kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, с?йікті ?ліппе!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

Тілашар мерекесіні? м?нін ашу.?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау;

М?нерлеп айту мен сахна м?дениетін ?алыптастыра т?су;

?йымшылды??а, ?жымды??а, ал?ырлы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Шарлар,г?лдер, на?ыл с?здер т.б.

Барысы: ?йымдастыру кезе?і

К??ілді ?уен ?ойылады.Келген ?она?тарды ?арсы алу.

М??алім:

-Мен с?зімді  Ф.О??арсынованы? «Білім керек б?ріне» атты ?ле?імен баста?ым келіп отыр.

Зымыранды бас?арып,

К?к ж?зіне сам?асам.

Тауды б?зып, тас жарып,

М?хиттарды жал?асам.

Та?дандырар бар елді,

?ажап ?йлер сала алсам.

Жасартатын ?жемді

Д?рі де ойлап таба алсам.

Сырлары к?п ?ылымны?,

Шешілмеген ?лі де

Тере?дігі білімні?

Керек екен б?ріне.

Б?гін сіздер 4 ай б?рын ?ана осы мектепті? боса?асын имене атта?ан жас б?лдіршіндерді? «Тілашар» мерекесіне жиналып отырсыздар.Б?кіл ?ылым,білім со?па?ыны? басы бол?ан ?ліппені о?ып бітірді.Онда?ы 42 ?ріппен танысты, сауаттарын ашты, жаза да, о?и да алады.

             Ендеше мерекемізге хош келді?іздер!

1-бастаушы:Айым

?уаныш б?гін мереке

Шуа?ын шашып т?р ?лем

Тілашар?а келген ?уанып

?она?тар сізге мы? с?лем.

2-Бастаушы:Алишер

-Армысыздар арда?ты ата-аналар, аяулы ?стаздар. Б?гінгі білім мерекесі ??тты болсын!

Екеуі:

Шашу, шашу шашайы?

А? санды?ты ашайы?

Б?л мереке, б?л тойды?

Баста??ысын жасайы?

Айым:

Балалар, мектепке ал?аш келгенде ?стаздан кейінгі а?ылшымыз не болды?

Хормен:

Болаша??а жол бастар,

Ол с?йікті ?ліппе

Хор: «?ліппе»

?ліппе: Аружан

-Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-ана

Болаша??а жол бастар

?ліппе? келді орта?а

Білім деген ?ажапты?

?ліппесін ме?герген

Келешегі ?аза?ты?

Басталады сендерден

Жа?сы білім-к?рімдік

Болсын бізге халайы?

Не ?йреніп, не білдік

?ане, орта?а салайы?

И?, ?ліппе! Біз де сені? ?ріптер??мен танысып, дыбыстардан буын, буындардан с?з, с?здерден с?йлем ??рап ?йрендік.Солай емес пе, Айым.

И?, ?лішер! Ж?ргізіп о?у?а, байланыстырып с?йлеуге, сауатты жазу?а ?йрендік. ?ліппе, біз сізге ?зімізді? не ?йреніп, не білгенімізді к?рсеткіміз келіп т?р.

А.Жаслан

Арда?ты ана, аяулы ана, ?ымбаттым,

С?биі?ді ?лдилеумен тіл ?атты?

А? с?ті?мен тал бойыма н?р берді?

Ке? ??ша?ы? аясындай г?л ба?ты?

Кеудемнен сезім селі а?тарылсын

Болармын к?ні ерте?-а? ма?танышы?

Білім алып, тер т?гем, е?бек етем

?зі?ні? сенімі?ді а?тау ?шін

?.Кенесары

Бас ?ріпке інімін

Дауыстыны? бірімін

? дегені? «?ліппе»

Бастауы бар ілімні?

?ліппе менен басталып

Бол?ан ?зім бас ?ріп

Мереке дулы жиынды

Ж?ремін ?р кез бас?арып.

?.Айбек:

?арышкері ?аламны?

Намысты ері даламны?

Ізбасары боламын

То?тар сынды а?аны?

Б.Алмас:

«Ба?ыт не?» деп с?раса?ыз атадан

«Ба?ыт не?» деп с?раса?ыз анадан

Ба?ыт деген сол дер еді ойланбай

Еш жаманды? к?рмеу ту?ан баладан

Ж.Айс?лу:

Жайы?, Еділ – екі су

Д?шпан тізе б?ккен жер

Жер ж?ннаты – Жетісу

Елім туын тіккен жер

И.Диас:

Инабатпен ибада

Ол т?рады басында

К?ллі адамзат сыйла?ан

Имандылы? бар сонда

Н.А?ниет:

Не дегенім – на?ашым

Б??ан болмас таласы?

Келгенде ?йге на?ашым

?уанады анашым!

?.Ескендір:

?аза? батыр ел деймін

?л мен ?ызы ер деймін

Отанымды, жерімді

Мен ешкімге бермеймін

К.Жібек:

К?к аспандай к?кпенбек

?аза?стан даласы

К?к емес ол тектен – тек

Елді? ашы? ?аба?ы

Т.Сарбиназ

Т?ртіпті бала – с?йініш

Т?бе? бір к?кке жетеді

Т?ртіпсіз бала – к?йініш

Т?мендеп басы? кетеді.

Д.Н?рбол:

?астерлеген ж?ртымыз

?азы, ?арта, ??ртымыз

Ш?л ?андырар бал ?ымыз

?аты?ы мен басталып

Дастар?аны? жайнады

М.?лия:

?йретіп ал?аш бізге ?ліппені

М??алім ?ылым?а жол салып берді

Адамны? ой мен арман, ма?саттары

О?улы?тан с?улелі жары? к?рді

О.Аяулым:

Отан мені? ата-анам

Отан – досым бауырым

Отан – ?лке, астанам

Отан – ту?ан ауылым

Кенесары:

Бар кітап?а бас бол?ан,

?ліппен ?ылым анасы.

?ліппеден бастал?ан,

Даналы?ты? данасы.

Ерн?р:

Енді жаза білеміз

?ріпті ?осып ?ріпке

Риза боп са?ан ж?реміз

С?йікті бізді? – ?ліппе

Анель:

К?лге ??й?ан б?ла?ты?

?айнар к?зі – ?ліппе

Том-том ?алы? кітапты?

Басы болар – ?ліппе

Диас:

?лліпе деген алтын жол

Апарар сені алыс?а

Же?іл емес ауыр жол

Тырысып ба? намыс?а

Мейрамбек:

?ліппе да??ыл жол ашты

Жа?адан п?ндер жал?асты

?ліппе сырын ??тыр?ан

Рахмет ?стаз ал?аш?ы

Хор: «М??алім-ол бізді?»

Алишер:

-Достар, біз не ?йрендік?

-О?уды, жазуды, есеп шы?аруды, ?н айтуды, би билеуді, ?лкенді сыйлауды, елімізге жа?сылы? жасауды.

?ліппе:

-Жарайсы?дар, балалар, сендер мені жа?сы игеріпсі?дер. Енді сендер ?рі ?арай да білімдері?ді тере?детіп, дамытулары? керек. Олай болса, сендерді «Ана тілі» о?улы?ымен таныстырамын.

Ана тілі: Амина:

Ту?ан елді? тілімін

А?ылыммен танылам

Т?сіндірер б?ріне

Ана тілі п?німін.

Ана тілім – елдігім

Ана тілім – ерлігім

Ана тілім болмаса

Б?тінделмес кемдігім

?ліппе:

-Ал балалар, мен енді сендермен ?оштасамын. Сендерді жа?сы о?иды деп сенемін. Сау болы?дар!

Ана тілі:

-Балалар е? ал?аш ?аза? балаларына мектеп аш?ан кім еді?

-Ыбырай Алтынсарин

-Ал ал?аш?ы ?ліппені? атасы кім?

-Ахмет Байт?рсынов

-Жарайсы?дар, балалар, сендер менен хал?ымызды? арда?ты ?лдары туралы о?ып білесі?дер. Білмесек болмай, Білгішбне болы?дар.

Білмесбек:

-Мыналар неге жинал?ан ей? Мені? атымды кім атады?

Ана тілі:

С?леметсі? бе, Білмесбек! Б?гін бізде ?ліппемен ?оштасу мерекесі болып жатыр.

Білмесбек:

-?ліппемен ?оштасу! ?оштасы?дар, ?оштасы?дар! ?ой, мен кетейін! (кетіп бара жатып бір баланы? басында?ы ?ріпті к?ріп ?алады да ж?лып алма?шы болады)

         Бала:

-Тиіспе! М?нда ?ріп жазыл?ан

Білмесбек:

-?ріп дейді ?ой, ?айда?ы ?ріп, мынау до??ала?ты? суреті ?ой. М?сса?ан, мынау рагатканы? суреті ?ой, б?ларды? б?рін мен ?ліппені о?ымай-а? білемін.

Ана тілі:

-Ол дегені? Білмесбек! Б?лар «О» «?» ?ріптері ?ой. Дегенмен, балалар, Білмесбекті? с?зіні? жаны бар, ?рбір ?ріп бір н?рсеге ??сас, ендеше ?ріптерге байланысты ж?мба? шешіп к?рейікші.

         1.?ос мы?ынын тіреніп

            Т?рады ыл?и шіреніп        (Ф)

         2. ?ш шырпыдан бір есік

             ??растырып к?р шешіп    (П)

         3. Са?ина?а ?арайы?

             ??сайды о?ан ?ай ?ріп      (О)

         4. Білезікке ?арайы?

             ??сайды о?ан ?ай ?ріп      (С)

         5. ??сайды ?зі шал?ы?а

              Елестет к?з алды?а

              К?не ойланып табайы?

              Болды екен б?л ?ай ?ріп

(Білмесбек 1-2 рет ?мтылып, балалармен жауап бергісі келеді де, ?ріпті білмейтіні есіне т?сіп желкесін ?асиды)

Ана тілі:

-Міне, Білмесбек, к?рді? бе? Балалар ?ріпті ?алай жа?сы біледі.

 Білмесбек:

-И?, ?ліппемен дос бол?андар б?рін біледі екен. Мен уа?ытымды бос?а ?ткізіппін. Енді о?имын.

Ана тілі:

-?алай, балалар, Білмесбекке к?мектесемізбе?

-И?, бізге ?осыл, Білмесбек

Хормен:

?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз

Енді ?ол?а Ана тілін аламыз

Ата-ана ?уаныш?а орта? бол

Сауатты боп шы?ты міне, бала?ыз.

Бастаушы:

-Ендігі кезекте мерекеге арнал?ан ?нерімізді тамашала?ыздар

-Бізді? ?ліппені жа?сы ме?геріп алуымыз?а ата-анамыз, ?же-аталарымызды? к?мегі к?п болды.

-И?, д?рыс айтасы?. Олай болса ?н жырымызда осы кісілерге арнайы?.

Дина:

На?ыз ?ке а?ылг?й де ас?ар жан

Барлы? ?рпа? ?келерден бастал?ан

Ал, ?келер, ?здері?е арналма?

Біз айтатын келесі бір ас?а? ?н

?н. «Анашым-?кем». Орындайтын Айым.

«?же» Абдулла

Тентек болсам ашынып,

Жа?сы іс ?ылсам, асырып

Ма?ан са?тап ж?реді

Т?ттіні де жасырып

Тосып т?тті д?ндерін

Ол бар жерде бал жедім

Мен ?йы?тарда айтады

Ертегісін, ?ндерін

Бізді? ?йде осындай

?жетайым бар мені?

Хор. «А? ?жем»

«Астанам» Аделина

Бабаларды? к?зіндей

Даналарды? с?зіндей

?лы дала т?р?ызды

?лы ?ала ?зіндей

Отанымны? т?рінде

Сарыар?аны? ?рінде

Ту ?ста?ан Астанам

?сем ?алам, бас ?алам!

Хор. «Отан»

Дина

Алтын ?ям мектебім

Білімі?мен к?ктедім

Са?ан деген ж?ректе

А? ал?ысым к?п мені?.

Хор. «С?лем  са?ан мектебім»

Аслан:

Біз балдыр?ан баламыз

Шыр?ап ?нге саламыз

Ту?ан жерді? т?рінде

Алау болып жанамыз

?лішер. «Болайы?та осындай»

?лия:

Ту?ан жерде аунап ?унар

Біз ?ланбыз, ?рімдейміз

Біз ?ланбыз е?бек ??мар

?нер десе ерінбейміз

Ескендір:

Желкілдеген баудай к?к

Балдыр?андар балдай к?п

?сіп келе жатырмыз

Бір-бір ас?ар таудай боп.

Би: «Біз ба?ытты баламыз»

?ыздарды? орындауында би: «?ыры? екі ?ріп»

М??алім:

?ріптерді бітірді балаларым

?ліппеден н?р ал?ан даналарым

?зі жазып о?итын халге жетті

??тты болсын ?адамы балаларды?

Балаларды? білімі ??тты болсын

Денсаулы?ы ?р?ашан мы?ты болсын

Білімдердін ?рі ?арай дамытатын

Ерінбейтін е?бек?ор мы?ты болсын.

Мектеп директорына, ата-аналар?а с?з беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, с?йікті ?ліппе!»

Мақсаты:

Тілашар мерекесінің мәнін ашу.Әліппеден алған білімдерін тиянақтау;

Мәнерлеп айту мен сахна мәдениетін қалыптастыра түсу;

Ұйымшылдыққа, ұжымдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар,гүлдер, нақыл сөздер т.б.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Көңілді әуен қойылады.Келген қонақтарды қарсы алу.

Мұғалім:

-Мен сөзімді Ф.Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» атты өлеңімен бастағым келіп отыр.

Зымыранды басқарып,

Көк жүзіне самғасам.

Тауды бұзып, тас жарып,

Мұхиттарды жалғасам.

Таңдандырар бар елді,

Ғажап үйлер сала алсам.

Жасартатын әжемді

Дәрі де ойлап таба алсам.

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.

Бүгін сіздер 4 ай бұрын ғана осы мектептің босағасын имене аттаған жас бүлдіршіндердің «Тілашар» мерекесіне жиналып отырсыздар.Бүкіл ғылым,білім соқпағының басы болған әліппені оқып бітірді.Ондағы 42 әріппен танысты, сауаттарын ашты, жаза да, оқи да алады.

Ендеше мерекемізге хош келдіңіздер!

1-бастаушы:Айым

Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Тілашарға келген қуанып

Қонақтар сізге мың сәлем.

2-Бастаушы:Алишер

-Армысыздар ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар. Бүгінгі білім мерекесі құтты болсын!

Екеуі:

Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

Айым:

Балалар, мектепке алғаш келгенде ұстаздан кейінгі ақылшымыз не болды?

Хормен:

Болашаққа жол бастар,

Ол сүйікті Әліппе


Хор: «Әліппе»

Әліппе: Аружан

-Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім-көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық


Иә, Әліппе! Біз де сенің әріптерәңмен танысып, дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап үйрендік.Солай емес пе, Айым.

Иә, Әлішер! Жүргізіп оқуға, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазуға үйрендік. Әліппе, біз сізге өзіміздің не үйреніп, не білгенімізді көрсеткіміз келіп тұр.


А.Жаслан

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың

Білім алып, тер төгем, еңбек етем

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін


Ә.Кенесары

Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін

Ә дегенің «әліппе»

Бастауы бар ілімнің

Әліппе менен басталып

Болған өзім бас әріп

Мереке дулы жиынды

Жүремін әр кез басқарып.


Ғ.Айбек:

Ғарышкері ғаламның

Намысты ері даламның

Ізбасары боламын

Тоқтар сынды ағаның


Б.Алмас:

«Бақыт не?» деп сұрасаңыз атадан

«Бақыт не?» деп сұрасаңыз анадан

Бақыт деген сол дер еді ойланбай

Еш жамандық көрмеу туған баладан


Ж.Айсұлу:

Жайық, Еділ – екі су

Дұшпан тізе бүккен жер

Жер жәннаты – Жетісу

Елім туын тіккен жер


И.Диас:

Инабатпен ибада

Ол тұрады басында

Күллі адамзат сыйлаған

Имандылық бар сонда


Н.Ақниет:

Не дегенім – нағашым

Бұған болмас таласың

Келгенде үйге нағашым

Қуанады анашым!


Қ.Ескендір:

Қазақ батыр ел деймін

Ұл мен қызы ер деймін

Отанымды, жерімді

Мен ешкімге бермеймін


К.Жібек:

Көк аспандай көкпенбек

Қазақстан даласы

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық қабағы


Т.Сарбиназ

Тәртіпті бала – сүйініш

Төбең бір көкке жетеді

Тәртіпсіз бала – күйініш

Төмендеп басың кетеді.


Д.Нұрбол:

Қастерлеген жұртымыз

Қазы, қарта, құртымыз

Шөл қандырар бал қымыз

Қатығы мен басталып

Дастарқаның жайнады


М.Әлия:

Үйретіп алғаш бізге әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой мен арман, мақсаттары

Оқулықтан сәулелі жарық көрді


О.Аяулым:

Отан менің ата-анам

Отан – досым бауырым

Отан – өлке, астанам

Отан – туған ауылым


Кенесары:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппен ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


Ернұр:

Енді жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің – әліппе


Анель:

Көлге құйған бұлақтың

Қайнар көзі – әліппе

Том-том қалың кітаптың

Басы болар – әліппе


Диас:

Әлліпе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа


Мейрамбек:

Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы

Хор: «Мұғалім-ол біздің»


Алишер:

-Достар, біз не үйрендік?

-Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді, үлкенді сыйлауды, елімізге жақсылық жасауды.


Әліппе:

-Жарайсыңдар, балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Енді сендер әрі қарай да білімдеріңді тереңдетіп, дамытуларың керек. Олай болса, сендерді «Ана тілі» оқулығымен таныстырамын.

Ана тілі: Амина:

Туған елдің тілімін

Ақылыммен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім – елдігім

Ана тілім – ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім


Әліппе:

-Ал балалар, мен енді сендермен қоштасамын. Сендерді жақсы оқиды деп сенемін. Сау болыңдар!


Ана тілі:

-Балалар ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім еді?

-Ыбырай Алтынсарин

-Ал алғашқы әліппенің атасы кім?

-Ахмет Байтұрсынов

-Жарайсыңдар, балалар, сендер менен халқымыздың ардақты ұлдары туралы оқып білесіңдер. Білмесек болмай, Білгішбне болыңдар.


Білмесбек:

-Мыналар неге жиналған ей? Менің атымды кім атады?


Ана тілі:

Сәлеметсің бе, Білмесбек! Бүгін бізде әліппемен қоштасу мерекесі болып жатыр.


Білмесбек:

-Әліппемен қоштасу! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! (кетіп бара жатып бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да жұлып алмақшы болады)

Бала:

-Тиіспе! Мұнда әріп жазылған




Білмесбек:

-Әріп дейді ғой, қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті ғой. Мәссаған, мынау рагатканың суреті ғой, бұлардың бәрін мен әліппені оқымай-ақ білемін.

Ана тілі:

-Ол дегенің Білмесбек! Бұлар «О» «Ү» әріптері ғой. Дегенмен, балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар, әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас, ендеше әріптерге байланысты жұмбақ шешіп көрейікші.

1.Қос мықынын тіреніп

Тұрады ылғи шіреніп (Ф)


2. Үш шырпыдан бір есік

Құрастырып көр шешіп (П)


3. Сақинаға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп (О)


4. Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп (С)


5. Ұқсайды өзі шалғыға

Елестет көз алдыңа

Кәне ойланып табайық

Болды екен бұл қай әріп

(Білмесбек 1-2 рет ұмтылып, балалармен жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп желкесін қасиды)


Ана тілі:

-Міне, Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.

Білмесбек:

-Иә, Әліппемен дос болғандар бәрін біледі екен. Мен уақытымды босқа өткізіппін. Енді оқимын.



Ана тілі:

-Қалай, балалар, Білмесбекке көмектесемізбе?

-Иә, бізге қосыл, Білмесбек


Хормен:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне, балаңыз.


Бастаушы:

-Ендігі кезекте мерекеге арналған өнерімізді тамашалаңыздар

-Біздің әліппені жақсы меңгеріп алуымызға ата-анамыз, әже-аталарымыздың көмегі көп болды.

-Иә, дұрыс айтасың. Олай болса ән жырымызда осы кісілерге арнайық.


Дина:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал, әкелер, өздеріңе арналмақ

Біз айтатын келесі бір асқақ ән


Ән. «Анашым-әкем». Орындайтын Айым.


«Әже» Абдулла

Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам, асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып

Тосып тәтті дәндерін

Ол бар жерде бал жедім

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің


Хор. «Ақ әжем»


«Астанам» Аделина

Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!


Хор. «Отан»


Дина

Алтын ұям мектебім

Біліміңмен көктедім

Саған деген жүректе

Ақ алғысым көп менің.


Хор. «Сәлем саған мектебім»


Аслан:

Біз балдырған баламыз

Шырқап әнге саламыз

Туған жердің төрінде

Алау болып жанамыз


Әлішер. «Болайықта осындай»



Әлия:

Туған жерде аунап қунар

Біз ұланбыз, өрімдейміз

Біз ұланбыз еңбек құмар

Өнер десе ерінбейміз


Ескендір:

Желкілдеген баудай көк

Балдырғандар балдай көп

Өсіп келе жатырмыз

Бір-бір асқар таудай боп.


Би: «Біз бақытты баламыз»

Қыздардың орындауында би: «Қырық екі әріп»


Мұғалім:

Әріптерді бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі жазып оқитын халге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың

Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы әрқашан мықты болсын

Білімдердін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.


Мектеп директорына, ата-аналарға сөз беру.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош бол, с?йікті ?ліппе!

Автор: Доспенбетова ?алдыг?л Ертай?ызы

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293146

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "канспект уроков "
    ["seo_title"] => string(16) "kanspiekt-urokov"
    ["file_id"] => string(6) "184744"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426089191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства