Просмотр содержимого документа
«Олимпиада по самопознанию»
«Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
Өзін-өзі тану мұғалімі:
Бопобаева К.К.
Мазыбаева Б.Қ.
і
08 ақпан 2017 жыл
Бопобаева К.К.
Мазыбаева Б.К.
учителя самопознания
КГУ «Средняя школа им. Ауэзова»
Фанфары
2 жүргізуші ортаға шығады.
Гүлжан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Әли: Бүгін Әуезов атындағы орта мектебімізде 7-9-сыныптар арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен олимпиада өткелі жатыр.
Гүлжан: Жарыстан қапы қалып қоймаңыздар!
Әли: Өз білімдеріңізді көрсетуге асығыңыздар!
Гүлжан: Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Әли: Бүгінгі өтетін мектепішілік «Өзін-өзі тану» пәні олимпиадасына қош келдіңіздер!
Гүлжан: Жалпы олимпиадалар ертеден қалыптасып, келе жатқан сайыс. Алғашқы сайыс Олимп елінде өткен. Бұл сайысқа Зевс құдайдың бес ұлы қатысыпты. Ағайындылардың үлкені Геракл барлық сайыстарда жеңіске жетіп, зәйтүн жапырағынан жасалған тәжімен марапатталыпты.
Әли: Сол күннен бастап Геракл 5 жылда 1 рет осындай сайыстар өтетінін жариялады. Олимпия елінде өткен жарыс құрметіне барлық спорт және білім жарыстарын бүгінгі күнде Олимпиада деп атайды. Бүгінгі біздің өткізгелі жатқан Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.
Гүлжан: Мектепішілік 7-9-сыныптар арасында өткізгелі отырған «Өзін-өзі тану пәні» бойынша олимпиаданы ашық деп жариялаймыз.
Әли Құрметті қонақтар, олимпиадаға қатысушыларды құрметпен ортаға шақырамыз!
1-топ 7 «А» сынып оқушыларынан құралған «Күншуақ»
2-топ 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Лүпіл»
3-топ 9 «А» сынып оқушыларынан құралған «Қөнілді күн»
4-топ 9 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Күншуақ»Гүлжан:
«Өзіңді таны, сонда айналаң Қайырымды, Жарқын, танымды, әсем болады!
Және әрбір атқан таңың.
Айналаң қуаныш пен бақытқа толы болады!»
Әли:
«Өзін-өзі тану» пәні – сан қырл,
Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды.
Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,
Болашағы болар елдің таң нұрлы.
Өзін-өзі, өзгені де танитын,
Мейірімділік, ақылдылыққа баулитын.
Сездіретін жүректерге жылуын,
Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.
Гүлжан Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.
Әли: Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Турлыбеков Дулат Сейтаханұлына беріледі.
Әли:
Биылғы олимпиада ерекше, «Өзін-өзі тану пәні» олимпиадасы мектебіміз бойынша бірінші рет өтілуде. Бұл сайысқа 7,8,9 сыныптардан таңдаулы, білімді, зерек оқушылар келіп отыр. Сендердің білімдерің болашақта мектептің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенеміз.
Гүлжан: Олимпиада қатысушыларының құрметіне Сахипжанов Жанболаттың орындауында әнді қабыл алыңыздар.
Әли: Шын жүйріктер сыналады жарыста, Жарыстың ба орта жолда қалыспа. Әділқазы бағалайды сіздерді, Жеңіс мәре жақын ба әлде, алыс па? — дей отырып әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазылар таныстырылады)