Просмотр содержимого документа
«?ртті? пайда болу себептері »
Новенький орта жалпы білім беретін мектеп
Өткізген: Жұбаниязова А.М.
2011-2012 о. ж
Тақырыбы: Өрттің пайда болу себептері
Мақсаты : Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін меңгерте
отырып, өрт неден пайда болатыны туралы
мағлұмат беру.
Оқушыларды отпен ойнамауға, өрт қауіпсіздігі
ережелерін сақтауға, жалпы үнемі сақ болуға,тәртіптілікке
талғыштылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Түрі: сайыс
Әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: өрт қауіпсіздігіне байланысты суреттер
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі еңбекке баулу
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Психологиялық дайындық
Кіріспе:
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оны шешіп көріңдер. .
Жұмбақ
Тістейді, тісі жоқ,
Ашуланады, жаны жоқ,
Жалайды, тілі жоқ. От
-От туралы не білеміз? Оның қандай пайдасы бар?
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От-өмір сәні.Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.
Отты жер- қуатты жер. Мал біткенге күш-қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.
Тұратын үйін отау, үй иесін –отағасы деп атаған.
Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.
Сонымен от-өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі -өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
Дұрыс-ақ ендеше ол неден пайда болады?
Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Өрттің пайда болу себептері»
Тақтада ілінген суреттер арқылы өрттің пайда болу себептеріне кінәлі заттарды көрсете отырып, түсінік беру.
Шырпы
Май шам
Газ плитасы
Тұтатқыш
Балалар, өрт деген ол өте қауіпті, ол туралы бізге 2- класс оқушылары айтып береді.
Тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану ,ережесімен таныстыру
Газ –плитасын пайдалану
Ас үйге сән беретін газ плитасы.Көгілдір от тұрмыс-тіршілігімізді көп орын атқарады.
Десек те, оны ұқыпты ұстап,жаға білуіміз керек.Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса
Ата-анаңа айтып ескерт.
Өйткені ата-анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз –Электр .Электр-жарық көзі.
Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса,дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен ,оны да ұқыпты пайдаланбасақ,одан да өрт шығуы мүмкін
Электр приборларын уақтылы өшіру,электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау
Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу.
Өрттің алдын-алу,қауіпсіздікті сақта
-Өрт жаңадан басталғанда,сумен,құм сеуіп өшіреді.
-Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап,үстіне құм себуіміз керек.
Мұғалім:
Газ плитасы тұрған бөлмені жиі-жиі желдету керек . Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға , электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.
Тек үйдің есік-терезелерін ашып, желдету керек.
Электр сымдары тоқ өткізгіштің түбінен жанып жатса, оны құрғақ ағашпен суырып алу қажет.
-Осы аталған ескерту мен тақпақтарға байланысты слайдты қарап, басқа да мақал, ережелерді көре отырып есте сақтап алайық
Слайд 1.Өрт –тілсіз жау.
Слайд 2 Отпен ойнама ,күйерсің
Слайд 3 От жақпа пісерсің
Ор қазба түсерсің
Слайд 4Шырпым мен тұтатқышпен үй ішінде ойнауға болмайды, себебі егер кілем, жапқыш немесе басқа заттар тұтанып кетсе өрт осыдан пайда болады
Слайд 5Үйден немесе бөлмеден шығар кезде міндетті түрде электр заттарды сөндір
Слайд 6Киімдеріңді плита үстінде кептіруге болмайды
Слайд 7Саяхатқа шыққан кезде далада пайдаланған отыңды су арқылы өшір
Слайд 8 Өртті байқаған кезде міндетті түрде 101 нөміріне хабарласып, мекен-жайымызды айтуымыз керек. Сол кезде қызыл машинамае өрт сөндірушілер келіп өртті сөндіреді.
Дұрыс-ақ осы барлық айтылған ережені үнемі жадымызда ұстасақ, бізге еш қандай өрт қауіпі төнбейді.
Осы өртке мінездеме беріп көрейік
( оқушылар өз ойын айтады)
Оны топтастыру арқылы анықтап көрейік
Сайыс барысы:
Әділ қаза алқасын тағайындау
Жоспармен таныстыру:
Өрт қауіпсіздігі туралы не білеміз?
Сурет бойынша әңгіме құрау
Көрініс
Жапсырмалау
«Сөзден сөз құра»
Жағдаяттар:
Егер сенің досың шырпы жағып отырғанын көрсең не істер едің?
Егер көршіңнің қорасынан өрт шығып жатқанын көрсең не істер едің?
Егер өзің байқаусыздан өрт жандырып алсаң не істер едің?
Жоспар бойынша сайысты жүргізу, әр бөлімнен кейін 1- ші класс оқушылары өз өнерлерін көрсетеді
2-ші кластың жоспардың бірінші бөліміне байланысты айтылатын тақпақтары:
От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің
Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ
Қорыту:
- Балалар, бүгін біз не туралы айттық?
- Өрттің пайда болу себептері неде?
- Өрт пайда болмауы үшін қандай ережелерді үнемі жадымызда ұстауымыз керек?