kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тарих п?нін о?ытуда а?паратты? технологияны пайдалану тиімділігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарих п?нін о?ытуда а?паратты? технологияны пайдалану тиімділігі

 

Б.?.Шмиров

Кулагино ?лтты? гимназиясыны? жо?ары санатты тарих  п?ні м??алімі

Атырау облысы,  Индер ауданы, Есбол селосы

 

  ХХІ ?асырда ?аза?стан Республикасында білім беруді? ?зіндік ?лтты? ?рдісі ?алыптасуда. Жа?а білім парадигмасы бірінші орын?а ш?кіртті? білімін, білігі мен да?дысы емес, оны? т?л?асын білім алу ар?ылы дамуын ?ойып отыр. Осы?ан орай б?гінгі ?стаздарды? алдында о?ушы?а білім, білік, да?дыларын игертіп ?ана ?оймай, ?абылдауын, ойлауын, ?иялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, я?ни жан-жа?ты, азат, шы?армашыл, ?з бетімен ж?мыс жасай білетін, б?секеге ?абілетті жеке т?л?аны дамыту міндеттері де т?р.

         Б?гінгі к?ні ?лемдік е? озы? білім ке?істігіні? де?гейіне к?терілуді? тиімді жолы білім сапасын толы?тай а?параттандыру болып отыр. О?ушыны? білімін толы? жетілдіріп, болаша?ты? ойы ?ш?ыр азаматтарын т?рбиелеп жеткіземіз десек, оларды? санасына жа?а технологиялы? а?парат ??ралдарына негізделген білімді сі?іруіміз керек.  Мектептегі білім беруді а?параттандыру - б?л заман талабы, ?асыр а?ымы. ?азіргі заманда жастар?а а?паратты? технологиямен байланысты ?лемдік стандарт?а сай м?дделі жа?а білім беру ?те- м?те ?ажет. ?азір б?рын?ы кезе? емес, кейде баланы? п?нге, ол туралы а?параттар?а ?ызы?ушылы? де?гейі, с?ранысы м??алім білімінен де жо?ары болуы м?мкін. Электронды? о?улы?, компьютер, интернет ар?ылы ?з бетімен ?ажет білімін ?зі алатын о?ушылар к?бейіп келеді. «Баланы? даму айма?ы» ?лде?айда ке?іді, я?ни толассыз ?сіп келе жат?ан а?параттар а?ыны мен а?параттар к?здеріні? к?беюі жас баланы? ойлауыны? жетілуіне ?лкен ?сер етеді.

Мектеп п?ндерін о?ыту процесінде компьютерді ?олдану м??алім мен о?ушы ?арым-?атынасы ж?йесін, оларды? іс-?рекетіні? мазм?нын, ??рылымын, ?згерте отырып, оларды? мотивациялык-эмоциональды? ортасына, сезіміні? ?суіне ?сер етеді. Білім беруді? негізгі ма?саты - білім мазм?нын жа?артумен ?атар, окытуды? ?діс-т?сілдері мен ?р т?рлі ??ралдарын ?олдануды? тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы ма?сатты ж?зеге асыруда а?паратты? технологияны пайдалану ?дісі зор р?л ат?арады. Осы орайда ел Президенті Н.?.Назарбаевты? халы??а жолдауында?ы «о?у ?рдісінде а?паратты? технологияларды білім беру саласын жа?сартуда ?олданыс аясын ке?ейту керек» деген с?зін басшылы??а ала отырып, саба?та жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану?а жаппай к?шуіміз керек. А?паратты? технологияларды саба?та пайдалануды? негізгі ма?саты: ?аза?стан Республикасында бірт?тас білімдік а?паратты? ортаны ??ру, жа?а а?паратты? технологияны пайдалану ?аза?стан Республикасында?ы а?паратты? ке?істікті ?лемдік білім беру ке?істігімен саба?тастыру болып табылады.

 

«Баланы? ж?регі- кішкентай к?йсанды?. Ол санды?ты? кілтін тапса? ?ана ашылады. М??алімні? ?олында ?ркез сол кілт ж?руі керек»,- дейді халы? даналы?ы. М??алім ба?ыт- ба?дар беруші, ?йымдастырушы, к?мекші ролін ат?арады. ?з ізденісі, ?з талпынысы ар?ылы жеткен жетістігі еш?ашан о?ушылар жадынан шы?пайды.  Ма?сат?а жету жолында танымды? іс- ?рекет белсенділігі артады, білімді ме?гереді, жетістіктері де к?п болады. О?ушыларын с?йетін, ?з п?нін жетік ме?герген білігі мен білімі жо?ары д?режедегі ?стаз бойында «?йрету ?ажет, ?йретуге тиістімін» деген асыл ?асиеттері бол?анда ?ана, о?ушы бойында?ы «?йренгім келеді-?йренемін» деген ынта- жігерін, ?ызы?ушылы?ын тек шы?армашылы? табандылы?пен дамыта алады.Н?тижеге жету ?шін о?ушы?а ?р т?рлі а?парат беріледі. О?ушы ?орша?ан ортадан а?паратты ?алай ?абылдайды?                                                                                 /Сызба № 1 /

О?ушыны? білімін толы? жетілдіріп, болаша?ты? ойы ?ш?ыр азаматтарын т?рбиелеп жеткіземіз десек, оларды? санасына жа?а технологиялы? а?парат ??ралдарына негізделген білімді сі?іруіміз ?ажет. А?паратты?  технологияларды? негізгі міндеттері:

  • Саба?та а?паратты? технологиялар ??ралдарын ?олдану;
  • Практикалы? шараларды аны?тап, ж?зеге асыру;
  • ?ылыми ізденушілік ж?не о?у-?дістемелік ж?мыстар ж?ргізу.

А?паратты? технологияларды? негізгі ?а?идалары:

  • жеке т?л?аны? интеллектуалды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту;
  • технологиялы? ??рал ар?ылы алынатын білімдер мен м?ліметтерді? т?сініктілігі;
  • білім мен т?рбиені? бірізділігі;
  • жалпы компьютерлік сауаттылы?;
  • о?ыту мен т?рбиелеуді? жылдамды?ы.

К?птеген жа?а технологиялармен ?атар со??ы кездері тарих п?ні  саба?тарында а?паратты? технологиялар жиі ?олданылуда. Тарихи т?рлі о?и?аларды? болу себептері, оларды? ал?ы шарттары мен ма?ызы, тарихи а?та?да?тарды? ?азіргі кезе?де жа?аша ?аралуы, к?не ??жаттарды ?айта саралау т.б. мектепте тарих п?нін о?ытуды? негізгі м?селелері болып табылады. ?азіргі та?да о?ушылар ?ткен тарихымызды зерделей отырып, тияна?ты білім алуы тиіс. Осы?ан байланысты  к?нделікті саба??а:

-мультимедия (видео, аудио ?ондыр?ылары мен теледидарды, электронды? о?улы?тарды);

-хронологиялы? кестелерді;

-компьютер (компьютерлік ба?дарламалар, интерактивті та?та);

-аны?тамалы? м?ліметтер (тарихи с?здік, энциклопедия, карта, деректер ?оры,??жаттар);

-интернет ж?не т.б. к?рнекі материалдарды пайдалану айтарлы?тай н?тиже береді. М?ндай ?ондыр?ылар о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырып, зейін ?ойып ты?дау?а ж?не ал?ан м?ліметтерді на?тылау?а м?мкіндік береді. О?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын ояту м??алімні? саба? ?ткізу т?сіліне де байланысты.  ?азіргі та?да о?уды? интерактивті ?діс-т?сілдері ?те к?п. Педагогикалы? ?алым мен озы? т?жірибені?  б?гінгі даму де?гейінде белгілі  бол?ан о?ыту ?діс-т?сілдеріні? б?рін  де еркін игеріп, ?рбір на?тылы жа?дайлар?а орай е? тиімдісін та?дап алу ж?не оларды? бірнешеуіні? жиынты?ын т?рлендіре тиімді, ?йлесімді ?рі шы?армашылы?пен ?олдану- саба?ты? с?тті ?туіні? кепілі. Осы ретте мына м?селелерге баса назар аудар?ым келеді.

1.М??алім с?тсіз ?ткен саба?тар?а ?зіндік талдау жасап ?з кемшілігін іздеуге ?рекет жасау керек.

2.Білім мен т?рбие беруде жариялылы?, педагогикалы?, ынтыма?тасты?, ?ылыми-?дістемелік, ты? ізденістерге с?йене отырып жа?ашылды??а талпыну ?ажет.

3.М??алім к?нделікті ?р саба?ына шы?армашылы?пен дайындалуы керек. ?йткені, саба?-м??алімні? ?нері, шы?армасы. Сонды?тан ?р саба?ты тиімді ?йымдастыруда о?ушыны жалы?тырмайтын, ?абілетін арттыратын жа?дай ту?ызу?а ы?пал етуміз керек деп ойлаймыз.

А?паратты? технология негіздері т?л?аны? тарих п?нінен ал?ан білім сапасы мен сауаттылы?ын ке?ейтуге ж?рдемдеседі, мысалы: интернет сайты ар?ылы жо?ары де?гейдегі к?рнекіліктерді пайдалану?а болады. О?ушыларды? а?паратты? м?дениетін ?алыптастыруда?ы  а?паратты? ??ралдарды? тиімділігіне то?талса?:

/Сызба № 2 /

ХХІ ?асыр а?парат ?асыры бол?анды?тан адамзат?а компьютерлік сауаттылы? ?ажет. Заман а?ымына ?арай саба??а  видео, аудио ?ондыр?ылары мен теледидарды, компьютерді ?олдану о?ушыны? д?ниетанымын ке?ейтеді. ?сіресе, о?улы?та?ы тарауларды ?орытындылау кезінде о?ушылар ?осымша материалдар жина?тап, білімдерін ке?ейтіп, танымды? белсенділігін арттырып ?ана ?оймай, ?исынды ойлау ж?йесін ?алыптастырып, шы?армашылы?ын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер к?мегімен о?ыту о? н?тижелер береді. А?паратты? м?дениет дегеніміз- тек компьютермен д?рыс ж?мыс істей білу ?ана емес, кез-келген а?парат к?зін: аны?тамаларды,тарихи о?и?аларды, шежірелерді, тарихи с?здіктерді, теледидар ба?дарламаларын т.с.с. д?рыс пайдалана білу деген с?з. Мысалы, бір ?ана «Алаш-Орда ?оз?алысы» та?ырыбынан мынандай ке? к?лемде а?параттар алады:

1. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? ?алыптасу себептері;

2. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? алдына ?ой?ан ма?саты;

3. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? ба?дарламасы;

4. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? ?айраткерлері мен оларды? ?мір жолдары;

5. «?аза?» газетіні? ?гіт-насихаты мен р?лі туралы;

6. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? тарихы;

7. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? же?ілуі мен таратылуы;

8. «Алаш-Орда» ?оз?алысыны? тарихи ма?ызы туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тарих п?нін о?ытуда а?паратты? технологияны пайдалану тиімділігі» »



Өтініш қағаз


Баяндаманың тақырыбы: «Тарих пәнін оқытуда ақпараттық

технологияны пайдалану тиімділігі»


Баяндаманың авторы: Шмиров Бейбіт Қанатұлы


Жұмыс орны: Кулагино ұлттық гимназиясы.


Наградалары: 1. Атырау облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы», 2001 ж, 2012 ж.

2. Индер аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы», 2002 жыл.

3. Индер аудандық білім бөлімінің дипломдары, 2004, 2005, 2006, 2007 жылдар.

4. Индер аудандық білім беру бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломы, 2008 ж.

5. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының ІІІ дәрежелі Дипломы, 2010 ж.


Мекен- жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Сұлтанов көшесі, 19 үй.

Телефоны:

Жұмысы 24-7-96

Үйі 24-3-63


Аңдау хат.


Баяндамада ақпараттық технология негізінде жүргізілген іс- тәжірибесі арқылы оқушының танымдық белсенділігін жетілдірудегі жеткен жетістіктері көрсетілген. Ақпарат технология элементтерінің сабақта оқушының ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін жетілдіру үшін маңызды рөл атқаратындығы дәлелденген. Жаңашыл шәкірт тәрбиелеудегі ақпараттық технологияның тиімділігі нақты мысалдар арқылы берілген.


Annotation

In this article the teacher presents the research that she deals wits the problem in improvinq students oral situations. Nowadays the main task of the the teachers is to express the students thoughts clearly, to bring up educated and knowing children, to improve students own research skills. All these methods of teaching are used at the lessons and the teacher aims at developing through knowledge and determine the ability of the students. From this we know that she constantly uses methods of the new technology at her lessons.



Пікір




Шмиров Бейбіт Қанатұлы «Тарих пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігі» тақырыбында аудандық мұғалімдердің педагогикалық оқуына қатынасқалы отыр.

Бейбіт Қанатұлы мектепте 22 жылдың үстінде еңбек етіп келеді. Білім беру үрдісінде дидактикалық материалдарды, оқытудың тиімді әдістерін, жаңа технология элементтерін орынды пайдаланады.

Өзінің пәніне орай сабақта ақпарат технология құралдарын пайдалана отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.

Бұл баяндамасында сол жетістіктерге жету кезінде пайдаланып жүрген әдістері, оқушылармен жүргізіп келе жатқан жұмыстары жөнінде баяндалады.










Кулагино ұлттық

гимназиясының директоры : Тілекқабыл Асхат



















Жоспары:




І. Мектепте білім беруді ақпараттандыру - заман талабы.


ІІ. Ақпараттық технологияны қолданудың жолдары.


1. Тарих пәнін оқытуда ақпараттық құралдарды пайдалану тиімділігі.


2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру жолдары.


ІІІ. Жаңашыл шәкірт- болашақтың іргетасын қалаушы.































Тарих пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігі


Б.Қ.Шмиров

Кулагино ұлттық гимназиясының жоғары санатты тарих пәні мұғалімі

Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы


ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім сапасын толықтай ақпараттандыру болып отыр. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз керек. Мектептегі білім беруді ақпараттандыру - бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте- мөте қажет. Қазір бұрынғы кезең емес, кейде баланың пәнге, ол туралы ақпараттарға қызығушылық деңгейі, сұранысы мұғалім білімінен де жоғары болуы мүмкін. Электрондық оқулық, компьютер, интернет арқылы өз бетімен қажет білімін өзі алатын оқушылар көбейіп келеді. «Баланың даму аймағы» әлдеқайда кеңіді, яғни толассыз өсіп келе жатқан ақпараттар ағыны мен ақпараттар көздерінің көбеюі жас баланың ойлауының жетілуіне үлкен әсер етеді.

Мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялык-эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.


«Баланың жүрегі- кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек»,- дейді халық даналығы. Мұғалім бағыт- бағдар беруші, ұйымдастырушы, көмекші ролін атқарады. Өз ізденісі, өз талпынысы арқылы жеткен жетістігі ешқашан оқушылар жадынан шықпайды. Мақсатқа жету жолында танымдық іс- әрекет белсенділігі артады, білімді меңгереді, жетістіктері де көп болады. Оқушыларын сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген білігі мен білімі жоғары дәрежедегі ұстаз бойында «үйрету қажет, үйретуге тиістімін» деген асыл қасиеттері болғанда ғана, оқушы бойындағы «үйренгім келеді-үйренемін» деген ынта- жігерін, қызығушылығын тек шығармашылық табандылықпен дамыта алады.Нәтижеге жету үшін оқушыға әр түрлі ақпарат беріледі. Оқушы қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайды? /Сызба № 1 /

Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет. Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:

  • Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

  • Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

  • Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.

Ақпараттық технологиялардың негізгі қағидалары:

  • жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

  • білім мен тәрбиенің бірізділігі;

  • жалпы компьютерлік сауаттылық;

  • оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері тарих пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Тарихи түрлі оқиғалардың болу себептері, олардың алғы шарттары мен маңызы, тарихи ақтаңдақтардың қазіргі кезеңде жаңаша қаралуы, көне құжаттарды қайта саралау т.б. мектепте тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелері болып табылады. Қазіргі таңда оқушылар өткен тарихымызды зерделей отырып, тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-хронологиялық кестелерді;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (тарихи сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры,құжаттар);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның тарих пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы ақпараттық құралдардың тиімділігіне тоқталсақ:

/Сызба № 2 /

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды,тарихи оқиғаларды, шежірелерді, тарихи сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана «Алаш-Орда қозғалысы» тақырыбынан мынандай кең көлемде ақпараттар алады:

1. «Алаш-Орда» қозғалысының қалыптасу себептері;

2. «Алаш-Орда» қозғалысының алдына қойған мақсаты;

3. «Алаш-Орда» қозғалысының бағдарламасы;

4. «Алаш-Орда» қозғалысының қайраткерлері мен олардың өмір жолдары;

5. «Қазақ» газетінің үгіт-насихаты мен рөлі туралы;

6. «Алаш-Орда» қозғалысының тарихы;

7. «Алаш-Орда» қозғалысының жеңілуі мен таратылуы;

8. «Алаш-Орда» қозғалысының тарихи маңызы туралы.

Тарихи оқиғалар - тарих ғылымының ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол әрбір тарихи кезеңдегі мәселелерді ажыратып береді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:

-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;

-жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;

-ойлау қабілетін дамытатын хронологиялық кестелер жасақтату;

-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.

Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:

- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.

- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.

- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.

- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.

- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектептің информатика, физика кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны сабақ барысында мүмкіндігінше жиі қолданамын. Мысалы: Қазақстан тарихы пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақталардың арнайы құрылғылары (тестировщик) қолданылады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысалады, сол себептен оқушылар тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеліп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді бөліп анықтама бөлімінен қарауға көмегін тигізеді, оқулықты тек сабақта ғана емес, оқушы үйіне алып та пайдаланады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Бүгінгі таңда кейбір тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғаларға жаңаша көзқарас қалыптасуда. Осыған байланысты оқулықтарда жоқ тың мәліметтерді оқушылар электрондық оқулықтардан кең көлемде ала алады. Бір ғана мысал: 9 сыныптағы «Қазақстандықтар Москва үшін шайқастарда» тақырыбын өткен кезде қазақ халқының біртуар азаматы Бауыржан Момышұлының соғыс барысында өзіндік әскери тактикасын сәтті пайдалануын, Москваны қорғауда көрсеткен ержүректігін, ерен- ерліктерін, ол туралы жазылған түрлі материалдарды электрондық оқулықпен көрсету арқылы оқушыларға жаңа көзқарас қалыптастыруға болады.

Оқу үрдісінде сабақты жаңа ақпараттық технологиялар негізінде, яғни, электронды оқулықпен өту, оқушы мен оқытушы үшін де тиімдірек. Мұнда оқушылар сабақ мазмұнын яғни, лекция тезисін оқулықтан емес, компьютерден оқып, сол бойынша дидактикалық тапсырмаларға жауап береді. Сабақтың тапсырмалары интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады және әр оқушы алдындағы компьютерден де көре алады. Төмендегі жүйені оқушы әр блокқа мұғалімнің көмегімен немесе нұсқауымен кіре отырып, қалаған тапсырмаларын орындай алады.

1.Сабақтың тақырыбы жазылған блокқа кірген уақытта, онда сабақтың тақырыбы жазылып тұрады.

2. Сабақтың мақсаты жазылған блокта сабақтың мақсаты, міндеті айқындалады.

3. Лекция тезисі блогында лекция материалдары беріледі.

4. Ақпараттық материалдар блогында интернеттен алынған немесе қосымша әдебиеттерден алынған материалдар енгізіледі.

5. Білім бақылау тапсырмаларында оқушылар тест тапсырмаларына жауап береді және оның, жауабын бірден көре алады.

6. Құқықтық нормативтік құжаттар блогында сабақтың стандарттары, типтік оқу жоспары, перспективлық жоспары ұсынылады

7. Сабақтың типі, түрі блогында сабақтың практикалық немесе лекция, жаңа білім беру т.б. түрлерін көре алады.

8. Хронологиялық кестемен жұмыс блогына кіргенде тарихи оқиғалар жылнамасымен танысады.

9. Жаттығу жұмыстары блогына кірген оқушы тарихи оқиғаларды сараптап жаттығу жұмыстарын орындайды.

10. Дидактикалық тапсырмалар блогына қалаған оқушы онда, кестелер, венн диаграммалары, тірек- сызбалар, т.б. жеке және топтық тапсырмалар түрімен танысады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі тарих сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Тарих пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы тарих пәні бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын хронологиялық кестелер мен тарихи оқиғаларды саралау арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Тарих сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – тірек-сызба материалдарын пайдалана білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым. Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.

1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.

2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін тарих сабақтарында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СКТ стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау -барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Тарих тағлымдары», «Білгір тарихшы», «Жүзден жүйрік», «Қызықты тарих», «Кім көп біледі?», «Не? Қайда? Қашан?», сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: 8 сыныпта «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында өткен ашық сабағым сатылай кешенді талдау стратегиясын пайдалану арқылы сәтті өтті. Сабаққа тірек-сызба материалдарын, тарихи құжаттарды, инсерт кестесін қолдандым. Кенесары Қасымұлының өмір жолы туралы видеоролик көрсеттім. Ақпарат құралдарын пайдалана отырып туған еліміздің тарихына қызығушылығын арттыру мақсатында 2 бух 2 тобымен «Тәуелсідік тағылымдары» тақырыбындағы сабағым студенттерді еліміздің тарихын қастерлеуге, ынтымаққа-бірлікке шақыра отырып, егеменді еліміздің жетістіктерін саралуға, тез сөйлеуге, теориялық білімдерін бір жүйеуге келтіруге көмектесті. Осы сабағыммен Атырау қаласындағы колледждер арасындағы сайысқа қатынасып жүлделі ІІ орынды иелендім. 11 сыныпта өткен «Голощекин геноциді және қазақ ауылы қасіретті» тақырыбында өткен сабағымда тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру кезінде пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ретінде «Миға шабуыл», «Біліміңді байқап көр» ойын элементтерін қолданып оқушылардың белсенділігін арттырдым. Сабақ өтте сәтті шығып, іс-тәжірибем мектеп мұғалімдеріне таратуға ұсынылды. Дінтану пәнінен аудандық семинарда «ҚР діни бірлестіктер туралы заңы», «Діни теріс ағымдар және қоғам» тақырыбында баяндама жасадым. 9 сыныпта дүние жүзі тарихы пәнінен «Жапония», «Азиядағы араб елдері» тақырыбындағы сабағымда тірек-сызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар арқылы электрондық оқулықты пайдалана отырып оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың тарихи сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай тарихи ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық ойлау арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, тарихи оқиғаларға эссе, тарихи құжаттармен өзіндік жұмыс, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Егер жауап-75%-дан жоғары болса-«жақсы»,-50%-ға дейін «қанағаттанарлық»,-50%-дан төмен-білім деңгейі «төмен» көрсеткішпен бағаланады. Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын.

Тарихи тұлғалар өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты тарихи тұлғалардың өмірбаяны жөнінде ақпарат құралдарынанан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар, оқушылармен сабақта «Қазақстан тарихы» пәнінен интернет сайтарында ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі пайдаланамын. Сайттарда жарияланатын презентациялар кез- келген тақырып үшін таптырмайтын құндылық және оқушылар кеңірек мәліметтер алады. Мысалы: «1867-1868 жылдардағы реформалар», «1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс», «Қазақстан азамат соғысы жылдарында», «Верный қамалының салынуы», «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс», «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Тың және тыңайған жерлерді игеру», «1970-1980 жылдардағы Қазақстанның саяси дамуы», «Қазақстан тәуелсіздігін жариялауы» т.б. тақырыптарына арналған сабақтарымда слайд материалдарын кең қолдандым. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

5. Тарихи тұлғалардың өмір жолдарымен танысады.

6.Тарихи ақтаңдақ оқиғаларды жаңаша саралап, өз пікірін қалыптастырады

7. Тарих пәніне деген қызығушылық пайда болады.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр - информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Менің де оқушыларым өлкетану бағытында берілген тапсырмаларды дискіге жазып жүреді. Мысалы: Боран Нысанбаевтың ерлігі туралы БАҚ материалдарына шығып жатқан материалдарды жинақтап, ол туралы мағлұматымызды тың деректермен кеңейтудеміз. Әуесқой композитор Абдолла Мусағалиевтің өлеңдері мен өмірі туралы тың деректерді көзі көрген замандастарынан естелік ретінде жинақтаудамыз т.б.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Түрлі ақпараттарды пайдалана отырып қазіргі таңда ұмыт бола бастаған 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» және «Қызыл Ту» ордендерінің иегері қазақтан шыққан тұңғыш әскери сынақшы-ұшқыш 1961 жылы Украина аспанында әскери жаңа үлгідегі МиГ-19 сынау кезінде қаза болған Шаухат Есетовтың өмір жолы туралы оқушым Баймұханов Асқар «Аспанмен ұштасқан тағдыр» тақырыбында оқушылардың кіші ғылыми қоғамы арқылы ғылыми жобалар сайысына қатынасып, жұмысы ауданда І-орын, облыста ІІ орынды иеленіп, Республикалық ғылыми жобалар сайысына жолдама алса, Ауған соғысында қазақтан шыққан жалғыз Кеңес Одағының батыры кейінен Ресей батыры атағын иемденген, жайық өңірінің біртуар батыры ұшқыш Қайыргелді Майдановтың қилы өмір жолы туралы оқушым Абдрахманова Альмира «Жоғалған батыр (Қазақтың Қайыргелдісі)» тақырыбымен ауданда ІІ орынды иемденіп, облыстық сайысқа жолдама алды

. МАБ қорытындысы бойынша оқушыларымның білім сапасы тарих пәнінен -93,6 пайызды көрсетті. Жылдағы оқу жылында өтетін «Ақбота» интеллектуалдық ойынына көптеген оқушыларым қатынасып, жоғары орындардан көрінуде. Қазақстан тарихы пәнін оқушыларым ҰБТ қорытындысы бойынша 90 пайыз үлгерім сапасын көрсетіп, аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. Оқушыларым Шамұратова Индира, Бахитов Асхат, Махметов Нұралы т.б.тарих, заң саласындағы мамандықтарды таңдап, білім гранттарына ие болды. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу - негізгі мақсатым.















Кесте № 1









































Кесте № 2





















Пайдаланған әдебиеттер:



1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті

  1. елдің қатарына кіру стратегиясы».


2.«Қазақстан тарихы» журналдары. №1 (15), 2010 жыл, №2 (16), 2010 жыл.


3.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.


4.А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»

Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж


5.Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары 2009 ж.





























Өтінім


Баяндаманың тақырыбы: «Тарих пәнін оқытуда ақпараттық

технологияны пайдалану тиімділігі»


Баяндаманың авторы: Шмиров Бейбіт Қанатұлы


Жұмыс орны: Кулагино ұлттық гимназиясы.


Наградалары: 1. Атырау облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы», 2001 ж, 2012 ж.

2. Индер аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы», 2002 жыл.

3. Индер аудандық білім бөлімінің дипломдары, 2004, 2005, 2006, 2007 жылдар.

4. Индер аудандық білім беру бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломы, 2008 ж.

5. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының ІІІ дәрежелі Дипломы, 2010 ж.


Мекен- жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Сұлтанов көшесі, 19 үй.

Телефоны:

Жұмысы 24-7-96

Үйі 24-3-63


Аңдау хат.


Баяндамада ақпараттық технология негізінде жүргізілген іс- тәжірибесі арқылы оқушының танымдық белсенділігін жетілдірудегі жеткен жетістіктері көрсетілген. Ақпарат технология элементтерінің сабақта оқушының ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін жетілдіру үшін маңызды рөл атқаратындығы дәлелденген. Жаңашыл шәкірт тәрбиелеудегі ақпараттық технологияның тиімділігі нақты мысалдар арқылы берілген.


Annotation

In this article the teacher presents the research that she deals wits the problem in improvinq students oral situations. Nowadays the main task of the the teachers is to express the students thoughts clearly, to bring up educated and knowing children, to improve students own research skills. All these methods of teaching are used at the lessons and the teacher aims at developing through knowledge and determine the ability of the students. From this we know that she constantly uses methods of the new technology at her lessons.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Тарих п?нін о?ытуда а?паратты? технологияны пайдалану тиімділігі»

Автор: Шмиров Бейбит Канатович

Дата: 25.08.2014

Номер свидетельства: 112927


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства