. 12. Ленинград шайқасының тарихы маңызы - Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, - Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды. Аққу тобы.
14.1942 жылы 17- шілдеде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алқабы, Атырау облысы соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
15.1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады. 16.Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстанда 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді.
17.1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды.
18.116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 19.Сталинград шайқасының тарихи маңызы. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. -Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты. -Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды. -Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті. -Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.
IV. Майдан хаттары...
ТҮКТІБАЕВ ҮРМӘШ жерлес атамыздың хаты
«Майданнан хат» (үзінді):
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз-анама
«Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
Анасының хаты
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ-қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Қайырмайды тілімді,
Жібектей майда жамылған.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
Соғыс басталысымен Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Мәншүк Мәметова: “Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін”, - деп әскери комитетке өтініш берді.
Мәншүк анасына ең соңғы хатын 1943 жылы 11қазанда жазыпты. Онда:«Ардақты анашым. Сздiң хатыңызды алғаннан кейiн мен жауап жазған болатынмын, ал қазiр алдыңғы шептемiн, тағы да хат жаза алам ба, жоқ па бiлмеймiн, сондықтан открытка салып отырмын.
Әзiрге денсаулық жақсы. Қымбатты анашым, бiзден бәлкiм делегация барар болса, қалған жаңалықты естiп бiле жатарсыз. Көп жазудың қисыны қазiр келмейдi.
Ендi хатты ұрыстан кейiн күт. Хатты жиiрек жазыңыз. Бәрiне сәлем, мен үшiн Динашты шөпiлдетiп сүйiп аларсыз. Сiздi тыңдайтын болсын.
Хош, қатты-қатты сүйдiм Сiздi.
Қызың Мәншүк. 11.10.1943 ж.»
Әлияның Сапура әпкесіне жазған хаты: Қымбатты менің Сапурам. Амансың ба? Қазір біз алғы шептеміз. Терең окопта хат жазып отырмын. Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз. Менің басымда каска, белімде граната, қолымда винтовка. Солдаттар таңқалады. Фашисттерді аямаймын. Таң ертең командиріміз былай деді: «Мерген Әлия Молдағұлова үш күннің ішінде 14фашистті өлтірді». Иә, Сапура, командир алғыс жариялады. Көріскенше. Жеңіспен қауышайық. Сүйдім. Әлияң. 13.12.1943 ж.
Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Майдан даласында: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? - деген сұрақтарға. - Мен Молдағұловамын. Қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын. Керек болса, Москва қорғағанда өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз.
IV.Әскери құпия – сұрақ – жауап. 1. Фашистік Германияны жеңгенімізге неше жыл болды? (70 жыл) 2. Әскери қару-жарақ сақтайтын жер. (қару қоймасы) 3. Неміс әскерінің бірінші соққысын қабыл алған қамалды ата (Брест)
4. Өткен соғысқа қатысқан тәжірибелі жауынгер (ардагер)
5. Жоғары қарай ауаға ұшатын, әскери мақсатта және айналаны жарықтандыруға қолданылатын зат (ракета)
6. Әскери қызметкерлерді тұтқынға алып ұстайтын жер (абақты)
7. Әскери қызметкерлерге дәрігерлік қызмет көрсету және оларды емдеуге арналған әскери-дәрігерлік мекеме (госпиталь)
8. Жарылғыш снаряд (граната)
9. Жауынгерлік әрекеттерді жүргізу үшін дұшпан аумағына түсірілетін әскер (десант)
10. Кеңестік атқыш қару конструкторы, Социалистік Еңбек Ері, жаңа үлгідегі автомат пен автоматты пулеметті жасап шығарған біздің жерлесіміз (Калашников Михаил Тимофеевич)
11. Әскери қатардағы ең жоғары атақ (маршал)
12. Зор еңбектің, оның ішінде әскери істе берілетін мемлекеттік награда.13. Жаттағып ату үшін арналған зат (нысана)14. Құпия шартты сөз немесе сөйлем, қарауыл қызметте өз адамын тану үшін қолданылады (пароль \ құпия сөз)
VІ. Жүйелі таныстық .
Қарлығаш тобы.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы-11600 адам; 2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-103; 3.Қазақ қыздары-2.
Сыр өңірінің 21 азаматына Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе,оның сегізі Қызылордалық батырлар: АРТЕМОВ ПЕТР МИХАЙЛОВИЧ, ҚИЗАТОВ ЖӘЛЕЛ ҚИЗАТҰЛЫ, ЛАРИОНОВ СЕМЕН АРХИПОВИЧ, МАХОРИН ИВАН ФЕДОРОВИЧ, НИЕТҚАЛИЕВ ЕРДЕНБЕК, ПОДОЛЬЦЕВ ИВАН ГРИГОРЬЕВИЧ,САМОРОКОВ НИКОЛАЙ НИКОЛАЕВИЧ жәнеЖУРБА ИВАН МАКАРОВИЧ.
ЖУРБА ИВАН МАКАРОВИЧтің жауынгерлері Киев-Житомир тас жолын басып алды, Юрьевка қыстағы үшін ұрыста ол алты жауынгермен дұшпанның жүк автокөліктерін талқандап, жүзден астам фашистің көзін жойды, Трилис қыстағында өздерінен төрт есе көп солдаты бар фашистік бөлімшенің тас-талқанын шығарды.осындай жауынгерлік ерлігі үшін 1944 жылғы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Аққу тобы. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: ИВАН НИКИТИЧ КОЖЕДУБ Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96.638.
Аралдық батыр-МИН АЛЕКСАНДР ПАВЛОВИЧ.Шиелідік-КОВТУНОВ ГЕОРГИЙ НИКИТОВИЧ .Қармақшылық батыр- КӨМЕКБАЕВ ТӘЙІМБЕТ.Жаңақорғандық - ӘБУТӘЛІПОВ ӘНУАР, РОМАНОВ АЛЕКСАНДРДМИТРИЕВИЧ.Сырдариялық:ІЛИЯСОВ НАҒИ, МАХАМБЕТОВ ЖАҚЫПБЕК.,НҰРСЕЙІТОВ ЖАППАСБАЙ.
Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың)қазақстандықтар.
НҰРСЕЙІТОВ ЖАППАСБАЙ1923 жылы 9 мамырда Тереңөзек ауданындағы Курайлы ұжымшарында туған. Қызыл Армия қатарына 1942 ж шақырылды. 1943 жылдың қыркүйегінде Днепр өзенінен өту кезінде Ж.Нұрсейітов отырған кайықты жағаға елу метрдей қалғанда жау снарядының жарықшағы тесіп жіберді. Осы кезде Жаппасбай Нұрсейітов әлгі тесікті денесімен жапты. Ешқандай сескенуді білмейтін жауынгер үш тәулік бойы дұшпанның 13 рет кайта жасаған шабуылына тойтарыс беруге қатысып 150 гитлершілдің көзін құртты.
Ұрыстарда көрсеткен ерлігі меи батылдығы үшін Жаппасбай Нұрсейітовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ж.Нұрсейітов соғыстан кейін Қызылорда қаласында авиация кәсіпорындарында жұмыс істеді. Қазір Батырдың атындағы сүңгуір кайық Қызыл Тулы Солтүстік флот музейінде тұр.1955 жылы 28 сәуірде Жаппасбай Нұрсейітовке "Қызылорда каласының құрметті азаматы" атағы берілді. 2000 жылы қаладағы бір көшеге батыр есімі берілді.. Көгершін тобы.Тарих оқулықтарының беттерінде бірде 95 немесе 97, енді бірде 98 болып беріліп келген болатын. Өзбектер иеленіп кеткен айтулы қазақтар: генерал-майор Сабыр Рахимов пен бөлімше командирі Расул Есетов осы санатқа қосылды. Соғыс кезеңінде Кеңес Одағының Батыры атағын 100 адамға нақты берілсе, 1946 жылы оны Сұрағанов Құдайберген, 1965 жылы генерал Рахимов Сабыр, ал 1990 жылы Момышұлы Бауыржан алды. Соның 5-і Қазалылықтардың үлесіне тиді.Ол батыр аталарымыз: БАЛМАҒАНБЕТОВ МАҚАШ,МИХАЙЛЮК ЯКОВ ДАНИЛОВИЧ,СЧАСТНОВ ВЛАДИМИР МИХАЙЛОВИЧ, ШЛЯПИН ГЕННАДИЙ ФАДЕЕВИЧ, ТҮКТІБАЕВ ҮРМӘШ.
Қазалы ауданы "Сарыой" ауылыңда (қазіргі Түктібаев) 1917 жылы 17 қарашада дүниеге келген. 1941 ж майданға аттанды. Ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Майданда төрт рет жаралаңды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.Үрмәш Түктібаев Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен шайқас кезінде қолма-қол шайқаста жау қолынан қаза табады. Ол Латвияның Лудзек ауданында Перзское деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген. Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Үрмәш Түктібаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
VІІ.Құпия сөз.Мұнда сіздердің тапқырлықтарыңыз анықталады. Берілген әріптерден құпия мақалды табуларың керек.
1. Ерлік білекте емес, жүректе. ЕКЕЕЖКРБКМҮТЛІТЕРЕІЛЕСЕ
2. Нар тәуекел – ер ісі.НӘЕІАУЛС РЕЕІ ТКР
3. Айлалы батыр алдырмас. АЛТЛМ
ЙЫЫДАЛБРЫСАААР
Ерлік білекте емес, жүректе
Нар тәуекел – ер ісі
Айлалы батыр алдырмас
VІІІ. Қорытынды.
Мұғалім: Қаһарман халқымыз адам айтқысыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандақтарға төзіп, Жеңіс тұғырына шықты.Міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Адамзатты апаттан сақтап қалған, болашақ үшін, Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмытылмайды, мәңгі есте сақталады.