kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ртіп-т?рбие бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Т?ртіп – т?рбие бастауы, т?ртіпсіздік – ?мірі?ні? ?ас жауы».
Ма?саты: ???ы?ты? т?рбиені? ?мірлік ?ажеттілігін о?ушылар?а т?сіндіру. ???ы?ты? т?рбиені?, жігерді? ?о?амда ма?ызы зор екендігі т?сіндіріп ???ы?ты? сауат?а т?рбиелеу, ?з ойларын еркін айту?а ?йрету. О?ушыларды? ???ы?ты? сауаттылы?ын арттырып, ???ы? б?зушылы? ж?не ?ылмыс белгілерімен, т?рлерімен таныстыру, жас?спірімдерді? ???ы?тары мен міндеттерімен таныстыру. ?о?амны? за?дары мен нормаларын орындау?а, ???ы?тарын біліп, оны ??рметтеуге т?рбиелеу.
Т?рі: кездесу, пікірталас.
К?рнекілігі: интерактивті та?та, презентация, ???ы? б?зушылы? жайында видеолар, суреттер, на?ыл с?здер.
Барысы:
І ?йымдастыру кезе?і.
ІІ О?ушы ережесі.
ІІІ «Ты?ыры?тан шы?ар жол ?айсы?»
IV «За?сыз арал»
V К?кейде ж?рген сауал.
VI ?орытынды.
І ?йымдастыру кезе?і.
М??алім: ??рметті ?стаздар, ата – аналар, о?ушылар ж?не кеш ?она?тары «За? ж?не біз» атты пікірталас кешімізге ?ош келді?іздер! Біз б?гін о?ушы жас?спірімдерді? мектептегі ж?не мектептен тыс ережелері, ???ы? б?зушылы?тары туралы айтамыз. ?азіргі кезде жас?спірімдер арасында ???ы? б?зушылы? пен т?ртіпсіздіктер беле? алып бара жатыр. ?ателік кімнен кетуде? Ата - анадан ба, мектептен бе, ?лде ?о?амнан ба? М?мкін осы ?ш тарапты? жауапкершілікті те? ар?алай алмауынан болар. Біз б?гін осы та?ырып?а тере?ірек ??ілмекпіз.
Пікірталасты? та?ырыбы: «Т?ртіп – т?рбие бастауы, т?ртіпсіздік – ?мірі?ні? ?ас жауы»
Пікірталасты? негізгі ма?саты: о?ушыларды? ???ы?ты? сауаттылы?ын арттырып, жас?спірімдер арасында?ы ???ы? б?зушылы? т?рлерімен таныстыру, ???ы?тары мен міндеттерімен таныстыру.
Кеш ?она?тары:
-------
Пікірталас кешіне «Жа?сылы?» ж?не «Парасат» тобы ?атынасуда.
М??алім: А. С. Макаренконы? т?сінігінде т?ртіп – б?л тек ?ана тежелу т?ртібі ?ана емес, сонымен ?атар ?мтылу белсенділік, жауапкершілік т?ртібі. Т?ртіп туралы м?селені ерік – ?айратты, ерлікті, берік мінез – ??лы?ты т?рбиелеумен ты?ыз байланыста ?арастырады. Т?ртіп ?йымшыл ?жымда дамиды ж?не бекиді. «Т?ртіп – б?л ?жымны? бет - ?лпеті, оны? дауысы, оны? ?демілігі, оны? ?оз?ал?ышты?ы, оны? мимикасы, оны? сенімділігі» - деген.
ІІ «О?ушы ережесі»
?р топ плакат?а о?ушыны? мектептегі ережелерін жазып, ж?мыстарын ?ор?айды.
М??алім:
Т?ртіпті бала с?йініш,
Т?бе? бір к?кке жетеді.
Т?ртіпсіз бала к?йініш,
Т?мендеп басы? кетеді – дегендей, о?ушылар?а ?ойылатын ал?аш?ы с?ра?ымыз – «Т?ртіпке ба?ын жасы?нан.» деген с?зді ?алай т?сінесіздер, т?ртіп туралы ой – пікірлері?ізді айта отырса?ыздар. (О?ушылар пікірін ты?дау)
ІІІ «Ты?ыры?тан шы?ар жол ?айсы?» 2 топты? ж?не к?рермен о?ушыларды? пікірін ты?дау.
Бердібек Со?па?баевты? «Мені? атым – ?ожа» романыны? желісі бойынша т?сірілген фильмнен ?зінді.
1 - видео. ?ожаны? ?рекетін о?ушылар жиналысында тал?ылау.
- ?ожа ?андай ?рекеттері ?шін жазаланып отыр?
- ?ожаны? т?ртібі мектепте ?андай бол?ан?
- ?стазы ?ожаны? т?ртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
- Сендер ?ожаны? жолдасы болса?дар, ?андай к?мек берер еді?дер?
2 - видео. ?ожаны? ?зіне - ?зі есеп беруі.
- Б?л видеодан не т?сінді?дер?
- К?н сайын ?зіне - ?зі есеп беру баланы? жа?сы азамат болып ?алыптасуына о? ?серін бере ме?
- Сендер ?з - ?здеріне есеп бересі?дер ме?
- Я?ни т?ртіпті бала ?андай болу керек? ?здері?ді т?ртіптімін деп санайсы?дар ма?
М??алім: ?лт м?раттарыны? ?лы байлы?тарыны? бірі – жас ?рпа?, келелі келешек десек, б?л та?ырып кеше де, б?гін де к?н т?ртібінен т?спейтін м?селе, ?лтымызды? ма?танышы батыр атамыз Бауыржан Момыш?лы «Т?рбиелі – т?ртіпті? ??лы, т?ртіпті – елді? ?лы» десе, а?ын Олжас С?лейменов «Адам та?дырын т?рбие шешеді» деп жазды. Б?рі де шынды?. Т?рбие кешіктірілсе кешірілмейтін, д?рыс ба?ыт алмаса, ?алпына келмейтін н?зік те, к?делі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ?рпа?ымен ?лы, е?бегімен ерен, келешегімен кемел болса, м?ны? м?лдір бастауы, алтын тамыры – т?лім – т?рбие ісінде жатыр.
Бала ???ы?тары туралы халы?аралы? Конвенциядан:
§ Мемлекет ?рбір баланы? аман – сау ?сіп, жан – жа?ты дамуын ?амтамасыз етеді;
§ Бала ?мірге келе салысымен тіркеуге алынады ж?не ?зіне есім мен азаматты? алу?а ???ылы;
§ ?рбір бала ?з отбасында, ата – анасымен бірге ?мір с?руге ???ылы;
§ Отбасында ?кесі мен анасы ?з алдына дербес ?мір с?румен, баланы ата – анасымен ажырату?а ешкім ???ы?ты емес;
§ Бала мектепте кін?лі бол?анда да оны ешкімні? ?рып жазалау?а, кемсітіп ?орлау?а ???ы?ы жо?;
§ Бала тыны?у?а ж?не м?дени демалу?а ???ылы;
§ ?рбір баланы? ой – пікір, ар - ождан ж?не дін еркіндігіне ???ы?ы бар;
§ Бала ?зі ?ала?ан спорт т?рімен ш??ылдану?а ???ылы;
§ Бала денсаулы?ын са?тау?а, емделуге ???ылы;
§ Бала ?з ойын еркін айту?а ???ылы.

ІY.Ой жал?ау кезе?і.С?зді? жал?асын тап.
1. За?ны? ??ры?ы-..../б?рінен ?зын/
2. ?ш ал?аннан г?рі.../кешірген ж?н/
3. Тура биде../ту?ан жо?/
4. А?ырын ж?ріп.../аны? бас/
5. Асыл тастан,.../?нер жастан/
6. ?рлы? т?бі.../?орлы?/
7. Жазасын тартпайтын.... /жаманды? болмайды/
8. ?депті бала-.../арлы бала/
?депсіз бала-.../сорлы бала/
9. Т?рбие../отбасынан басталады/
10. ?діл істі?.-/арты игі/

Y. «Ой елегінен ?ткіз» Ойлан арты?ы бар ма?Тапса? сызып таста.
1. О?ушы неге ???ылы?
Білім алу?а, емделуге, демалу?а, ?рлы? жасау?а, ?орша?ан ортаны ластау?а, ?з сыныптастарына кедергі жасау?а.
2. О?ушы неге міндетті?
Білім алу?а, ата-анасын ты?дау?а, басылымдар?а жазылу?а, о?улы?тарын таза ?стау?а, мектеп т?ртібін са?тау?а, ?й т?р?ызу?а.

VI «За?сыз арал»
- Біз еш?андай за?ы жо? аралда ?мір с?рсек, не болар еді?
І топ жа?сы жа?ын, ІІ топ жаман жа?ын айтып, пікір таластырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?ртіп-т?рбие бастауы»

Мерзімі: 20.02.16. Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы».
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: кездесу, пікірталас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Оқушы ережесі.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?»
IV «Заңсыз арал»
V Көкейде жүрген сауал.
VI Қорытынды.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Заң және біз» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер! Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата - анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар... Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
Пікірталастың тақырыбы: «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлерімен таныстыру, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Кеш қонақтары:
---------------------------------------
Пікірталас кешіне «Жақсылық» және «Парасат» тобы қатынасуда.
Мұғалім: А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген.
ІІ «Оқушы ережесі»
Әр топ плакатқа оқушының мектептегі ережелерін жазып, жұмыстарын қорғайды.
Мұғалім:
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?» 2 топтың және көрермен оқушылардың пікірін тыңдау.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 - видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
- Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
- Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
- Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
- Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 - видео. Қожаның өзіне - өзі есеп беруі.
- Бұл видеодан не түсіндіңдер?
- Күн сайын өзіне - өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
- Сендер өз - өздеріне есеп бересіңдер ме?
- Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?
Мұғалім: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан:
 Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
 Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
 Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
 Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
 Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
 Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
 Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
 Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
 Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

ІY.Ой жалғау кезеңі.Сөздің жалғасын тап.
1. Заңның құрығы-..................../бәрінен ұзын/
2. Өш алғаннан гөрі ................../кешірген жөн/
3. Тура биде............/туған жоқ/
4. Ақырын жүріп............./анық бас/
5. Асыл тастан, ................/өнер жастан/
6. Ұрлық түбі ................/қорлық/
7. Жазасын тартпайтын ................. /жамандық болмайды/
8. Әдепті бала-................../арлы бала/
Әдепсіз бала- ............../сорлы бала/
9. Тәрбие ......../отбасынан басталады/
10. Әділ істің......-/арты игі/

Y. «Ой елегінен өткіз» Ойлан артығы бар ма?Тапсаң сызып таста.
1. Оқушы неге құқылы?
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.
2. Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.

VI «Заңсыз арал»
- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
І топ жақсы жағын, ІІ топ жаман жағын айтып, пікір таластырады.













Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі











Тақырыбы:


(6 «А» – сыныбында өткен ашық тәрбие сағаты)










Дайындаған: сынып

жетекшісі Шүйнішбаева Н.Д.















2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Т?ртіп-т?рбие бастауы

Автор: Ш?йнішбаева Н?рби Даниал?ызы

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304852


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства